Сабақтың тақырыбы : электронды қоректендіру жүйесі



Дата07.01.2022
өлшемі114,39 Kb.
#17815
түріСабақ
Байланысты:
0016a092-5961a327 (2)


Пән: Автомобиль құрылысы

Сабақтың тақырыбы: ЭЛЕКТРОНДЫ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ

Сабақтың мақсаты 1.Білімділік – оқушыларды бензинді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесімен, қазіргі кездегі электронды қоректендіру жүйесімен және жанар май сүзгілері қызметі туралы, таныстырып оқытып үйрету.

2. Дамытушылық – оқушыларға көрнекіліктерді, суреттерді, бейне материалдарды пайдалану арқылы білімдерін дамыту.

3. Тәрбиелік - сабақ барысында оқушылардың сабаққа белсенді, ұйымшы қатысуын қадағалау, қарым-қатынас этикасын түсіндіру.

Оқыту формасы: сабақ, топтық,

Пәнаралық байланыс: Физика, химия,

Оқыту тәсілдері: баяндау, проблемалық,

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. И.П. Плеханов. Автомобиль.

2. Газет журналдар. Автопарк, Автокруиз 3. П.Ж. Жүнісбеков. Авт құр. және пайдал.



Пайдаланылатын көрнекіліктер: плакаттар, суреттер, бөлшектер, слайдтар, бейне материалдар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: а) Оқушыларды түгелдеу

б) Сабаққа даярлығын тексеру



2. Өткен сабақты қайталау: а) Оқушылардан сабақ сұрау

б) Қосымша сұрақтар беру

1 Қоректендіру жүйесінің түрлерін атаңыз

2 Бензиндік қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі

3 Дизельдік қоректендіру жүйесі.

в) Өтілген сабақты бағалау

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазіргі кезде біз техникалық прогресс қалай өз дегеніне жетіп отырғанын байқай аламыз. Әлемдегі автотракторлық өнеркәсіп бензинді және дизельді моторларда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады.Автомобиль моторларын күрделі де қымбатты отындық жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандарттардың енгізілуімен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды. Бензинді моторлардың орталық, таралымды және тікелей бүрку жүйелерін, сол сияқты дизельді моторлардың насос форсункаларын бүркуін электронды басқару енгізілді. Дүние жүзілік машина жасау өнеркәсібінде осы заманға сай автомобиль жасап сату сайысында өтелген газдардағы зиянды заттар құрамы мен жанармай шығынын азайту жолында автомобиль заводтары бензинді және дизельді двигательдерде жанармай беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Оның бірі бүркіп беру жүйесі.Автотрактор двигательдерін күрделі де қымбат жүйелерімен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Европалық стандарт енгізулермен түсіндіріледі.



Бензинді двигательдерінің бүрку жүйелерін келесі түрлерге бөлуге болады:

1. Орталық (моно); 2.Таралымды; 3.Тікелей.



Орталық бүрку жүйесі (2-сурет) бір немесе екі форсунка (көп двигательдерде) дроссельдік қалқаншаға (1) дейін орналасқан, олардың жұмысын қолданылатын электронды жанармай беру жүйесі басқарады. Мұндай схема, ең алдымен, двигательдің салыстырмалы арзандығы және жетілдіру қарапайымдылығымен өзіне назар аудартады. Бұл жағдайда карбюраторды алып тастап, оның орнына жанармай форсунка, электрлі бензонасос (7), сүзгіш (8), сезгілер мен басқарудың электронды блогы орнатылады.Орталық бүрку жүйелі двигательдерді карбюраторлы двигательдермен салыстырсақ, бірқатар артықшылықтарға қол жеткіземіз; 15%-дейін үнемділігі және автомобиль динамикасы едәуір артады. Дегенмен бұның едәуір кемшіліктері енгізу коллекторы (4) қабырғаларында жанармай қабықшасының пайда болуы мен әрбір цилиндр үшін жану қоспа құрамының біркелкісіздігі. Бүл проблемаларды әр цилиндрдегі енгізу клапаны алдындағы сору коллекторына жанар-май бүркетін жеке жанармай форсункасын орнату арқылы шешеді.



Таралымды бүрку жүйесі (сурет) бүгінгі күнде кең таралып отыр. Олардың көбі жоғарыда келтірілген талаптарға сай. Бұл двигательдер үнемді, экологиялық жағынан тиімді және динамикалық көрсеткіштері жоғары болады.

Тікелей бүрку жүйелері бүрку жүйелерін дамытудың келесі эволюциялық сатысын білдіреді. Мұнда форсунка оттықтың жанына жану камерасына орналасады. Ол үшін екі түрлі жағдай керек. Біріншісінде, жоғары сапалы жүмыстық қоспаны әзірлеу үшін жүйеде жанармай бүркудің жүмыстық қысымын едәуір (3,5...5,0 МПа. дейін) арттыруға тура келеді. Екіншісінде, жанармай форсункалары температура 2800 ... 3000 °С-қа жететін орындарда орналасқан, бүл форсункаларды әзірлеудің технологиялық процесіне қойылатын талаптарды біршама қатандаңдырады

.

Мысалы, Ресей автомобильдеріне алдымен шетелдік өндірістердің бүрку жүйелері қолданыла бастады. Сонан кейін оларды аздап жетілдіріп, өзіндік бүрку жүйелерін жасап шығарды. Оның үстіне, бүрку жүйесінің жекелеген құраушыларын жасаудың өңдірісін жолға қойды. Соның нәтижесінде, бір модельді двигательдерден әртүрлі өндірістегі элементтермен жабдықталған әртүрлі фирмалардың (көбінесе ВOSСН немесе GМ) бүрку жүйелерінің түрлі варианттарын кездестіруге болады. Тольятти ондірісіндегі автомобильдерден орталық және таралымды бүрку жүйелерін кореміз. GМ концерні шығарған орталық бүрку жүйесін кейбір ВАЗ двигательдерінен көруге болады. Осыларға өте ұқсас жүйелермен Ореl автомобильдерінің кейбір двигательдері жабдықталған. Алдыңғы жетекті автомобильдерде ОМ, Январь-4; ВOSСН М 1.5.4 және ВOSСН МР 7.0 таралымды бүрку жүйелері қолданылады.



Сезгілерден келетін белгі арқылы атқарушы құрылғыларды басқаратын, сондай-ақ өзіндік диагноз қою жүйесі бар, басқарудың электрондық блогі жүйенің ең қымбат элементі болып табылады.



4. Пысықтау: а) Өткен сабақты бекіту.

б) Қосымша сұрақтар беру



5. Үйге тапсырма:

Қылылорда облысы . Арал қаласы.



Арал көпсалалы коледжінің арнаулы пән оқытушысы: Бекманбетова Даметкен Анескановна.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет