Автор: Амиргалиева Базаргул Орынбаевна
Пән: Химия
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Алғашқы химиялық ұғымдар
Тақырып: Тұздар гидролизі. Биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы. рН туралы түсінік, ағзадағы қышқылдық, сілтілік орта
№ 2 зертханалық жұмыс
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
9.3.4.3-орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау 9.3.4.4 -орта тұз гидролизінің
теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру 9.3.4.5 -орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын
болжау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: (ортақ мақсаттар) Гидролиздің мағынасын түсінеді, гидролиз теңдеулерін құра
алады. Оқушылардың басым бөлігі:(ортақ мақсаттар қайталанады дамыту бағытындағы 50)
Гидролиздің мағынасын түсінеді, гидролиз теңдеулерін құра алады, әртүрлі тұз ерітінділерінің
ортасын рН – туралы түсінікке сүйеніп ажырата алады. Кейбір оқушылар ортақ мақсаттар
қайталанады дарынды балалар Гидролиздің мағынасын түсінеді, гидролиз теңдеулерін құра алады,
әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын рН – туралы түсінікке сүйеніп ажырата алады, биосферадағы
маңызын түсінеді.
Тілдік мақсаттар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология концентрация, тұздар гидролизі, рН, орта қышқылдық,
сілтілік, бейтарап. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Сілтілік орта: әлсіз қышқыл мен .......
Қышқылдық орта әлсіз негіз бен ....... Бейтарап орта күшті қышқыл мен ....... Оқушылар элементтерді
жіктеу принциптерін ауызша немесе жазбаша түсіндіріп, сұрақ қоя алады. Неліктен орта қышқылдық
болады? Неліктен орта сілтілік болады? Неліктен орта бейтарап болады? Ашық сұрақ Су неліктен
қышқылдар мен негіздер сияқты индикатордың түсін өзгертпейді? Жазылым бойынша ұсыныстар:
«Графикалық органайзер», «2 шындық 1 жалған» әдісіндегі қорытындылар, зертханалық жұмыс
барысы, қорытындысы дәптерге жазылады. Кестелер толтырылады. Электролит Электролит
Electrolyte Степень диссоциации Диссоциациялану дәрежесі Dissociation degree Слабый электролит
Әлсіз электролит Weak electrolyte Сильный электролит Күшті электролит Strong electrolyte Распад
Ыдырау Destroy Кислота Қышқыл Acid Основание Негіз Base Соль Тұз Salt концентрация
Концентрация Concentration
Күтілетін нәтиже:
орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтай алады орта тұз гидролизінің молекулалық
теңдеуін құрастырып жаза алады орта тұз гидролизінің теңдеуін иондық түрде құрастырып жаза
алады орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжай алады Тұздардың табиғатын анықтай алады
Тұздардың гидролизі теңдеуін жаза алады Тұздар ерітіндісінің ортасын анықтай алады
Бағалау критерийлері:
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер: орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтай алады
орта тұз гидролизінің молекулалық теңдеуін құрастырып жаза алады орта тұз гидролизінің теңдеуін
иондық түрде құрастырып жаза алады орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжай алады
Тұздардың табиғатын анықтай алады Тұздардың гидролизі теңдеуін жаза алады Тұздар ерітіндісінің
ортасын анықтай алады
Құндылықтарды
дарыту:
Тапсырманы топпен орындау барысында ынтымақтастықты және бірі-бірі құрметтеуді дарыту.
Құрмет. Бүкіл сабақ барысы өзара құрметке, бір-бірінің пікірлерін тыңдау мен оларға санасуға,
ойларын тыңдауға негізделеді. Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады.
Оқушылар өздерінің білгенің өзге құрбыларымен бөлісудің маңызы айтылып өтіледі. Жахандық
азаматтық даму Шығармашылық бағыты бойынша зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде -
денсаулықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау – қалдықты дұрыс утилизациялау.
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
ppt қолдану http://him.1september.ru/article.php?ID=200502002 – қосымша материал
https://rutube.ru/video/a9f9158d39491b47f10ddaa835c8eef8/ Тұздар гидролизінің теңдеулерін құрау:
http://him.1september.ru/article.php?ID=200404102 http://him.1september.ru/article.php?ID=200501003
Пәнаралық байланыс:
Физика пәнімен байланысты ерітіндіде иондардың болуы қарастырылады. Математика – есептеулер
Бастапқы білім:
Негіздер және қышқылдар (6.2С) Су-еріткіш ретінде (6.2В) Химиялық реакция теңдеулері (7.2С)
Ерігіштік және ерітінділер (7.3С) Моль (8.3С) Су (8.4.С) Стехиометриялық есептеулер (8.4 А)
Достарыңызбен бөлісу: |