Студент: Сұйық ағысының үздіксіздік теңдеуінен шығатыны, кіші қан
тамырларында оның ағыс жылдамдығы үлкен болады.
Оқытушы: Жарайды. Онда келесі сұраққа жауап беріңіздер: ағын
капиллярда көп па, аортада көп па?
Студент: Әрине, аортада: аорта ағыны 1 см, ал капиллярда – бірнеше
микрометр шамасында.
Оқытушы: Осы қан тамырындағы қан ағысы жылдамдығы өзара қалай
байланысқан? Үздіксіз ағыны теңдеуінен не аламыз?
88
Студенттер (ойлана отырып): Капиллярдағы жылдамдық көп болады
да....
Оқытушы: Эксперименттен алатынымыз: аортадағы қан ағынының орташа
жылдамдығы 20см/с шамасында, капиллярда – 1 мм/с болады ма?
Проблемалық жағдай құрылды.
Оқытушы (студенттерге гипотезаны ұсынуға көмек беру мақсатында):
Аортадағы қан бір ғана капиллярға түседі ме?
Студент: Жоқ, себебі көп капиллярдан құралған бүтін жүйені құрайды.
Оқытушы: Осы жағдайда, ағынның үздіксіздік теңдеуінің алғашқы
сұрағына жауапты қолдана отырып, қай қималарды салыстыру керек?
Студент: Аорта мен капиллярдың бір уақытта функцияланатын барлық
қосынды ағынында салыстыру керек.
Гипотеза ұсынуға талпынып көрді.
Оқытушы: Салыстырмалы қималардың қайсысы үлкен?
Студент: Капиллярдың қосынды ағыны аортаның ағысынан бірнеше есе
көп.
Оқытушы: Жылдамдықтар қатынасы туралы не айтуға болады?
Студент: Капиллярдағы қан ағыны жылдамығы аортаға қарағанда аз
болады.
Гипотезаны теориялық тексеру жүзеге асты.
Оқытушы: физиологиядан белгілі, эксперименттік берілгендер сай келеді
ме?
Студент: Ия сай келеді: сай графикті талдай отырып, аортадағы
жылдамдық артады, ал артерияда ол азаяды, капиллярда – өте аз болады.
Ұсынылған гипотеза экспериментті түрде нақтыланды.
Медициналық жоғары оқу орны студенттердің кәсіби бағытталуын
дамытуды негізге ала отырып, физика ғылымының тарауларын оқығанда, оның
тек оқулықтағы мазмұнымен шектеліп қана қоймай, физикадан алған білімін
практикада, яғни, болашақ мамандығында қолдана алуын қамтамассыз ету
керек.
Физика пәнін медициналық жоғары оқу орнында оқыту барысында
электрондық оқулық, әдістемелік құралдар мен тренажер дәптерлер, оқу
құралдары қолданылды.
1 Ү.А. Байзақ, Б.У. Байзақованың «Медбиофизика дәрістер жинағы» оқу
құралы, 2015 жылы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік
университеті Сенатының 26 желтоқсан 2014 жылғы №3 шешімінен басып
шығаруға рұқсат берілді [108].
Оқу құралы 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
бекітілген медбиофизика пәнінің типтік бағдарламасы негізінде жазылған.
Барлық лекциялар медицинадағы соңғы ғылыми техникалық жаңалықтармен
толықтырылған. Тақырыптың соңында студенттің өз білімін тексеруіне
мүмкіндік қарастырылған, яғни тақырып бойынша тест сұрақтары берілген.
Тест сұрақтары жаңа технология бойынша құрастырылған, оны дайындаудың
жолы оқулықтың соңында берілген.
89
Оқу құралы медициналық және биологиялық мамандықта білім алатын
жоғары оқу орны студенттерінң арналған. Сонымен қатар медициналық
колледж оқушыларына да қолдануға болады. Оқу құралының соңында
Ү.А.Байзақтың жаңа технологиямен дайындалған тесттері келтірілген.
2 Әдістемелік нұсқаулық Б.С.Уалиханова «Медициналық биофизика пәнін
оқытуда көмекші құралы» медициналық факультет студенттеріне жүргізген
педагогикалық эксперименті негізінде құрастырылған. Оқу әдістемелік
нұсқаулық медициналық биофизика пәні зерттейтін тақырыптарды түгел
қамтыған. Физикалық заңдар мен заңдылықтардың медицинада қолданылуын
көрсеткен. Дәрістер соңында тест тапсырмаларын жинақтаған. Тест
тапсырмалары қазақ тілінде алты варианттан тұрады. Оның жауаптары
нұсқаулық соңында көрсеткен [154].
Нұсқаулықта көз, дыбыс, қозғалыс биофизикасы қамтылған. Жарықтың
сыну заңдарына мысалдар келтірілген. Физика мен медицина және
биологиялық заңдылықтар бірлесе, ұштасқан.
3 Тренажер – дәптер. Медициналық жоғары оқу орны студенттеріне
физика пәнін оқытудың ерекшелігі – тренажер-жұмыс дәптері болып табылады.
Түрлі медициналық аппараттардың, физикалық құбылыстардың жұмыс
істеу принципінің физикалық негізі туралы білімді әрбір заманауи азамат білуі
керек. Алған білімдерін күнделікті жұмыста қолдануды үйрену үшін оқулық
пен әдістемелік құралдардан басқа да ақпарат көздерін қолдану керек.
Өз жұмысын рационалды ұйымдастыру үшін, өз бетінше танымдық
тәжірибені меңгеруге тренажер жұмыс дәптері көмек береді. Тренажер
дәптерде базалық пәннің бағдарламасында бекітілген тақырыптардың барлығы
қамтылған және де «Білеміз және қолданамыз», «Формуламен жұмыс» деген
бөліктерге бөлінген.
Әрбір тақырып бойынша тапсырмалардың бес блоктары құрастырылған:
«Тест орындайық» - тестілік тапсырмаларды орындау дағдысын
қалыптастырады, оқу материалын есте сақтауға көмек береді.
«Текстпен жұмыс» - текстілі ақпаратты талдап үйренеді, қорытынды
жасайды, физикалық білімді тек оқулықтан алмай, ғылыми мақалалардан,
анықтамалық әдебиеттерден, ғылыми шығармалардан да ізденеді.
«Қарап, ойланамыз» - табиғат құбылыстары туралы, адам ағзасының
құрылысы туралы, қоршаған орта туралы ойлана бастайды.
«Есептеп, салыстырамыз» - физикалық денелер мен құбылыстардың
ерекшеліктері
мен
ұқсастықтарын
табуға
үйренеді,
жалпылап,
қорытындылайды.
«Есеп шығарамыз» - сабақта өтілетін барлық тақырыптар бойынша есептер
шығару дағдысын қалыптастырады.
Әрбір тапсырма тұсындағы шарлар, тапсырманың күрделілік деңгейін
білдіреді. Жұмысты орындап болған соң, әрбір тапсырма түрі бойынша
жинаған шарларды санап, арнайы дәптердегі тор көздерге толтырып,
салыстырады. Қате кеткен тұстарын оқытушыдан сұрайды. Оған арнайы
қатемен жұмыс ұйымдастырылады.
«Қорытынды шығарамыз» әрбір тақырып соңында беріледі.
90
Келтіріген оқыту құралдары физика пәнін медициналық жоғары оқу
орнында оқыту барысында қолданылады.
4 Оптика «Техника мен медицинада» электрондық оқулығы. Аталған
авторлық электрондық оқулықта техника (көз, көзілдірік, лазер, лупа, телескоп,
микроскоп, күн элементтері, фотоаппарат және т.б.) және медицинада
(доплерография, эндоскоп, рентгенография, кольпоскопия, УЗИ және т.б)
саласында қолданылып жүрген аппараттардың оптика заңдары бойынша жұмыс
істеу принциптері келтірілген. Оған қоса, электрондық оқулық студенттердің өз
бетінше ізденуіне, тағы қосымша ақпарат іздестіруіне ықпал жасайды.
Осылайша, кәсіби бағытта оқыту әдістемесінің нәтижелілігін арттыру үшін
студенттердің өзіндік жұмысын (жобалау әдісін, проблемалық оқыту және
гипотеза құру) қолдану керек деген қорытынды жасауға болады. Ол үшін
жоғарыда аталған тренажер дәптерді қолданған жөн. Дидактикалық
тенологиялардың жоспарына сай студенттердің іс-әрекетін құру – оқытуды
жобалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, физиканы оқытуда, студенттердің
өзіндік жұмысын орындау барысында қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |