99
әрбір студент, жоғары оқу орнында оқу барысында тек іргелі және кәсіби
білімді алып қана қоймай, сонымен қатар, өз білімін өздігінен жетілдіріп,
практика жүзінде қолдана алуы керек. Дәлірек айтсақ, кәсіби бағытта оқыту
үшін жобалау технологиясы, диагноз қоюда бірлескен іс-әрекет, медициналық
аппараттан алынған ақпаратты бір күйден екіншісіне ауыстыру үшін
проблемалық оқыту технологиясы, мәселені шешу тәсілі ретінде гипотеза
қолданылды.
3 Медициналық жоғары оқу орны студенттерінде физиканы кәсіби
бағытта оқытудың құралдары нақтыланды. Біздің ғылыми жұмыста ұсынған
әдістеменің артықшылығы келесідей:
- студенттердің физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды меңгеруін
жылдамдатты;
- оқуға мотивациясы артты; берілген тапсырманы шешуде, кәсіби
мәселелерді шешуде физикадан алған білімді қолдана алу қабілеті артты;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарында жаңа бағытта өз бетінше жұмыс істеу
қабілеті артты.
Медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физиканы кәсіби бағытта
оқытудың тиімділігі тәжірибе жүзінде тексеріліп, дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: