Зерттеудің өзектілігі. Болашақ мамандарға кәсіби бағытта білім беру –
олардың бойында кәсіби қабілеттілікті, өз бетінше білім алуға даярлықты,
әлеуметтік және кәсіби ұтқырлықты қалыптастыруды көздейді.
Әлемдік бiлiм кеңiстiгiнде бiлiм беру сапасы деңгейiн көтеруге
бағытталған позитивтi тенденциялар адами капиталды қалыптастыру құралы
ретiнде бiлiмге деген жаңа бағыттарды дамыту және бiлiм сапасы ұғымының
аясын кеңейту болып табылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының
Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы «Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», - атты Жолдауында адами капитал
сапасын жақсарту мәселесін көтере отырып, білім беруді экономикалық өсудің
жаңа моделінің орталық буынына айналдыру қажеттігін міндеттейді [2].
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты
«медициналық және ғылыми кадрлардың әлеуетін арттыру бойынша жоспарлы
жұмыстар жүргізу: үздіксіз кәсіптік дамытудың жинақтау жүйесінің
қағидаттарын енгізу, стимуляциялық білім беру орталықтарын құру, мамандар
біліктілігін тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу» болатын [3].
Алайда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын
дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік
бағдарламасында «кадрлар даярлаудың практикалық бағытталуы төмен, білім
беру бағдарламалары, ... жетілдірілмеген күйінде қалып отыр. Сонымен қатар,
ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы, олардың
практикалық маңызының қанағаттандырмауы, ... ғылыми дәрежесі бар кадрлар
тапшылығы мәселелері өзекті күйінде қалып отыр» делінген [4].
Осы аталғандарды басшылыққа ала отырып, жалпы жоғары білім беру
жүйесі ғылыми педагогикалық тұрғыда құрылып, жүйелі түрде бір бірімен
тығыз байланысқан, бір мақсатқа негізделген үрдістерден тұратынын ескеру
қажет [5]. Бұл үрдістер іргелі және клиникалық ғылыми біліммен қаруланған,
мамандығы бойынша теориялық білім мен кәсіби дағдыларды толық меңгерген,
сонымен қатар ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дағдыланған, өз бетінше білімін
6
жетілдіре алатын мамандар дайындауға бағытталған және ол болашақ
мамандарды кәсіби дайындаудың алғы шарты болып табылады. Оны
медициналық жоғары оқу орнында оқылатын физика пәнін кәсіби бағытта
оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Медициналық жоғарғы оқу орындарында оқылатын физика курсының
негізгі мақсат-міндеттері ҚР жоғары медициналық білім стандартарында
көрсетілген дәрігердің біліктілік сипаттамасы мен арнаулы клиникалық пәндер
бағдарламаларына негізделген [6]. Осы бағдарламаларға сәйкес болашақ
дәрігерлер медициналық физикадағы негізгі іргелі заңдар мен қағидаларды,
физикалық факторлардың адам ағзасына тигізетін әсерін білумен қатар,
олардың диагностикалық және терапевтік, клиникалық лабораториялық құрал
жабдықтарды пайдалану және онымен жұмыс жасау іс-әрекеттерін меңгеруі
физика курсының басты бағыты ретінде қарастырылады.
Қазіргі заманғы медицина кеселдің симптомдары мен себебін анықтау
және оны жою сияқты көп сатыдан тұратын диагностикалық және терапиялық
үрдіс. Бұл үрдіс клиникалық мәліметттерді жинау, оларды талдау, шешім
қабылдау және емдеу сияқты негізгі сатылардан тұрады. Көп жағдайларда
аурудың себептерін анықтауда және оны емдеуде дәрігер өз білімі мен
тәжірибесімен қатар, қазіргі заманғы диагностикалық және терапевтік
медициналық құралдар мәліметі мен физикалық емдеу факторларына сүйенеді,
яғни қазіргі заманғы дәрігерді түрлі медициналық құралдарынсыз жеке
қарастыру мүмкін емес. Шет ел ғалымдарының зерттеулерiне сәйкес дәрiгер
өзінің бiлiмi мен бiлiктiлiк дәрежесіне қарамастан диагностикалау мен емдеу
iсiнде 25-45% медициналық құрал-жабдықтар мәліметіне сүйенеді. Ресей
ғалымдарының зерттеулері бойынша стационарда жатқан аурулардың 80%,
амбулаторлық емделуде жүрген аурулардың 60%, санаториядағы ем
қабылдаушылардың барлығы медициналық техника көмегімен жүргізілетін
физиотерапевтік емдеуді қажет етеді. Олай болса дәрігердің диагностикалық
және емдеу іс-әрекеті медициналық құралдардан алынған мәліметтерге
байланысты және олардың көмегіне тікелей байланысты, яғни медициналық
мекемелердің, денсаулық сақтау орындарының, медициналық кадрлар
дайындауда, білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында, медицинаның
бұдан басқа салаларында медициналық техниканың алатын орнының ерекше
екендігіне көз жеткізуге болады. Осы анықталған мәселелерді басшылыққа ала
отырып, медициналық жоғары оқу орындары студентерін «Физика» пәні
бойынша түрлі физикалық құбылыстарды «жалаң» түрде оқытпай, оны жоғары
курстарда оқылатын клиникалық пәндерде диагностикалық және терапиялық
құрал жабдықтар қолданылатындығына назар аудару қажет.
Жоғары оқу орнында білім берудің жалпы талаптарына сәйкес
медициналық жоғары оқу орнындағы физика курсы:
- студенттердің физикалық білімі мен жалпы мәдени дамуы деңгейін
арттыру;
- кәсіби іс-әрекетін дамыту мақсатында арнайы пәндерді оқу арқылы
базалық даярлықтарын қамтамасыз ету;
7
- өзіндік білім алу және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту
сияқты негізгі талаптарды қамтиды.
Бұл талаптардың кешенді шешімі болашақ мамандарың физикалық білімі
мен кәсіби іс-әрекетін нақтылауға мүмкіндік береді.
Болашақ маманды кәсіби бағытта дайындау мәселелері түрлі ғылым
салаларында қарастырылған. Әлеуметтану мен философиядағы кәсіби бағытта
оқытудың феноменін зерттеуде Г.А. Журавлева, С.И. Архангельский, О.В.
Леднева және т.б. еңбектері құндылықты қарым-қатынас мәселелерін ашып
көрсеткен [7-9].
Психологиялық зерттеулерде (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Л.И.
Божович, В.Н. Мясищев және т.б.) [10-13] тұлғаның кәсіби бағытталуын
қалыптастыру механизмі туралы ашылған.
Педагогикада (З.А. Исаева, Ш.Т. Таубаева, И.Я. Фастовец, Ю.К.
Бабанский, А.М. Новиков, А.В. Сластенина және т.б.) [14-19] тұлғаның
интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту бойынша оның кәсіби бағытталу
теориясын жасаған. Сонымен қатар, болашақ мамандардың кәсіби сапасын
қалыптастыру, педагогикалық іс-әрекеттің дидактикалық негізін анықтауда
қазақстандық ғалымдар – А.Е. Әбілқасымова, П. Сейтешов, Т.С. Садыков, Г.Қ.
Смағұлова, С.А. Жолдасбекова, З.К. Бектурова, С.С. Маусымбаев және т.б.
зерттеулерін атауға болады [20-26]. Әр түрлі болашақ мамандардың кәсіби
бағытталуын қалыптастыру бойынша А.А. Карибаева, Л.А. Шкутина,
С.Ж.Піралиев және т.б. еңбектерінде [27-30] және физиканы және басқа да
жаратылыстану ғылымдарын оқыту әдістемесі бойынша Д.В. Бабаев, А.Ч.
Омаралиев, Қ.М. Мұқашев, К.С. Шадинова, У.Қ. Тоқбергенова, А.Б.
Кенжебеков, С.Д. Мұқанова, Қ.Ә. Жұмағұлова, Ш.Ш. Қарбаева, Ж.Т.
Қайыңбаев еңбектерінде берілген [31-37,40].
Болашақ дәрігерлердің кәсіби бағытын зерттеуші ғалымдар Н.М. Амосов,
Л.А. Зильбер және т.б. [38-39]. Ал, В.С. Кагерьманьян, Ү.А. Байзак
медициналық техникадағы физика рөлін анықтап берді [41-42]; физиканы
оқыту барысында медицина мамандығы студенттерінде кәсіби біліктілікті
қалыптастыру бойынша зерттеулер К.А. Адшырин-заде, М.А. Пальцев, М.В.
Носкова, Н.Г. Арзуманян, А.Н. Бирюкова, Е.А. Рязанова т.б. еңбектерінде
кездеседі [43-48]; жобалау және зерттеу іс-әрекеттерінің функциясы, орны мен
рөлін талдаған ғалымдар А.С. Қабылбаева, А.С. Бычкова, Е.С. Полат, Е.А.
Румбешта т.б. ғалымдар талдау жасаған [49-52]; А.В. Тарасова, П.Г. Кравчун
және т.б. ғалымдар дәрігерлерді кәсіби даярлау тұрғысынан зерттеулер
жүргізген[53-54]. Шет елдік ғалымдардан A. Robert, Jr. Freitas,
O. Classer, D.
Thwaites, R. Franich, C. Hansen, P. Wilson және т.б. [55-58] еңбектерінде
наномедицина, медициналық мамандықтарға физиканы оқыту ерекешеліктеріне
назар аударған.
Аталған ғылыми еңбектер мен зерттеулерді талдай келе, бүгінгі күні
медициналық жоғары оқу орындарында физиканы кәсіби бағытта оқытудың
нақты дидактикалық даярлығы мен физика мазмұнын анықтауға байланысты,
болашақ медициналық іс-әрекетінің арнайы ерекшеліктерін ескеретін оқу
үдерісін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері әлі де болса шешімін табу
8
қажеттігіне көз жеткізуге болады. Оны медициналық жоғары оқу орны
студенттеріне жасалған сауалнама сұрақтарынан анықтадық. Студенттер
физика пәнінің болашақ мамандығы үшін неге қажеттігін айта алмады. Ол
бірінші курста оқытылатын физика курсының жоғары курста оқытылатын
арнайы пәндермен байланысының жоқтығын анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу барысында физиканы кәсіби бағытта оқытуды жетілдіру үшін
физика пәнінің мазмұнына нақты медициналық техникалық құрал-
жабдықтармен жұмыс жасау іс-әрекеттерін енгізу және оны ары қарай
дамытудың тиімді жолдарын іздестіру қажеттігі анықталды. Соған байланысты
білім беру бағдарламаларында берілген физикалық білім мазмұнын кеңейтіп,
толықтырып, жүйелеу қажет.
Алайда, бұл мәселелердің физика пәні бойынша теориялық және
практикалық тұрғыда жете зерделенбеуі және медициналық жоғары оқу
орнында физиканы кәсіби бағытта оқытудың әдістемесін жасауда басшылыққа
алынатын арнайы зерттеулердің болмауы мен болашақ мамандардың кәсіби
дайындығын қалыптастыру қажеттілігінің арасында қарама-қайшылықтар
туындайды.
Осы қайшылықтардың шешімін табуда өзіндік үлесі бар болашақ
медициналық жоғары оқу орны мамандарының кәсіби дайындығын
қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерделеу зерттеуіміздің өзектілігін
айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |