Зерттеудің ғылыми жаңалығы: медициналық жоғары оқу орнында
физикалық білім беру мазмұнының медицинаға қатысты маңызды бөлімдері
іріктеліп, теориялық негізделді; медициналық бағытта физиканы оқыту
әдістемесі жасалып, «Медициналық мамандықтарға арналған физика» элективті
пәні ұсынылды. Қорғауға ұсынылатын қағидалар - медицина мамандығы студенттеріне физикалық білім беру олардың
физикадан дайындық деңгейін арттырады және болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде
қолдана алу біліктерін қалыптастырады;
- физикалық білім берудің медицинаға қатысты маңызды бөлімдерін
іріктеу және оны теориялық негіздеу медицина мамандығы студенттерінің
болашақта дәрігерлік қызметтерін дұрыс ұйымдастыруға, кәсіби шешім
қабылдауға бағытталған;
- медициналық бағытта физиканы оқыту әдістемесі студенттердің болашақ
кәсіби іс-әрекеттерінде қолданумен қамтамасыз етіледі.