Уалиханова баян сапарбековна


Кесте 2 - «Медициналық биофизика » пәнінің тақырыптық жоспары



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата03.04.2017
өлшемі1,49 Mb.
#11063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
Кесте 2 - «Медициналық биофизика » пәнінің тақырыптық жоспары 
 
№ 
Тақырыптың аталуы 
Өткізу түрі және бағалау 
ұзақты 
ғы 




1. 
Кіріспе  сабақ.  Мектеп  физика  курсы 
бойынша  қалдық  білім.  Өлшеулер 
кезіндегі  қателіктер  және  оны  есептеу. 
Өлшеу  нәтижесін  график  түрінде 
кескіндеу.  Медициналық  биофизика 
пәні туралы жалпы түсінік.  
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, TaskBL. 
Ағымдық  бағалау:  тест  жүргізу, 
тәжірибелік дағдыларды дамыту.  


Биологиялық  мембрананың  құрылысы, 
қызметі 
және 
түрлері. 
Жасанды 
мембраналар. 
Биологиялық 
мембраналардың 
құрылысы 
мен 
қызметтерін 
зертеудің 
заманауи 
әдістері. 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс. 
Ағымдық  бағалау:  Тест  жүргізу,   
тәжірибелік дағдыларды дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ. 


34 
2 - кестенің жалғасы 
 




 
Биологиялық  мембрана  арқылы  зат 
тасымалдау  түрлері.  Активті  және 
пассивті  тасымалдау  механизмдері. 
Нернст  теңдеуі.  Иондық  каналдар 
арқылы тасымалдану.  
 
 
3. 
Биоэлектрлік 
потенциалдар 
және 
олардың  түрлері:  Тыныштық  және 
әрекет  потенциалдары.  Мембранадағы 
биопотенциалдардың  қозу  механизмі. 
Қозған 
талшық 
бойымен 
жүйке 
импульсінің таралуы. 
 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, TBL. 
Ағымдық  бағалау:  Тест  жүргізу,   
тәжірибелік дағдыларды дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ. 


Жүрек 
ұлпасы 
арқылы 
әрекет 
потенциалының өтуі.  
Эйнтховен  теориясы.  Жүрек-электрлік 
диполь.  
Лаб.жұмыс: ЭКГ тіркеу. 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, CBL. 
Ағымдық 
бағалау: 
лабораториялық  жұмыс нәтижесін 
талдау,  тәжірибелік  дағдыларды 
дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ 
 


Есту  биофизикасы.  Дыбыс  және  оны 
сипаттайтын 
физикалық 
шамалар. 
Құлақтың құрылысы.  
Сыртқы, ортаңғы және ішкі  құлақ, есту 
механизімі.  
Лаб.жұмыс: Аудиометрия. 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс. 
Ағымдық  бағалау:  лаборатория-
лық  жұмыс  нәтижесін  талдау, 
тәжірибелік дағдыларды дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ 
 

6. 
Биологиялық  және  электрлік  емес 
сигналдарды 
электр 
сигналына 
айналдыру  принципі.  Датчиктер  мен 
электродтардың  түрлері,  құрылысы 
және параметрлері. 
Лаб.жұмыс: Спирометрия. 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс. 
Ағымдық 
бағалау: 
лабораториялық  жұмыс  нәтижесін 
талдау,  тәжірибелік  дағдыларды 
дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ. 
 

7. 
Биологиялық  сұйықтардың  реологиялық 
қасиеттерін зерттеу.  
Қан  айналымын  зерттеу  әдістері.  Азға 
ұлпасының импедансы. Реография әдісі. 
Реоэнцефалография, реокардиография. 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, PAL. 
Ағымдық    бағалау:  талдау,  тест 
жүргізу,  тәжірибелік  дағдыларды 
дамыту.  
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ. 
 

8. 
Көру 
биофизикасы. 
Адам 
көзінің 
оптикалық  жүйесі.  Көз  кемшіліктері, 
оны линза арқылы жөндеу. 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, CBL. 


35 
2- кестенің жалғасы 
 




 
Көрудің 
молекулярлық 
механизмі. 
Родопсиннің ыдырау, түрлі түсті көру. 
Аралық бақылау №1 
Ағымдық  бағалау:  Тест  жүргізу,   
тәжірибелік дағдыларды дамыту. 
Суммативті  бағалау:  Ағымдық 
баға, OR, MCQ, EMI. 
 
9. 
Жарықтың  жұтылу  құбылысы.  Бугер-
Бер-Ламберт 
заңы. 
Биологиялық 
сұйықтықтардағы 
заттардың 
концентрацияларын анықтау үшін 
 спектрофотометриялық 
әдістерді 
қолдану.  
Лаб.жұмыс: КФК-2 жұмыс істеу 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, TBL. 
Ағымдық 
бағалау: 
лабораториялық  жұмыс  нәтижесін 
талдау,  тест  жүргізу,  тәжірибелік 
дағдыларды дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ. 
 

10  Радиоактивтілік.  Дозаметрия  негіздері. 
Дозалардың  жұтылуы,  экспозициясы 
және эффективтілігі. Дозалардың өлшем 
бірлігі. Радионуклидті диагностика. 
Рентген  сәулесін  алу,  замануи  рентген 
аппараттары. Рентгенография, РКТ және 
МРТ. 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, PAL. 
Ағымдық  бағалау:  Тест  жүргізу,   
тәжірибелік дағдыларды дамыту.  
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ. 

11  Люминесценция  құбылысы  және  оның 
түрлері.  
Фотобиологиялық процесстер, түрлері 
Ультра күлгін сәулелерінің  биологиялық 
әсері, қолдану.  
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, PAL. 
Ағымдық  бағалау:  Тест  жүргізу,   
тәжірибелік дағдыларды дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ. 

12  Тұрақты, 
айнымалы 
токтардың 
биологиялық денелерге әсері. 
Тұрақты  токты  қолдануға  негізделген 
гальванизация және электрофорез әдісі. 
Төменгі жиілікті терапия құралдары: 
Тонус, амплипульс т.б. құралдар. 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, CBL. 
Ағымдық  бағалау:  Тест  жүргізу,   
тәжірибелік дағдыларды дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ. 

13  ЭМ шкала туралы түсінік. 
Жоғары жиілікті, аса жоғары жиіліктіжәне 
ультра 
жоғары 
жиілікті 
токтарды 
қолдануға  негізделген  терапевтикалық 
құралдар.  
Электрохирургиялық құралдар.  
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, CBL. 
Ағымдық  бағалау:  Тест  жүргізу,   
тәжірибелік дағдыларды дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ. 

14  Лазер  сәулесін  (ЛС)  алу  жолдары, 
инверсиялық   толу күйі. ЛС медицинада 
қолдану.  Магнит    өрісінің  биологиялық 
денеге  әсері.  Ультра  дыбысты  алу 
жолдары. 
УДЗ құралы, датчик түрлері. 
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, CBL. 
Ағымдық 
бағалау: 
жұмыс 
нәтижесін  талдау,  тәжірибелік 
дағдыларды дамыту. 
 
15  Медициналық  техникалар  (МТ)  туралы 
түсінік. 
Медициналық 
құралдарды 
жіктеу. МТ жіктеу принципі.  
Өткізу түрі: SGL, құзіреттіліктерді 
меңгеруі  бойынша  тиімді  кері 
байланыс, CBL. 
 


36 
2- кестенің жалғасы 
 




 
Диагностикалық, 
терапиялық 
және 
зертханалық  медициналық  құралдарды 
жіктеу. МТ сенімділігі мен қауіпсіздігі. 
Аралық бақылау №2 
Ағымдық  бағалау:  Тест  жүргізу,   
тәжірибелік дағдыларды дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ,  
Суммативті  бағалау:  Ағымдық 
баға, OR, MCQ, EMI. 
 
Жалпы сағат саны: 
45 
 
Байқағанымыздай, курстың мазмұнын анықтауда құрылымдық тізбе толық 
жүзеге  асырылған:  материалды  бірізді  оқыту,  яғни  тақырыптардың  біртіндеп 
күрделенуі  байқалады;  оны  оқыту  тәсілдерінде  құбылысты  біріктіре  қарау 
көрініс тапқан. Бірақ аталған материалды оқығанда, арнайы клиникалық пәннің 
қай  тұсында  ол  білімдері  қажет  болатыны,  яғни  физиканы  оқытудағы  кәсіби 
бағыт қағидасы толық ашылмағаны көрініп тұр. Университетке түскен мектеп 
түлегінің  орта  мектепте  игерген  физикалық  білімнің  бастапқы  базасы  аталған 
пәнде  ескерілген,  яғни  студент  теориялық  білімді  мектептен  меңгеріп  келген 
деп есептелінеді. Берілген 45 сағатта студенттер физикалық түсінікті мектепте 
толық  меңгермесе,  материалды  игеруі  әлсіз  болады.  Сонымен,  медициналық 
және  биологиялық  физика  бағдарламасының  компоненттерінің  жүзеге 
асырылуын талдайық.  
Жоғарыдағы  бағдарламаны  талдау  мына  жайты  көрсетті:  студенттердің 
болашақ  кәсіби  іс-әрекетіндегі  медициналық  компонент  жүзеге  асып  тұр; 
курстың қолданбалы материалы кәсіби бағытта орындалған; барлық зерттелетін 
мәліметтер  студенттердің  түрлі:  физиология,  жалпы  терапия,  рентгенология 
және т.б. пәндерді оқуда талап етіледі. Сонымен қатар, бағдарлама физиканың 
медицинадағы  қолданылу  негіздерін  жүйелі  меңгеруін  жүзеге  асыратын 
тәсілдеріне ие емес, оған қоса, медициналық зерттеуде, науқасты емдеуде және 
диагностикалау  процесіндегі  организмге  қандай  да  бір  физикалық  әсерін 
қолданудың  бүтіндігін  студенттер  өздері  көз  жеткізуі  тиіс.  Яғни,  бұл  аталған 
бағдарламада  қолданбалы  бағыттылықтың  жалпыланған  үзіндісі  жоқ,  ол 
медициналық  және  биологиялық  физика  курсындағы  кәсіби  бағыт  қағиданы 
тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін төмендетеді. 
Медициналық  және  биологиялық  физика  курсында  студенттің  болашақ 
кәсіби  іс-әрекетінің  мазмұндық  компоненті  нашар  жүзеге  асырылған.  Себебі 
пәнге деген қызығушылық практикакалық немесе лабораториялық жұмыстарды 
орындау  барысында,  іздену  барысында  туатыны  белгілі.  Олай  болса,  өтіліп 
жатқан сабақтың тақырыбын, әлемде орын алып жатқан жаңалықтарды ескере 
отырып жүргізген әлдеқайда тиімдірек болады. 
Қорыта  келгенде,  қазіргі  кезде  болашақ  дәрігерлерде  физикалық  білімді 
кәсіби бағытта беру үшін, алдымен, оның қажеттіліктерін талдаған жөн. Себебі 
қажеттіліксіз сұраныс болмайды. Ал сұранысқа сай, замана талабы орындалса, 
нәтиже де сапалы болмақ. 
 

37 
1.3  Медициналық  жоғары  оқу  орнында  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқытудың қажеттіліктері 
Жүйенің  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  салаға  бейімделу  қажеттілігі, 
медициналық  ғылым  мен  практиканың  дамуының  заманауи  деңгейі, 
Қазақстанның  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуі  –  дайындалатын  медицина 
мамандарының  біліктілік  деңгейі  мен  заманауи  медициналық  білім  беруді 
ұйымдастыруға ерекше талаптар қояды.  
Медицина  қызметкерлерінің  кәсіби  іс-әрекеті  кез  келген  елдің  денсаулық 
сақтау жүйесін қалыптастыру негізінде іске асады. Заманауи дәрігерді даярлау 
жүйесінің  құрылымын  қарастырайық.  Мамандарды  кәсіби  даярлаудың 
маңызды сипатының бірі, оның біліктілігі болып табылады. Отандық және шет 
елдік ақпарат көздерінде «біліктілік» - «еңбекке қабілетінің даму деңгейі» және 
«нақты  жұмыс  түрін  орындауға  қызметкердің  кәсіби  даярлығының  деңгейі» 
ретінде  анықталады.  Жалпы  практика  дәрігерінің  кәсіби  іс-әрекеті  туралы 
сұрақты  талдай  отырып,  дәрігердің  өз  білімі,  біліктілігі  мен  дағдысын  жүзеге 
асыратын іс-әрекетті талдаудан бастаған жөн.  
Болашақ дәрігерді кәсіби бағытта оқытудың негізгісі  - келген емделушіге 
дұрыс  диагноз  қою.  Қазіргі  кезде,  диагноз  қою  үшін  көптеген  медициналық 
аппараттарды қолдану керек. Сондықтан студентті даярлауда, белгілі бір оқыту 
әдісін қолдана отырып, физикалық материалды меңгерту тиімді болады [113].  
Мұндай  жағдайда,  медициналық  жоғары  оқу  орнының  студенттеріне 
физиканы  оқытатын  оқытушы,  оларға  кәсіби  бағытта  білім  беруге  жағдай 
жасайтын  оқыту  формасын  табу  керек.  Сонымен  қатар,  студенттерде 
қалыптасатын  кәсіби  бағыттағы  білім  компоненттерін  және  болашақ 
дәрігерлерге физиканы оқыту процесінінің тәсілдерін анықтау қажет. 
Оқыту  тиімділігі  –  білім  алушының  қызығушылығы  мен  танымдық 
белсенділігі  деңгейімен  анықталады.  Бір  жағынан,  танымдық  қызығушылық 
пәнді  түсінгенде  туындайды,  екінші  жағынан,  пәнді  оқуға  деген  оң  көзқарас 
оның оқу және кәсіби маңыздылығын түсінуге жетелейді. 
Пәнге  деген  қызығушылықты  [114]  түрлі  тәсілмен  тудыруға  болатынын: 
медицина  мен  физиканың  байланысын  көрсету;  тарихи  сипатын  талқылау; 
мазмұнының  қызықтылығы;  өзекті  мәселелерді  шешуде  физикалық  білімді 
қолдану;  медициналық  диагностикалық  аппараттарды  физикалық  сипаттау 
арқылы көрсетуге болады. 
Ғылым,  техника  мен  экономикадағы  жүріп  жатқан  жаңару  мен  өзгеру 
процесінің деңгейі, тек білімді қабылдауды ғана емес,  оған қоса, өнімді ойлау 
қабілетін меңгеруді де талап етеді.  
А.В.Петровский  [115]  өз  жұмысында,  білім  берумен  байланысты  келесі 
психология-педагогикалық тапсырманы белгілеген: «Есте сақтауға бағытталған 
оқытудың өзі, заманауи талаптарды шешуге толық жауап бере алмайды. Ойлау 
қабілетінің  сапасын  қалыптастыру  мәселесі  алғашқы  орынға  шығады,  себебі, 
оқушыларға  ұдайы  өсіп  жатқан  ақпаратты  өз  бетінше  меңгеруге  мүмкіндік 
береді.  Мұндай  қабілеттің  даму  пролемасы,  білім  алу  біткен  соңда  сақталса, 
адамға  үдемелі  ғылыми-техникалық  прогрестен  ақсап  қалмау  мүмкіндігін 
қамтамассыз етеді».
 

38 
Психологтардың,  дидактар  мен  әдіскерлердің  зерттеулері,  танымдық 
әрекетті  мақсатты  түрде  ұйымдастыру,  студенттердің  өзіндік  танымдық  іс-
әрекетін қалыптастыруға ықпал етеді, яғни, түрлі тәсілдерді жалпылау арқылы 
(М.И.Махмутов,  И.Я.Лернер  және  т.б.)  [116]  тұлғаның  өз  күшімен  іс-әрекет 
тәсілдері мен білімді меңгеруіне қабілетін анықтауға болады. Егер, мұғалімнің 
ұйымдастыруы  нәтижесінде,  репродуктивті  және  шығармашылықты  іс-
әрекеттің  жетекші  рөлі  өнімді  танымдық  іс-әрекет  болса,  онда  студенттердің 
ойлау  қабілетінің  дамуына  жақсы  жағдай  жасалды  деп  есептеуге  болатынын 
атап көрсеткен. 
Жоғары  оқу  орнындағы  физиканы  оқытудың  практикасын  талдай  келе, 
С.Н.Потемкина,  абстракцияның  жоғары  деңгейінде  меңгерілген  физикалық 
білімді  студенттер  кәсіби  маңызды  тапсырмаларды  шешу  аппараты  ретінде 
қабылдамайды.  Физикадан  алған  білімдерін  студенттер,  кәсіби  пәндерді 
(мамандық бойынша) өту барысында жаңа материал ретінде оқиды. Бұл жағдай 
кәсіби  компоненттегі  арнайы  пәндерді  оқу  барысында  педагогикалық 
тапсырмаларды қиындатады [117]. 
Физиканы  кәсіби  бағытта  оқытудың  талаптарын  жүзеге  асыру  үшін, 
физика  пәні  оқытушыларының  кәсіби  пәндерді  өтетін  оқытушылармен  өзара 
тығыз байланысын орнату  керек.  Толық  физикалық  білім  қалыптастыру  үшін, 
оқу  бағдарламасындағы  міндетті  кәсіби  компонентерді  ескере  отырып  құру 
қажет. Медициналық жоғары оқу орнындағы физика курсына техникалық және 
экономикалық  процестердің,  табиғаттың,  адамзатты  табиғи  құбылыстары 
туралы мәлімет енуі тиіс. Арнайы кәсіптік пәндерді түсіндіруде студенттердің 
физикадан  алған  білімдерін  жан-жақты  қолдану  маңызды  болады.  Физика 
білімінсіз,  арнайы  пәндерді  меңгеру,  күрделі  мәселелерді  шешуде  күмән 
туғызады. 
Осылайша,  оқу  әрекетінің  мақсаты  мен  нәтижесі  білім  алушының  өзін 
өзгерту  болып  есептелінеді.  Медициналық  жоғары  оқу  орнында  физикадан 
даярлау тұрғысынан бұл ойды келесідей келтіруге болады. 
Физиканы  оқыту  процесінде  ойлау  қабілетінің  жалпы  логикалық  және 
арнайы  тәсілдерін  қалыптастыру  –  жалпы  ғылыми,  арнайы  пәндерді  табысты 
меңгеруге  және  кәсіби  іс-әрекетіне  даярлығын  қамтамассыз  етеді.  Себебі, 
физиканы  оқи  отырып:  дедуктивті  талқылау,  абстакрциялауға  қабілетті, 
жалпылауға,  ойлау  қабілетін,  талдау  мен  қорытындылауды  дамытады. 
Физикадағы  жаттығулар  ойлаудың  рационалды  сапасы:  реті,  дәлдігі  мен 
нақтылығын арттырады. 
Сонымен, студенттің физиканы оқу барысындағы оқу-танымдық іс-әрекеті 
өнімді  ойлауын  дамытуға,  кәсіби  маңызға  ие  интеллектуалды  дағдыларын 
қалыптастыруға әсер етуі керек [118]. 
Жоғары  кәсіби  оқытудың  мемлекеттік  білім  беру  стандартында, 
медициналық  жоғары  оқу  орны  студентінде  кәсіби  пәндер  бойынша  оқыту 
нәтижесінде,  дәрігерлік  мінез-құлық  пен  клиникалық  ойлау  қабілетінің 
негіздері  қалыптасуы  керек:  олардың  кәсіби  тапсырмаларын  шешуді 
қамтамассыз  ететін  біліктілік;  емделушіні  диагностикалауда,  емдеуде, 
реабилитация  жасағанда,  профилактика  ем-дом  жасауда,  жедел  көмек  және 

39 
өмірге  қауіп  төнгенде,  медициналық  көмек  көрсетуде  дәрігерлік  іс-әрекет 
алгоритмін қолдана алуы қажет. 
Медициналық білім беру стандартына сай, адамның белсенді іс-әрекетінде 
жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  білімі  әркез  көрініс  табады  және  оқу 
барысында  оның  табыстылығына  негіз  болады  [6,  б.45].  Қоғамның  ұдайы 
дамуы  -  дәрігер  іс-әрекетінің  сапалы  өзгерісін  талап  етеді,  яғни,  біз 
медициналық практикада физикалық моделдеуді кеңінен қолдануымыз керек. 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттері  өзінің  болашақ  кәсібінде 
физикалық  білім  мен  дағдыларды  қолдану  керек  екендігін  толық  ұғына 
бермейтінін  1.2  тарауда  атап  өттік.  Тіпті  жаратылыстану  пәндерінің  неліктен 
оқытылатынын  түсінбейді.  Оған  дәлел  ретінде,  Ю.Петренко  [106,  с.35] 
еңбектерінде  өз  тәжірибесінен  мысал  келтірейік.  МГУ-ң  фундаменталды 
медицина  факультетінің  екінші  курс  студенттері,  «Фотобиология  және  оның 
медицинада  қолданылуы»  тақырыбына  бақылау  жұмысын  тапсырған. 
Жарықтың  затқа  әсер  етуінің  физикалық  және  химиялық  принциптеріне 
негізделген  фотобиология,  қатерлі  ісік  ауруларын  емдеу  үшін  ең 
перспективалық  тәсіл  болып  табылады.  Бұл  тарауды,  оның  негізін  білмеу  – 
медициналық  білім  алуда  үлкен  залал.  Сұрақтар  аса  күрделі  емес,  лекциялық 
және  семинар  сабақтарының  материалын  қамтиды.  Бірақ  жауап  қуантарлық 
емес:  студенттердің  көбі  дерлік  екі  деген  баға  алды.  Тапсырманы  орындай 
алмағандар  –  мектепте  физиканы  оқымаған,  немесе  салғырт  оқыған  деген 
қорытынды  жасауға  болады.  Студенттердің  кейбіріне  физика  пәні  аса  күрделі 
болып есептеледі [119]. 
Медициналық  жоғары  оқу  орнындағы  физикалық  білім  студенттердің 
санасында  жаттанды  әрі  аз  уақытқа  ғана  сақталады.  Оған  бір  жағынан,  оқу-
әдістемелік  әдебиеттердің,  екінші  жағынан,  дәрігерлер  үшін  физикалық  білім 
бойынша  ғылыми  зерттеулердің  жеткіліксіздігі  әсер  етуі  мүмкін  [120]. 
Медициналық жоғары оқу орындары үшін шетелдік және отандық физика пәні 
бойынша әдебиеттер жеткіліксіз, техникалық және жаратылыстану ғылымдары 
мамандарына  арналған  әдістемелік  нұсқаулардың  қысқартылған  түрі  ғана бар. 
Ол оқулықтарда дәрігерлердің кәсіби іс-әрекеттері ескерілмеген. 
Зерттеу нысаны физика пәнін кәсіби бағытта оқыту барысында оған енетін 
білім,  білікті,  студенттердің  оқу  даярлығының  мәнін  түсіну  деңгейін  анықтау 
үшін сауалнама мен студенттерді тестілеу жұмыстары жүргізілді.  
Өз кәсіби іс-әрекеті басталғанда жас дәрігерлердің қандай мәселелерге тап 
келетінін  анықтау  үшін,  дәрігерлерге  де  сауалнама  мен  туындаған 
қиындықтарды шешу бойынша бағдарлама даярлау ұсынылды.  
Сауалнама мазмұны келесі сұрақтарды қамтыды:  
1)
 
Денсаулық  сақтау  орындарында  физика  бойынша  алған  теориялық 
біліміңіз жеткілікті ме?  
2)
 
Заманауи  дәрігердің  кәсіби  іс-әрекетінде  диагностикалық  техниканың 
маңызы қаншалықты?  
3)
 
Мекемеңіздің 
медициналық 
техникамен 
жабдықталу 
деңгейі? 
(Сауалнаманың толық нұсқасы қосымша А-да келтірілген). 

40 
4)
 
Медициналық  жоғары  оқу  орнында  физика  бойынша  алған  біліміңіз 
кәсіби қызмет атқаруға толық жеткілікті ме ?  
Сауалнама 
нәтижесі 
дәрігерлерде 
төмендегідей 
қиыншылықтар 
болғандығын көрсетті:  
-  диагностикалық  медициналық  құралдың  жұмыс  істеу  принципін  түсіну 
бойынша дайындықтың жеткіліксіздігі; 
-  диагностикалық  құралда  қолданылған  физикалық  фактор  не  себепті 
алынғаны туралы мәліметтің жеткіліксіздігі; 
- алынған ақпаратты басқа түрге келтіру қиындығы
-  заманауи  медициналдық  құралдар  туралы  мәліметтердің,  олардың 
физикалық принциптерін түсіндіретін мәлімет көзініңаздығы; 
Материалдарды  талдау  арқылы,  жас  мамандардың  кәсіби  іс-әрекетін 
орындау  барысында  кәсіби  бағытталуының  жеткіліксіз  деңгейде  дамығаны 
туралы  қорытынды  шығаруға  болады.  Студенттер,  диагностикаға  еніп  жатқан 
инновациалық 
медициналық 
аппарат 
бойынша 
физикалық 
білімнің 
жеткіліксіздігін көрсетті. Сонымен, медициналық жоғары оқу орынының түлегі 
кәсіби іс-әрекетке диагностикалау бойынша жеткілікті түрде дайын емес.  
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттері  «Физика  қажет  пе?»  деген 
сауалнамаға келесідей жауап берді: олардың 23% -і «физика пәніне, мүмкіндік 
болса, қатыспайтын едім»; 48%  - і тек жеке сұрақтары ғана кәсіби іс-әрекетте 
қажет болады дейді, ал қалғандары оқымаса да болады деген; және тек  25% -і 
кәсіби  білім  алуда  аталған  пән  маңызды  деп  есептейді.«Физиканың  жеке 
тараулары Сізге өмірде қажет болады деп есептейсіз бе?» 63% студент «ия», ал 
қалғандары  37%  -і  дәрігердің  іс-әрекетінде  физика  қажет  болмайтындықтан, 
оны  оқудың  мәні  жоқ  деп  жауап  берген.  Сонымен  қатар,  «Медициналық 
приборлар  неге  негізделген,  қалай  ойлайсыз?»  деген  сұраққа,  90%  студенттің 
барлығы  дерлік  медициналық  аппарат  физикалық  құбылыстарға  негізделген 
деп жауап берді. 
Физика  пәні  –  көптеген  кәсіби  оқыту  мекемелерінде  оқытудың  міндетті 
компоненті  болып  табылады.  Бірақ  бұл  пәнді  оқытуда  көптеген  қиындықтар 
туындайды.  Студенттің  пәнге  деген  қарым-қатынасын  зерттей  келе, 
студенттерде физика пәні бойынша білім қорының жетіспеушілігі, пәнді оқуға 
жігерінің  аздығы  анықталды,  себебі  студенттер  болашақ  мамандығында 
физиканың  практикалық  қолданылуын  білмейді,  міндетті  және  қосымша 
білімді өз бетінше меңгеруге қауқарсыздығы анықталды. 
Сосын  анықталғанындай,  студенттер  үшін  ең  қызықтысы  –  медициналық 
приборлардың  жұмыс  істеу  принциптері  мен  оның  қолданылу  аймағы  болып 
шықты. 
Нәтижесінде,  пәнді  меңгеру  деңгейін  жоғарылату  үшін,  студенттердің 
физикалық білімін жобалау технологиясын, проблемалық оқыту технологиясы, 
гипотеза ұсыну тәсілдерін қолдана отырып күшейту керек деген ұсыныс жасай 
аламыз. Оған толығырақ 2 тарауда тоқталамыз.
 
Байқағанымыздай,  студенттер  медициналық  аппараттардағы  физиканың 
рөлін  көргенімен,  физика  пәнін  оқу  барысында  алынған  физикалық  білім  мен 

41 
білікті, кәсіби іс-әрекетте қалай қолдану керектігін білмейді. Яғни оқытылатын 
физика пәні шынайы өмірдегі мамандықпен әлсіз байланыста оқытылады. 
Физиканы  білу,  студент-медиктің  кәсіби  бағытта  білім  алуын  дамытуға 
ықпал  жасайды.  Бірақ  соңғы  жылдары  бірінші  курс  студенттерінің  физиканы 
оқуға  қызығушылығының  төмендеуін  жоғарыда  атап  өттік.  Оны  оқудың 
құндылықты-мәндік  тұстарын  білмейді,  және  кейін  өз  кәсібінде  алған  білімін 
қалай қолдануды түсінбейді. 
Қазіргі  кезде,  медициналық  білім  алу  процесінде  қолданылатын  кәсіби 
модельді  ұйымдастыру  жаппай  орын  алуда.  Интеллектуалды  моделден 
экспертті  түрге  ауысу  медицинаның  қарқынды  дамуына  негізделген,  яғни, 
болашақ  дәрігерлердің  инновациялық  технологияларын  меңгеруі  мен  осы 
технологияларды игеруге даярлығының қажеттілігі туады [121].  
Сонымен  қатар,  студенттерге  дұрыс  диагноз  қою  үшін  физикалық  білім 
қажет деп есептейміз. Өйткені осы пәнде жинақтаған теориялық білімдері мен 
меңгерген практикалық іс әркеттер кейінгіжоғары курстарда, яғни ішкі аурулар, 
хирургия, балалар ауруы, гинекология мен акушерия және т.б. кәсіби пәндерде 
қажет болады. Бұл туралы 2.1 тарауларда толық айтамыз.
 
2013-2014 оқу жылында Х.А. Ясауи атындағы қазақ түрік университетінің, 
медицина  факультетінің  «Жалпы  медицина»  мамандығының  1  курс 
студенттеріне  мектеп  физика  курсы  бойынша  білімі  деңгейін  анықтау 
мақсатында тест ұсынылды. Қатысқан студенттердің саны 249-ды құрады. 
Олар жалпы физика курсы бойынша 50 сұраққа жауап берді: механика – 10 
сұрақ,  молекулалық  физика  –  10  сұрақ,  электр  және  магнетизм  –  10  сұрақ, 
оптика – 10 сұрақ, атомдық физика – 10 сұрақ. 
 
Кесте 3 – 1 курс студенттерінің физика пәнінен білімін анықтау 
 
Сұрақ 
саны 
Механика 
Молекулалық 
физика 
Электр және 
магнетизм 
Оптика 
Атомдық 
физика 
Студ. 
саны 
% Студ. 
саны 
%  Студ. 
саны 
% Студ. 
саны 
% Студ. 
саны 


62 
25 
48 
20 
39 
16 
107 
43 
192 
77 

57 
23 
92 
37 
58 
23 
65 
26 
36 
14 

36 
15 
49 
20 
29 
12 
31 
12 
15 


52 
21 
53 
21 
30 
12 
12 


2,6 

35 
14 

0,3 
26 
10 



0,4 




0,3 
12 



 
 

 
 


18 



 
 

 
 

0,4 
10 



 
 

 
 
 
 




 
 

 
 
 
 


 
 
 
 
10 
 
 
 
 
15 

 
 
 
 
Барлығы  249 
100 
249 
100 
249 
100 
249 
100 
249 
100 
 
Сұрақ  саны  бағанасында  -  студенттердің  қай  сұраққа  жауап  бергені 
белгіленген.  Бос  бағанада  –  студент  ешқандай  сұраққа  жауап  бермегенін 
білдіреді.  Механика  бойынша  мүлдем  жауап  бермеген  студент  –  62, 

42 
молекулалық  физика  бойынша  –  48,  электр  және  магнетизм  бойынша  –  39, 
оптика бойынша – 107, ал атомдық физика – 192. 
Жүргізілген  талдау,  студенттер  физиканы  жеткілікті  дәреже  білмейтінін 
көрсетті.  Сондықтан  физикалық  білімді  кәсіби  бағытта  дамыту  кезінде,  сабақ 
формасы мен оқыту технологиясын таңдауда ескеру қажет. 
Осылайша,  кәсіби  және  оқу  қызығушылықтарының  өзара  әсері  туралы 
қорытынды  шығаруға  болады.  Себебі  тұлғаның  мінез-құлық  жігері  және 
студенттердің оқу әрекеті мотиві бір динамикада болғандықтан, үнемі дамиды. 
Мұнда  маңызды  рөлде  білім  алушының  танымдық  әрекетін  ұйымдастыру  мен 
оқу материалы мазмұны болады. 
Осыған  орай,  А.Ф.Меняев,  студент  өз  өмірі  үшін  білім  алудың  маңызын 
білсе,  оны  меңгеру  терең  түрде  болады,  оқудың  мақсаты  мен  келесі  кәсіби 
әрекетінде,  студенттің  алған  білімін  болашақ  мамандығында  қалай 
қолданатынына назар аудартсақ, оқу процесінің тиімділігі артады, үлгерімдері 
едәуір  алға  жылжиды,  студенттің  танымдық  және  кәсіби  қызығушылықтары 
дамуына ықпал жасайды [121, с.22] деген. 
Оқу  мотивінің  дамуы  мен  студенттің  танымдық  қызығушылығын 
кеңейтуге студентердің жеке жұмыстары мен оның нәтижесін бағалау оң ықпал 
етеді.  Оқу  әрекетінің  мотивация  дамуы  мен  қалыптасуы  студенттердің  өз 
бетінше  танымдық  әрекетін  қалыптастыру  процесінің  компоненттерінің  бірі 
болып  табылады.  Өз  бетінше  танымдық  әрекетті  қалыптастыру  мәселесін 
А.Е.Әбілқасымова  өз  еңбектерінде,  танымдық  мотивтердің  қалыптасу 
деңгейлерін  келесідей  көрсетті:  1)  танымдық  мотив  білімді  меңгеруге 
бағыттауды  білдіреді;  2)  танымдық  мотив,  білімді  меңгеру  мен  оны  ізденуге 
бағытталуды білдіреді; 3) танымдық мотив  – білім алу мен оны меңгеру және 
оны жетілдіру тәсілдеріне бағытталуын білдіреді [20, с.12].
 
Білімді  жаңарту  мен  жетілдіруге  қажеттілік  дәрігердің  жұмысында  үлкен 
кәсіби  мәнге  ие  болады.  Дәрігерге  жоғары  оқу  орнында  алған  білім  әрдайым 
жеткіліксіз болуы мүмкін, себебі ол психологиялық тұрғыдан өмір бойы білім 
алуға  дайын  болуы  керек.  Себебі  технология  әрдайым  дамуда,  адам 
организміне  де  қоршаған  ортаның  әсері  жылдан  жылға  өзгеше  әсер  етуде, 
сәйкесінше, науқасты диагностикалау, реабилитациялау мен емдеу жолдары да 
үнемі  жаңартылып  отырады  [122,  с.  34-35].  Танымдық  рефлексияның 
қалыптасуы  (өзіндік  бағалау  мен  өзіндік  бақылау)  танымдық  қажеттіліктің 
дамуына  және  өз  бетінше  білімін  жетілдіруге  құштарлығымен  тығыз 
байланысты болады. Басқаша айтқанда, жоғары оқу орнында оқыту процесінде 
қалыптасқан  танымдық  және  кәсіби  жігер,  оқуын  аяқтағаннан  кейінде, 
маманның құзіреттілігін арттырып, кәсіби мансабы артуына мүмкіндік береді. 
Жоғарыда  айтылғандар  негізінде,  оқу-танымдық  мотивтердің  өзара 
байланысы,  жоғары  оқу  орнындағы  оқытудың  кәсіби  бағытталуын  дамытуға 
мүмкіндік береді. Алынған психология-педагогикалық қорытындыларын ескере 
отырып,  медициналық  жоғары  оқу  орнында  физиканы  оқытудың  кәсіби 
бағытталуын  дамыту  талаптарын  жүзеге  асыру  жолдарын  талдауға  көмек 
береді. 

43 
Физика  пәнін  оқытуда,  студенттер  диагностикалық  құрал-жабдықтармен 
сауатты жұмыс істеу және нақты әрі объективті диагноз қою үшін қажетті білік 
пен білім алатын, мақсатқа бағытталған дайындықтан өтеді.  
Жоғарыда  аталған  білім  мен  білікті  меңгерту  үшін  заманауи 
технологияларды қолдану керек. Дәлірек айтсақ, диагностикалық приборларды 
меңгеру  үшін  жобалау  технологиясы,  диагноз  қоюда  проблемалық  оқыту, 
ақпаратты  бір  күйден  екіншісіне  ауыстыру  үшін  кейс-технологиясы,  мәселені 
шешу  тәсілі  ретінде  гипотеза  қолданылады.  Біраз  технологиялар  болашақ 
дәрігерлерді  оқытуда  қолданылып  жүр,  бірақ  диагностикалауға  студенттерді 
даярлауда, олардың кәсіби бағытталуын дамыту үшін аталған әдістерді кешенді 
қолдану әдістемесі жоқ.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет