Уалиханова баян сапарбековна


  Медицина  мамандығы  студенттеріне  физиканы  кәсіби  бағытта



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата03.04.2017
өлшемі1,49 Mb.
#11063
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2.2  Медицина  мамандығы  студенттеріне  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқыту әдістері мен құралдары 
  Бүгінгі  күнде  медициналық  білім  беру  оқытудың  өзгерістерімен  қоса,  өз 
кәсібін  жоғары  деңгейде  орындайтын  маманды  талап  етеді.  Жалпы  кәсіби 
бағытталуды  дамытуға  физикалық  білімнің  қосар  үлесі  көп.  Эксперименттің 
алғашқы  қадамдарында  физикалық  білімнің  жеткіліксіздігі  анықталады  (1.3 
тарауда көрсетілген).  
Кәсіби  бағытталу,  базалық  медициналық  дағдылар,  ғылыми  білім  мен 
моральді тұрғыдан даму негізінде алға жылжиды. 
Ал  физика  медициналық  жоғары  оқу  орнының  жалпыға  міндетті  пәні, 
бірінші  курста  оқытылады,  ал  кәсіби  дағды  мен  біліктіліктер  студенттерде 
клиникалық  пәндерді  оқу  барысында  қалыптасады,  олар  өз  кезегінде  жоғары 
курста  өтіледі.  Физиканы  оқыту  барысында  медициналық  жоғары  оқу  орны 
студенттерінің  кәсіби  бағытта  дамыту  мәселесі,  физика  пәнін  оқуға  деген 
қызығушылығының  төмендігі,  пассивтілік,  аталған  пәнге  студенттердің 
қызықпауы  болып  отыр.  Сол  үшін  өтілетін  дәріске  сай,  дәрігерлер  өз 

79 
мансабында қолданатын медициналық аппаратты қолдануға тырысамыз. Соның 
салдарынан, физиканы оқуға студенттердің мотивациясы жоғарылайды. 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  кәсіби  бағытта  оқуын 
жетілдіру  сызбасын  даярлау  үшін  оның  ерекшеліктерін  ескеру  қажет  [136,  137]. 
Мұндай  ерекшеліктерге  студенттердің  физиканы  оқуына  қызықтыру  қажеттілігі 
жатады,  ол  кәсіби  бағытта  оқытудың  компонентіне  мотивациялық  бөлімді  қосу 
қажет. Берілген сызбаны құру кезінде, медициналық аппараттардың жұмыс істеу 
принципін  зерттеуге;  зерттеудің  клиникалық  тәсілдерінің  физикалық  негізін; 
биологиялық  объектілердің  физикалық  моделін  зерттеуге  бағытталған  физика 
бойынша тапсырмаларды орындағанда, жаратылыстану ғылыми ойлау қабілетінің 
дамуына ерекше мән беріледі.  
Физика  пәні  сабақтарында  дәрігердің  кәсіби  даярлығына  іс-әрекеттің 
мазмұны мен құрылымы ықпал етеді, яғни ол дәрігердің кәсіби іс-әрекетіне сай 
құрылуы тиіс. Бұл талапқа, яғни кәсіби іс-әрекеттердің кезеңдерін бейнелейтін 
физикалық  тапсырмаларды  орындаудағы  іс-әрекеттер  жауап  береді,  олар: 
мақсат қою, гипотеза ұсыну, іс-әрекетті жоспарлау, оның нәтижесін талдау мен 
түсінікті етіп аудару, қорытынды шығару. Дайындалған сызба негізінде кәсіби 
іс-әрекетті орындау  бойынша әрекеттің  ұқсас  қағидалары айқындалады,  сонда 
физикалық  тапсырмаларды  шешуде  іс-әрекеттің  құрылымы  мен  мазмұнында 
кәсіби іс-әрекет бейнеленеді, яғни кәсіби бағыттаудың дамуы айқын білінеді. 
Бұл  жағдайда,  физиканы  оқытудың  мазмұны  мен  құрылымы  –  оқу 
бағдарламасы  бекіткен  уақыттың  максимал  нормасынан  асып  кетпей,  кәсіби 
біліктілігін  қалыптастыру  мақсатына  қол  жеткізуге  мүмкіндік  туады,  ол 
медициналық  жоғары  оқу  орнында  физиканы  оқытудың  тиімділік  принципін 
білдіреді. 
 
Кәсіби  бағытта  оқытудың  нәтижесін  комплексті  бағалау  үшін  кез  келген 
біліктіліктің  құраушысына  сай,  келесі  критерийлерді  бөліп  көрсетуге  болады: 
физиканы  оқуға  мотивацияның  қалыптасуы  (мотивациялық  құраушылары), 
жалпы  ғылыми  түсініктің  қалыптасуы  (мазмұндық  құраушысы),  теориялық 
жаратылыстану  ғылыми  ойлау  қабілетінің  қалыптасуы  (іс-әрекеттік 
құраушысы). Бұл критерийлерді келесі жағдайларға тәуелді таңдап алынды:  
1.
 
Физиканы  оқуға  студенттердің  қалыптасқан  мотивациясы  оларда 
кәсіби бағытталудың табысты дамығанын білдіреді. 
2.
 
Жалпы  ғылыми  түсінік  кәсіби  бағытталудың  дамуына  негіз  болады: 
студент ғылыми түсінікті меңгеруі тиіс және оларды қолдана алуы тиіс. Жалпы 
ғылыми түсініктің дамуы оқытудың барлық процесінде қарастырылуы керек. 
3.
 
Студенттердің жаратылыстану ғылыми ойлау қабілетінің даму деңгейі 
кәсіби бағытталуды дамытуға әсер ететін әдіс тәсілдерді таңдауға ықпал етеді.  
Физиканы  оқытудың  әдістемесін  зерттеген  ғалымдардың  ізденістеріне 
сүйене  отырып,  Ш.Ж.  Раманкулов  өз  диссертациясында:  «Әдістемелік  жүйе  – 
өзара  байланысқан  компоненттерден  құралған  дидактикалық  жүйе»  -  деп 
анықтама берген [138]. Зерттеу бойынша, болашақ дәрігерлерді кәсіби бағытта 
даярлауда  оның  төмендегідей  элементтері  анықталды:  мақсаты,  тапсырмасы, 
мазмұны, әдісі, формасы мен құралымы және нәтижесі. 

80 
«Физика»  пәнін  оқытудың  қағидалары  өзара  байланыста  бола  отырып, 
бүтін жүйені құрайды: 
-
 
ғылымилық қағида: - физика пәні бойынша оқу материалының мазмұнын 
сауатты  баяндауды,  жаңа  материалды  оқуда  заманауи  жетістіктерді  ескеруді 
білдіреді.  Жаңа  оқу  материалын  меңгеру  үрдісі  қазіргі  ғылыми  таным 
тәсілдеріне сай құрылады. 
-
 
жүйелілік қағидасы: - физика пәні бойынша оқу материалын жүйелі түрде 
берілуі; 
-
 
бірізділік қағидасы: - физика пәні бойынша белгілі бір мәселені шешудің 
бірізділігін қамтамассыз ету. 
-
 
көрнекілік  қағидасы:  -  физика  пәнінде  зерттелінетін  объектілерді, 
қолданылатын  медициналық  аппараттарды  қолдану,  студенттің  біліктілігін 
арттыруға мүмкіндік береді. 
  Әдістері:  жобалау  технологиясы,  проблемалық  оқыту  технологиясы,  
гипотеза құру. 
Біз жұмысымызда физика пәнін оқытудағы әдістерді қолдануда келесідей 
талаптарды ескердік: 
-
 
физика пәнін оқыту үрдісінде бірнеше әдістерді ұштастыра қолдандық
-
 
қолданылған оқыту әдістері студенттердің ойлау қабілетін, танымдық іс-
әрекетін,  білімін,  өзіндік  жұмыс  істеу  қабілетін  болашақ  мамандығында 
қолдана алуын ескердік
-
 
физика  пәнінде  меңгерілетін  білімдерді  медициналық  техникаларда 
қолдану қабілетінің қалыптасуын ескердік. 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  кәсіби  даярлығын 
ұйымдастыруда,  олардың  оқуға,  жаңа  білімді  ізденуге  деген  оң  көзқарасын 
қалыптастыратын  шарттарды  (игерген  білімдерінің  теориялық  және 
практикалық  маңыздылығы,  оқу  мақсатына  қол  жеткізу,  материалдың 
жаңашылдығы,  проблемалық  жағдайларды  шешу  және  т.б.)  қамтамассыз  ету 
маңызды орынға ие болады [139]. 
Қорыта  келгенде,  оқытудың  формаларының  бірі  студенттердің  жобалау 
жұмыстарын,  проблемалық  оқыту  технологиясы  мен  гипотеза  құруды 
ұйымдастыру  болып  табылады.  Физика  пәнін  оқу  барысында  аталған 
технологиялар  процесі  студенттердің  практикалық  тәжірибе  алуын, 
шығармашылық  белсенділіктерін  қамтамассыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Себебі 
әрбір  студент,  жоғары  оқу  орнында  оқу  барысында  тек  іргелі  және  кәсіби 
білімді  алып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  өз  білімін  өздігінен  жетілдіріп, 
практика  жүзінде  қолдана  алуы  керек.  Дәлірек  айтсақ,  кәсіби  бағытта  оқыту 
үшін жобалау технологиясы, диагноз қоюда бірлескен іс-әрекет, медициналық 
аппараттан  алынған  ақпаратты  бір  күйден  екіншісіне  ауыстыру  үшін 
проблемалық  оқыту  технологиясы,  мәселені  шешу  тәсілі  ретінде  гипотеза 
қолданылды. 
Сабақты жүргізудің әдістемелік нұсқаулығы 
Жобалық  пен  зерттеушілік  біліктілікті  анықтау  үшін,  яғни  мақсатын 
құрастыру, 
оны 
нәтижесімен 
салыстыру; 
эксперимент 
орындау; 

81 
диагностикалық  приборлардан  берілгендерді  алу;  рефлексияны  жүзеге  асыру, 
оқытушы студенттерге анкетаға жауап беруді ұсынады.  
Сонымен қатар жобалау іс-әрекетінің тиімділік деңгейін соңында анықтау 
үшін, алғашқы жобалық біліктілігін де айқындап алу қажет. 
Анкета. 
-
 
Жоба дегеніміз не? 
-
 
Жоба бойынша іс-әрекетіңізді жоспарлай аласыз ба? Егер ия болса, онда 
жоба бойынша Сіздің іс-әрекетіңіз қандай кезеңдерден тұрады? 
-
 
Жобаңыз  бойынша  эксперимент  орындай  аласыз  ба?  Егер  ия  болса, 
қандай жоспар бойынша? 
-
 
Жоба  бойынша  өз  іс-әрекетіңізді  қалай  тексеретін  боласыз?  (Өз  іс-
әрекетіңізді сипаттаңыз). 
-
 
Сіз  қалай  ойлайсыз,  жобаңыздың  нәтижесі  практикалық  тұрғыдан  қалай 
қолданылуы мүмкін? 
-
 
Гипотеза  дегеніміз  не?  Шприцтің  жұмыс  жасау  принципіне  гипотеза 
құрастырыңыз. 
Іс-әрекетті жоспарлау. 
Берілген  кезеңде  оқытушы  кез  келген  іс-әрекетті  жоспарлаудың 
құраушылары туралы студенттерге түсіндіреді:  
- іс-әрекеттің негізгі кезеңдерін бөліп алу; 
- қандай тізбекте олар орындалатынын анықтау; 
- жобада қандай тәсілдер мен іс-әрекеттер қолданылады; 
- жұмысты орындау уақыты мен оның аяқталу мерзімі анықталады,  
Оқытушы  жоспарлау  кезеңінің  міндеттілігін,  оның  жақсы  тұстарын 
түсіндіреді,  себебі,  жоба  жұмыс  жоспарланбай  басталуы  мүмкін  емес. 
Жоспарлау бойынша жұмыстарды орындау нәтижесінде, студенттерде басты іс-
әрекетті  таңдап  алуға  қабілетті,  барлық  материалды  логикалық  тұрғыдан 
орналастыру, соған негіздеу қалыптасады. 
Оқытушы студенттерге жұмыс дәптерін, өз іс-әрекетінің кезеңдерін тіркеп 
отыруға  кеңес  береді.  Жоба  аяқталған  соң,  мұндай  дәптерлер  өз  іс-әрекетін 
талдауға  және  рефлексия  орындауға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  дәптерлердің 
көмегімен,  оқытушы  студенттің  іс-әрекетін,  туындаған  қиындықтарды  және 
олардың шешімін жеңіл қадағалай алады.  
Диагностикалық  аппараттың  жұмыс  істеу  принципі  негізін  құраушы 
құбылыстарды зерттеу.  
Диагностикалық  аппараттың  жұмыс  істеуіне  негіз  болатын  физикалық 
құбылыстарды  зерттеу  (төмендетілген  қысымдағы  газды  разряд,  магнит  өрісі 
және  оның  сипаттамасы,  дыбыстық  толқындар,  электромагниттік  толқындар, 
практикалық жұмыстарды орындау негізінде жүзеге асады). Студенттің жұмыс 
істеу бағыты оқытушымен бірлесе отырып жоспарлануы мүмкін. Бұл жұмыста 
жұмыс  соңында  студенттің  қорытындысына,  берілгендерді  талдай  алу, 
ақпаратты жалпылауына баса назар аударылады. 
Әдебиеттермен жұмыс. 
Берілген кезеңде студенттер, прибор іс-әрекетіне, организмді зерттеу үшін 
оны  іске  қосқанда  жүретін  процестерге  негіз  болатын  құбылыстарды  зерттеу 

82 
бойынша,  қажетті  материалды  қандай  ақпарат  көздерінен  іздейтінін  анықтап 
алуы  қажет.  Мәселе  туындағанда  оқытушылар  белгілі  бір  әдебиетті  ұсына 
отырып, көмегін береді.  
Диагностиканың нәтижесін бақылау.  
Бұл  кезеңде  алдымен  оқытушы  диагностикалаудың  жалпы  принциптерін 
түсіндіреді. Студенттер өз бетінше алғашқы қадамдарын жасайды, яғни прибор 
негізінде алынған ақпаратты зерттейді. Оқытушы кезегімен әр түрлі прибордан 
алынған диагностикалық ақпараттардың түрлі көздерін ұсынады. Ол дегеніміз, 
қандай  да  бір  сау  ағзаның  графигі,  сызбасы  не  суреті,  сонымен  қатар,  ауру 
белгілері бар ағзаның суреттері мен кескіндері. Студенттермен бірге, олардың 
оқу алгоритмі даярланады. Студенттер бұл кезеңде, негізінде, ақпаратты түсіну 
тәсілдерін жұмыс дәптерлеріне жазады және бақылайды.  
Қайта өңдеу және түсіндіру (гипотезамен жұмыс). 
Студенттер  бұл  кезеңде  өз  бетімен  жұмыс  жасай  алуы  керек,  қиындық 
туған  сәтте  оқытушыдан  кеңес  алады.  Диагностикалық  аппараттың  берген 
ақпаратының  барлығын  вербальді  формаға  келтіріп,  жазбаша  түрде  қағазға 
түсіру керек. Сандар, кескіндер мен суреттердің мағынасын түсініп, ұсына алу 
қажет.  Нәтижесінде  патология  қай  бөлікте  екенін  көрсету  керек.  Неге  қарап 
қорытынды жасағанын негіздей алуы қажет, яғни өз шешімін дәлелдеу керек.  
Топ ішіндегі нәтижелерді ұсыну. 
Прибордың ақпаратын вербал күйге келтірген соң, топ ішіндегі студенттер 
өз рөлдерін жіктеп алуы керек. Диагноз дәлдігін талқылау керек, қандай да бір 
адамға – емделушінің өзі, туыстары немесе ұжымға ақпарат беру керек.  
Болашақ  диагноз  беруші  дәрігерге  кіммен  сөйлесу  керек  екенін  өздері 
таңдап,  шешеді.  Ары  қарай  студенттің әрқайсысы,  топ  және  оқытушы  алдына 
шығып, диагнозын ұсынады. 
Әр түрлі топ студенттерінің жоба нәтижесін ұсынуы. 
Оқытудың  соңғы  кезеңінде  оқытушы  барлық  студенттермен  бірлесе 
отырып,  моделді  кәсіби  іс-әрекет  ұйымдастырады.  Әрбір  топ,  ақпарат  қалай 
алынғанын  көрсететін  нұсқаулығы  бар  белгілі  бір  прибордан  алынған 
ақпаратты даярлайды (прибор қандай принципте жұмыс жасайды). 
 
Кесте 9 - Диагностикалық аппараттармен жұмыс бойынша жобаны орындау. 
 
Кезеңдер 
Студенттің іс-әрекеті 
Оқытушының іс-әрекеті  
 



Жоспарлау 
Топтағы  міндеттемелерді  бөліп 
алу.  Диагностикалық  аппарат 
жұмыс  жасауға  негіз  болатын 
физикалық 
құбылыстарды 
анықтау (ДА). 
Диагностикалық 
аппаратта 
ақпараттың пайда болуы қандай 
процестер  негізінде  жүретінін 
анықтау.  
 
Жобаны 
орындауға 
жігерлендіру. 
Студенттердің 
іс-әрекетін 
түзетеді.  
Ақпарат көзін ұсынады. 

83 
9-кестенің жалғасы 
 



 
Ақпараттың 
көзі 
негізінде 
(оқулық, 
ғылыми- 
атақты 
баспалар,  интернет,кеңес  беру) 
диагностикалық 
аппараттың 
жұмысы негізіндегі құбылыстар 
мен  процестерді  зерттеу;  топ 
мүшелерінің 
барлығына 
теориялық білімдерін түсіндіру; 
прибордан  алынған  ақпаратты 
зерттеу. 
  
Диагностика 
нәтижелерін бақылау  
Диагностикалық 
аппаратпен 
алынған  ақпараттары  алуға 
қабілетті  (сызбалар,  графиктер, 
сандық). Патологиялық ағзаның 
берілгендерімен 
дені 
сау 
ағзаның 
берілгендерін 
салыстыру.  Өзара 
оқытуды 
жүргізу. 
Талқылайды, кеңес беру. 
Өзара 
оқытуды 
ұйымдастыру.  
Ақпаратты 
түсіндіру 
мен қайта өңдеу  
Түрлі 
ақпарат 
көздерінен 
алынған алғашқы ақпараттарды 
(графиктер,  сызбалар,  сандық) 
вербал,  сөздік  формаға  келтіру 
және жазбаша ұсыну.  
 
Ақпаратты 
жазбаша 
талдауын 
тексеру. 
Қателерін  талдайды.  Кеңес 
береді.  
 
Топ  ішіндегі  нәтижені 
ұсыну  
Диагноз  қою.  Топ  ішіндегі 
студенттерге  түрлі  категорияға: 
әріптестеріне, 
емделушіге, 
туыстарына ұсыну үйретіледі.  
Топ 
ішінде 
түсіндіру 
варианттарын  өз  бетінше 
түсіндіру 
мүмкіндігін 
береді:  дәрігер  –  емделуші; 
дәрігер  –  әріптес;  дәрігер  – 
емделуші туысы.  
Жоба 
нәтижесін 
қоғамдық ұсыну  
Диагноз  қою.  Нәтижені  ұсыну 
тәсілдерін 
таңдау. 
Таңдап 
алынған  вариантта  ақпаратты 
түсіндіру  
Әрбір 
топта 
ұсыну 
тәсілдерін 
оқытушы 
таңдайды.  
Рефлексия 
Жобалау 
іс-әрекетіндегі 
қиыншылықтар 
мен 
табыстарын анықтайды.  
Рефлексия картасын ұсыну.  
Қорытынды жасау 
 
 
 
Оқытушы  топқа,  ақпаратты  кім  ұсынатынын  айтады  (әр  топ  әр  түрлі 
категориядағы  азаматқа  ақпаратты  түсіндіреді).  Кімге  ақпарат  берілуі  тиіс 
азамат, келесі топтан таңдап алынады. Ол студент сәйкес кез келген сұрақтарды 
қоюына  болады.Студенттер  соңғы  сабақта  сауалнама  сұрақтарына  жауап 
береді, онда мамандығына деген мотивациясы анықталады. 
Сауалнама. 
 
1) Болашақ дәрігерлік іс-әрекетте диагноздың рөлін қалай көресіз? 
2) Сабақты оқып біткенде сізде қандай біліктіліктер дамыды ? 

84 
3) Диагноз қоюда диагностикалық аппараттардың рөлін қалай бағалайсыз? 
4) Дұрыс диагноз қою қабілетіне сенімділік пайда болды ма? 
Жобалау  процесінде  студент-медиктер,  жоба  командасында  жұмыс жасай 
отырып, келесі нәтижелерге ие болады[52, с.54]:  
1) Гипотеза құру, жүйелеу, талдай алу қабілетіне ие болады.  
2)  Замануи  диагностикалық  аппараттарды  жұмыс  істеудің  физикалық 
принциптерін меңгереді; 
3)  ДА  ақпаратын  талдап  және  медициналық  ақпаратқа  ауыстыруға  білікті 
болады; 
4)  Диагностика  нәтижесі  бойынша  емделушілер  мен  әріптестерін 
ақпараттандыру қол жетімді және нақты.  
5)  Топтағы  жұмыс  істеу  мен  өзара  көмекке  қабілетті  дағдыларды 
меңгереді.  
6) Стандартты емес жағдайларда шешім қабылдайды.  
Рефлексия. 
Рефлексия  жазбаша  күйде  жүргізіледі.  Оқытушы  студенттерге  рефлексия 
картасын  толтыруды  ұсынады,  өзіндік  талдау  процесіне  енетін,  когнитивті, 
зерттеушілік,  жоба-ұйымдастырушылық  және  басқа  да  сферада  жүретін 
процеске студенттерді қосып алады.  
Оған қоса, рефлексияны іске асыру мен өзіндік талдауды жүргізу дамиды. 
(Төменде  –  рефлексивті  сұрақтардың  мысалды  тізімі  келтірілген,  оны  қосуға 
немесе өзгертуге болады). 
1)
 
Берілген курста жаңа неге үйрендіңіз? 
2)
 
Жоба бойынша жұмыс жасау сізге қиын болмады ма? 
3)
 
Ақпараттық, пратикалық жоба қалай орындалады? 
4)
 
Ақпараты  іздеуде,  практикалық  жұмыста  және  жобаны  орындауда 
қандай қиындықтар туындады? 
5)
 
Элективті  курс  бойынша  жұмыс  басында  мақсатыңыз  қандай  еді,  және 
Сіз оған қол жеткіздіңіз бе?  
6)
 
Сіз қандай жаңа біліктілікке ие болдыңыз? 
7)
 
Қандай  жаңа  білімге  қол  жеткіздіңіз,  қандай  ақпарат  көздерін  ол  үшін 
қолдандыңыз? 
8)
 
Өз әріптестеріңізді неге үйрете аласыз? 
9)
 
Сіз үшін берілген курстың мағынасы қандай? 
Сіз жинақтаған тәжірибе қандай жағдайда қажет болуы мүмкін? 
Жоба қорытындысын, рефлексияны жүргізу. 
Қорытынды  тапсырма  дөңгелек  стол  формасында  жүргізіледі.  Әрбір 
студент өз пікірін ашық айтады, элективті курс барысында өзіне не ұнағанын, 
не  ұнамағанын  анықтайды,  оң  және  теріс  тұстарын  айқындайды.  Практикада 
меңгерген  білім  мен  біліктілікті  қолдану  мүмкіндігі  талқыланады.  Болашақ 
анықталады. 
Біздің  ойымызша,  медициналық  жоғары  оқу  орны  студентін-болашақ 
дәрігерді физиканы терең меңгеруге деген танымдық қызығушылықты тудыру 
үшін  физика  пәніндегі  әрбір  тақырыпты  талдауда  мынадай  педагогикалық 
әдісті  басты  назарда  ұстау  қажет.  Қазіргі  замаңғы  медицинада  қолданылатын 

85 
диагностикалық  және  терапиялық    медициналық  құралдар  физикалық 
құбылыстар  негізінде  жұмыс  істейді,  олай  болса,  физикадағы  әр  тақырыпты  
талдауда осы ойды негіз етіп алу қажет.  Бұл, өз кезегінде  студент-медиктердің 
кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. 
Біздің  жағдайда  физика  пәнін  оқыту  кезінде  кәсіби  бағытталуды  дамыту 
бойынша,  гипотеза  –  диагноз  құрудың  мәселесін  шешу  тәсілі  ретінде 
қолданылады.  Болашақ  дәрігер  гипотезаны  құру  кезінде  диагностикалық 
приборлар негізінде алынған фактілерге сүйенеді. 
Гипотезаны  құруға  оқыту  процесінде  коммуникативті  біліктілік 
қалыптасып, дамиды. Бірінші кезекте, білім алу бойынша бірлескен іс-әрекетті 
қалыптастырады, топты ұйымдастыру біліктілігін дамытады, басқаны тыңдауға 
дағдыландырады, 
көптеген 
пікірлерден 
қорытынды, 
талқылауды 
қалыптастырады, жалпы көзқарасты ұсынады.  
Дәріс  кезінде  проблемалық  жағдайға  эксперименттік  жағдай  жасалынып, 
гипотезаны  ұсыну  мен  негіздеу  жүргізіледі.  Оқытушы  студенттермен  бірлесе 
құбылысты  талқылайды,  студенттегре  гипотезаны  ұсынуы  үшін  сұрақтар 
қояды, оны түсіндіру зерттелінген фактілер арқылы іске асады. 
Гипотезаны 
ұсынуды 
оқыту 
бойынша 
жұмыстың 
жалғасында, 
студенттерге  проблемалық  сұрақтарға  жауап  беру  ұсынылады.  Жұмыс  жасау 
үшін  студенттерге  тапсырмалар  мен  сұрақтар  картасы  тапсырылады,  оған 
жауап бере отырып, студенттер гипотеза ұсына алады.  
Гипотезаны ұсыну мен негіздеу үшін сұрақтар картасы: 
1)
 
Тапсырманы мұқият оқыңыз (проблемалық сұраққалай қойылған?). 
2)
 
Тақырып физиканың қай тарауына қатысты екенін анықтаңыз (сұрақ). 
3)
 
Тапсырмада қандай құбылыс (процесс немесе түсінік) қозғалып жатыр? 
4)
 
Берілген құбылыспен байланысты барлық заңдылықтарды еске түсіріңіз. 
5)
 
Берілген  сұрақта  көрініс  тапқан  процесс  немесе  құбылысты  анықтап 
алыңыз. 
6)
 
Берілген  құбылыс  пен  процесс  қандай  физкиалық  шамалармен 
сипатталатынын анықтаңыз. 
7)
 
Зерттеу тапсырмасын шешу бойынша алғашқы гипотезаны айтыңыз. 
8)
 
Оны топпен бірге талқылаңыз. 
9)
 
Сәйкес  біліммен  негіздей  отырып,  гипотезаның  соңғы  ұсынысын 
құрастырыңыз. 
Студенттер гипотезаны негіздеу ақпарат көзі көмегімен жүзеге асырылады. 
Мұндай жұмыстар топта табысты жүзеге асырылады. 
Гипотезаны ұсыну үшін тапсырмалар: 
1)Адамның  дыбыс  шығару  және  есту  құралдары  жұмысын  физикалық 
тұрғыдан түсіндіріңіз? Ұсынысты негіздеңіз. 
2)Физикалық 
факторлардың 
биологиялық 
денелерге 
әәсерінің 
мехнизмдерін атаңыз. Оны түсіндіріп бере аласыз ба? 
3)Ультрадыбыс толқындарын медицинада пайдалуды негіздеңіз?  
Жұмыстың  барлық  нәтижелері  дәптерге  тіркеледі.  Кейіннен  ұсынылған 
гипотезаларды бірлесіп талқылайды.  

86 
Ары  қарай  гипотезаны  тексеру  бойынша  жұмыстар  ұйымдастырылады. 
Жұмыстың  бұл  кезеңі  топ  бойынша  жұмыс  жасауды  да,  фронталды 
эксперимент ретінде де ұсынылады. Мысалы, «Спирометр құралымен дем алу 
үрдісін  зерттеу»  жұмысты  оқытушы  фронталь  орындаса  да  болады.  Ал 
«Электрлік  емес  шамаларды  өлшеу»  жұмысы  студентер  топта  орындайды. 
Студенттерге жұмысты орындау барысында лабораториялық құрал-жабдықтар 
мен  тапсырма-карта  таратылады,  онда  қосымша  көмекші  сұрақтар  жүйесі 
құралады.  Одан  соң,  студенттер  оқытушығы  гипотезаны  айтып,  негіздегенде, 
бірлесе гипотеза дұрыстығын тексереді, яғни эксперимент жоспары құрылады. 
Берілген  жағдайда  оқытушы  студенттермен  бірге  эксперимент  жоспарының 
дұрыстығын  тексереді.  Егер  студенттер  гипотезаны  тексерудің  жолдарын 
құруда  қиналса,  экспериментті  орындаудың  бағыттық  жоспары  ұсынылады. 
Жұмысты орындап болған соң, студенттер өз білімдері туралы талдау картасын 
толтырады (кесте 10). 
Қорытындыда студенттер топтағы зерттеу жұмысын орындау іс-әрекетіне 
қатысады. Бұл кезеңде оқытушы физикалық материалды меңгеруін, студенттің 
өз жұмысын адекватты бағалау қабілетінің қалыптасуын тексереді. 
Зерттеу  біткенде  студенттерге  бағалау  картасы  ұсынылады.  Бұл  картаға 
әрекеттің қалыптасу деңгейін бағалау енеді. 
 
Кесте 10 - Студенттердің өз білімін талдау картасы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет