Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер!
Алдымен өзімді таныстыра кетейін!
Аты-жөнім Жуматаева Жанар Кенесбековна, жасым 46 да, Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында 10 жыл еңбек етудемін.
Оның ішінде 6 жыл әдіскерлік қызмет,
1 жыл меңгерушінің міндетін атқарушы,
2 жыл Педагог-психолог қызметі және 1 жыл тәрбиешілік.
Педагог-экспертпін.
Екі жоғарғы білімім бар: Педагог-психолог, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және Әлеуметік ғылымдар магистрі.
Осы орталықта оұытушылық қызметім атқарып кележатқаныма 3 жылдан асты.
Курс тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық мнеджмент». 2 слайдттағыны оқу 2 слайдта қойып оқу!Мектепке дейінгі мекемелерді басқару менеджменті Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі. Балабақша– келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
3 СЛАЙДТА тұр оқимын слайдта «Менеджмент» ағылшын тілінен аударғанда ( management – басқару, жетекшілік ету, меңгеру) жеке тұлға мен ұжымның дене және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған адамдар әрекетін басқару қисыны мен тәжірбиесінің бірлігін білдіреді.
ОСЫ ЖЕРДЕ ОҚИМЫН 4-5 слайдта қоям оқимын! Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) нормативтік және құқықтық базасы айтарлықтай жаңартылды. Басшының алдында көптеген және сан алуан міндеттер тұрады, оларды шешуге МДҰжұмысын ғылыми негізде жоспарлау, талдау жасау, жұмысты үйлестіру шеберлігі мүмкіндік береді.