БҰЛ КІТАП КІМДЕРГЕ
АРНАЛҒАН?
1 Т А Р А У
БҰЛ КІТАП КІМДЕРГЕ
АРНАЛҒАН?
РУМИДІҢ ХИКАЯСЫ:
2,5 жыл + 8 жыл
Менің алғашқы кітабымды неге сатып алдың? Болжап көрейін:
«Қуаныш Шонбай екі жылда Rumiді осындай деңгейге жеткізді ғой, тренинг
жасап жүр, осы бірдеңе білетін шығар, көрейінші, не жазып жатыр екен»
деген оймен алдың. Ал мен, белгілі бір нәтижеге жетпесем, ешкім болмасам,
бұл кітапты сатып алмайтын, тренингтеріме де қатыспайтын едіңдер. Осыған
байланысты бір оқиға есіме түсіп отыр. Жақында 2015 жылы Instagramда
жазған постарымды қайтадан жүктеп көрдім. Сол кезде отыз сегіз like
жинаған постар, қазір бір жарым мың like жинапты.
Өткенде маған бір жігіт келіп, сұрайды: «Қуаныш аға, сіз қалай екі
жылда 10 миллион долларлық бизнес жасадыңыз? Сізден соны үйренуге
келдім», – дейді. «Оның алдындағы сегіз жыл қайда кетті?», – деген сұрақ
туындады менде. Сегіз жыл бойы оқығаным, білім алғаным, қателескенім...
қайда? Барлығы соңғы екі жылды көреді, соны үйренгісі келеді. «Мақсатың
бар ма?», «Алдымен жалқаулықтан арылайық», – десем, «Қуаныш аға, мен
оны үйренуге келген жоқпын ғой, маған қазір не істеу керегін айтыңызшы,
соны жасай берейін», – дейді. Сол кезде оның әлі көп нәрсені білмейтіні,
үйрене алмайтыны анық көрінеді, бірақ амбициясының жоғары болуынан
оны мойындағысы келмейді...
Менен журналистер де, қарапайым адамдар да бір нәрсені сұрайды:
«Rumi»ді қалай аштыңыз?», «Сізге бұл идея о баста қалай, қайдан келді?»...
Қазір сол үшін көп сұхбат та бермеймін. Мені бұл жеңіске жеткізген – осы
сызбадағы сегіз жыл. Сол сегіз жылдың ішінде талай қателестім, үйрендім,
білдім, көрдім, адыраспандардан арылдым. Ал елдің көретіні, оларға белгілісі
– тек «Rumi» ашылғаннан кейінгі екі жыл. Егер кезінде банкрот болған
бизнестерімнен сабақ алмасам, алпыс мың теңгелік мұғалімдік жұмыста
істемесем, өзімді дамытпасам, бүгінгі күнгі жеткен нәтижемнің ешқайсысы
болмайтын еді.
Баяғыда Пикассоға бір ауқатты кісі суретке тапсырыс беріпті. Келесі
күні тапсырысшы келіп, суреттің құнын сұрағанда, Пикассо «100 000$» десе,
тапсырыс беруші: «Неге 100 000$? Бірақ күн уақытың кетті ғой?», – деп
сұрады деседі. Пикассо болса: «Бір күн және жиырма бес жыл» деп жауап
береді.
Ал бізде, жұртшылықты қызықтыратыны сол: «Қалай осындай қысқа
уақытта табысқа жетуге болады?», «Қуаныш мырза, сіздерде SMMге кім
жауапты?», «Автоматизация жүйесі қандай?» – бұның барлығы сырт көзге
ғана көрінетін нәрселер. Бұдан да маңызды, өзіміздің менталитетімізге ғана
тән, біз ғана біліптүсінетін нәрселер бар. Сондықтан да жетістікке жетудің
қазақша жолы болғанының да, қазақ тілінде тренинг өткізіліп, кітаптың қазақ
тілінде жарық көруінің, қазақ тілді аудиторияға бағытталғанының да негізгі
себебі осында.
Достарыңызбен бөлісу: |