Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата08.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#48609
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 5269678680371627382

 
ӨКІНІШ. ҰЯТ. БАНКРОТ 
Адамдардың көпшілігі осы кітапқа қатысты «Қуаныш білгенін, 
оқығанын аударып жаза салды» деген ойда қалуы мүмкін. Ондай сынға 
дайынмын. Бірақ, ескеретін жайт, бұл кітаптың ерекшелігі – ол, мен оқыған 
алты жүз кітаптың қорытындысы іспеттес. Оған қоса, сол кітаптардан 
түйгенімді қолдану, жүзеге асыру, біздің менталитетті ескеру және соның 
нәтижесінде жүзеге асырылған тәжірибе. Бәлкім, білгенімді кей­кезде дұрыс 
қолданбаған шығармын, соның салдарынан бір мүмкіндіктерді жіберіп те 
алған болармын. Сондықтан да, сенің де шалыс қадам баспауың үшін, өзіңнің 
емес, менің қателіктерімнен сабақ алуыңды сұраймын. Бұл кітапта мен 
баяндайтын әңгіме, келтіретін мысал, айтатын ақыл­кеңес – өз басымнан 
өткен тәжірибеге негізделеді. Мен жазған мысалдардың нәтижесі жақсы 
болса, бір жеңіске жеткенім, ал позорға (масқараға) немесе банкроттыққа 
ұшырағанымдағы мысалдар, дұрыс әрекет етпеудің, барымды қолдана 
алмауымның нәтижесі. Көз жасы дегенім, кейде біліп тұрсам да, дұрыс 
жасамағаныма қынжылғаным. 
Қазақстанда өз бизнесімді бастағанда, әріптестік туралы көптеген 
кітаптарды парақтадым. Партнердың (Серіктестің) қандай болуы керек 
екенін оқыдым, ал іс жүзінде оны дұрыс қолдана алмай, банкротқа 
ұшырадым. 
Әскерде «устав, написанный кровью» деген түсінік бар, белгілі бір 
жазатайым оқиғаға алып келгеннен кейін енгізіліп отыратын ережелер 
жиынтығы. Тура сол сияқты, бұл кітаптың әр бөлімінің астарында бір көз 
жасы, бір өкініш және банкротқа ұшырау хикаясы бар. 
ӨЗІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢ, 
СЕНІҢ БИЗНЕСІҢ ДЕ, КАРЬЕРАҢ ДА СОНДАЙ 
Бизнес бастамастан бұрын, осы кітапты жазамын деген ой пайда 
болғаннан, бұған дайындалдым. Алдын ала тапсырыс бердік, мазмұнымен 


жұмыс жасадық, «И ботаники делают бизнес» деп аталатын кітаптың авторы 
Максим Котимен ақылдастық. Бір сөзбен айтқанда, үлкен жұмыс жасалды. 
Бұнымен қатар біз «Versus» академиясы аясында тренингтер өткіздік. 
Сол кезде түсінгенім, бизнесті де, жұмысты да, карьераны да жасайтын – 
адамның өзі. 
Бизнес туралы кітаптар бір теxникаларды береді, ал адамды толық 
дамытпайды, себебі олар алдарына бір ғана мақсат қояды, не бизнесті, не 
адамды дамыту. Өйткені ол не адамның жеке басын дамытуға, не бизнеске 
немесе карьераға арналған болып келеді. Яғни бөлінеді. Ал негізінде, бизнес 
пен карьераны жасайтын өзіміз. Сапаң қандай болса, тура сондай өнім 
шығады. Мысалы, сенің талғамың қандай болса, жасаған жұмысың да 
сондай, тыңдайтын музыкаң, жасайтын презентацияң сондай болады, 
жұмысқа ұқыптылығың, дизайның, барлығы да соған сәйкес жүреді. 
Мен өз басым, заң аясында немесе есеп­қисаппен жұмыс жасайтын 
адамдармен кездескенде, міндетті түрде ол кісінің автокөлігіне, киген киіміне 
ерекше назар аударамын. Себебі, киген киіміне ұқыпты болмаған адам, менің 
құжаттарыма да ұқыпты болмайды. Ол автокөлігіне масаң күйінде отыра 
берсе, ертең жұмысқа ұқыптылықпен қарамайды ғой. Сондықтан, сенің 
бизнесің немесе жасап жатқан жұмысыңның сенің дәрежеңнен ешқашан асып 
кетпейтінін есте сақта. Бұл жердегі «сен» – ол сенің білімің, эрудицияң, 
көзқарасың, шешім қабылдау жылдамдығың. 
Жалпы айтамыз ғой, кез келген бизнестің өлшенетін төрт параметрі бар 
деп. Олар: бағасы, сервис деңгейі, сапа және жылдамдық. Бұл төрт 
көрсеткіштің артында, негізінен үлкен жұмыс жатыр. Мысалға, арзан бағаны 
ұсыну үшін, өзің эффективті болуың керек. Егер өмірде эффективті 
болмасаң, кәсіпте де эффективті бола алмайсың. Сондықтан, бұл кітапты 
кәсіпкерге емес, карьера жасап жүрген менеджерге емес, адам туралы жазып, 
адамдарға арнадым. Өйткені, адам егер өзіне, орысша айтқанда «прокачка» 
жасаса, оның көрсететін нәтижесі де сондай болады. 
Біз «Versus» аясында «Rumi Group»­тың кругозорды дамыту туралы 
курсын жүргіздік. Бұл курс барысында біз музыка да тыңдадық, мысалы, 
джаз, блюз, біз көрмеген фильмдерді қарадық, бұрын араласпаған 
адамдармен таныстық, бұрын оқымаған кітаптар оқып, біз білмейтін 
өмірбаяндармен таныстық. Бұның барлығы адамды дамытады. «Rumi 
group»­тың арт­директоры Абай мырзаға курстың қатты әсер еткенін көзінен 
көрдім. Ол өзінің жұмысына бір жаңа бояулар енгізіп, ерекшеленді. Ал бұл 
бояулар қайдан келді? Әрине, өмірден. Ой­өрісіңді дамыту арқылы, бұрын 
білмеген­көрмегенді тану арқылы келеді. 
Ең қарапайым мысал – презентация. Ол адамның атқарған жұмысының 
нәтижесі. Сондықтан да, презентациядағы қарапайым нәрселерден, шрифтің 


түрінен, түсі мен таңдаған суреттерінен адамның өмірге деген көзқарасын 
көруге болады. 
Бұндағы негізгі ой – карьераңды немес бизнесіңді жасайсың ба, ол өз 
таңдауың, бірақ, әрқайсысын дамыту үшін, ең бірінші өзіңді дамытуың керек. 
Себебі, Құранда да айтылады, «Егер сен өзіңді өзгертпесең, Алла сені 
өзгертпейді» деп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет