Адамдардың көпшілігі осы кітапқа қатысты «Қуа- ныш білгенін, оқығанын аударып жаза салды» деген ойда қалуы мүмкін. Ондай сынға дайынмын. Бірақ ескеретін жайт: бұл кітаптың ерекшелігі – мен оқыған алты жүз кітаптың қорытындысы іспеттес. Оған қоса, сол кітаптардан түйгенімді қолдану, жүзеге асы- ру, біздің менталитетті ескеру және соның нәтижесін- де жүзеге асырылған тәжірибе. Бәлкім, білгенімді кей- де дұрыс қолданбаған шығармын, соның салдарынан бір мүмкіндіктерді жіберіп те алған болармын. Сондықтан сенің де шалыс қадам баспауың үшін, өзіңнің емес, менің қателіктерімнен сабақ алуыңды сұраймын. Бұл кітап- та мен баяндайтын әңгіме, келтіретін мысал, айтатын ақыл-кеңес – өз басымнан өткен тәжірибеге негізде- леді. Жазған мысалдарымның нәтижесі жақсы болса, бір жеңіске жеткенім, ал позорға (масқараға) немесе банкротқа ұшыраған кездегі мысалдар, дұрыс әрекет етпеудің, барымды қолдана алмауымның нәтижесі. Көз жасы дегенім – кейде біліп тұрсам да, дұрыс жасамаға- ныма қынжылғаным.
Қазақстанда өз бизнесімді бастағанда, әріптестік тура-
лы көптеген кітаптарды парақтадым. Партнёрдің (серік-
тес) қандай болуы керек екенін оқыдым, ал іс жүзінде
оны дұрыс қолдана алмай, банкротқа ұшырадым.
Әскерде «устав, написанный кровью» деген түсінік
бар, белгілі бір жазатайым оқиғаға алып келгеннен ке-
ін енгізіліп отыратын ережелер жиынтығы. Тура сол
сияқты, бұл кітаптың әр бөлімінің астарында қуаныш,
өкініш және банкротқа ұшырау хикаялары бар.