Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет6/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

 
Қуаныш ШОНБАЙ 
 
 
 
 
 


 
 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
16.8.2017 
Словения, Рогашка қаласы... 
 
   2017 жылдың шілде айында екі-үш күндей депрессия- 
ға (күйзеліске) ұшырадым. Себебін анықтап қарасам, 
сол кезде мақсатсыз қалғандай болыппын. Өйткені, 2015 
жылы «Rumi»-ді енді ашқанда, бизнестегі әріптесім Ай- 
дос мырза екеуіміз соншалықты армандадық, қиялдадық. 
Ол кезде дайын ресторан (мейрамхана) тұрмақ, қолымы- 
зда қаражат та, еш нәрсе де жоқ еді. «Rumi»-ді құрсақ, 
соның жылдық саудасы 5 миллиард теңге болса екен», 
деп армандайтынбыз, ол бізге қол жетпестей болып көрі- 
нетін. Бірақ мен сол көздеген табысқа екі жылдан кейін, 
2017 жылдың маусым айында жететінімізді түсіндім. Ал 
енді межелеген мақсатымызды орындап, арманымызға 
қол жеткізгеннен кейін, мақсатсыз қалғандай болдым. 
Соның себебінен болар, тағат таппай, күйзеліске ұшыра- 
дым. Адам үшін мақсатсыз қалу қиын екен. Бұны Виктор 
Франкл
1
 «Жексенбілік психоз» деп атайды. Мақсатсыз 
қалған адам қуыс кеуде болып, вакуумға түскендей күй 
кешеді. Мен «жексенбілік психоздан» арылудың жолын 
іздестірдім, сондықтан алдыма жаңа мақсат қойдым 
Нақтылап айтсақ, ол – 2020 жылға дейін 20 миллиард 
теңге сауда айналымын жасау. Алдымда бағындырар 
жаңа белесiм пайда болғаннан кейін бе, маған серпін бер- 
ген, мені оятқан, сол күйзелістен шығарған бір күштің 
құдіретін сезіндім. Ол тылсым күш бәлкім энергия болар, 
немесе жаңа белесті бағындыруға деген талпынысым бо- 
лар, әйтеуір мен осы кризистен алып шықты. 
_________________ 
1
 Виктор Эмиль Франкл – аустриялық психиатр, психолог және психотерапевт. 


 
8
 
 
     Өткен екі жылды ой елегінен өткізсем, ешкімнің қол- 
дау-көмегінсіз, қомақты қаражатсыз жаңа кәсіп бастап
мақсатқа жетуіміздің бірден-бір себебі – арманымыз- 
дың бізді алға жетелегені екен. Ал осы арман мен қиял- 
дың күші 20 миллиардқа да жетелеп алып келеді деген 
сенімім, үмітім бар. Сол күннен бастап кітап жазуды 
қолға алсам ба деген ой келді, ол да менің бір арманым 
болатын. Себебі, өзім үшін үлкен бір мақсатқа қол жет- 
кізгенімді сездім. Қызметкерлеріміздің саны алты жүз- 
ден асты, тоғызыншы мейрамханамызды аштық, ел ау- 
зында жүрдік. Атақ десең – атақ, Құдайға шүкір, ақша 
десең ақшаға қол жеткіздік, белгілі бір нәтиже көрсет- 
тік. Сол күндері қазақ жастарына, қазақ ауылдарынан 
шыққан өзім сияқты балаларға жол сілтейтін, бәлкім, 
үлгі бола алатын, мойныма жүктелген жауапкершілік 
барын сездім. Өйткені, қазіргі заманда адамдардың бар- 
лығы арзан ойын-күлкімен, жеңіл жолмен ақша тапқы 
сы келеді. Көзге көрінген соң айтып жатқаным, елдің 
барлығы тендермен айналысады, оған қызығады. Сете- 
вой (желілік) бизнесте де қазақ жастары өте көп. Берері 
жоқ тренингтерде де өз азаматтарымыз жүреді. Сол кез- 
де түсінгенім: бауырларымыздың жетістікке талпынысы 
бар, ұмтылысы бар, алайда нәтиже жоқ. 
     Елдің алдына шығып сөз сөйлеп жүргеннен кейін, көп 
адамдар ақыл-кеңес сұрап келеді, соларға да бір жауап 
ретінде, пайдалы болсын деген оймен, адал ниетпен, осы 
кітапты жаздым. Кейбір адамдар «өмірдегі бағдарымды 
жоғалтып алдым», «арманымды білмеймін» деп, ал кей- 
біреулері еліміздің мықты, беделді жоғары оқу орында- 
рын бітіріп, «мақсатымды білмеймін» дегенде, осы кітап 
қалай да жарық көруі керек деген ой келді. Бұл кітап – 
жалпы қазақ жастарына жол сілтейтін, замандастары 
ма, еліме пайдасын тигізетін туынды болса деймін. Ал, 
кәсіппен айналысамын дегендерге бизнестің қыр-сыры 
туралы әлі де кітап жазбақпын, бұл – болашақтың ен- 
шісінде. Сондықтан да менің алғашқы туындым осыла 
басталды. Негізі, 2008 жылы Стамбұлда жүргенде-ақ 
 


 
кітап жазамын деп армандайтынмын. Оны өзімнің туып- 
өскен жерім Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Аса 
ауылында жалғастырып, кейін Амстердамда немесе Лон- 
донда нүктесін қою ойда жүретін. 
     Бәлкім, бұл сол аңсаған арманымның сәл де болса жү- 
зеге аса бастағаны болар, қазір Словенияның Рогашка қа- 
ласында қолға қалам алып, кітабымның алғашқы бөлімін 
бастап отырмын. 
     «Ашылмаған қанаттың үлкендігі білінбейді» дейді 
ғой. Біздің тәрбиелеу әдістерімізде қалыптасқан жағдай- 
лар бар: «анда барма», «мынаны істеме», «қонақтар кет- 
сін, содан соң жейсің», информатика пәнінде «шұқи бер- 
ме, ертең компьютер бұзылады» дегендей, көп шектеу- 
мен өстік. Сондықтан да «мен ешкім емеспін» деген ішкі 
сезімдер қалыптасады. Сол сезімдер біріге келе «әншей- 
iн жүрген біреумін, жасаса, жұрттың балалары жасайтын 
шығар, бұл менің «темам» емес» деген ой келеді 
     Талай тренингтерге қатыстым, барлығының айтары 
бір – «басқадан кем болма», «одан күштірек бол» және 
тағысын-тағы. Ал бір күні қазақтың ұлы ақыны Абай 
Құнанбаевтың

«Мықты болсаң, өзіңді жең» деген сөз- 
дері есіме түсті. Расында да, біз және идеал біз бармыз. 
Біз сол мінсіз нұсқамызға талпынуымыз, одан қалыс қа- 
лып, екінші болмауымыз керек. 
     Кітап жазу барысында: «Асығыс жазып жатқан жоқ- 
сың ба?» деген сұрақтар көп болды. Атақты евангелист
венчерлік инвестор, «Apple» компаниясында жұмыс 
жасаған, талай стартаптың жолын ашқан идеялардың 
авторы Гай Кавасакидің
3
 «Егер сен бір нәрсеге қанағат- 
тансаң, демек, ол затты жасауға кешіктің» деген жақсы 
сөзі бар. Кітап жазуға кімнің қаншалықты лайық екенін 
уақыт көрсетер. Мен қазір осы кітапты жазуға бел будым. 
Қандай да бір жетістігі немесе кем-кетігі болса, бағасын 
беру – оқырманның еншісінде. Осы кітапты қолыңызға 
 
2
Абай (Ибраһим) Құнанбаев - ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор. 
3
Гай Кавасаки – «Apple Computer» компаниясының ең алғашқы қызметкерлерінің бірі. 
1984 жылы Macintosh компьютерінің маркетингіне жауапты болған. Жоғары 
технологиялык бизнеске аспангелизм» концепциясын енгізген. 


 
10
 
 
алып, маған, менің командама сеніп, сатып алып, оқып 
отырғандарыңызға алғысымды білдіремін. 
    Бұл кітапты, біріншіден, өзім үшін, өз нәпсімді 
тыю үшін жаздым, сондықтан да қатты айтсам, өзімлі 
сынағаным, өзімді сөккенім деп біліңіз. Екіншіден, бұл 
кітаптың әр жолы түсінікті және жеңіл қабылдануы үшін 
«Сіз»-ден «сен»-ге өтуді жөн көрдім. Дұрыс қабылданар 
деп сенемін. Достардың арасындағы әңгіме-дүкен 
іспеттес, емін-еркін сыр ағыту үшін, осы жерден бастап 
ойымды «сен»-ге көшіп баяндаймын. 
     Тағы бір мәселенің басын ашып алайық: кітабымда 
қазақ тілінен өзге тілдегі сөздерді қолдандым. Мысалы, 
карьера, проблема, идеал сияқты. Бұл сөздердің қазақ 
тіліндегі баламаларының жоқтығынан немесе өз тілімді 
құрметтемегендігімнен емес, айтайын деген ойымның 
толыққанды жетуі үшін заманауи тілде, түсіндіргім 
келгендіктен. 
     Сонымен, бұл кітап неліктен «Екінші болма!» деп 
аталды, неге «Бірінші бол» емес? Өйткені, біріншіден 
кейін екінші, үшінші немесе төртінші болуы мүмкін. 
Ал бұл жерде біз анық біліп алуымыз керек: біздің 
бірінші жауымыз, алғашқы қарсыласымыз – өзіміз 
ғана. Сондықтан бұл өмірде өзімізді не жеңеміз, не 
өзімізден жеңілеміз. Жеңсек – бірінші, ал жеңілсек – 
екінші боламыз. Бұл кітаптың жеткізетін негізгі ойы, 
бәлкім, пәлсапасы – өзіңмен ғана жарысуға тиіссің, сенің 
бәсекелесің өзің ғана, сондықтан екінші болмай, бірінші 
болуға лайықсың деген тілекпен жазылған кітап.  
     Құрметті бауырым, қарындасым, әпкем, інім, ағам: 
Дәл саған кітабымның мысқалдай да болса пайдасы тисе 
бақыттымын, мақсатымның орындалғаны деп білемін. 
Сондықтан осы кітапты бір деммен, басынан соңы 
дейін оқып шығасың деп сенемін. Сенің жеңіске жетелер 
алғашқы қадамың, бәлкім, осы кітаптан бастау алар, жол 
көрсетер бағдар болар. Солай болғай! 
 
 
 


 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет