Қуаныш шонбай


дық» сөзі «жеңіс» сөзінің алдында тұр



Pdf көрінісі
бет88/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

дық» сөзі «жеңіс» сөзінің алдында тұр. 
     Дегенмен, бәрінен бұрын, саған адамның еркі әлемдегі 
ең құдіретті күш екенін айтқым келді. Лашықта туған 
шығарсың. Бірақ мәңгі бақи лашықта өтуің шарт емес. 
Қазір білімің шамалы болуы мүмкін. Бірақ өмір бойы 
сауатсыз болып өту шарт емес. Мінезің нашар шығар. 
Өмір бойы сондай «жексұрын» болып қалу маңдайга жа- 
___________ 
74
 
Лузер (ағылшынша «loser») – 1) жеңілген, ұтылған; 2) жұмыссыз, жай жүрген адам; 3) 
жолы болмайтын адам. 
 


 
216
 
зылмаған. Қазір денсаулығың нашар шығар. Ешбір ди- 
агноз еңсерімсіз емес. Қаншалықты, ауқатты, білімді 
тартымды, табысты, сау боламын деп шешсең, сонша- 
лықты деңгейде көрінесің. 
     Мақсатты бәрінен бұрын айтқан себебім – мақсат- 
сыз адамның бағдары жоқ. Мақсаты жоқ адамдар, 
мақсаты бар адамдарға қызмет етеді. Өз арманыңды 
орында. Болмаса өзгелердің арманын орындайсың. Сен 
қызметші емес, қожайынсың. Әзірге банкте есепшо- 
тың, қарамағыңда қызметкерлерің, тіпті жеке баспа- 
наң мен көлігің, я тіпті дипломың болмауы мүмкін. Бірақ 
сенің иелігіңде бүкіл дүниені бағындыра алатын күш бар,  
ол – өзіңсің. Және сенің тағдырың. Өз тағдырыңның, өз 
өміріңнің қожайыны екенін шын мәнінде сезінген сәтте 
саған қанат бітеді. Кедергілердің бәрі оңай еңсеріледі 
     Түсінемін, адамдар қорқуы мүмкін. Құлаудан. Сол үшін 
де қанатын қомдап ұшпайды. Өзінің межелерін төмен- 
детеді. Мен онымен келісе алмаймын. Амбициялы болу- 
керек. Ашқарақ болу керек. Көбірек көруге, көбірек білу- 
ге, дүниеден көбірек алуға. Президент, бизнесмен, меди- 
ажұлдыз... Нені қаласаң да, қолыңнан келеді. Ешқандай 
кедергі жоқ. «Жолым ашық» деп ойлаған адамның жолы 
расында ашылады. 
     Ұлы істерге лайық сәтті күтіп жүр ме едің? Енде- 
ше құттықтаймын. Дәл осы сәт – сол сәт. Қазір сен 
жеңіске жеткізетін құралсаймандардың бәрін қоржы- 
ныңа салдың. Енді тек қана алға жылжу қалды. Егер 
өсуге, білім алуға дайын болсаң, дүниедегі ең мінсіз жа- 
ратылыссың. Ең биік армандарға жетесің. Бәлкім, күн- 
дердің бір күні келіп, маған дәріс оқып кетерсің. Сонда 
өзімді бақытты сезінер едім. «Бөліс» дейтін философи- 
ямның жеміс бергенін көргенім үшін. 
     Бір нәрсе анық болса, ол – кемшіліктердің, кедергінің 
бәрін жеңуге болатыны. Негізгі мақсатым – сені пробле- 
маларға шұқшиту емес, қайталанбас қабілеттеріңмен, 
болмысыңмен, мінезіңмен ерекше жаратылыс, қазына 
екеніңе сендіру. Бірінші болуға лайық екеңіне сендіру. 
     Сондықтан... иә, екінші болма!». 
 


     Бұл кітапты оқып шығып, маған алтын уақытыңның 
бір бөлігін арнағаның үшін үлкен алғысымды білдіремін. 
Бәлкім, болашақта жолдарымыз тоғысып жатса, осы 
кітапты маған көрсетуді ұмытпассың. Қажетті жері сы- 
зылған, керек парағы қайырылған болса, мен тек қуана- 
мын. Себебі, кітаптың оқырман кәдесіне жарағаны, ойға 
алған мақсатымның ақталғаны, еңбегімнің зая кетпеген- 
дігі деп білемін. 
     Сонымен қатар, күн сайын жанымнан табылып, 
менімен бірге дамуға мүдделі болған, менің өзгеруімнің
нәтижеге жетуімнің куәсі болып келе жатқан жақындары- 
ма, туыстарыма, достарым мен қызметкерлеріме шынайы 
алғысымды білдіремін. Маған алтын уақыттарыңды 
бөліп, өз өмірлеріңнен орын бергендерің, ал менің жүре- 
гімде өздерің ойып алар орын алғандарың үшін, қолдап, 
демегендерің үшін, сенім артқандарың үшін мың алғыс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет