106
«Сіз бұл кітаптарды кругозор үшін оқығансыз, ал қазір
алдыңызда нақты тапсырма тұр. Ал оның шешімін сіз
нақ осы кітаптан тауып аласыз, сол кезде ол сізге мүлде
басқаша көрінеді», – деп жауап бергенім бар,
кейін баяғы
оқылған кітаптар кругозор емес, білімге айналды.
Тағы бір мысал ретінде, «Versus» академиясындағы
сату бөлімінің басшысы Ардақ ханымды айтқым келеді.
Жұмыс барысында ол маркетинг бойынша келген лид-
тарды саудаға айналдыруға қатысты кітап оқып жүр екен.
Ол кітаптың Ардақ ханымға пайдасы тиеді, себебі, оның
қазіргі таңда алдында үлкен проблема тұр. Оқыған-біл-
генін қолданса, ол проблемасын шешеді және өзіне пай-
далы
білім алады.
«Rumi»-ді бастағанда Йона Бергердің «Заразитель-
ный» деген кітабын оқып, содан білім алғанмын. «Rumi»-
дің философиясын құруда ол кітаптың маған үлкен пай-
дасы тиді. Бір жігіт маған: «Екеуіміз бірдей кітап оқимыз.
Неге ол
кітаптың пайдасы саған тиеді, ал маған тимейді»
дейді. Өйткені мен кітапты сұрағыма жауап алу үшін оқи-
мын. Бұл өте маңызды мәселе. Қолыңа кітап алған кез-
де немесе Google-дан ақпарат іздеп, YouTube-тан видео
көрген кезде, оның білім бе,
әлде кругозор екенін ажы-
рата білу керек. Шымбұлақта шаңғы тебуді үйренгенім
бар. Сол уақытта Youtube-тан шаңғы тебудің техникала-
рын үйрену туралы видеосабақтар қарадым. Егер де мен
оны Шымбұлаққа шаңғы тебуге барған кезде емес,
жазда
көрген болсам, ол мен үшін жай ғана кругозор болып қа-
латын еді. Ал алдымда нақты мәселе туындағандықтан,
шаңғы тебуді үйрену мен үшін білім болды.
Қолыңа кез келген кітапты алғанда, «бұл маған білім
бола ма, әлде оқыған он кітабымның тағы біреуі бола
ма?» – деп ойлан. Сондықтан кругозорыңды үлкейте бер-
мей, нағыз білім жина.