Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет75/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95
наласын зертте. Ортақ жоба бастағалы тұрған адамның 
айналасына назар аудар: оны қоршаған адамдар қалай 
киінеді, қандай көлік мінеді, не ішеді, қанша уакыттан 
бері жанында... 2011 жылы бір кәсіпкер бірлесіп жұмыс 
істеуді ұсынды. Естуімше, сол кезде оның есепшоты 19 
миллион доллар шамасында еді. Бірақ, қасындағы орын- 
басарына қарап, олардың осыншама табыс табатынына 
сенбейсің. Оң қолы болып саналатын, компанияға жылы- 
на 800 мың доллар шамасында табыс тауып беретін қыз- 
меткері 75 мың теңгеге пәтер жалдап тұратын, автокөлі- 
гі арзан, киімі мен стилі де атқарып жүрген қызметіне 
сәйкес келмейтін. Сол кезде түйгенім: басқа біреуді жа- 
рылқамаған адам, сені де жарылқамайды. Сондықтан да 
біреумен жұмыс істемес бұрын, оның басқаларға деген 
қарым-қатынасына назар аудар. 
     Таразда жүрген кезде, бір адам мал шаруашылығымен 
айналысуды ұсынды, оны әкем қолдап, ет сатып табыс 
табуды жөн көрді. Бұны қайдан көрдіңіз, идея қайдан 
келді деп сұрағанымда, әкем мен сол танысына апарды. 
Барсам, үйі зәулім сарайдай, мінген автокөлігі үлкен, сол 
кезде бұл кәсіптің жақсы пайда әкелетінін түсіндім. 
     Бір адам жақында ғана Өзбекстаннан жеміс-жидек 
әкеліп, оларды өткізумен айналысайық деп ұсыныс жа- 
сады. Бірақ өзінің түр-сипатына қарап, оның сондай жұ- 
мысты алып кете алатынына, жеңіске жеткізетініне сен- 
бейсің. Бұндағы айтайын деген негізгі идеям – адамның 
өзі жақсы болмай, өзгенің жақсы болуына көмектеспей- 
ді. Өзін жарылқамаған адам, басқаны да жарылқамай- 
ды. Сондықтан да кез келген жұмысты бастамас бұрын, 
адамның өзіне және оны қоршаған адамдарға үлкен на- 
 


 
180
 
 
зар аудару бұл өте қажет лайфхак деп есептеймін. Бұны 
Олег Тиньков та әрдайым айтып жүреді. Сондықтан мен 
де өзімнің осы бақылауыммен бөліскенді жөн көрдім. 
     Егер адамға қатысты ұзақ мерзімді жоспарың бол- 
са, түсінбеушілікке жол берме. Бірде менің танасым 
«Rumi»-ден ас ішті. Мәзірден тапсырыс беріп, өзі са- 
нап та қойыпты. Бірақ 10% қызмет ақысын қоспаған. 
Ақырында өзі күткеннен 9 мың теңгеге көбірек төледі. 
Сөйтіп, ашуланды. Оған біздегі жағдайды түсіндірдім, 
ол Түркияда пайыздар болмайтынын, «Run» әлі Кеңес 
Одағында жүргенін айтып біраз тулады. Ақырында ақша- 
сын қайтарып бердік. Кейін сол адам маған келіп, бірге 
жұмыс істегісі келгенін айтты. Қалай ойлайсың, біз оның 
ұсынысын қабылдадық па? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет