Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет78/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95
 
 
ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙTIH 
ӘДЕТТЕР 
 
 
     Өзімізді қаншалықты құдіретті сезінсек те, түп- 
тің түбінде қартайып, кішірейіп, топыраққа 
айналатын органикалық ағза ғанамыз. Мәңгілік өмірдің 
құпиясын ешкім тапқан жоқ, оның керегі де шамалы си- 
яқты. Біз басқа ғаламшарға ұшып, әлемді жаулауымыз 
мүмкін, бірақ өте нәзік болып жаратылған ағзамызға 
тәуелдіміз. Сондықтан оны күтіп ұстау бізге міндет. 
 
     Мұхтар Мағауин «Мен» деген романында өзінің ба- 
сынан өткен бір жайды жазады. Кітапханалардан шықпай 
ізденіп жүрген кезінде ол дұрыс тамақтанбайды, кітап- 
ханада қонатын кездері де болған. Ақырында асқазаны 
ауырады. Сонда жазушы өзінің миссиясына қандай қауіп 
төнгенін түсінеді. Ол – алдына үлкен мақсат қойып із- 
деніп жүрген жас ғалым. Бірақ егер денсаулығын құртып 
алатын болса, стресске тап болады. Назары мақсаттан 
ауытқиды. Бұл оның миссиясына төнген қауіп еді. Содан 
бастап ол өзін емдей бастайды. Күнде таңертең аш қа- 
рынға бір қасық бал жейді. Тамақтануын түзейді. Физи- 
калық жаттығуларға да көңіл бөле бастайды. Солай, асқа- 
занын емдейді. 
     Бәріміз де осындай көзқараста болуымыз керек. Өйт- 
кені біздің ағзамыз – әзірге бізде бар ең қымбат қазына. 
Ол бізді мақсатқа жеткізетін құрал, керек десеңіз. Осы 
ағзамыз барда ғана мақсатымыз бен миссиямыз, рухани 
ұмтылыстарымыз бар. Оның сыртында ештеңе де мүмкін 
емес.  Сондықтан  биохакингтің  негізгі  үш  постулатына 
тоқталғым келеді. 
     Біріншіден – ұйқы гигиенасы. Адам аштықтан бес 
күнде, не бір аптаның ішінде өліп кетуі мүмкін. Ал ұйқы- 
 


 
184
 
сыз үш-бес күнге ғана шыдайды. Бұл тақырыпта толып 
жатқан зерттеулер бар. Тәжірибелер де жеткілікті. Саль- 
вадор Дали
54
 сияқты эксцентриктер
55
 екі сағат қана ұй- 
ықтайтын «суперменнің» күн тәртібін жасаған. Әр төрт 
сағат сайын жиырма минуттан алты рет ұйықтайды екен. 
Никола Тесла
56
 одан сәл ұзағырақ ұйықтауды ұсынған. 
Екі сағат жиырма минут. Түнгі он екіде ұйықтап, жиырма 
минуттан кейін оянған, одан әр түнгі екі мен төрт ара- 
лығында ғана ұйықтаған. Уинстон Черчилль
57
 түнгі үште 
ұйықтап, таңғы сегізде оянатын болған, түстен кейін бір 
жарым сағат «сиестаға» кеткен. Яғни, алты жарым сағат 
ұйықтаған. 
     Бірақ бұлардың бәрі эксперимент еді. Ғалымдардың әр 
түрлі ұйқы паттерндерін
58
 зерттей келе, келген қорытын- 
дысы төмендегідей: жеті-сегіз сағат ұйқы – абсолютті қа- 
жеттілік. Дәл осындай уақыт ағзаның толыққанды, дұрыс 
қызмет етуіне қажет. Өйткені ұйқы кезінде біз жай ғана 
тынықпаймыз, жараларымыз жазылып, зақымданған жа- 
сушалар қалпына келеді. Ағза ояу кезінде ешқашан өзін 
емдей алмайды. Сондықтан да ауруханаларда адамды ұй- 
ықтатып тастауға барлық жағдай жасайды. Сергей Фаге
59
 
«Мне 32 года, и я потратил $200 тысяч на «биохакинг» 
деген мақаласында Пенсильвания университетіндегі 
зерттеуді мысалға келтіреді. Онда сегіз сағат ұйқының 
«естен адасып кетпес үшін» міндетті екен дәлелденген. 
Фаге сонымен бірге ұйықтамас бұрын көк түсті блоктап, 
ұйқыға кетерде бөлмені қараңғылап тастауды ұсынады. 
Ал жатын бөлме тым ыстық не суық болмау қажеттілігі 
____________ 
 
54
  Сальвадор  Дали  –  испандық  көркемсуретші,  график,  скульптор,  режиссер  және 
жазушы. Сюрреализмнің ең танымал өкілі. 
55
 эксцентрик – ерекше мінез-құлқымен өзгешеленетін адам. 
56
  Никола  Тесла  –  данышпан  физик,  инженер,  электртехника  және  радиотехника 
саласындағы өнертапқыш. 
57
  Уинстон Черчилль –  көрнекті саяси  қайраткер.  Ұлыбританияның  Премьер-министрі 
(1941-45, 1951-55), Нобель сыйлығының лауреаты (1953). 
58
  паттерн  –  белгілі  бір  контекстегі  стандартты  проблемаға  дәлелденген  эффективті 
шешім 
59
 Сергей Фаге – Биохакингке» 200 000 доллар жұмсаған кәсіпкер. 
 


түсінікті, соңғы жылдары ғалымдар 18–19 градусты оп- 
малды деген қорытындыға келіпті. Ең бастысы, ұйқы 
гигиенасын сақтау үшін белгіленген уақытта ұйқыға 
кетіп, белгіленген уақытта ояну керек. 
     Екіншіден – дұрыс тамақтану. Бұл тақырыпта 
мыңдаған кітап бар. Олардың бәрінің айтатыны бір нәр- 
сеге саяды. Қысқа қайыратын болсақ, қант пен тұзды 
азырақ пайдалану не түбегейлі бас тарту, суды мейлінше 
көп, тәулігіне үш литрге дейін тұтыну. Консервіленген 
тамақтар мен бояғыш концентраттар қосылған жасан- 
ды өнімдерден бас тарту, фастфудты тұтынбау. Табиғи 
өнімдерді рационға көбірек енгізу, оның ішінде, әрине, 
жеміс-жидекке басымдық беру. Алкогольдің зияны тура- 
лы да диетологтардың ойы бір жерден шығады. Ал етті 
шамадан тыс пайдалану ағзаға артық жұмыс екенін естен 
шығарып алатын сияқтымыз. Жаһандық жылынуға қан- 
ша алаңдаулы болсақ та, қазаққа «еттен бас тарт» деп 
айтуға дәтім бармайды. Жақсы жаңалық ет жейтін бол- 
саңыз, жылқының етіне басымдық беріңіз. Онда холе- 
стерин өте аз, тез қорытылады, ал қымыз тіпті қандағы 
холестериннің бәрін шайып шығады. Баяғыда қазақтың 
денсаулығы неге мықты болғанын осыдан-ақ түсіне 
беріңіз. Сондай-ақ отыз күн оразадан бөлек, аптасына бір 
не айына бір рет ашығып тұруды әдетке айналдырсаңыз 
ұтылмайсыз. Төрт сағат сайын, аз порциялармен жеу 
керегін еске салсам артық етпейтін секілді. «Rumi»-ден 
басқа жерде тауыса алмайтын тамағына тапсырыс берме. 
     Үшіншіден – физикалық жаттығулар. Өміріміз тым 
жеңілдеп кетті. Баяғыда ата-бабаларымыз көшіп-қонып, 
атқа мініп, үздіксіз қозғалыста жүрді. Адамзат о баста 
біздің бабаларымыз – көшпенділер сияқты табиғатпен 
етене, бірігіп өмір сүруге жаралған. Бірақ урбанизация 
келді, бәріміз тас қамалдарға бекідік. Төрт қабырғадан 
шыға алмаймыз, жұмсақ диваннан тұрғымыз келмейді, 
аналмалы креслода күніне сегіз сағат тапжылмай оты- 
рамыз. Мұның бәрі – организм үшін шок. Әр дене мү- 
шеніз бұл жағдайларға әр түрлі деңгейде қарсылығын 
білдіреді. 
 


 
186
 
Сондықтан ауырмаудың бір жолы – физикалық белсен- 
ділікті сақтау. Әрине, қазір жаттығу залына баруға уақыт 
жоқ. Сондықтан да HIIT (high intensity interval training) 
трендте. Бұл әдістеме жайында ақпаратты да, жаттығу- 
ларды да YouTube-тан таба аласыз. Оның авторларының 
айтатыны: он минут болса да, барынша күш салып жат- 
тықсаңыз, нәтижесі көп күттірмейді. Ал жалпы, көбірек 
жаяу жүруге, таңертең жаттығу жасауға не жүгіруді әдет- 
ке айналдыруға тырысыңыз. Иә, «биохакинг» деген – өте 
заманауи, жаңашыл болып естілгенімен, бәріміз мектеп 
қабырғасында үйренген қарапайым қағидалар. Әттең, 
есейе келе сол сабақтарды естен шығарып аламыз... 
     Эмоционалды интеллект. Қазақтың тәрбиесі жақ- 
сы, бірақ кейде көңіл күйді басқаруды үйретпей ме деп 
қаласың. Әйтпесе неге көпшілік жерлерде даяшылары 
жұлқынып, сатушылары сілкініп отырады? Бұл дегенің 
біздің табиғатымызға қарсы. Бәріміз бала кезімізден бір 
нәрсені көріп өстік. Ол
 
– қонақжайлылық. Қонақ кел- 
генде ішкен асымызды жерге қойып, қолымызда бар ең 
бағалы нәрсені алдына тосамыз. Мен осы қонақжай- 
лылықты «Rumi»-ге сипат етіп алдым, басқа құпия жоқ. 
«Starbucks»-тағы адамдар неге жылы ұшырап тұрады? 
Олар «Starbucks»-та жұмыс істейтіндіктен емес. Керісін- 
ше Starbucks онда осындай жылы жүзді адамдардың жұ- 
мыс істейтіндігінен ашық-жарқын болып көрінеді. 
     Ақылды адамдар айтады, егер дұрыс команда жинай 
алмасаң, қаржылық табысқа да жетпейсің дейді. 
     «Rumi»-де ең кәсіби даяшылар болмаса да, олар мей- 
iрiмдi. Бұл көзқарасты біз «Starbucks»-тан алдық. Оның 
негізін қалаушы Говард Шульцтен
60
 былай сұрапты: «Өз 
қарамағыңыздағыларды жымиып тұруға қалай үйрет- 
тіңіз?». Сонда Шульц: «Біз күле білмейтін адамдарды 
жұмысқа алмаймыз» деп жауап берген екен. Менің ұста- 
нымым да сол, жаңа персоналды жинағанда, олардың 
қайырымдылығына қараймын. Даяшы болам деп бетін- 
____________ 
60
 Говард Шульц – америкалык бизнесмен, «Starbucks» директорлар кеңесінің төрағасы 
және компанияның жоғары лауазымды тұлғасы. 
 


де безеуі бар жігіт те келді, алайда, ол мейірімді болса 
жеткілікті. Ол үстіңе шай төгіп алуы мүмкін, бірақ шын 
өкініп, кешірім сұрағанда, сен оны түсініп, кешіре ала- 
сың. «Бізге жұлдыздардың командасы керек емес, жұл- 
дызды команда керек» дегенді жиі қайталаймын. Және 
осыны айтқанда, «Жұлдыз» деп эмоционалды интеллек- 
тісі бар адамдарды айтамын. 
     Егер көңілді адаммен кездессең, қандай сезімде бо- 
ласың? Өзің де қуанып қалмайсың ба? Дәл солай, егер 
сен өзіңді көңілді ұстасаң, өзгелер де сенің жаныңа үйір 
болады. Жалпы, менің ұстанымым: жақсы сөйлеу ке- 
рек. Жақсы нәрсе айтпасаң, ештеңе айтпайақ қой. Айна- 
лаңдағы адамдарға мұқият зер салып жүр. Өйткені адам 
өзінің ойы мен пікірін ылғи да сөзбен жеткізе бермейді. 
Ол оның бет қимылында, жестінде, мимикасында жа- 
зылып тұрады. Осыны оқи білсең, өмір сүру жеңілдей 
түседі. Өзіңе де, өзгелерге де көбірек пайда әкелесің. 
     Уэйн Дайер
61
 айтады: «Сезім дегеніміз ара-тұра сізге 
келіп қонатын эмоциялар емес. Бұл – біз өзіміз таңдайтын 
реакциялар. Егер эмоцияларымызды игере алсақ, өзімізді 
көп қатерден сақтай аламыз». Баяғыда, Сократ айтып 
кеткен: «Адам өз ойларын басқара алады, ал эмоциялар 
ойлардан туады». Демек, адам өзінің ойында, эмоция- 
сын да басқара алады. Оның миы, жүрегі, өз таңдауымен 
ғана әрекет етеді. Басқа ешкім оған әмір жүргізе алмай- 
ды. Егер біреу саған «мен сені сүйемін» десе, ол адам кез 
келген сезімде болуға ерікті, бірақ сені сүюді қалады де- 
ген сөз. «Қаным басыма тепті» десе, кез келген реакцияға 
ерікті, бірақ өзі ашулануды таңдады деп қабылдау керек. 
     Осыны түсінуді эмоционалды интеллект немесе әлеу- 
меттік интеллект дейді. Өз эмоцияларын басқара алу, өз- 
гелердің эмоцияларын оқи алу және дер кезінде қолдау 
білдіре алу. Мұның бәрі адамды жеңіске жетелейтін ең 
маңызды факторлардың қатарында. 
     Практикалық интеллект. Білім алған дұрыс. IQ-ді 
көтерген дұрыс. Қалай болғанда да, IQ-і жетпiске тең 
____________ 
61
 Уэйн Дайер – америкалық жазушы, оқытушы, өзін-өзі дамытуды насихаттаушы. 


 
188
 
адам мен IQ-і жүз отызға тең адамның жеңіске жету коэф-
фициенті  бірдей  емес.  Бірақ  жалпы  интеллектімен  бірге 
практикалық интеллект деген болады. Біздіңше айтқан- 
да – өмірді білу. Қоғамды білу. Керек жерде, керек адамға, 
керек сөздерді айта білу. Өмірді білу деген – ынжық бол- 
мау, өз ойыңды айта білу, өзіңе керектіні ала білу, саған 
керек нәтиже болатындай дұрыс сөздерді қолдана білу. 
     Практикалық интеллект шығармашылық адамдарын- 
да, интеллектуалды орталарда кемшін болады. Мұның да 
түсіндірмесі бар. Әдетте өздерінің біліміне тым сенімді 
адамдар, дүниенің кейбір заңдылықтарын қабылдаудан 
бас тартып жатады. Бірақ дүниенің заңдылықтарын еш- 
кім өзгерте алмайды. Өзіңді осы дүниеге бейімдеп, мі- 
незіңді, реакцияларыңды басқара аласың. Мұның қажет- 
тілігін келесі мысалдардан анық көруге болады 
     Канадалық попсоциолог Малкольм Гладуэлл «Гении и 
аутсайдеры. Почему одним все, а другим ничего?» (Out- 
liers: The Story of Success) деген кітабында өте ақылды 
екі адамды мысалға келтіреді. Бірі – Кристофер Ланган, 
IQ-і жүз тоқсан беске тең, гений. Қатардағы адамның 
IQ-і 100-ге жақын, Эйнштейндікі 150 шамасында болған. 
Оныкі – 195. Алты айында сөйлеген, үш жасында әзіл- 
сықақ бағдарламалар тыңдап, өз бетімен әріп таныған, 
бес жасында Құдай туралы сұрақтар қоя бастаған, ал 
америкалықтарға міндетті САТ емтиханын тапсырғанда, 
емтихан үстінде қалғып кеткеніне қарамастан, ең жоға- 
ры балл алған. Бірақ осы данышпан, екі университетке 
тапсырып, екеуін де бітіре алмаған, дұрыс жұмыс тап- 
паған, көп жағдайда қара жұмыс істеп күн көрген. 
     Неге? Гладуэлл мұны «Ланган парадоксі» деп атайды. 
Өйткені, дисфункционалды отбасынан шыққан, ішкіш 
анасы мен өгей әкесінен таяқ жеп өскен, жұдырық ала 
жүгірмесең таяқ жегізетін көшеде ер жеткен ол, жай ғана 
ойын жеткізе алмайтын болған. Ол бірінші универсиеті- 
нен анасының қаржылық форманы дұрыс толтырмағаны 
үшін шәкіртақыдан қағылып, сол себепті шығып қалады. 
Екінші университетінен көлігі сынып, ақша таба алмай, 
 
 


екі қаланың ортасында жүруден шаршаған соң шығып 
қалады. «Екі жағдайда да оны тұрмыс тежеді. Бірақ тұр- 
мыстың арғы жағында адамдарға деген сенімсіздік, ішкі 
қарсылық «бәрібір ешкім көмектеспейді» деген ой тұр- 
ды» дейді Гладуэлл. Мүмкін, оныкi де дұрыс шығар. 
     Роберт Оппенгеймер деген тағы бір генийді мысалға 
келтіреді. Ол да оңай шағылатын жаңғақ емес, тек, сту- 
дент кезінде жетекшісіне қаны қайнағаны соншалық, 
улап өлтірмек болады. Мұнысы мәлім болып, үлкен шу 
шығып, университеттен шеттетіледі. Ал енді осындай 
«мінезі тұрақсыз тип», біраз жылдан кейін атом бомба- 
сын зерттейтін жобаның басқарушы қызметін иеленеді. 
Қалайша? Жай ғана, ол өзіне керек жауапты ала ала- 
тын, өзгелерге керек жауапты бере алатын адам болған. 
Психикасының дұрыстығына күмәні бола тұра, адамдар 
оның сенімді жауаптарын естігенде позицияларын жұм- 
сартады екен. 
     Бірінші жағдайда біз «дүние қатыгез» деп санап, 
ішкі қарсылығының кесірінен бәрінен құр қалған адам- 
ды көреміз. Екіншісінде эмоционалды тұрақсыздығына 
қарамастан, өзіне қажет кезде ортаға бейімделе алатын 
адамды көреміз. Әрине, екіншісінің есте қаларлықтай 
карьера жасап, едәуір жеңістерге жеткені айтпаса да 
түсінікті. Бұдан шығатын мораль: дүниені өзгертем деп 
әуре болма, дүниедегі өзіңді өзгерт. Бұдан келіп шығатын 
қорытынды, адамның қабілеті мен білімі ғана емес, оның 
қалай ойлайтыны маңызды. Әрі қарай адамның жеңіске 
жету үшін шартты ой паттерндері туралы айтқым келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет