Ubt garant 140 «Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы



бет40/63
Дата17.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#24051
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
2021 Эссе жауаптары жаратылыстану математикалық бағыттағы2

Insagram :@UBT_GARANT

https://www.instagram.com/ubt_garant/

28. Б. Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.

Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романыКеңес заманының озбырлығы мен оспадар саясатын әшкере еткен аз кітаптардың бірі және бірегейі. Бұл романда Кенесары туралы еңбек жазған Алдияр Ақпанұлы мен оның шәкірті Аяған Қуатовтың өмір өткелдеріндегі қым-қиғаш оқиғалар, арандатушылық әрекеттер, шындық үшін күрес жолындағы қиындықтары сөз болады. Бірақ кітаптың соңында шындықты дәлелдеймін деп арпалысқан, алысқан азаматтың барлығы өмірден озады. Өмірзая... Бірақ олардың ерліктері ел есінен шыққан жоқ.Романдағы басты кейіпкеріАяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиетітуған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезіқызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары кеңестік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады. Міне, озбырлық кезеңзобалаң заман шындығыРоманда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұратыотарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өз үдесінен шыққан. Жазушы Баққожа Мұқай бұл романы үшін 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді.Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" пьесасы 18 жыл бойы қазақ театрының сахнасында үздіксіз қойылып,көрермендердің ыстық ықыласына бөленген. Шығармада ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталадыМәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі.Шығарма авторы Роза Мұқанованың айтуы бойынша, Ләйлә бейнесі өмірден алынған. Ол - Семей полигонының құрбаны болған жан. Бір күні Семей өлкесінде туылып, мүгедек болған жандардың суреттері қойылған фотокөрмені аралап жүреді. Қасірет пен мұңға толы аналар мен балалар бейнесінің арасынан Роза Мұқанованың назары бір кішкентай қыздың суретіне түседі. Шамамен, 5-6 жастағы бүлдіршін қыздың көзінен үлкен қасіретті көруге болатындай. Суретке жақындай бергенде, жазушы «Еңлік. Оның жасы 14-те» деген астындағы жазуды оқиды. Түр-әлпеті жас баладай, ал аяқ-қолы өскен қыз жүзі мәңгілік бала бейнені сақтап қалған. Мүгедек қыздың жанары қатты әсер еткені соншалықты, жазушы үлкен шығарманы дүниеге әкелді.Байқап отырсаңыздар, екі шығармада да қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңнің шындығы суреттелген. Тоталитарлық жүйенің тигізген зауалы айтылған. Халықтың ерен ерлігі мен тағдырдың ащы тауқыметі көрініс тапқан

Insagram :@UBT_GARANT

https://www.instagram.com/ubt_garant/

29. Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы оқиғаның ел тарихында болған шындық екенін тарихи мәліметтерге сүйене отырып, дәлелдеп жазыңыз.

31. «Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет