Учебно-методический комплекс Пән: Жалпы патология Предмет: Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі» Специаность



бет2/4
Дата28.01.2023
өлшемі33,62 Kb.
#63397
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3   4
Байланысты:
3-Қабыну.-Түсінігі.-Фазалары.-Түрлері.-Альтерация.-Экссудация.-Пролифераци

ҚАБЫНУ ЭТИОЛОГИЯСЫ
Қабыну әр түрлі закымдаушы агенттер әсерінен пайда болуы мүмкін. Жергілікті зақымдаушы және қабыну дамуына себепкер болушы факторлар флогогендік факторлар деп аталады. Флогогендік факторлар экзогендік және эндогендік болып екі топқа бөлінеді. Экзогендік факторларға механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық әсерлер және сезімталдығы жоғары организмге аллергеннің әсерінен туындайтын иммунологиялық конфликт жатады.
Эндогендік флогогендерге жатады: буындарда тұз жиналуы, тромбоз, эмболия. Мысалы, микроциркуляцияның бұзылуына байланысты пайда болған инфаркт орнында қабыну процесі дамиды. Минерал алмасуының бұзылуы, ұлпалар гидрофильдігін, ортаның рН өзгертіп, қабыну ісігінің пайда болуына соқтырады.
Қабыну дамуына әсер етуші себептердің түрлеріне байланысты олар жұқпалы немесе жұқпалы емес деп бөлінеді.
ҚАБЫНУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Қабынудың дамуы кезінде, оның морфологиялық, физика-химиялық және клиникалық белгілерін бөліп көрсетуге болады. Қабынудың бес клиникалық
белгілері болады:
1. кызару (rubor)
2. домбығу (tumor)
3. қызу (саlог)
4. ауырсыну (dоlог)
Цельс осы төрт белгіні сипаттап, жазды. Ал, Гален қабынудың бесінші
белгісі - ағза кызметінің бұзылуын (Functio laesa) қосты.
Ішкі ағзалар қабынуы кезінде жоғарыда аталған белгілердің барлығы
бірдей көрініс бермеуі мүмкін.
Қабынудың физика-химиялық бес белгісін Шаде сипаттап, көрсетті.
1. Гиперкалиемия.
2. Н-гипериония (ацидоз, сутегі иондары мөлшерінің артуы).
З.Гиперосмия.
4.Гиперонкия.
5.Кабыну медиаторларының мөлшерінің артуы.
Қабынудың морфологиялық белгілері.
І.Альтерация (зақымдалу).
2.Экссудация (қанның сұйық бөлігінің сыртқа шығуы және лейкоциттер эмиграциясы).
3.ГІролиферация.
ҚАБЫНУДЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ
Бұл қабынудың сатылары альтерация, экссудация және лейкоциттер эмиграциясы, сондай-ақ пролиферацияның негізі болып табылады.
Қабынудың бірінші сатысы - альтерация кезінде ұлпалардың некрозы (өлуі), яғни олардың құрылысы мен функциясының, оның көректенуі, зат алмасуының бұзылуы байқалады. Альтерация бірінші және екінші реттік болуы мүмкін. Бірінші реттегі альтерация зақымдаушы агенттің тікелей әсер етуінен пайда болып, клетка мембраналарының және оның органеллаларының (митохондриялар, лизосомалар) өткізгіштігінің артуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет