Уға арналған әдіс



бет14/22
Дата18.12.2023
өлшемі446,06 Kb.
#140708
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Оқылым Жазылым

11.3.6.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу


11.4.2.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе)
11.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Білім алушы
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, көтерілген мәселеге сыни көзқарасын жүйелі білдіреді
Ақпараттарды орынды қолданып, өз ойын дәлелдеп келісу, келіспеу эссесін жазады
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады Тыныс белгілерін дұрыс қолданады
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 15-20 минут Тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, төмндегі тапсырмаларды орындаңыз.

Оқылым мәтіні


Ұлмекен ТӨЛЕШОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты:
– Шу-шу еткен қалада бір сәт өзіңмен өзің қалуға уақыт та, ыңғай да жоқ. Соның зардабы есін білгелі қалада өсіп келе жатқан балалардың бойынан көзге ұрып көрініп тұрады. Таңертең тұрып шай ішіп отырғанда теледидар көреді, сабаққа бара жатқанда құлағында құлаққап, музыка тыңдап бара жатады. Мектепте, әйтеуір, балалармен араласады. Одан шыққан соң тағы да әлгіндей музыка, үйге келген соң теледидар мен ғаламтор. Таңның атысынан кештің батысына дейін толассыз ақпарат қабылдайды. Сөйтіп, сол ақпаратты саралап, байыптауға уақыт қалмайды. Адамға тән сезімдердің құнсызданып бара жатқаны да содан.
Қазіргі аға буын жас кезінде партияның қатал тәрбиесін көрген, тәртіпке үйренген. Ал тәуелсіздік қарсаңында, тәуелсіздік алғаннна кейін туған жастар үшін ешқандай жүйе жоқ. Сондықтан да олар үшін мына нәрсе маңызды деп дөп басып айту – қиынның қиыны.
Жақында бір туысымның қызы, мектеп бітірген, «қайда оқығың келеді?» деп сұрасам, «маған бәрібір, тек шетелде оқысам болды» дейді. «Бәрібір» дейтіні, болашағы жайлы армандап, қиялдамайтынынан. Кез келген нәрсені уақыты келгенде ғана ойлайды. Алдын ала қамдану деген жоқ. Ал «шетелде оқысам болды» дейтін себебі – ел алдында жарқылдап, жұрт назарында жүргісі келетіндіктен. Ешқайсысы көптің бірі болғысы келмейді, қарапайым болғысы келмейді.
Жастарымызға ұлттық тәрбие керек-ақ. Бұл жағынан ауыл жастарында аздаған артықшылық бар. Көрші-қолаңмен араласып өскен бала қанша дегенмен көпшілдеу болады. Үй еңбегімен айналысып, табиғатқа жақын өскендіктен, милары тұнық келеді.
24

Бірақ, бір өкініштісі, ауылда сол балаларға бағыт берер, ақыл айтар үлкен жоқ. Әйтеуір «кітап оқы, сабағыңды жақсы оқы» дейді. Бірақ өздері кітап оқымайды, жұмысына да дұрыс қарамайды. Қай ауылға барсаң да, уақытын қалай өткізерін білмей жүрген жастарды көресің. Оның үстіне ауылдарда телеарналардың көбеюі, интернет жүйесінің іске қосылуы қала баласына еліктейтін ауыл балаларын өзгертіп бара жатыр. Интернетті пайдалану тек қана зиян деуден аулақпыз, бірақ қалай пайдаланатынын білмейміз, қадағалап жатқан ешкім жоқ. Сол жағы алаңдатады.

1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

2. Автор көтерген 1 мәселеге қатысты ойыңызды ПОПС формуласы арқылы жеткізіңіз. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________

3. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, елімізде жыл сайын 14 пен 28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады екен. Қазақстандық жастар шетелге кетуге неге құмар? Пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтаңыз. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________

25




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет