Уға арналған әдіс



бет20/22
Дата18.12.2023
өлшемі446,06 Kb.
#140708
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
СОр Қазақ тілі мен әдебиеті 11

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут Тапсырма
1. Мәтінді оқып, ПОПС формуласы бойынша көзқарасыңызды түсіндіріңіз. ПОПС формуласы
1) Бірінші сөйлем «Менің ойымша, мәтінде көтерілген мәселе...» 2) Екінші сөйлем «Себебі…»
3) Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…» 4) Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».

Оқылым мәтіні


Ата-бабаларымыздан мирас есебінде қалған құндылықтардың бірі – бір ананың баласындай, бірге туып өскен бауырдай болып үлкенге құрмет, кішіге ізет ету. Ақ жаулықты әженің өнегелі өсиеттерімен, ақ сақалды қарияның алақанға сап берген батасымен, тоғыз ай толғатып, өмір сыйлаған аяулы ананың ақ сүтімен, асқар таудай әкенің тәрбиесімен бойға сіңген игі қасиеттер өскелең ұрпақ болашағының жарқын болуына бірден-бір таптырмас кепілдік болар еді. Осы тұста мынадай сұрақ туындайды. Болашақ кімнің қолында?! Ол сіз бен біздің қолымызға көшетін бір мемлекеттің тамыры тереңге кеткен тағдыры деп білемін. Ал тағдырды тағылымды да тарихи етіп жазу тағы да біздерге байланысты. Біздер деген кімдер?! Олар – кеудесінде «қазақ» деп соғатын жұдырықтай жүрегі бар, көкірегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімі ұялаған, ұлттық болмысы сақталған қазақ елінің азаматтары мен азаматшалары.
Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны. Неліктен?! Себебі «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, ұлт қорғаны болуы үшін де бесікте берілер тәлім-тәрбиенің нәрімен жас сәби сусындап өсуі қажет. Сәби кезде құлағына анасының әуелеген бесік жыры мен кимешек киген әжесінің айтқан ертегілері, аңыз-әңгімелері сіңірілуі тиіс. Ұлттың болмысы рухани құндылықтардың сақталуынан айқындалады. Ал осы тұста «құндылық дегеніміз не?» деген сауалға жауап іздеп көрелік. Құндылық дегеніміз ата-бабамыздан керуеннің көшімен, аттың дүбірімен жалғасын тауып осы кезге дейін жеткен әдеп-ғұрыптарымыз, салт-дәстүрлеріміз, тәлім-тәрбиеміз, дініміз десе болады.
2. Көпмәдениеттілік, көпдінділік, көпұлттылық жағдайында ел бірлігін, ел қауіпсіздігін қалай нығайтуға болады? Пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз. ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
32





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет