Тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахаридтер.
Көмірсулар - фотосинтездің (СО2 мен судан) алғашқы өнімі болып табылады. Көмірсулардың өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде маңызы зор.

Жануарлар ағзасында көмірсулардың тотығуынан бөлінген энергия ағзадағы тіршілік процестерін қамтамасыз етеді.
Көмірсулар мен олардың туындылары маңызды биологиялық қосылыстардың құрамында кездеседі:
∙ нуклеин қышқылдарының;
∙ коферменттердің;
∙ витаминдердің;
∙ антибиотиктердің т. б.
Олар дәрі-дәрмек ретінде де қолданылады.
Көмірсулар құрамына, құрылымына қарай моно-, олиго, және полисахаридтер болып үшке бөлінеді. Моносахаридтер - монозалар деп аталады және олар көп атомды альдегидоспирт немесе кетоспирттер тобын құрайды. Олигосахаридтер –екі не одан да көп моноза бунақтарынан тұратын қосылыстар. Полисахаридтер-ондаған не одан да көп моноза бунақтарынан тұрады.

Моносахаридтер немесе монозалар - молекуласының қурамында бір карбонил тобы =С=О және бірнеше гидроксил тобы –ОН бар гетерофункционалды қосылыстар. Жалпы формуласы Cn(H2O)n, мұндағы n-3 пен 9-ға дейінгі бүтін сандар.

Жіктелуі:
• көміртегі атомының саны бойынша – триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар;
• альдегид немесе кетон тобының болуына қарай – альдозалар немесе кетозалар.