Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.
Мақсаты: – балаларды этикалық және эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеу.
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.
Қуыршақпен жұмыс істей отырып, орындаушы образдың мазмұнын, сахналық ситуацияны, қуыршақтың бейнелеу мүмкіндіктерін түсінерліктей музыкадан хабардар болуы тиіс. Қуыршақтарды, декорациялар мен монтировкаларды даярлау процесінде оқушылар түрлі аспаптармен және материалдармен қалай айналысуға болатыны мен жан- жақты шеберлікке ие болады, олардың бойында тапқырлық пен конструктивтік қабілеттер, эстетикалық талғам мен бейнелеу өнері саласындағы қабілеттер- түсті, форманы сезіне білу, көркем образды, бейнені түсіну дами түседі.
Бағдарламаның бүкіл жұмысы эстетикалық тәрбие міндеттеріне бағытталған. Осыған сүйене отырып, үйірменің жетекшісі репертуарды іріктеп алады, үйірме мүшелерінің арасындағы өзара қарым- қатынасты бағдарлап отырады, өз міндеттерін орындау, үйірме мүлкіне ұқыппен қарау жауапкершілігін үйретеді.
Қуыршақ театры үйірмесін ұйымдастыру формасы жұмыстың ыңғайына қарай сан алуан болады. Ең бір қарапайым форма- спектакльді ұйымдастырып, оны өз жолдастарына көрсетуді көздеген оқушылар тобының бірлестігі. Бұл топ қуыршақ басын жапсырып, қуыршақтарды жасайды, жасауларды безендіреді- қоршау мен декорацияны әзірлейді, рольді жаттап үйретеді, спектакльді ойнайды. Жұмысты осылай ұйымдастыру үйірменің кейбір мүшелеріне бейнелеу ісіне не конструкторлық қызметке, не қуыршақпен ойнауға қабілеттіліктері байқалғанмен, еңбекте және творчестволық процестерде, суретшілер мен ойнаушыларға бөлу ісін қарастырады.
Бағдарламаны ұйымдастырудың басқа да формасы болуы мүкін, мұнда спектакльді қою процесі көркемдеу жұмысы мен орындаушылық қызметке бөлінеді. Мұндай жағдайда үйірме бөлек құрамы бар жұмыс істейтін екі топтан тұрады : а).көркемдік безендіру тобы ; б).театрлық орындаушылар тобы. Осындай ұйымдастыруды үйірме күрделі де, ірі постановкаларды жүзеге асыруда, қуыршақтар мен декорацияны жасау жұмысында , сондай-ақ тікелей актерлік ойынға көп уақыт қажет болғанда ғана мақсатқа сәйкес болады, осының салдарынан бір ғана коллектив жұмыстың жалпы көлемін қамти алмайды
Қуыршақ театры әр түрлі компоненттерден құралады, ал ұйымдық формада бір орында мәңгі тұрақтап қалуға болмайды. Бірнеше жыл бойына жұмыс істеп жүрген үйірменің құрамы тұрақты болса да , оның жұмысының даму жолдары да қарапайым эксперименттерді жетілдіру , өнерді іздестіру жолымен анағұрлым күрделі іске бағыттай түседі Қуыршақ театры үйірмесінің жұмыс процесінде түрлі бригадалар, топтар пайда болуы мүмкін ( мысалы, монтировшылар, жарық түсірушілер, музыканттар ). Сонымен үйірме дербес қуыршақ театры сияқты театр организмнің барлық құрамды бөліктерін жинақты мөлшерде ойнайтын болады.
Спектакльмен жұмыста пьесаны таңдап алу негізгі кезең болып саналады, бұл белгілі
бағдарлама жұмысының бағыты мен мазмұныны едәуір уақытқа анықтап береді. Пьесаны таңдап алу, ең алдымен , оның мамұны, идеялық және көркемдік құндылығы жағынан анықталуы керек. Пьесаның қай жастағылар екенін анықтаған жөн. Міндетті түрде көрермендерге түсінікті де қызықты болуыт иіс. Оқушылардың ой- өрісін кеңейте түсу керек, олардың ұғымдарындағы бұрын бар елеспен пьесаны таңдап алуды шектемеу қажет.
Қуыршақтардың образдары типтелінген, жинақталған немесе жұрттың пікірнше маска киіп алғандай. Кейіпкерлердің нағыз сыртқы түрі мен мінез - құлқындағы елеулі және типті жағдайларды ғана бейнелейді. Сондықтан да қуыршақ театры пьесаларына арналған образдар жинақталған әрі жоғары дәрежеде шоғырлануы тиіс. Кейіпкерлердің сөзі пәрменді де өзіне тән характерлері болуықажет.
Рольдерді бөлу тек режиссерлік іс емес, сондай-ақ педагогикалық та іс. Бағдарламада жұмысты біркелкі бөлу қажет, жетекші рольдерге үнемі сол бір орындаушыларды ұсына беруден аулақ болған жөн. Бұдан басқа да оқушыларда бар белгілі бір ерекшелікті жеке алып қарамай, олардың орындайтын рольдерінің диапазондарын кеңейту жағын қарастырған дұрыс.
Бағдарламаның жұмысында қуыршақтың қандай түрі көбірек қолданылатынын туралы мәселе ( биялайлық немесе аса таяқтық) принципті де педагогикалық та маңызға ие емес. Қуыршақтардың қандай да болсын түрін таңдап алу, бүтіндей алғанда, спектакльдің мән жайынан туады да, қою жағдайындағы пайымдаулармен анықталады. Қуыршақ жүргізу дағдыларын игерудің қиындығы жағынан басқару таяқтарына бекітіліп қойылған төртаяқты қуыршақ- жануарларды ерекше топ етіп бөлге болады.
Қуыршақ- кейіпкердің мінез- құлқының бүкіл образы сахнаның ішкі мазмұнының көрінуі тиіс. Қуыршақ қимылдарының мәнерлілігі сахна шындығын көрсетуде қаншама қызықты да дұрыс текстер табылғандығына байланысты болады, осының арқасында оның қимылдары неғұрлым айқынырақ бола түседі.
Қуыршақ театрындағы сахналық қимыл- спектакльдегі кейіпкер- қуыршақтың әрекетін көрсету болып табылады. Бұл көрсету , біріншіден, кейіпкер қимылдарының логикасын , әрі екіншіден қуыршақтың бейнелеу құралдарын түсінумен анықталады. Қуыршақ театрындағы сахна қимылының ортақ заңдары кейіпкер мінез- құлқының және әрекет өрістеуінің негізі болып табылады. Қуыршақта қимыл процесінің өзі ерекше жолмен өтеді.
Қуыршақ театрындағы спектакльдің безендірілуі қоршаудан, декорациядан немесе ( немесе декоративтік бөлшектерден ) қуыршақтардан және қимылдың барысында қажет болатын әр түрлі заттардан тұрады.
Көркемдеу тобында жұмыс істей жүріп, балалар қатар нақтылы шеберліктер мен дағдыларды игеруге тиіс.
Жеткшінің бірінші міндеті- олардың бойында жұмыстағы негізгі элемантарлық дағдылар мен өз бетімен жұмыс істеуге баулу ( дербес деп, әрине бақылаусыздық еске алынып отырған жоқ).
Педагогикалық екінші міндет- балалардың бейнелеу мен конструктивтік қабілеттерін дамыту. Олар монтировка жөнінде, декорацияны жасау жөнінде көркемдеудің қандай да болсын, қиын емес міндеттерін дербес шешіп отыруларын бақылаған жөн. Өздерінің шешімдерін олар сызба мен суреттер түрінде білуі тиіс.
Педагогикалық үшінші міндет- оқушыларды тапсырма орындағанда сапасын түсінуге үйрету. Олар өздері жасаған заттардың спектакльге пайдаланып, көрерменге көрсетілетіні туралы білуі тиіс.
Жұмыстың табысты болуының ең қажетті шарттарының бірі- оқушылардың ой- өрісінің дамуы- оларға тұтас тапсырмалар жүктеу ( мысалы, қуыршақты түгелдей жасап шығару ), әсіресе жаңадан бастаған оқушыларға қалыпты жұмысты үнемі кездейсоқ тапсырмалармен алмастырудан қашу қажет, оқушыларды бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауыстыра беруге болмайды. Бастапқы кезді жұмыстағы негізгі дағдыларды дамытуға арнаған жөн. Балалар осыларды игергенде ғана, спектакльмен практикалық жұмыс істеуге жұмылдыру керек.