3.19-сурет. «Теңізфлот» АБЖ функционалдық және өндірістік шағын
жүйелерінің байланыстарынын жеңілдетілген сүлбасы
Флоттың жұмысын ұйымдастырған кезде кемелерді өңдеу
қарқындылығы, кеңестік кемелер баратын барлық шетелдік порт-
тар бойынша тарифтер және алымдар туралы нормативтік-анық-
тамалық деректерді әрдайым ескеріп, пайдалану кажет.
«Теңізфлот» АБЖ кұру максаттары акпаратты жинау, өңдеу,
сақтау және беру тәжірибесіне ЭЕМ енгізуден ғана тұрмайды.
Жүйелік тәсіл, экономикалық-математикалық әдістер және ЭЕМ
кең пайдалану негізінде саланы басқару және ең алдымен негізгі
пайдаланушылық іс-әрекет - жүктердің тасымалдануын және
ауыстырып - тиелуін баеқару бойынша оңтайлы шешімдердін
өндірілуі мен жүзеге асырылуына мүмкіндік беретін басқарушы
жүйенің жүйелі құрылуы жорамалданып отыр.
«Теңізфлот» АБЖ құрамына тиісті негізгі функциялар бой-
ынша теңіз көлігінің басқарылуын қамтамасыз ететін функцио-
налдык шағын жүйелер және «Порт» АБЖ, «Кеме жөндейтін
зауыт» АБЖ және «Кеме катынасы» АБЖ сияқты өндірістік
жүйелер кіреді.
Теңіз көлігін басқару жүйесі тасымалдау үрдісінен, техни-
калық құралдар мен еңбек ресурстарының жұмыс қабілетін
қолдау үрдісінен және саланы дамыту үрдісінен түрады.
«Теңізфлот» АБЖ құрылымында аталған үрдістермен баска-
руды тікелей қамтамасыз ететін шағын жүйелер бөлінген. Осын-
дай шағын жүйелерге:
Флот пен порттар жұмысын жедел жоспарлау және реттеу;
Жолаушылар флотының жұмысын жедел жоспарлау және
реттеу (тасымалдау үрдісін басқару);
Флоттың техникалық жағдайын бақылау, кеме жөндеуді жо-
спарлау және реттеу (флоттың жұмыс қабілеттін қолдау үрдісін
басқару);
Теңіз көлігінің өндірістік іс-әрекетін жоспарлау (саланы да-
мыту үрдісін басқару) жатқызылады.
Орындалуы тасымалдау үрдісін, жұмыс қабілетін қолдау үр-
дісін, дамыту үрдісін басқаруды қамтамасыз ететін «Теңізфлот»
АБЖ шағын жүйелерінің қатарына:
Материалдық-техникалық жабдықтау есебі және жоспарлау;
Кадрлар қозғалысының есебі және талдау жатады.
«Флот пен порттар жұмысын жедел жоспарлау және реттеу»
шағын жүйесінің негізгі міндеттері - жүктерді тасымалдау мен
ауыстырып тиеудің тоқсандық жоспарларын әзірлеу, флоттың жұ-
мысын және порттардың жүктемесін күнтізбелік жоспарлау мен
реттеу. Күнтізбелік жоспарлау мен реттеу міндеттерін шешудің
қабылданған әдісі ic жүзінде олардың бірігуін қамтамасыз ете-
ді. Бұған барлық кеменің жұмысының және порттардың жүк-
темесінің күнтізбелік жоспар-кестесінің 25-35 күн бұрын (осы
мерзім рейстердің орташа ұзақтығымен анықталады) тұрақты
(тәулік сайын) есептелетінімен қол жеткізіледі. Мұнымен кеме-
лерге келесі рейстерді (күнтізбелік жоспарлау) тағайындау ту-
ралы шешімдерді қабылдау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі және
кемелер бүрын қабылдаған тағайындаулар бойынша шарттардың
өзгеруімен бір мезгілде ескеріледі.
«Жолаушылар флотының жұмысын жедел жоспарлау және
реттеу» шағын жүйесі линиялар бойынша жолаушылар кемеле-
рін оңтайлы орналастыру міндеттерінің автоматтандырылған
шешімін, олардың қозғалысы кестелерінің жасалуын, сондай-ақ
есептің автоматтандырылуын, кемелерде орындардың және би-
леттердің сатылуының брондалуын камтамасыз етеді.
«Флоттың техникалық жағдайын бақылау, кеме жөндеуді жо-
спарлау және реттеу» шағын жүйесі теңіз флотын техникалык пай-
далану тиімділігін арттырады, кеме қатынастарының жұмысымен
байланыстыра отырып, кеменің жөнделуін жоспарлауды және
кеме жөндейтін зауыттың қуаттарын арттыруды оңтайландырады;
теңіз флотының техникалық пайдаланылуының жоспарлануын,
жедел реттелуін, есебін және талдауын орындайды.
Шағын жүйе міндеттер кешендерінің үш тобынан түрады:
Флотты техникалық пайдалану;
Флотқа техникалық қызмет көрсету;
Флотты жөндеу және кеме жөндейтін зауыттардың жүктемесі.
«Флотты техникалық пайдалану» міндеттері кешендерінің
тобы кемелердің міндетіне сай жұмысқатехникалықдайындығын,
«Флотқа техникалық қызмет көрсету» міндеттері кешендерінің
тобы кемелер мен кеменің техникалық құралдарьніың жарамды
техникалық жағдайын қамтамасыз етеді, сондай-ақ берілген шек-
терде олардың техникалық-пайдалану сипаттамасын сақтайды.
«Флотты жөндеу және кеме жөндейтін зауыттардың жүктемесі»
міндеттері кешендерінің тобы пайдалану үрдісінде кемелердің
және кеменің техникалық-құралдарының жартылай немесе то-
лықтай жойып алған техникалық-пайдалану сипаттамаларын
қажет деңгейге дейін қалпына келтіреді, сондай-ак кеме жөн-
дейтін зауыттарды (кеме жасау мен машина жасауды қоса алғанда)
оңтайлы пайдаланады және оларға жұмысты көбірек жүктейді.
«Порт» АБЖ. Функционалдық шағын жүйелер міндеттерінің
кешендерінен басқа «Порт» АБЖ типтік жобалық шешімдерін
эзірлеудің негізгі мазМұны жүктерді тасымалдау мен көлік құ-
ралдарын өңдеудің технологиялық өндірістік үрдістерін жедел
басқару болып табылады. «Порт» АБЖ-де 5-10 тәулік мерзімге
күнтізбелік жоспарды күнделікті есептеу арқылы күнтізбелік
жоспарлау қағидасы қабылданған. Онда бірінші тәуліктерде ауы-
сымдар, сағаттар және нысандар бойынша кемелік, вагондық,
автокөліктік, қоймалық және шаруашылык жұмыстардың, сон-
дай-ак көлік құралдарына қызмет көрсету бойынша арқандап
байлайтын, лоцман және басқа операциялардын, жоспары бе-
ріледі. Күнтізбелік жоспардың кейінгі тәуліктершде әрбір кеме
бойынша жүкті кайта өңдеу көлемі, операциялардың басталуы
мен аяқталуының уақыты және бірқатар басқа көрсеткіштер бол-
жанады.
«Кеме жөндейтін зауыт» АБЖ («КЖЗ» АБЖ). АБЖ функ-
ционалдык шағын жүйелер міндеттері және кемелерді жөндеу,
кеме жасау және машина жасау сияқты негізгі өндірістік процесті
жедел жоспарлау және баскару міндеттері кешендерінің шешімі-
нен түрады. КЖЗ негізгі өндірістік үрдістерді жедел жоспарлау
мен баскарудың «Флоттың техникалық жағдайын бақылау, кеме
жөндеуді жоспарлау мен реттеу» шағын жүйесімен байланы-
сы тоқсандық өндірістік бағдарламаны қалыптастырған кезде
орындалады. Осы кезеңде кемелерді жөндеудің, кеме жасау мен
машина жасаудың көлемі мен мерзіміне, олардың зауыттардың
қуаттарына сәйкес келуіне сүйене отырып, әрбір зауытта жөн-
делетін кемелердің саны мен құрамы оңтайландырылады. Бұл рет-
те кеме жасау мен машина жасау бойынша бағдарлама бөлімдері
тоқсанда қалыптасатын кемелерді жөндеуге беретін жағдаятқа
байланысты ресурстарды арттыру үшін резерв болып табылады.
КЖЗ негізгі өндірістік үрдістерін жедел жоспарлау мен
басқару міндеттерінің бас кешені - өндірістік бөлімшелердің
айлық және апталық тізімдемелік жоспарларын құру. Бір жұмыс
аптасында аралықпен, тізімдемелік жоспарды үнемі жаңарта
отырып, үздіксіз жоспарлау қағидасын орындайды. Кемелер
және өндірістік бөлімшелер бойынша орыңдалған жұмыстарды
күнделікті есепке алудың жинақтаушы қорытындысы тізімдемелік
жоспарды жаңарту үшін бастапқы ақпарат болып табылады.
«Кеме қатынасы» АБЖ. Негізгі өндірістің басқарылуын
- флоттың жұмысын қамтамасыз ету бойынша «Кеме қатына-
сы» АБЖ міндеттердің бас кешені кемелердің рейстерді орын-
дауын ұйымдастырудан тұрады. Міндеттердің осы кешенінің
анықтамасының өзінде «Кеме қатынасы» АБЖ-нің «Флот пен
порттардың жұмысын жедел жоспарлау мен реттеу» функ-
ционалдық шағын жүйесімен байланысы да бар. «Кеме қа-
тынасы» АБЖ-де нақты рейстердің орындалуын ұйымдастыру
үшін кемелердің позицияларын болжау, рейстік тапсырмаларды
есептеу, рейстердің орындалу барысын бақылау міндеттері және
кеме қатынасы қызметтері мен кәсіпорындарының кемелер алған
рейстерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар
басқа міндеттер шешіледі.
Өзен көлігінде басқаруды автоматтандырудың көптеген құ-
ралдары мен әдістері негізінен теңіз көлігінің осындай құ-
ралдары мен әдістерінен өзгешеленбейді. Сонымен бірге өзен
қатынас жолдарының ерекшелігі түпнұсқалық әдістемелік және
техникалық шешімдердің ізделуін, әсіресе кеме қатынастары ая-
сында пайдалану жұмысын басқару саласында автоматтандыру
жүйелерін құрған кезде алдын-ала анықтайды. Іс-әрекеттің осы
саласында ғылыми және инженерлік күштердің назары шартты
түрде «АБЖ - диспетчер» деп атайтын кемелердің қозғалысының
диспетчерлік басшылығының автоматтандырылған жүйелерін
құруға бағытталған. Диспетчерлік аппараттың негізгі міндеттері
флот жұмысының (ауысымдық, тәуліктік, он күндік) жедел жо-
спарларын жасау және осы жоспарларды тікелей орындау болып
табылатыны мәлім. Флоттың жұмысының ic жүзіндегі үрдісін
диспетчер «орындалған қозғалыс кестесінде», «Флоттың дисло-
кациясы» бланкінде және бірқатар басқа құжаттар мен кітаптарда
тіркейді. Көп ақпаратты жинау мен тіркеу соншалықты қиын.
Диспетчердің уақыт жетпеген кезде тоқтамай жұмыс істеуіне
тура келеді.
«АБЖ - диспетчер» жүйесі флоттың дислокациясы тура-
лы барлық ағымдағы ақпараттың автоматты жиналуын және
ЭЕМ жадысына енгізілуін, негізделген шешімдерді қабылдауға
көмектесетін тиісті құжаттың диспетчерге берілуін қарастырады.
Осы құжат диспетчердің орындалған қозғалыс кестесін жүргізуіне
жол бермейді. Кез-келген уақытта флоттың дислокациясы тура-
лы деректер банкінің және тиісті бағдарламалардың болуы же-
дел жұмыстың оңтайлы жоспарларын әзірлеуге және қабылдауға,
сондай-ақ кез-келген белгіленген мерзім үшін бөлімшенің ic-
әрекетінің қорытындысы туралы кейінгі талдаулар мен есептер
жасауға мүмкіндік береді. Аталған жүйеде кемелерден ақпаратты
автоматты алу әдісі (және аппаратурасы) ең күрделі болып та-
былатынын атап өткен жөн. Осыған қатысты қолданылған тал-
пыныстар эзірге табыс әкелген жоқ. Кемелерден ақпаратты ска-
нерлеудің тиімді сенімді әдісін іздеу жалғасуда.
Қазақстанныңcy көлігі
Қазақстанның cy көлігі жүктер мен жолаушыларды тасымал-
дайтын, өзен және теңіз порттарында жүктерді қайта өңдейтін
өзен көлігінің кәсіпорындарынан тұрады. Жүк айналымының
көлемі бойынша cy көлігі үшінші орынды алады.
Үкіметтің қаулысымен «Атырау теңіз сауда порты» (АТСП)
республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Cy көлігінде
еркін тарифтер қолданылады, бірақ сонымен бірге теңіз портына
оған тараптар үшін қолайлы деңгейде клиенттерге өз қызметтерін
бір мезгілде көрсету арқылы ұзақ мерзімді несиенің ойдағыдай
өтелуіне мүмкіндік беретін тарифтер белгіленген.
Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан
және Қазақстан Республикасының әртүрлі құрғақ жүктер мен
Мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арғ[ал-
ған бірегей теңіз порты болып табылады. Жаңа шеткі өнеркәсіп
орталықтарының құрылуы, үлттық шеткі аймақтардың эконо-
микасы мен мәдениетін көтеру, сонымен қатар бұрынғы Кеңес
Одағы елінің қорғаныс қабілетін нығайту мүдделері тиісті
көлікпен қамтамасыз етуді, соның ішінде теңіз қатынасын
қалыптастыруды талап етті.
Маңғышлак аймағындағы уран өнеркәсібі мен мұнай кен
орындарының өнімдерін тасымалдау үшін 1963 жылы Ақтау пор-
ты салынды.
Кейінірек порт БН-350 атом электр бекетін, химия саласының
зауыттары мен тікелей Ақтау қаласының өзінің құрылысын салу-
да маңызды рөл атқарды.
Портты құру бас және қосалқы толқын тосқыларды және co-
нымен бір мезгілде төрт кұрғақ жүк айлақтарын салудан бастал-
ды. 1969-1986 жылдары төрт Мұнай құю айлақтары мен паром
кешені салынды. КЕРО-да Ақтау порты арқылы тасымалдар-
дың көп бөлігі Мұнай (80-жылдардың басында жылына 7 млн.
тоннаға дейін) болатын, құрғақ жүк тасымалдау жылына 300
мың тоннаға жетті. Кеңесгер Одағының тарауына байланысты
тасымалдар көлемі барынша кысқарды. 1995 жылы Қазақстан
металын қарқынды экспорттауға және «Теңізшевройл» (ТШО)
бірлескен кәсіпорны өндіретін мұнайды теңіз арқылы тасымалдау
көлемінің үлғаюына байланысты тасымалдау көлемі өсе бастады.
«Ақтау халыкаралык теңіз сауда порты» Республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы үкіметінің
жылғы №356 «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты»
акционерлік коғамының мәселелері» Қаулысына және 23.04.1997
жылғы №644 «Ақтау теңіз сауда порты» Республикалық мем-
лекеттік кәсіпорнының мәселелері гуралы» Қаулысына сәйкес
акционерлік қоғамның негізінде құрылды. Порт ҚР Үкіметінің
жылғы №790 «Республикалық мемлекеттік кәсіпо-
рындардың тізімдемесі туралы» (шаруашылық жүргізу қүқы-
гындағы) Қаулысының негізінде Республикалык мемлекеттік
кәсіпорындардың тізімдемесіне енгізілген. «АХТСП»РМК ҚР
Әділет Министрлігі Маңғыстау әділет басқармасында 11.10.1996
жылы тіркелген, куэлігі №513-1943-ГП.
Ақтау теңіз портын қайта жаңғырту. 1999 жыл порт өмірінде
бетбұрысты және айрықша Мәнді жыл болды. Қуаттарды жаңарту
жобалары жүзеге асырылды. Порт инфрақұрылымы мен басқару
құрылымдары жақсартылды. Қазақстан Үкіметі Еуропалық
Қайта кұру және Дамыту Банкімен (ЕҚҚжДБ) бірлесіп бөлінген
несиеге 1997-1999 жылдары портты түбегейлі дамыту және қайта
құру бағдарламасын жүзеге асырды (74 млн. АҚШ доллары).
1999 жылы портты қайта құрудың бірінші кезеңі аяқталды.
Ақтау портын қайта құрудың аяқталу салтанатына Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. Қайта
құрудан кейін порттың тиеу-түсіру кешенінің құрғақ жүктерге
қызмет көрсету мүмкіндіктері мұнайды ауыстырып тиеудің жы-
лына 8,0 млн. тонна қазіргі мүмкіндіктерін сақтай отырып, жы-
лына 1,55 млн. тоннаға дейін жеткізілді. Қайта құрудан кейін
Ақтау порты дүниежүзінің көптеген елдеріндегі порттардағыдай
көпмақсатты терминалға айналды, оның жұмысы бір минутқа да
тоқтамайды.