Өзара әрекеттестік диаграммасының кез-келген формасының негізгі қасиеттерінің бірі – олардың қарапайымдылығы. Диаграммаға қарап барлық хабарламаны көруге болады
Өзара әрекеттестік диаграммасының кез-келген формасының негізгі қасиеттерінің бірі – олардың қарапайымдылығы. Диаграммаға қарап барлық хабарламаны көруге болады. Әрекеттесу диаграммасы (interaction diagrams) – объектілердің мәлімдемелермен (хабарламалармен) алмасу үдерісін модельдеу диаграммасы. Әрекеттесу диаграммасының екі түрі бар:
Тізбектік диаграммасы (sequence diagram)- объектілердің уақыт бойынша реттелуін көрсететін диаграмма.
жүйенің динамикалық аспектілерін зерттеу нәтижелеріне негіздей отырып, класстар арасында функционалдылықты бөлу;
күрделі операцияларды орындау логикасын сипаттау, әсіресе бір объект бірнеше объектілермен өзара әрекеттескен жағдайларда;
Өзара әрекеттестік диаграммасы Белсенділік диаграммасы – бизнес-үдерістерді сипаттау диаграмамсы.
Белсенділік диаграммасы қызмет графтары түрінде беріледі, қызмет күйі граф төбелері болып табылады, ал доғалары (қатынастары) бір күйден екінші күйге өтуді бейнелейді.
Белсенділік диаграммасы (activity diagram)
Мақсаты – операциялардың орындалу үдерісін модельдеу.
Диаграммадағы әр күй қандай да бір элементар операцияның орындалуына сәйкес, келесі күйге көшу ағымдағы операцияның аяқталғанын көрсетеді.
Белсенділік диаграммасы күй диаграммасының дербес жағдайы деп айтуға болады.
Пәндік сала жайлы ақпаратты жүйелендірудің маңызды мәселесі - үлкен жүйені ішкі жүйелерге бөлу. Топтаудың бұл механизмі пакеттер (package) деп аталады.
Пакеттер кластарды топтарға біріктіру үшін қолданылады, UML моделінде әр класс бір ғана пакетке қосыла алады. Пакет басқа пакеттердің құрамына кіре алады, яғни пакет ішкі пакеттерден және ішкі кластардан тұрады.
Әр пакеттің өз атауы (namespace) бар, яғни әр кластың да өз аты болуы тиіс. UML тілінде пакеттер атауын қолданғанда, қос нүкте қолданылады: System::Datе.