8-үзінді
(448 г. по P. X.; Феод. 41-й).
(Ехс. De leg. Rom. P. 47-71; В. 169-212).
Әтек Хрисафий Эдиконның Аттиланы өлтіру керек екендігіне көзін жеткізді. Феодосий патша мен Мартиалий магистр бәрін өз ара таразылай келіп, Аттилаға елші қылып жалғыз Вигиланы ғана емес, Максиминді де жіберуді шешті. Вигила көзге аудармашы болып көрінгенмен Эдиконның әрекетіне араласу жөнінде тапсырмасы болды. Олардың астыртын ойларынан бейхабар Максимин, Аттилаға патшаның хатын тапсыруы тиіс. Вигиланың тек қана аудармашы екенін, ал Максимин текті әулеттен тарайтын патшаға ең жақын адам ретінде Вигиладан қадыр-қасиеті де жоғары екенін патша оған ескерткен болатын. Одан кейін патша Аттилаға Рим аймағына шабуыл жасаумен бейбіт келісім-шартты оның бұзбағанын жазды; сонымен қатар бұрын берілген қашқындардың үстіне тағы да он жеті адамды жіберіп отырғанын хабарлады және Аттила аймағынан (келген) Римдіктерде басқа қашқындардың жоқ екендігіне сендірді. Хаттың мазмұны осындай болатын.
Онан басқа Максиминге Ун патшасына оның жоғары шенді жаушы жібер деп талап қоя алмайтынын ауызша айту тапсырылған еді; мұндай нәрсе олардың ата-бабаларының тұсында да, Скиф жерінің басқа билеушілері кезінде де болмаған; жаушы ретінде әрқашан да кез-келген сарбазды немесе хабаршыны жібере берген; барлық түсінбеушіліктерді шешу үшін римдіктерге Онигисиді жіберу керек болды, себебі Аттиланың консулдық дәрежесі бар Римдіктің жетегіне еріп қираған қала Сардикиге келуі лайықты болмас еді.
Максимин дәлелді өтініштерімен мені өздерімен бірге жүруге көндірді. Біз варварлардың жолбасшылығымен жолға шығып, жаяу жүргінші Канстантинопольден он үш күн жүріп жететін жердегі Сардики қаласына келдік. Бұл қалаға тоқатаған соң біз дастарханға Эдикон мен оның қасындағы варварларды шақырғанды жөн деп ойладық. Сардики тұрғындары бізге союға қойлар мен өзгіздер әкеп берді. Түстік астан кейін ішіп отырып варварлар Аттиланы ұлықтады, біз өз патшамызға мадақ айттық. Вигила құдай мен адамды салыстыру лайық емес; Аттила – адам, ал Феодосий - құдай екенін айтты. Ундар бұл сөзді есітіп қызуқандылары шамырқана бастады. Біз сөзді басқа нәрсеге аударып, жылы сөздермен олардың ашуын басуға тырыстық, ал түстік ішкен соң Максимин Эдикон мен Орестке жібек киімдер мен қымбат тастардан сыйлықтар берді. Эдиконның ұзап кеткенін күтіп тұрып Орест Максиминге: ол оны ақылды да жақсы адам деп санайтынын, себебі ол басқа патша сарайындағылар сияқты Эдиконды онсыз (Орестсіз) қонақасыға шақырып сыйлық бергендер сияқты қателікке ұрынбағанын айтты. Константинопольде не болғаныннынан бейхабар адамша біз Оресттің сөзіне түсінбегендік рай таныттық. Біз онан қай кезде, қандай жағдайда оған көңіл бөлмей ал Эдиконға ерекше құрмет көрсеттік деп сұрадық. Бірақ Орест ешқандай жауап берместен кетіп қалды. Келесі күні жолшыбай біз Вигилаға Оресттің сөзін айтып бердік. Вигила айтты, Орест өзіне дәл Эдикон сияқты құрмет көрсетілмегеніне ренжімеуі тиіс; Орест Аттиланың жай ғана хатшысы және үй шаруашылығындағы адам, ал Эдикон соғыста атақ-даңқы шыққан Орестен қай жағынан да үстем тұрған текті Унн. Вигила осыдан кейін бізге Эдиконмен жеке сөйлесіп әдейі ме, жоқ расында да солай ма білмеймін, Орестің айтқанының барлығын Эдиконға жеткізгеннін айтты; Эдикон бұған қатты ашуланған екен, Вигила күштегендей боп зорға басыпты.
Біз Наиссқа келгенде ол қаланы басқыншылардың қиратқанын және ешқандай адам жоқ екенін көрдік. Тек ауру-сырқаулы бірнеше тұрғындар ғана қасиетті орындарда тығылып қапты. Біз өзеннен алыстау таза жерге тоқтадық, ал өзен жағасында шайқаста қырылғандардың сүйегі шашылып жатты. Келесі күні біз патша тапсырмасын естіртуге Аттилаға жазылған хаттың ішінде аталған он жеті адамның ішіндегі бес адамды алу үшін Найсқа жақын жерде тұрған Иллирилік әскердің қолбасшысы Агинефиге келдік. Біз олармен байланысқа түсіп, оның Ундарға бес қашқынды беру керектігін айттық. Агинфей қашқындарды жылы сөздерімен жұбатып бізге берді. Біз түнді осында өткізіп, Наисс шекарасынан шығып Истра өзеніне қарай жол тарттық. Біз бұрылыс-бұрылыстармен ирелеңдеп айналасын ағаштар көлегейлеген жерге келіп кірдік. Таң ата біз батысқа қарай келе жатырмыз деп ойласақ, қарсы алдымыздан шыққан күн сәулесі көзімізді қарықтырды. Бұл жақтың жер жағдайын білмейтін біздің біраз сапарластырымыздың таңданғандарынан дауыстары да қатты шығып кетті, дүние теріс айналып, күн өз жолынан жаңылғандай құбылысқа тап болдық! Жер тегіс болмағандықтан жолдың бұл бөлігінде шығысқа қарай бағыт ұстап отырдық. Бұл қиын жерлерден өткесін біз батпақты тегістікке шықтық. Бұл жерде өткізушілер бізді кесілген бөрененің ішін ойып жасаған қайыққа отырғызды. Олар бізді өзеннен алып өтті. Бұл желқайықтардың бізге бола жасалмағаны байқалды. Бізге жол бойы кездескен қаптаған варварлар өзеннен осылармен өткен екен, себебі Аттила аңшылықты сылтау етіп Рим жеріне баса-көктеп кіруді ойлаған. Ал шын мәнінде ол барлық қашқындар түгел қайтарылмады дегенді сылтау етіп соғысқа дайындық жүргізге берген. Истрадан өткен соң біз варварлармен бірге жетпіс стадий шамасында жер жүрдік, содан Эдикон мен оның жолдастары Аттилаға біздің келгнімізді хабарлағанша кең жазықта күте тұруға тура келді. Бізбен бірге бізді бастап келе жатқан жолбасшы варварлар да тоқтады. Қас қарайып, біз кешкі ас іше бастағанда бізге қарай шауып келе жатқан ат тұяғының дыбысы естілді. Екі скиф келіп бізге Аттилаға баратынымыз жайлы бұйрықты жеткізді. Біз олардан бізбен бірге кешкі ас ішіп алуларын өтіндік. Олар аттарынан түсіп бізбен бірге тамақтанды. Келесі күні олар біздің жолбасшыларымыз болды. Күндізгі тоғыздарда біз Аттиланың шатырына келдік; оның шатырлары көп екен. Біз бір төбешіктің басына өз шатырымызды тіккіміз келген; бірақ бізге қарсы кездескен варварлар олай етуге болмайды деп тиым салды, олардың айтысында Аттиланың шатыры төмен жерде тұр екен. Біз Скифтер өздері көрсеткен жерге тоқтадық. Сосын Эдикон, Орест, Скотта сияқты бірнеше беделді Скифтер келіп біздің елшіліктің мақсаты туралы сұрады. Бұл сұрақ бізді таң қалдырды. Біз бір-бірімізге қарадық. Скифтер бізді қыспаққа алып, қалай да жауап беруімізді талап етті. Біздің келуіміздің себебі туралы патшамыз кез-келген біреуге емес, тек Аттилаға ғана айтасыңдар деген деп ескерттік. Скотта өздерінің бізге жай өздері қызығушылық танытып келмегенін, өз патшаларының бұйрығын орындау үшін келгенін кірпияздана жеткізді. Елшілік бұлай жүргізілмейді, жіберілген елшілер өздері арнайы жіберілген жақпен сөйлеспей, оларды көрмей тұрып өз елшілігінің мақсаттарын өзгелерге хабарламайды, бұл жағдай патшаға жиі елші жіберетін Скифтердің өздеріне де белгілі нәрсе, мұндай құқықты біз де пайдаланымыз, онсыз біздің елшіліктің мақсаты туралы ешкімге ештеңе айтпаймыз дедік. Сонда Скифтер Аттилаға кетті де, сосын Эдиконсыз қайтып келді. Олар біздің Аттилаға айту керек сөзіміздің бәрін қайтып айтып берді де, егер басқа айтар ештеңеміз болмаса тезірек кетуімізге кеңес берді. Олардың сөздері бізді одан сайын таң қалдырды, патшаның құпия шешімдері бұларға қалай мәлім болғанын түсінбей дал болдық. Егер Аттиланың алдына кіруге мүмкіндік бермесе, біздің елшіліктің мақсаты туралы ешқандай жауап бермеуге келістік. Біз Скифтерге «Осыған дейін сендердің айтқандарыңның барлығын бізге сендердің патшаларыңа айту тапсырылған, ал басқасын тек оның өзі ғана білуі тиіс; басқалармен енді бұл туралы біз ешкіммен де сөйлеспейміз» дедік. Біздің мұндай сөзімізден соң, олар біздің тез арада кетуімізді талап етті. Біз қайтуға жинала бастадық. Вигила біздің Скифтерге қайтарған жауабымызды айыптап, ешқандай жетістікке жетпей артқа қайтқанша, онан да өтірікке алданғанымыз жақсы еді деді. Егер мен онымен тілге келсем Римдіктермен келіспеушілікті тоқтатуға Аттиланы оңай көндірер едім, себебі Анатолидегі елшілік кезінде мен онымен аз да болса танысып қалған едім деді Вигила. Вигила мұны өзіне Эдиконның көңілі дұрыс екендігіне сүйеніп айтқан еді. Ақиқат пен жалғандықты желеу етіп, ол елшіліктің ісі туралы, өз ара келіскен Аттилаға қарсы жағдай жайында, Эдиконның өзі айтқан белгілі адамдарға тарату үшін қажет алтынның көлемі туралы Эдиконмен сөйлескісі келді. Бірақ Вигила өзін Эдиконның сатып кеткенін білмеген еді. Аттиланың өміріне қастандық жасаймын деп Римдіктерге жалған уәде беріп, мүмкін Сардиктегі астан кейінгі Орестің бізге айтқанын Аттилаға айтып қояды деп қорыққанынан да болар, (оның патшамен және әтекпен одан жасырын кездескенін айыптағанын) Эдикон Аттилаға қарсы құрылған қастандық жайлы және Римдіктерден түсетін алтынның көлемі мен біздің елшіліктің мақсаты жайлы құпияны айтып қойыпты. Біз көліктерімізге жүгімізді тиеп, түнделетіп жолға шыққалы жатқанымызда бірнеше Скиф келіп түн болғандықтан тоқтау керек деген Аттиланың бұйрығын жеткізді. Оның үстіне біз тұрған жерге өзен балытары мен өгіздерін алып басқа скифтер де келді. Біз кешкі ас ішіп алдық та ұйқыға жаттық. Таң атқанда біз әлі де болса варвардан бір қысқа да болса жақсы хабар есітеміз бе деген үмітіміз бар еді, бірақ ол өзіне белгілі болған нәрседен басқа ештеңе айтпайтын болсақ кете беруімізді бұйырып тағы да сол адамдарды жіберіпті.- Оған ешқандай жауап берместен біз кетуге жинала бастадық: оның арасында Вигила да бізбен Аттилаға тағы да басқа айтарымыз бар деп айтуымыз керек еді деп бізбен дауласып болмады. Максиминнің сары уайымға түскенін көріп қасыма Скиф тілін білетін Рустикияны алып, екеуміз Скоттеге бардық. Бұл Рустикий Скифияға бізбен бірге келген еді. Ол біздің елшіліктің құрамында болған жоқ, бірақ батыс Римдіктердің қолбасшысы Аэтидің хат жүргізуге байланысты Аттилаға жіберген Италиялық тектен тарайтын Константимен екеуінің арасында бір ортақ шаруалары бар еді. Онегиси ол жерде болмағандықтан біз Скоттеге бардық. Аудармашының орнына пайдаланған Рустикия арқылы Скоттемен амандасқан соң, егер ол Аттиламен кездесуге мүмкіндік әперетін болса, Максиминнен көп сыйлық алатынын айттым; Максиминнің елшілігі тек қана Римдіктер мен Ундарға ғана емес, Онигисидің өзіне де пайдалы болатынын, императордың бұдан кейін екі халық арасында пайда болған дауды шешуге Онигисидің жіберілуін қалайтынын, Константинопольге барғанында қымбат сыйлықтар алатынын жеткіздім. Сонымен бірге Скоттаға «Онигиси болмаған жағдайда оның бізге немесе ағасына осындай қайырымды іс жайлы айтып жәрдемдесуі керектігін, менің есітуімше Аттила оның кеңестерін де тыңдайтынын, бірақ өз билеушісінің алдында оның қаншалықты беделі бар екенін тәжірибеде білмеген соң жел сөзге сене қоймайтынымды айттым». «Күмәнданбаңыздар, Аттилланың алдында ағаммен тең дәрежеде сөзімді өткізіп әрекет ете алам деді Скотта». Сол мезетте атына отырды да Аттиланың шатырына қарай шауып кетті. Мен Вигиламен бірге үнжырғалары түсіп уайымдап отырған Максиминге қайтып келдім, оған Скоттамен арада болаған әңгімені және оның берген жауабы туралы айтып бердім. Мен Максиминге варварға беретін сый-сияпатты дайындауды және оған не айту керек екенін ойлану қажеттігін айттым. Мұны есітіп шөпте жатқан Максимин мен Вигила орындарынан атып тұрып, менің әрекетімді мақтап, жүк артқан көліктерімен жолға шыға бастаған адамдарын қайта шақырып алды. Максимин мен Вигила Аттилаға қалай амандасып, оған патшаның және өздерінің атынан сыйлықтарын қалай тапсыру керектігін ақлдаса бастады. Дәл сол кезде, олар қалай тапсырудың қам-қарекетін ойластырып жатқанда Аттила Скотта арқылы бізді өзіне шақырды. Біз қаптаған варварлар күзетіп тұрған оның шатырына кірдік. Аттила ағаш орындықта отыр екен. Біз оның отырған жерінен алыстау тұрдық, ал Максимин болса варварға жақындап, оған сәлем берді. Ол оған патшаның грамоталарын тапсырды, мен патша оған және оның үй-ішіне амандық тілейтінін айттым. Аттила: «Маған не тілесе, Римдіктерге де сол болсын»,-деді. Сосын сөзін Вигиллаға арнап, барлық қашқындар Ундарға өтіп болмайынша, Анатоли мен оның арасындағы бейбітшілік туралы келісімде Рим елшілігінің келмеуі керектігі туралы қаулыны біле тұра келгеніне байланысты оны ұятсыз хайуансың деп сөкті. Вигила Римдіктерде Скиф халқынан ешбір қашқынның жоқ екенін, өйткені барлығы осыған дейн берілгенін айтты. Аттила ашуға булығып, одан сайын дауысын көтере жекіріп ағайға басты, елшіліктің құқығын бұзып жатқанын есіне де алмастан, оның ұятсыздығы мен сөзінің арсыздығы үшін қазыққа отырғызып құстарға жем қылар едім деді, өйткені оның халқынан қашып өткендер Римдіктерде көп болатын. Ол хатшыларына қашқындардың аттары жазылған қағазды оқуға бұйырды. Барлығының аттары оқылып болған соң, Аттила Вигилаға оның жерінен тез арада кетуін талап етті, оған қоса, Римдіктерге Батыс Римдік қолбасы Аэтидің ұлы Карпилеонды кепілге ұстап отырғандықтан барлық қашқын варварларды қайтару талабын жеткізу үшін Исланы онымен бірге жіберетінін айтты, әйтпесе ол елін қоғатуды сеніп тапсырып отырғандарға еш пайдасы болмаса да, өз құлдарының оның өзіне қарсы соғысатынына еш келісе алмайтынын айтты. «Олар менің басып алғым келген қай қаланы несе қай қорғанды қоғап қалып еді, - деп сұрады Аттила». Ол Вигила мен Исладан өзінің қашқындарды қайтарып беру туралы талабын Римдіктерге жеткізуді және соның жауабын алып қайтып оралуларын талап етті: олар қашқындарды қайтаруды қалай ма немесе солар үшін соғысқысы келе ме? Мұнан біраз бұрын ол Максиминге күте тұр деген еді, себебі патшаға не жайлы хатпен жазғанына сол арқылы жауап бермек болған және қазір біздің берген сыйлықтарымызды да талап еткен болатын. Өз шатырымызға келген соң біз айтылғандарды өз ара талқыға салдық. Вигила өткен елшілік кезінде мейірбан да қайырымды көрінген Аттиланың өзіне осыншама қатал шүйліккеніне таң-тамаша болды. Мен оған: «Сардикте сендермен бірге түстік ішкен варварлардың бірі сенің Рим патшасы құдай, ал Аттила адам ғой деген сөзіңді жеткізіп Аттиланы саған қарсы айдап салған жоқ па екен»,- дедім. Әтектің Аттилаға қарсы жасамақ қастандығынан хабары жоқ Максимин бұл ойымызды шын деп қабылдады. Бірақ Вигила оған күдіктенсе де Аттиланың өзін сонша сыбағанының себебін білмеген еді. Соңында ол Сардикте айтылған сөздердің Аттилаға жеткеніне, астыртын сөз байласудың оған белгілі болғанына сол кезде күманданбағанына бізді сендірген еді; себебі Аттиланың бәрімізді қорқытуының әсерінен, онымен бөтен адамдардың ешқайсысы да сөйлесе алмаған-ды. Оның үстіне Вигила серт бергендіктен және арты немен бітері белгісіз болғандықтан Эдикон ол туралы (астыртын келісім жайлы) үн шығармауы тиіс деп жорамалдады; олай болмаған жағдайда, Аттилаға қастандық жасауға қатысушы ретінде айыпталып өлім жазасына кесілуі мүмкін болатын. Сол кезде, біз сондай әрі-сәрі жағдайда отырғанда Эдикон келіп, Вигиланы біздің ортамыздан шығарып алып Римдіктерге берген уәдесін орындауға расында да құлықты адамның кейпін танытты. Ол Вигилаға өзімен бірге айтылған іске кірісетін адамдарға таратуға қажет алтынды әкелуді бұйырды да кетіп қалды. Мен Вигиладан қызығушылық танытып, Эдиконның не айтқанын білгім келіп сұрағанымда, ол мені алдауға тырысты, бірақ өзі Эдиконнан алданып қалған еді. Ол менен әңгіменің шынайы мазмұнын жасырып, Аттила оның өзіне қашқындар үшін ашулы екенін Эдиконның өзі айтты деп сендірді; не Римдіктер олардың барлығын Аттилаға қайтару керек, немесе оған елші етіп қолында үлкен билігі бар адамды жіберу керек. Бізге Аттиланың бірнеше адамы жарлық айтуға келгенде, бізің әлі өз ара әңгімеміз бітпеген еді, Римдіктер мен Скифтер арасындағы орын алып отырған түсініспеушілік шешімін тапқанша Вигилаға, сол сияқты бізге де Римдік әскери тұтқындарды босатуға, варварлардың құлдарын немесе аттарын, азық-түліктен басқа нәрселерді сатып алуға тыйым салынды. Бұл варварлардың қулықпен ойластырған айласы еді, мұндай жағдайда Вигиланың оның өміріне қастандық жасауын оңай әшкерелеуге болады, онда ол неге сонша алтынды өзімен бірге алып келгенінің себебін айта алмайды; оның ниеті біздің елшілікке жауап бергісі келген желеумен өзімізден және патшадан оған біз әкелген сыйлықтарды қабылдау үшін бізді Онигисиді күтуге мәжбүрлеу болатын. Бұл кезде Онигиси Аттиланың үлкен ұлымен бірге мынадай себептерге байланысты Аттила жаулап алған Скиф халқының бірі Акацирлерге аттанып кеткен болатын; Акацир халқында Римдіктермен одақ құрып, Аттиламен одақ құрудан бас тартып, өзара келісімде болу үшін Феодоси патша сыйлық жіберіп тұрған рубасы княздары көп еді. Ол сыйлықтарды тапсыруға жауапты адамдар оларды әр князға олардың дәрежелеріне қарамай таратқан. Олардың арасында билігі жөнінен ең бастыларының бірі болап саналатын Куридах сыйлықты екінші болып алғандықтан өзіне тиісті марапаттан құр қалғандай сезініп өкпелеп қалған. Ол өзі сияқты басшыларға қарсы Аттиланы көмекке шақырады. Аттила оған бірден үлкен әскер аттандырады. Акацирлік біраз княздар өлтіріледі, басқалары бағынуға мәжбүр болады. Аттила одан кейін жеңіс салтанатына қатысу үшін Куридахты өзіне шақырады. Бірақ өлтіре ме деп қорққан Куридах, Аттилаға адамның құдайға қарауы қиын ғой; егер адам баласы дөңгеленген күн көзіне қарай алмаса, онда құдайлардың құдайына өзіне зиян тигізіп алмай қарауына бола ма? - деп жауап береді. Солайша Куридах өз иелігін сақтап, өз жерінде қалды, сонымен қатар күллі Акацир халқымен бірге Аттилаға бағынышты болды. Өзінің үлкен ұлын сол халыққа патша қылуды көздеп Аттила Онигисиді сол ойын жүзеге асыру үшін аттандырған болатын. Жоғарыда айтқанымыздай, Аттиланың бізге Онигисиді күту туралы бұйрық беруінің себебі осыдан еді. Вигиланы Исломен бірге қашқындарды іздейді деген желеуімен Рим иелігіндегі жерге жіберген болатын; ал шын мәнінде Эдиконға уәде етілген алтынды әкелуге жұмсаған еді. Вигила кетерде біз сол жерде бір күн тұрдық; келесі күні Аттиланың соңынан солтүстікке қарай жолға шықтық. Біраз жерге дейін біз онымен бір жолмен жүрдік, сосын жолбасшыларымыз Скифтердің айтуымен басқа жолға түстік; себебі Аттила Эскамоның қызымен некелесу мақсатымен бір ауылға бармақ болды. Аттиланың әйелдері көп еді, бірақ Скиф дәстүріне сәйкес бұл текті қызды да алғысы келген екен. Одан біз далада созылып жатқан тегіс жолға түстік, Истрадан кейінгі кемелер жүретін үлкен өзендер Дрикон, Тига, Тифисаға шейін жеттік. Біз бұл өзендерден сол өзендердің бойындағы тұрғындар пайдаланатын жалғызағашпен өттік. Басқа өзендерден кей жерелерді су басып кете бергендіктен варварлар өздерінің арбаларына салып жүрген салмен өттік. Ішіп-жемге елді мекендерде бізге бидайдың орнына тары, ал виноның орнына түземдіктер медос деп атайтын сусын берді. Бізден кейінгі қызметкерлер тары мен варварлар камос деп атайтын арпадан жасалған сусын алды. Ұзақ жол жүріп, кешке қарай жақын маңдағы ауыл тұрғындары суын ауыз суға пайдаланып отырған көлдің жағасына тоқтап шатырымызды тіктік. Аяқ астынан қатты дауыл тұрып, күн күркіреді, найзағай ойнап нөсер жауын құйып кетті. Жел біздің шатырымызды ұшырып кеткенімен қоймай, сонымен бірге барлық керек-жарағымызды көлге апарып тоғытты. Аспандағы осы алапат жағдайға және бойымызды билеген үлкен қорқынышқа байланысты біз әбден үрейленіп, ол жерден қараңғылық құрсауында, жаңбыр астында әрқайсымыз әр тарапқа, әркім өзі ыңғайлы көрген жолға түсіп бет-бетімізбен кете бардық. Бірақ біз бәріміз келіскендей, әр түрлі сүрлеулермен жүрсек те ауылдың лашықтарына келип бір жерде бас түйістірдік. Біз қалып қойған жолдастарымызды айғайлап іздестіруге кірістік.. Скифтер айқай шыққан жерге жүгіріп келіп, өздері от жағу үшін пайдаланатын қамыстарды тұтатып, жаға бастады. Қамыстың лаулап жанған жарығында: «қатты айқайладыңдар, сендерге не керек?», - деп сұрады? Қасымыздағы варварлар ауа райының қолайсыздығынан біздің осындай күйге түскенімізді білдіргенде, тұрғындар бізді өздеріне шақырып, үйлеріне кіргізіп, қамысты толтыра жағып денемізді жылытты. Ол ауылдың бастығы Влиданың бір әйелі екен, бізді қанағаттандыру үшін ішіп-жем мен сұлу әйелдер жіберіпті. Бұл Скифтерше сыйлаудың бір түрі болып саналады. Біз олардың ас-ауқаттарына алғысымызды айтып, одан арғы басқа қатынастардан бас тарттық. Біз түнді лашықтарда өткіздік те, таң ата өз заттарымызды іздеуге шықтық. Біз олардың бір бөлігін сол орнымыздан, енді бір бөлігін көл жағасынан, қалғанын көлге батып кеткен жерінен тауып, сонан алып шықтық. Ол күнді біз заттарымызды кептіріп ауыл ішінде өткіздік. Ауа райы түзеліп, күн жарқырап тұрды. Аттармыз бен басқа да малдардың жайын ойлап, пайтшайымға амандасуға барып, варварлардың өздерінде жоқ болғандықтан жоғары бағаланатын үш күміс аяқ, қызыл былғары, үнділік сақина, құрма жемістері мен тағы басқа тәттілер сыйладық. Оның қонақжайлылығы үшін барлық игі тілектерімізді айтып, біз одан да шықтық. Біз жеті күндік жол жүріп бір елдімекенге тоқтадық, себебі біздің жолбасшы Скифтер Аттила да сол жолмен келе жатқандықтан біз оның соңында жүруге тиіс екендігімізді ескертті. Ол жерде біз Аттилаға елшілікпен келе жатқан Батыс Римдіктермен кездестік. Оның бірі Ромулдың комид дәрежесі бар еді; екіншісі Примут Норикидің билеушісі; үшіншісі Роман легион бастығытұғын. Олармен бірге Аэтидің Аттилаға хат жүргізуші ретінде жіберген Константий және Эдиконның елшілігінде жолбасшылық жасап жүрген Орестің әкесі Татул болды. Константий мен Татул елшіліктің құрамында емес еді, олар өзара байланыстары бойынша келе жатқан болатын, Константий олармен Италияда танысқан еді, ал Татул болса Ромулмен құда болатын, татулдың ұлы Орест тегі Патавиннан шыққан қазір Нориктегі Ромулдың қызына үйленген еді. Батыс Рим елшілері Аттилаға оның ашуын басу үшін жіберілген еді. Аттила Константийден алтын пияланы алғаны үшін Римдіктерден Римдегі ақша үстелінің бастығы Силванды беруді талап еткен. Бұл Батыс Галатиден шыққан Константий деген Аттила мен Влидаға Константийден кейін жіберілген басқа хатшы сияқты бір кездері хат жүргізуші ретінде жіберілген болатын. Скифтер Сирмия мен Пеониді қоршауға алған кезде сол қаланың епископы жоғарыда айтқан Константийге пиялалар жібереді, егер қала оның көзі тірі кезінде алынған жағдайда Константий оның бостандығына кепілдік беруге; егер ол өлген жағдайда ол пиялаларға Сирмияның бірнеше тұтқынға түскен тұрғынын сатып алуы жайында шарт жасасады. Қала алынады, тұрғындардың бәрі тұтқынға түседі, бірақ Константий эпископпен жасасқан келісімін ұмытып кетеді. Онан әрі Римге өз жұмысымен барып, ол пиялаларды Сильванға кепілге қалдырып, егер ақшаны белгіленген мерзімде қайтармаса онда пиялалар толықтай Сильванның меншігінде қалады деген шартпен онан ақша алады. Ақырында Аттила мен Влида Константийдің сатқындығына күдіктеніп, оны жазаға тартады. Содан біраз уақыт өткенде Константийдің кепілге қалдырған пияласы туралы естиді. Ол өзіне тиісті затты ұрлаған адам ретінде Сильванды беруді талап етеді. Бұл Батыс Римдіктердің патшасы мен Аэтиге Сильванның Константийге қарыз беруші екенін мәлімдеуді тапсырып Аттилаға жаушылар жіберуге мәжбүр етті; ол кепілге ұрланған заттарды емес, сол ыдыстарды алғанын; оны діни қызметкерлерге сатқанын; құдайға арналған ыдыстарды адамдар қызметіне пайдалануға болмайтынын; егер Аттила өз талабынан құдайды сыйлағандықтан сондай әділетті себептермен бас тартатын болса, Римдіктер оған сол ыдыстардың құнына таитын дүние жіберетінін; сондықтан олардың бар өтініші оның Сильванды беруді талап етуін тоқтату, және ешқандай қылмыс жасамаған адамды бере алмайтындарын жеткізу еді. Римдіктердің елші жіберуінің себебі осындай еді. Ол (пока он отпустил) босатқанша ,олар Аттиланың соңынан еріп отырды. Олармен жолда кездесіп қалып, Аттила алдыға өтіп кеткенше біз күтіп тұрдық; сосын солармен бірге көп халық болып оның соңынан сапарымызды жалғастырдық. Бірнеше өзендерден өтіп, біз Аттиланың сарайы тұрған үлкен елдімекенге келдік. Бізге айтуларынша, ол Аттиланың басқа жердегі барлық сарайларының ішіндегі ең зәулім де әдемісі екен. Ол шебер жонылып, сүргіленген бөренелер мен тақтайлардан салынған және қорғаныстан гөрі әсемдігімен көзге ұратын ағаш қошаумен қоршалған екен. Патша үйінен кейінгі ең жақсы үй ол да ағаш қоршаумен қоршалған Онигисилердің үйі екен; бірақ оның қоршаулары Аттиланыкіндей мұнаралармен абаттандырылмапты. Қоршауға жақын жерде Скифтер арасында Аттиладан кейін орасан зор күшке ие Онигиси салдырған үлкен монша тұрды. Ол тасты Пеон жерінен осы құрылысқа арнайы алдырған, әйтпесе бұл елде тұрып жатқан варварларда тас та, ағаш та жоқ. Пайдаланылған материалдардың барлығы да басқа жерлерден тасып әкелінген. Моншаны салған сәулетші Скифтер тұтқынға түсірген Сирмияның тұрғыны. Ол өзінің өнерінің ақысына бостандық алам деп дәмеленсе керек, бірақ оның орнына Скиф құлдарынан да ауыр жұмыстарға жегілді. Онигиси оны өзінің моншашысы етіп қойды. Ол оған және үйіндегілерге олар моншада жуынғанда қызмет етуге тиіс болды. Аттиланы ауылға кіреберісте жұқа ақ жабындының астында қатар-қатар келе жатқан қыздар қарсы алды. Екі шетінен әйелдер ұстап тұрған әрбір ұзын жабындының астында жеті немесе онан да көп қыздар болды; ондай қатарлар өте көп еді. Аттиланың алдынан шыққан қыздар Скиф әдерін шырқап тұрды. Аттила патша сарайына баратын жолмен Онигисидің үйінің қасына келгенде, Онигисидің әйелі бірі ас-ауқат, екіншілері шарап көтерген көптеген қызметшілерімен бірге шықты; бұл Скифтерде ерекше құрмет көрсетудің белгісі. Ол Аттилаға сәлем салып, қошемет білдіріп алып шыққан дәмнен ауыз тиюін өтінді. Өзінің сүйікті інісінің әйелінің көңілін қалдырмай, қызметшілер күміс табақтармен жоғары көтеріп тұрған дәмнен ат үстінде тұрып ауыз тиді. Ұсынылған аяқтағы шараптан ұрттаған рәсім жасап, биік жерге салынған, басқалардан биік тұрған патша сарайына қарай жүріп кетті. Ал бізге келетін болсақ, алдын ала келісіп қойса керек бәріміз Онегисидің үйінде қалдық; оның Аттиланың ұлымен бірге келгені белгілі. Бізді оның әйелі мен керемет туыстары қабылдап, олар да түстік іштік. Онигиси бұл кезде келгеннен бері алғаш рет Аттиламен көрісіп, өзіне тапсырылған жұмыстың қалай атқарылғаны туралы және сонымен қатар баласының басынан өткен жайсыз жағдайлар жайында баяндап жатты. Ол аттан құлап, оң қолын сындырып алған еді. Онигиси Аттилада болғандықтан бізбен бірге түстік ішуге уақыты болмады. Дастархан жиналған соң оның үйінен шығып, Максиминнің Аттилаға баруына және оның басқа да ақсүйектерімен сөйлесуіне алыс болмас үшін Аттиланың сарайына жақын жерге шатырымызды тіктік. Біз түнді сол тоқтаған жерімізде өткіздік. Таң ата патша мен өзінің сыйлықтарын апарып беру үшін және Онигиси онымен сөйлескісі келе ме, сөйлескісі келсе қай уақытта соны білу үшін Максимин мені Онигисиге жұмсады. Сыйлықтарды көтерген қызметшілерді ертіп мен Онигисидің үйіне бардым; бірақ қақпа жабық болғандықтан біреу шығып менің келгенімді хабарлар деген оймен күтіп тұрдым. Сол екі арада мен сол жерде тұрғанда, қоршаудың алдында жүргенімде үстінде Скиф жамылғысына қарап мен варвар шығар деп ойлаған бір адам маған жақындап келді. Ол маған Хере (қуан, аман ба?) деп эллин тілінде амандасты. Мен Скифтің эллинше сөйлегеніне таң қала қарадым. Скифтер әр түрлі халықтардан құралғандықтан өздерінің варвар тілдерінен басқа Ун, Готфо, немесе Авсони тілдерін Римдіктер тілімен араластырып қолдана береді; бірақ олардың арасынан Фракия мен теңіз жағасындағы Иллириядан тұтқынға түскендер болмаса Эллин тілін білетін адамды табу оңай емес; бірақ бақытсыздыққа ұрынған ондай адамдарды жыртық киімдері мен таралмаған шаштарына қарап оңай тануға болады; ал мен сөйлескен адам сән-салтанатта өмір сүріп жатқан, өте жақсы киінген, шашы дөңгеленте қиылған Скиф болып шықты. Оның берген сәлеміне жауап беріп жатып мен одан кім екенін, варварлар еліне қайдан келгенін, неліктен Скифтерше өмір сүруді қалағанын сұрадым. Ол менен оны білуге неге сонша құмартып тұрғанымды сұрады. «Сен сөйлеп тұрған эллин тілі менің қызығушылығымды оятты дедім мен оған». Сонда ол күліп алып, шыққан тегі грек екенін айтты; Истраның бір саласы Мисиде тұрған Виминакий қаласына сауда ісімен келген екен; ол қалада ұзақ тұрыпты, сосын сондағы ең бай әйелге үйленіпті; ол бар бақытынан варварлар сол қаланы жаулап алғанда айырылыпты; ол бай болғандықтан тұтқынға түсіп, олжа бөліскенде Аттиладан кейінгі ең үлкен билікке ие Скиф ақсүйегі Онигисидің үлесіне бөлінуіне себеп болыпты. Одан кейін мен Римдіктер мен Акатир халқына қарсы шайқастарда ерекше көзге түсіп, Скиф дәстүрі бойынша соғыста тапқан барлық олжамды өзімнің варвар мырзама бердім, сөйтіп басыма бостандық алдым, варвар әйелге үйленіп, балалы болдым деді. Онигиси мені өз дастарханынан қалдырмайды, және мен нағыз өмір деп өткен өмірімді санаймын, әйтпесе Скифтердегі басқажерліктер соғыстан кейінгі өмірлерін тыныш та уайымсыз өткізеді; кімде не бар соны пайдаланады, ештеңеге алаңдамайды; мәселен Римдіктер билігінде өмір сүріп жатқандар соғыс кезінде оңай тұтқынға түсіп қалуы мүмкін, өзін аман сақтап қалуды басқаларға жүктеп қойған, себебі олар тирандардың кесірінен барлығы бірдей қару қолдана алмайды. Қару ұстағандар үшін соғыста шегінген жауынгердің қорқақтығы қауіпті. Римдіктердің жаман адамдардан бейбіт кезде көрген қиыншылықтары қудалаулар мен аяусыз салынған салықтар, соғыста көрген қорлықтарынан да ауыр; немесе заңның күші барлық адамдар үшін бірдей емес. Егер заң бұзған адам өте бай болса, онда оның әділетсіз әрекеттері жазасыз қалуы мүмкін, ал кім кедей, өз ісін жүргізе алмаса, ол заңда көрсетілген жазаға тартылуы тиіс, егер оның ісі өз шешімін тапқанша өліп қалмаса, себебі дау-дамай өте ұзаққа созылады және оған көп ақша жұмсалады, ал заң бойынша тиіс нәрсені ақшаға сатып алу жексұрындық саналады. Жапа шеккен адам егер судия мен оның көмекшісіне ақша бермесе ешқашан әділеттілікке жете алмайды. Ол осы сияқты тағы да басқа көп әңгіме айтты. Мен онан менің сөзімді де мән бере тыңдауын өтіндім. Мен оған Рим қоғамын құрғандар ақылды да мейірімді адамдар болған айттым. Адамдардың істері сәтсіздікке ұрынбауы үшін бір адамдар заңды сақтаумен, енді бірі әрдайым жорыққа дайын болып және қорықпай шайқасқа кіру үшін өздерінің үйреншікті ісі ретінде қару жарақпен әскери іске жаттықан; әскери істе жиі жаттығулар жасау қорқынышты азайтады. Жермен айналысатындар өзін ғана асырап қоймай, олар үшін соғысып жүргендерге де жалақы төлеуі тиіс. Тағы басқасы жәбірленушілердің жайын ойлауы керек. Олар өздерінің шамалары келмей (өз құқықтарын) өздері қорғай алмайтын адамдардың құқықтарын қорғайды; басқалары іске төрелік жасап, заңда жазылғандарды орындайды. Ешкім де сот қызметкерлерінің қамқорлығынан тыс қалған емес; олардың кейбіреулері өзіне жүктелген құқық бойынша сот үкімінің кімнің пайдасына шешілгенін бақылауы тиіс; кінәлі деп танылғанның да сот шешімінен артық жаза шекпеуі қадағаланады. Егер осыларды бақылаушы адамдар болмаса бір дау-дамай екіншісінің пайда болуына себепкер болар еді, себебі істі жеңген жақ өзін қатал ұстар еді, немесе ұтылған жақ өзінің әділетсіз пікірінде қалар еді. Заңмен айналысатын адамдарға әскери адамдарға жермен айналысатындардан алынатын өтемақы сияқты, дауласқандардан алып ақы төлеу белгіленген. Бізге көмектескен адамдарды асырау, бізге қызмет еткендерді марапаттау әділетсіздік пе? Салтатты атына қарағанды жақсы көреді, малшы бұқаларын жемдеуді, аңшы итін асырағанды, жалпы адамдар өздеріне пайда келтіретін, өздерін қорғайтындарды бағып-қағады, күтіп ұстайды. Егер айыптылар сотқа кеткен шығындарына төлейтін болса, онда олар басқа нәрсе үшін емес, өздерінің әділетсіздіктері үшін төлейді. Ал кейде болып жататын даулы істердің ұзақтығына келер болсақ, оның себебі заңның күрделілігіне, құнттылығына байланысты. Осылайша соттар істі асығыс және жете ойластырып алмай, дау-дамайды асығыс шешкеннен гөрі асықпай және ұзақ талқылап барып, сотталушыны да ренжітіп алмай, әділеттіліктің көзі саналатын құдайға да күнәлі болып қалмау үшін сақтық ережесіне қарсы қиянат жасамауға тырысады. Заң барлығы үшін бірдей қабылданған. Оған патшаның өзі де мойынсұнады. Сен байлар кедейлерді қорықпастан жәбірлейді деп өз кінәлауыңды әділетсіз айтып тұрсың. Мүмкін олардың кейбіреулері кінәлі бола тұрып, сот жазасынан қашып құтылғысы келетін шығар; бірақ көріп жүрміз ғой, ондай жағдайда тек байлар ғана емес, кедейлер де болады; немесе олар кінәлі бола тұрып дәлелді айғақтар болмағандықтан өз кінәлары үшін жазаланбайды; мұндай жағдай тек Римдіктерде ғана емес барлық халықтарда болады. Ал сен пайдаланып жүрген бостандыққа келер болсақ, ол үшін өзімен бірге сені соғысқа алып барған мырзаңа емес, тағдырыңа алғыс айт, әскери істе тәжірибеңнің жоқтығынан жауыңның қолынан мерт болуың немесе қашу туралы ойласаң өз мырзаңның жазасына ұшырауың да мүмкін ғой. Римдіктер құлдарына варварларға қарағанда әлдеқайда мейірімдірек қарайды. Олар құлдарына дәл бәр әкесі, тәлімгері сияқты қарайды. Олар жаман әдеттерден жиренуге, адал да әділетті деп танылған істерді ғана істеуге үйретеді. Мырзалар құлдарының қателіктерін өз балаларының қателіктері сияқты түзеп отырады. Скифтердегі сияқты оларды өлтіруге болмайды. Құлдарға бостандық алудың көп тәсілі қарастырылған. Мырзаларөз мүліктеріне иелік жасай отырып өмірлерінің ортасында ғана емес, өзі өлгеннен кейін де оларды бостандыққа жібере алады. Өлген адамның оның меншігіне қатысты өкімі, заң болып саналады. Менің бұл сөздерімді естіген грек «Заң да жақсы, Рим қоғамы да керемет құрылған; бірақ билеушілер ертедегі адамдар сиықты істемей оны қалай болса солай бұрмалап, бұзып бітті», - деп жылап жіберді. Біз өз ара әңгімелесіп тұрғанымызда, үйден біреу шығып қоршаудың қақпасын ашты. Мен оған жүгіріп барып: Онигиси не істеп жатыр? Мен Римнен келген елшіліктің тапсырмасы бойынша бірдеңе айтуым керек еді, -дедім. Ол үйдің адамы маған Онигисидің өзінің де шығайын деп жатқанын, шамалы күте тұрсам оны көретінімді айтты. Айтқандай-ақ аз уақыттан соң Онигиси де көрінді. Мен оған жақындап: «Рим жаушысы саған сәлем береді; мен саған патша беріп жіберген алтындар мен сыйлықтарды әкелдім. Жаушы сенімен сөйлескісі келеді және қай жерде қай уақытта сөйлесе аласың»,- дедім. Онигиси жақындарына алтындар мен сыйлықтарды қабылдауды бұйырды. Ал маған Максиминге дәл қазір баратынын айтуды тапсырды.
Мен Максиминге келіп Онигисидің келетінін айтқанымша, оның өзі де Максиминнің шатырына келіп кірді. Онымен амандасқан соң ол патша мен оның сыйлықтарына алғысын жеткізді де, оның өзін неге шақырғанын сұрады. Максимин оған: «Онигиси сенің адамдар арасында даңққа бөленетін сәтің туды, егер патшаға барып өзіңнің сұңғылалығыңмен барлық түсінбеушілікті шешіп беріп, Римдіктер мен Ундардың арасындағы келісімдерді мақұлдасаң болды деді. Мұнымен екі халыққа ғана зор жақсылық жасап қоймай, өз отбасыңа да үлкен пайда келтіресің. Сен өз балаларыңмен бірге патша мен оның жақыдарының да көңілі жақын адамы болып қаласың», - деді. Онигиси: патшаға жағу үшін не істеуім керек, және түсінбеушіліктің шешімін қалай табамын? - деп сұрады. Максимин: Егер ол Рим жеріне барып, барлық түсінбеушіліктерді тоқтатып, олардың себебін іздеп тауып және оны келісім шартқа сәйкес басуға көмектессе ол патшаның разылығына бөлеген болар еді, - деп жауап берді. Онигиси патша мен оның кеңесшілеріне Аттиланың тілегін мәлімдейтінін айтты. «Немесе, деп жалғастырды ол сөзін, әйелдерім мен балаларымның бастарына қауіп төндіріп, Скифтерден алған тәрбиемді ұмытып, өзімнің билеушіме сатқындық жасап, Рим байлығын Аттиланың қоластындағы қызметімнен жоғары қоюым керек пе? Мен өз жерімде қалсам, сіздерге пайдам әлдеқайда көбірек тиетін болады; егер менің билеушім Римдіктерге қаһарланытын болса, онда мен оның ашуын басатын болам; керісінше сендерге барып, өзіме берілген өкілдігімнің шегінен шығып кеткендей көрініп, айыпты болып қалуым мүмкін. Бұл сөздерден кейін, біздің қалауымыз болса, сол туралы сөйлесуге менің барғаным жөн екенін, себебі өзінің дәрежесіне сай Максиминнің жиі барғаны ыңғайсыз болатынын айтты да шығып кетті.
Келесі күні мен Аттиланың әйеліне арналған сый-сияпатымды алып оның сарайына бардым. Оның аты Крека еді. Аттиланың одан үш баласы болды, олардың үлкені Понтиялық Скифиядағы Акацирлер мен басқа да халықтардың билеушісі болатын. Қоршаудың ішінде үйлер көп екен; бірі әдемі қиюластырылған, шебер ойып жасалған тақтайлардан салынған; келесілері тегістеліп жонылған бөренелер ауырлыққа артылып, дөңгелене құрылыпты; олар еденнен басталып біраз биіктікке көтеріліпті. Мұнда Аттиланың әйелі тұрады; есіктің алдында тұрған варвар мені өткізіп жібергесін мен Креканы жұмсақ төсекте жатқан жерінен ұшырастырдым. Жүретін жерге жүннен тоқылған кілем төселіпті. Патшайымның қасында көп күңдері тұр; күңдері кейбірі жерде, кейбірі қарсы алдына отырып алып әдемілік үшін варварлар киім сыртынан киетін кенеп жамылғыштарды әр түрлі бояулармен әлеміштеп бояп жатыр. Мен Крекеге жақын бардым да амандасып, сыйлықтарымды беріп шығып кеттім. Мен Аттила келеді-ау деген басқа шатырға барып; мен сарайдың ішінен Онигиси қашан шығар екен деп күтіп тұрдым. Мен көпшілік қауымның арасында тұрдым, маған ешкім кедергі келтірген жоқ, себебі Аттиланы күзетшілері мен оның айналасындағы варварлар мені білетін. Мен бір топ адамның келе жатқанын көрдім; ол жерде Аттиланың шығуын күткендердің арасында ақай-шу көтеріліп кетті. Ол үйден шығып, жан-жағына көз тастап, асықпай аяғын маңғаздана басып келе жатты. Ол Онигисимен бірге шықты да, үйдің алдында тұрып қалды, өзара даулары барлар қасына жақындап оның шешімін тыңдады. Сосын ол қайтадан өзіне келген варвар жаушыларын қабылдау үшін үйіне кіріп кетті. Мен Онигисиді күтіп тұрғанымда алтын пияла ісі бойынша Италииядан жаушы ретінде келген Ромул, Промут және Роман, Константиимен бірге болған Рустики мен Аттила билігіне қарайтын Пеони тұрғыны Константиол менімен сөйлесе бастады, олар Аттила бізді жіберді ме немесе тағы да осы жерде қаласыңдар ма деп сұрады. Мен де өз тарапымнан Аттила олардың елшілеріне қандай да бір көңіл көншітерлік жауап берді ме деп сұрадым. Олар Аттила өз ойын еш өзгертер емес, егер Силван немесе тостаған берілмесе соғыс жариялайды деп жауап берді. Біз варвардың ақылсыз тәкаппарлығына таң қалдық, көп елшіліктерде болған, бұл істе үлкен тәжірибе жинаған Ромул Аттиланың зор бақыты да, осы басына қонған бақтан тасыған күш-қуаттан басы айналғаны соншалық, олар (басқалар) қанша жерден әділетті болса да іс өз пайдасына шешілмесе басқаға төзе алмайды деді. Бұған дейін Скифияға немесе басқа елдерге патшалық еткендердің ішінен осындай қысқа уақыт аралығында дәл Аттила сияқты соншама ұлы істер атқарғандары болған емес деді Ромул. Оның билігі мұхиттағы аралдарға дейін созылып жатыр, ол күллі Скифтерді ғана емес Римдіктерді де салық төлеуге мәжбүр етіп отыр. Қазіргі иеленген жеріне қанағаттанып қоймай, Парсыларға бармақшы, өз державасын кеңейтпекші, онан да зорды көксеуде. Сол жерде тұрғандардың бірі Аттила Парсыларға қай жолмен баруы мүмкін деп сұрады? Ромул Мидия Скифифядан онша алыс емес деді; оларға апаратын жол Ундарға белгісіз, олар аштық өршіп тұрған ертерек кезде-ақ басып кірген болатын, ал Римдіктер басқалармен соғысып жатқандықтан оларды тоқтата алмаған-ды; қалың әскердің қолбасылары патшалық Скиф тайпасының батырлары, кейін одақ құру үшін Римге келген Васих пен Курсих дегендер Мидия жеріне жеткен болатын. Олардың сөзіне қарағанда, олар далалы өлкені басып өтіп, одан бір көлден өтіп Ромулдың ойынша Меотида болса керек, он бес күндей жүрген соң бір таулардан асып, Мидияға кірген. Олар сол жерге баса-көктеп кіріп, тонаушылық жасай бастаған кезде оларға Парсылардың сансыз көп әскері шабуыл жасап, скифтердің төбесін қалың (бұлттай) садақ жебелерімен жауып тастайды. Қауіптен сескенген Скифтер аздаған олжаларын қанағат тұтып шегініп, қайтадан таудан асып кетеді; көпшілік бөлігі Мидиялықтардың қолынан қырғын табады. Дұшпан соңымызға түсер деп қауіптеніп, Скифтер басқа жолға түсіп кетеді, су астындағы жартастан от шығып жатқан жерлермен бірнеше күн жүріп отырып, өз елдеріне оралады. Осылайша олар Скифия жерінің Мидиядан онша қашық емес екенін біліп алады. «Содан, деп жалғастырды әңгімесін Ромул, егер Аттила Мидияға соғыс ашқысы келсе, оған ол ешқандай да қиындық тудырмайды; оған Мидтер мен Парфтарды, Парсыларды жаулап алып, өзіне алым төлететін жол алыс емес. Оның әскери күшінің құдіреті сондай, оған ешқандай халық қарсы тұра алмайды». – Аттила Парсыларға қарсы соғыс ашып, оларға қару кезенгенін құдайдан тілеп тұрғанымызда, Константиол: «Аттила Парсыларды оңай жеңіп алып, ол жақтан Римдіктердің досы емес, керісінше олардың әміршісі боп оралама деп қорқам,- деді. Қазір ол олардан (римдіктерден) өз дәрежесіне сай алтын алып отыр, егер ол Мидтер мен Парфтарды және Парсыларды жаулап алса, онда ол одан әрі Римдіктердің өз билігінен жалтарғанына төзе алмайды. Онда ол өзінің құлы ретінде оларға (римдіктерге) ең ауыр, адам төзбес бұйрықтар береді. Константиолдың еске алып тұрғаны Аттила патшадан алып тұруға келісім берген Рим қолбасшысының абыройлы дәрежесіне тиіс жалақы болатын». Константиол: «Мидтерді, Парфтарды және Парсыларды жаулап алса Аттила Римдіктер құрмет тұтады деген аты мен атағын алып тастап, қолбасшының орнына өзі патша деп атауға мәжбүрлейді; оның қазірдің өзінде патшаның қолбасшылары оның құлдары, ал өзінің қолбасшылары Рим патшаларымен тең дәрежеде деп ашу үстінде айтқаны бар, Скиф патшалары қасиетті санайтын Марстың қылышын оған құдайдың өзі көрсеткендіктен оның күш-қуаты жақын уақытта мұнан да артады. Ол қылыш соғыс құдайыныкі болғандықтан аса қастарлі болып саналады, ол ерте заманда жоғалып кеткен, қазір бұқа арқылы кездейсоқ табылып отыр. Біздің әрқайсымыз қазіргі жағдай туралы бірдеңе айтпақ болып жатқанымызда, Аттиладан Онигиси де шықты. Біз өзіміздің өтінішіміздің ахуалы туралы бірдеңе білгіміз келіп оның қасына бардық. Онигиси менің алдымда бірнеше варварлармен сөйлесіп болып, менен Максиминнен Римдіктердің арасынан Аттилаға жаушы ретінде кім баратынын сұрауды талап етті; Мен шатырға барып, маған айтылғандарды Максиминге жеткіздім, екеуміз бірге отырып Онигисидің сұрағына берілуі тиіс жауапты ақылдастық. Мен оған Римдіктердің патшаға арадағы түсінбеушілікті келісу үшін өзі барғанын қалайтынын айту үшін қайта бардым; егер олардың тілегі орындалмаса, онда патша Аттилаға баратын жаушыны өзі кімді қаласа соны тағайындайды. Онигиси сол сәтте маған өзіне Максиминді шақыруды тапсырдыОл келді. Онигиси оны Аттилаға алып кетті. Біраздан кейін Аттиланың үйінен Максимин шықты ол маған варвар өзіне жаушы ретінде Номның, немесе Анатолидің, болмаса Сенатордың тағайындалуын талап етіпті; олардан басқа ол ешкімді де қабылдамақ емес. Бұл адамдарды елшілікке тағайындауға болмайтынын, бұл арқылы оларды патшаның алдында күдікті етіп алатыны туралы жасаған Максиминнің ескертпесіне, Аттила егер Римдіктер ол нені қаласа соны істемесе, онда түсініспеушілік қарудың көмегімен шешілетінін айтыпты. Біз шатырымызға қайтып оралғанымызда, Орестің әкесі келіп Аттиланың екеумізді күндізгі сағат тоғыздар шамасында болатын тойға шақырғанын айтып кетті. Белгіленген уақытта біз және батыс Римдіктердің елшілері, Аттилаға қарама-қарсы бөлменің табалдырығына келіп тұрдық. Шарапқұюшылар өз елдерінің дәстүріне сәйкес, тостағандар ұсынды, сондай-ақ, біз де отырмас бұрын дұға жасадық. Осыларды істеп болғасын тостағандағыдан ауыз тиіп, біз түстік ішетін орындықтарға қарай қарай бардық.
Отырғыштар бөлменің екі жағында тұрды; дәл ортасындағы төсекте (бөстекте) Аттила отырды; оның арт жағында бірнеше баспалдақ арқылы баратын басқа төсек тұрды. Ол әдемілік үшін Римдіктер мен Эллиндіктер жаңа үйленгендер үшін пайдаланатын жұқа шілтерлі шымылдықпен жабылған. Түстік ас ішіп отырғандар үшін бірінші қатар Аттиланы оң жағы саналады екен; екінші сол жақ, ол біз отырған жақ; Біздің алдымызда Скифтердің текті руынан шыққан Верих отырды. Патша төсегінің оң жағындағы орындықта Онигиси отырды. Онигисиге қрама қарсы орындықта Аттиланың екі ұлы отырды; үлкен ұлы әкесіне деген құрметпен көзін төмен салып оның төсегінің шетінде одан алыстау отырды. Барлығы өз реттерімен отырған соң, шарапқұюшы Аттилаға жақындап, оған тостағанмен шарап апарып берді. Аттила оны қолына алып, бірінші қатарда отырғандармен сәлемдесті. Сәлем беру құрметі көрсетілгендер, орындарынан тұрды; оларға Аттила шарапты ұрттап немесе ішіп болғасын тостағанды шарапқұюшыға қайтарғасын ғана отыруға рұқсат етілді. Ол отырған кезде, қатысушылар да оны солайша құрметтеді: тостағандарды қолдарына алып, қошеметтеп, шараптан дәм татысты. Әр бір қонақтың қасында бір-бірден шарапқұюшылар тұрды, Аттиланың шарапқұюшысы шыққанда кезекпен кіріп жатты. Қонақтардың екіншілері мен одан кейінгілеріне де сондай құрмет көрсетіп, Аттила бізге де отырған орындарымыздың реті бойынша басқалармен бірдей қошемет білдірді. Барлығына осы сияқты құрмет көрсетіліп біткен соң, шарапқұюшылар шығып кетті. Аттиланың столының қасына әркім отырған қатарынан шықпай-ақ, табақа салынған тамақтардан ала алатындай үш, төрт немесе одан да көп қонаққа арналған стол қойылды. Бірінші ет салынған табақ көтеріп Аттиланың қызметшісі кірді. Оның артынан басқа қонақтарға қызмет көрсетушілер столдарға ішіп-жем мен нан әкеліп қойды. Басқа варварлар мен бізге күміс ыдыстарға салынған керемет тамақ дайындалыпты; ал Аттиланың алдында ағаш табаққа салынған еттен басқа ештеңе болған жоқ. Ол барлық жағынан да ұстамдылық көрсетті. Тойдағыларға әкелінген тостағандардың барлығы атын мен күмістен жасалынған, ал оның тостағаны ағаштан болды. Оның үстіндегі киімдері де мұнтаздай тазалығы болмаса басқалардан ешқандай айырмасы жоқ қарапайым екен. Оның асынған қылышы да, варварлық аяқкиімінің баулары да, атының жүгені де басқа Скифтердікі сияқты алтынмен, қамбат тастармен, басқа да қымбат дүниелермен әшекейленбеген. Бірінші табаққа салынған тамақтар желініп болған соң, біз бәріміз орнымыздан тұрып, әрқайсымыз өз орнымызға бармас бұрын, бағанағы тәртіппен әкелінген шара толы шараптан ішіп Аттиланың амандығын тіледік. Осылайша оған құрмет көрсетіп, біз отырдық, ал әр столға басқа тағамдар салынған екінші табақ тартылып жатты. Барлығы орындарынан тұрып бағанағыдай тамақ алып жатты; сосын шарап ішіп, отырып жатты.
Кеш түсе бастағанда, алаулар жағылды. Екі варвар Атилланың алдына шығып, оның шайқастарда көрсеткен ерліктері мен жеңістерін ұлықтаған әндер айта бастады. Әңгімелесіп отырғандардың барлығы оларға қарап қалды; біреулері өлеңнің сөздеріне разы болып көтермелеп, енді бірі, шайқастарды естеріне түсіріп арқалары қозып, ал қартайып байсалды күйге түсіп, денелерінен әл кеткендері көздеріне жас алып жатты.
Ән айтылып болған соң, делқұлы бір Скиф алдыға шығып алып, мағынасы жоқ, біртүрлі сандырақ сөздер айтып бәрін күлкіге батырды. Онан соң Влидаға арақа сүйеп жүргенде варварлар жерінен алған әйелін қайтарып алу үшін Аттиланың қолдауына ие болуға Эдикон дәмелендірген соң келген Зеркон Маврусий жиынның алдына шықты. Зеркон Аттила оны Аэтиге сыйлап жібергенде әйелін Скифифяда қалдырып кеткен болатын. Бірақ оның үміті алдамшы боп шықты, себебі оның өз жеріне қайтып келгеніне Аттиланың жыны келіп отырған. Тойдың думанды қызығын пайдаланып өзінің түрімен де, киімімен де, күлкілі дауысымен және латын, унн, готф тілдерін араластыра сөйлеуімен де Аттиладан басқа отырғандардың барлығын күлкіге қарық қылды. Аттила жалғыз өзі ештеңе істеместен, күлкіге қатысы жоқ адамдай еш өзгеріссіз, тапжылмай отырды: ол тек кіріп қасында тқрған ұлдарының кішісі Ирнаны бетінен тартып, жүзіне көңілдене қарап отырды. Мен Аттиланың тек Ирнаны ғана айналып, толғанып өзінің басқа балаларына назар аудармағанына таң қалдым. Авсон тілін білетін менің қасымда отырған варвар, бірінші оның айтқан сөзін менің ешкімге айтпауымды өтініп алды да, көріпкелдердің Аттилаға оның тұқымының құритынын, бірақ осы баласы ғана оны қалпына келтіретінін айтқанын жеткізді. Той-думан түнде де жалғасып жатқандықтан біз одан әрі ішкіліке салынып отыра беруді жөн көрмей шығып кеттік.
Келесі күні біз таңертең Онигисиге келіп, мұнда уақытымызды босқа өткізбес үшін бізді жіберуі тиіс екенін ескерттік. Ол Аттиланың да бізді жібергісі келіп отырғанын айтты. Біраздан кейін ол басқа да төрелермен кеңесе отырып, Аттиланың ыңғайына қарап патшаға жіберетін хатты жазуға кірісті. Онигисидің қасында хатшылары болды, сонымен қатар бір шайқаста қолға түскен, хат жазғызу үшін Аттила пайдаланып жүрген керемет білімді, жоғары Мисидің тұрғыны Рустики бар еді.
Онигиси кеңестен шыққан кезде біз одан Ратиариді алған кезде тұтқынға түскен Силланың әйелі мен балаларын босатуды сұрадық. Ол оларды босатуға қарсы болған жоқ, бірақ олар үшін өте қымбат құн сұрады. Біз бұл отбасының қазіргі жағдайын ескеруді және оның қазіргі басындағы қасіретіне аяушылық білдіруін сұрадық. Онигиси Аттилаға кетті. Силланың әйелі бес жүз алтынға босатылды, ал балаларын патшаға сыйлық ретінде жіберді.
Сол екі арада, Аттиланың әйелі Рекан бізді өзінің іс басқарушысы Адамиге түстік ас ішуге шақырды. Біз оның үйіне бірнеше беделді Скифтермен бірге бардық, жақсы ниетпен және жылы қабақпен қарсы алып, дастарханнан дәм таттық. Қасымызда тұрғандардың әрқайсысы Скифтерге тән кішіпейілдікпен орындарынан тұрып шарап толы табақты ұсынады, сосын ішкен адамды құшақтап, сүйіп, олардың ыдыстарын алып кетіп жатты. Түстен кейін біз өз шатырымызға барып жатып, ұйықтадық. Келесі күні Аттила бізді тағы да тойға шақырды. Біз оған барып тағы да өткен жолғыдай тойладық. Аттиланың қасындағы төсекте бұл жолы оның үлкен ұлы емес, немере ағасы (әке жағынан) Оиварси отырды. Той үстінде Аттила бізге жағымды сөздер айтып отырды, және өзіне Аэти хат жүргізу үшін жіберген Константиге патша уәде қылған әйелін берсін деп айтуды тапсырды. Бір кездері Феодосий патшаға Аттиланың елшілерімен бірге барған бұл Константий егер патша оған бір бай әйелді беретін болса, Римдіктер мен Скифтер арасында ұзақ уақытқа бейбітшілік орнатуға уәде береді. Патша оның айтқанына келісіп оған тегі мен байлығы жағынан белгілі адам Саторнилдің қызын алып беруге уәде береді. Бірақ Саторнил Эвдокия деп аталған Афинайдоның қолынан қаза табады да Зинон патшаның уәдесінің іске асуына жол бермейді. Зинон деген, консулдық дәрежеге дейін көтерілген өзінің маңайында көптеген исаврларды ұстап, соғыс болған жағдайда оған Константинопольді қорғау тапсырылған болатын. Ол кезде шығыстағы әскери күштің бастығы бола тұрып, ол қызды қамаудан босатып, Руф деген өзінің бір жақынына үйлендірген. Өз үміті алдауға түскен Константий Аттиладан өзін бұлайша ренжіткенін ескерусіз қалдырмауды және қалай да оған жасау әкелетін уәде етілген қызды немесе басқасын бергізуін сұрайды. Сондықтан Аттила дастархан үстінде билеушіге алдаған жараспайды, Константиді үмітітінен айырмау керек еді деп патшаға айтуды Максиминге тапсырды. Максиминге Аттиланың мұндай тапсырма беруінің себебі, егер Константий қандай да бір Римдік бай әйелге үйленсе оған ақша бермек боп уәде еткен екен. Біз көңілді жиыннан түнде шықтық.
Үш күн өткен соң, қомақты сый-сыяпатпен қошемет көрсетіп, Аттила бізді жіберді. Ол бізбен бірге патшаға жаушы қылып той кезінде бізден жоғары отырған Верихті бірге аттандырды. Ол бұрын талай рет елшіліктермен Римдікттерде болған, Скифтер елінде бірнеше елдімекендерге иелік ететін, беделді де белгілі адам еді. Біз жолға шығып, бір аулға келіп тоқтадық. Ол жерде Рим жерінен варварларға келген бір Скифті барлаушылар ұстап алыпты. Аттила оны қазыққа отырғызуды тапсырыпты. Екінші күні басқа елдімекендерде келе жатқанымызда қолдарын арттарына қайырып байланған, Скифтерде құлдықта болған, соғыс заңы бойынша өздеріне егелік еткен мырзаларын өлтіргендері үшін екі адамды алып келді. Екеуінің бастарын көлденең екі ағаш бөренеге қойып, керіп өлтірді.
Скиф жерінде бізбен бірге келе жатқанда салмақты да мейірбан күйде келе жатқан Верих Истрадан өткен соң-ақ қызметшілердің жіберген шамалы қателіктеріне бола болмайтын нәрселерге үшін бізбен жауығып алды. Бірінші ол Максиминге өзі сыйлаған атын қайтарып алды: себебі Аттила өзінің айналасындағы белгілі адамдарға Максиминге сыйлық түрінде құрмет көрсетуге бұйрық берген болатын. Олардың әрқайсысы, соның ішінде Верих те бар Максиминге бір-бір жылқыдан берген еді. Максимин біраз жылқыларды қабылдап алып, енді біразын өзінің қанағаттанған сезімін білдіру үшін қайтадан қайтарып жіберген. Верих одан сол атын қайтарып алды да, бізбен бірге түстік ас та ішпеді, бірге де жүргісі келмеді. Осылайша варварлар жерінде жасалынған байланысымыз жалғаса берді.
Біз Филиппопольдан өтіп, Адрианопольға келдік. Осы жерде демалып, Верихты әңгімеге тарттық. Біз оның үндемей қалғанына наразылығымызды білдірдік, оның ешқашан өкпелетпеген адамдарға бекер ренжігенін дәлелдеуге тырыстық. Оны сабырға шақырып, түстік ас ішуге шақырдық; одан кейін тағы да жолға шықтық.
Біз жолда Скифифяға қайтап бара жатқан Вигиланы кездестірдік, оған бізге Аттиланың қайтарған жауабын айтып беріп, одан әрі сапарымызды жалғастырдық. Константинопольге келгенде біз Верихтың реніші тарқаған шығар деп ойлаған едік: бірақ ол өзінің жабайы мінезін өзгертпепті, ұрыс шығару үшін Максиминді кіналауға көшті, оның (Максиминнің) Скиф жерінде айтқанына қарағанда қолбасшылар Ареовинд пен Аспардың патшаның алдында ешқандай қадірі болмаған; ол (Максимин) олардың істерін жек көрген, олардың варварлық жеңілтектіктерін әшкерелеген.
Біршама уақыттан соң, Вигила Аттила барған елдімекенге барады, ол Эдиконға әкелген ақшасын тартып алу үшін қойылған варварлардың қоршауында тұрды. Вигиланы Аттиланың алдына алып келеді, ол онан осыншама ақшаны не үшін әкелдің деп сұрайды? Вигила өзін және өзінің жолдастырының жайын ойладым деп жауап береді, осыншама ұзақ жолдан елшілік қайтқанда жолда тоқтап қалмас үшін, азық-түлік, немесе аттар мен жүк көліктері жарамай қалып, жетпей жатса керек болар деген оймен әкелгенін; оның үстіне Рим жерінде көпшілік адамдар өздерінің туыстарын әскери тұтқыннан сатып алуды сұрағанын, сол үшін дайын тұрған алтынды ала келгенін айтады. «Аяр тағы! – деді сонда Аттила, өз өтірігіңмен сен айыбыңды жуа алмайсың және жазадан қашып құтылатын жеткілікті дәлел де таба алмайсың, сендегі алтынның мөлшері сенің барлық қажетіңе кететін шығындардан асып кетеді, аттар мен басқа да малдарды, әскери тұтқындарды сатып алудан да артылады; оның үстіне сен Максиминмен маған келген кезіңде-ақ мен сендерге мал сатып алуға тыйым салғанмын» дейді. Осыны айтып Аттила егер дәл сол мезетте ақшаны не үшін және кімге әкелгенін айтпаса Вигиланың баласынының (бірінші рет келгенде әкесімен варварлар жеріне еріп келген болатын) қарнын қылышпен жаруды бұйырады. Өлімге басы байланған баласын көріп Вигила өкіре көз жасын төге отырып, Аттиладан еш кінәсі жоқ баласын аяуды, қылыштың жүзін өзіне қаратуды сұрап жалынады. Ол тоқтамастан өздерінің, Эдиконмен, әтекпен, патшамен қандай жасырын жоспар құрғанын айтып жатты, сонымен бірге Аттиладан ұлын босатып өзін өлтіруді қайта-қайта сұраумен болды. Аттила Вигиланың алдамағанын Эдиконның айтқанынан біліп отырғандықтан, оған кісен салдырды, сосын өзін сатып алуға тағы да елу литр алтын әкелу үшін ұлын еліне қайтаруды бұйырды. Вигила кісендеулі қалды, ал баласы Рим жеріне оралды. Сосын Аттила Константинопольге Орест пен Исланы аттандырды.
(пер. С. Дестуниса)
Текст воспроизведен по изданию: Сказания Приска Панийского // Ученые записки второго отделения императорской академии наук, Книга VIII. Вып. 1. СПб. 1861
© текст - Дестунис С. 1860
© сетевая версия - Thietmar. 2011
© OCR - Рогожин А. 2011
© дизайн - Войтехович А. 2001
Достарыңызбен бөлісу: |