Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет260/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
242 
балалардың кӛпшілігі жалпы білім беру бағдарламасымен оқи алады. 
Қалыпты интеллект, жақсы есте сақтау қабілеті, кӛріп қабылдау қабілеті аутизм 
балаға академиялық бағдарламаны жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Аутист бала 
математикадан үздік оқи алады, кейде ӛз қатарындағы балардан да үздік оқиды. 
Кейбіреулері, ұсақ моторикасында проблемасы жоқ жағдайда, сурет салуда үздік. 
Аутизм синдромы бар балалардың кӛпшілігі оқуды тез меңгереді, бірақ оқығанын 
түсінбейді. Ерекше аймақтық қызығушылықтары болады: тарих, астрономия 
ғылымдарының эксперті т.б. Бір жағынан, аутистік белгілері және қабылдау 
проблемалары мектепте оқығанда үлкен кедергілер туғызады. Құрдастарымен қарым- 
қатынасқа кірігу қиындықтары сыныптастары және мұғалімдер жағынан әлеуметтік 
шектеудің себебі болады. 
Тәртібінің бұзылуы, сыныпта айқайлау, орындықта қозғалу, агрессия, аутоагрессия 
бұзылымдары мұғалімге сабақ жүргізуге кедергі болады. 
Сонымен қатар, аутизм синдромы бар балаларға сӛйлеу тілінің кӛптеген 
бұзылымдары, сӛйлеу тілін дұрыс қолдана алмау, сӛздік қорының шектелуі, 
грамматикалық бұзылымдар, сӛйлеу тілінің мәнерлігінің бұзылуы тән. Осы бұзылулардың 
себебі күйзеліске, агрессияға, ышқынып айқайлауына әкеледі. 
Инклюзивті білім беру ортасы – бұл аутист баланың сенсорлық қабілетіне қолдау 
таба алмайды. Сыныпта балалардың кӛптігі және кішкентай кеңістік аутист баланың ӛзіне 
қол тигізуді болдыртпауда агрессиялық реакциясы күшейеді. Оқыс жерден аутист балаға 
кішкене ғана, қол тиіп кетсе, ол ұрынады деп қабылдайды және агрессия реакцияларын 
туғызады. 
Кӛпшілік аутист балалар шуға, қатты дыбыстарға сезімтал. Үзілісте немесе 
сыныпта балалардың айқай шуы аутист баланың кері айқайлауына әкеледі. Мұғалімнің 
қатты дауысы немес оқушының жылауы кері эмоциялық реакция туғызып аутист бала 
жылайды немесе айқайлайды, заттарды лақтырып итере бастайды. Аутист балалардың 
арасында түрлі жапсыру тапсырмаларын орындаған кезде клейге, бояуларға жиіркенетін 
балаларда болады. Ол жапсыру тапсырмаларын орындаудан бас тартады. Сенсорлық 
проблемалар ұсақ моторика қимылдарының дамымаушылығымен және қимыл-қолзғалыс 
қиындықтарымен негізделеді. 
Инклюзивті ортада аутист бала оқу, жазу, есептеу қабілет алады. Бірақ та, 
инклюзивті білім берудің мақсаты жалпы білім беру бағдарламасымен білім алу емес. 
Бұндай тәсіл жеке оқытуда да қолжетімді. Инклюзивті орта аутист балаға жалпы білім 
беру бағдарламасына сәйкес білім алумен қатар оқытуда кездесетін қиындықтар мен 
проблемаларды жеңуді қарастырады. 
Аутист баланың қандай да болса қабілетінің тӛмендігі немесе мүлдем жоқ 
кӛрсеткіші, инклюзивті ортаға лайықты еместігін кӛрсетпейді. 
Аутист балаларға инклюзивті білім беруде бірнеше түрлі әдістемелік тәсілдер 
қолданылады. Бір әрекеттен екінші әрекетке кӛшу аутист балалардың кӛпшілігінде 
проблемалық жағдай болады және агрессия немесе тәртібінің ауытқушылығын тудырады. 
Аутистік спектр бұзылыстары бар балалардың сӛйлеу коммуникациясының 
бұзылуы кезінде ауыз екі сӛйлеу тілі,сӛзді есінде сақтауы, фонематикалық есіту қабілеті, 
сӛзді түсінуі, жазуы, оқуы, есептеуі сияқты сияқты сӛйлеу тілі әрекетіндегі кӛріністердің 
әр түрлі деңгейдегі орындалуы ерекше жүйелілікпен бұзылатындығы белгілі. 
Визуалдық сабақ кестесін қолдану манипулятивті айырушылық стимулдарының 
міндетімен негізделеді. Бұл істе вербалдық нұсқаулар визуалдыққа алмастырылады. 
Осылайша нақты түрін иеленеді. 
Оқыту тәсілі келесідей жүреді: 

сабақтын алдында балаға визуалдық сабақ кестесін кӛрсетеді, қандай 
тапсырмаларды орындауын түсіндіреді; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет