Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет285/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Зерттеу нәтижелері. М
атематикадан ойын түрінде 6-сынып оқушыларына 
жүргізілгенсабақтардың ішінен «Рационал сандардың периодты ондық бӛлшек түрінде 
жазылуы» тақырыбындағы практикалық сабағын алатын болсақ. Оқушыларға тақырыпты 
әрі қарайтүсіндіруде бірнеше ойындар жүргізілді. Олар жылдам тап ойыны, топтық 
жұмыс ретінде алынған сәйкестікті тап, жұптық тапсырмалар, пазл ойындары. Ойындар 
ақпараттық технологияны қолдану кӛмегімен жүргізілді. 
Сабақ барысы.
Сыныпта 24 оқушы болғандықтан, алдымен оқушыларды 
https://qazmath.net/ 
сайтының «Іріктеу» командасы кӛмегімен тӛрт топқа бӛлу 
жүргізілді.Топқа бӛлінген оқушыларды табысқа жеткізу үшін, сабақ барысында қазыналы 
карта қолданылды. Онда аралдарға жету үшін топтарға тапсырмалар беріліп отырылды. 
Капитан басшысы сайланылды. 
Сәйкестікті тап ойыны. 
Мұғалім сандықшаны ұсынып, әр топтың капитанынан 
тапсырманы алуды сұрайды. Тапсырма барлық топқа бірдей беріледі, олармен ӛзара 
топпен бірге орындалады. Сәйкестендіруді орындай отырып, оқушылар математикадан 
ӛткен сабақты еске түсіреді. 
Сурет 1. Сәйкестікті тап ойын тапсырмасы. 
Бірінші болып тапсырманы орындаған топ «Шапалақ» әдісі арқылы ӛздерінің 
тапсырманы орындап болғандығын білдіріп, дұрыс жауабын оқиды. Сонымен саяхат 
картасының кемесі алдыға жылжиды. 
Жҧптық тапсырма ойыны. 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
268 
 
Сурет 2. Периодты ондық бӛлшектерге берілген тапсырмалар 
Сандықтың ішіндегі кезекті тапсырма ретінде периодты ондық бӛлшектердің 
периодтарын жақшаға алу мен аралас периодты ондық бӛлшектерді ажыратып жазу 
тапсырмалары «Бӛлшек» аралында орындалуға жұптарға таратылып беріледі. 
1-тапсырма 
Периодты ондық бӛлшектердің периодтарын жақшаға алып жазыңдар. 
1) 0, 82323...; 
3) 0, 917777...; 
5) -0, 0101...; 
2) 2, 333...; 
4) -6, 666...; 
6) – 4, 037037...; 
2-тапсырма 
Периодты ондық бӛлшектердің ішінен таза периодты ондық бӛлшектерді бір 
жолға, аралас периодты бӛлшектерді екінші жолға теріп жазыңдар. 
1) -3, 333...; 
3) 0,2727...; 
5) 12, 3232...; 
2) -0, 21333...; 
4) 9, 42828...; 
6) -2, 0303...; 
Оқушылар берілген тапсырмаларды шығарып қана қоймай, дәптерлеріне толық 
жазып алады. Дұрыс жауаптарын тақтаға жазу үшін «Жеребе» әдісі арқылы бір оқушы 
таңдап алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет