Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет339/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

 
ӘУЕЛБЕК БАЛНҦР 
САРЫБАЕВА ӘЛИЯ ХОЖАНҚЫЗЫ 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-тҥрік университеті 
 
Физика – қолданбалы ғылым екені белгілі. Оның пәні, негізгі мақсаттары мен 
міндеттері тәжірибемен тағайындалады. Физиканың ғылым ретінде қазіргі таңда 
қолданылу саласы шексіз: ғылымда, техникада, ӛндірісте, білім және т.б. салаларда. 
Физика адамзат ӛмірінің алуан түрлі салаларында кеңінен қолданылатындықтан, ЖОО-да 
осы ғылымның модельдерін оқыту және қолдану маңызды болып табылады. 
Цифрлық ресурстарды қолдану мәселелерін кӛптеген еңбектерден кӛруге болады. 
Элен Битэм, Рона Шарптың «Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу: ХХІ 
ғасырдағы оқыту дизайны» , Дейл Х.Шунктың «Оқыту теориясы: Білім беру кӛкжиегі» 
атты жұмыстарында [2], Н.Е.Суркова «Орта білім беру мекемесінде қашықтықтан оқыту 
кезінде цифрлық білім беру ресурстарын құру және қолдану әдістемесі» атты жұмысында 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
313 
қашықтықтан оқыту мәселелері [3], О.В.Штеймарк «Сандық білім беру ресурстарының 
кӛмегімен педагогикалық университет студенттерінің білім сапасын арттыру» атты 
еңбегінде цифрлық білім беру ресурстарының кӛмегімен студенттердің білім сапасын 
жақсартатын модельді теориялық негіздеу, әзірлеу және тестілеу жайлы [4], Кейбір 
еңбектерде «Сандық білім беру ресурстарын қолдану білім беруді ақпараттандыру 
жағдайларындағы мұғалімнің маңызды кәсіби педагогикалық міндеті» атты мақаласында, 
сандық білім беру ресурстарының оқу үдерісінде пайдаланудың факторларға тәуелді: 
қолданылатын техниканың, бағдарламалық құралдардың сенімділігі, оқушылардың 
қызығушылығы, ақпараттық мәліметтер базасын қашықтықтан пайдалана білу 
машықтары, компьютерде жұмыс істей білу, сандық білім беру ресурстарын және т.с.с. 
екендігін зерделеген [5]. 
Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын 
электрондық оқыту жүйесі компоненттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары 
сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде ӛскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, 
бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында 
ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. 
2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру 
мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау 
стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық 
оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, 
психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын 
ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық 
оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін 
қолданылады [6]. 
Бірақ, жоғарыда кӛрсетілген ғалымдардың зерттеулерінде тек физиканы оқытуда 
ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдануға кӛп кӛңіл бӛлінген. 
Сонымен қатар, пәнді оқытуда цифрлық ресурстарды білім алушылардың оқу 
жетістіктерін бағалаудақолданудың тәсілдері айқын және жан-жақты талданбаған. 
Болашақ мұғалімдерді даярлауда пәнді оқытудың цифрлық ресурстар арқылы арттыру 
мәселелері ғылыми зерттеулерден тыс қалған. 
Жоғарыда аталған еңбектерді талдай, саралай келе физиканыпәнін оқытуда 
цифрлық ресурстарды білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудақолдану мәселесі 
теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда әлі де жетілдіруді қажет ететін ӛзекті 
мәселелердің бірі. 
Қарастырылған мәселелерді тұжырымдай келе, бұл ғылыми зерттеу жұмысының 
мақсаты-мeктeп физикa кypcын oқытy үдepiciндe білім алушылардың оқу жетістіктерін 
бағалауда цифрлық ресурстарды қолдануды тeopиялық нeгiздey жәнe oны oқытyдa icкe 
acыpyдың әдicтeмeciн жacay болып табылады. 
Эксперименттік жұмыстар физика оқыту үдерісінде цифрлық ресурстарды 
пайдаланып оқыту әдістемесінің тиімділігін практикада тексеру мақсатында жүргізілді. 
Педагогикалық зерттеудің табысы – зерттеп отырған мәселенің практикада қалай 
қабылдануымен, сондай-ақ эксперименттің іске асқан мүмкіндіктері туралы айқын нақты 
материалдарды алуды қамтамасыз ететін әр түрлі зерттеу тәсілдерін қолданумен 
анықталады. Тәжірибелік эксперимент Түркістан қаласы №23 IT лицейінде жүргізілді. 7- 
сынып оқушылары қатыстырылды. 
Негізгі эмперикалық әдістер ретінде таным әдістері қолданылады. 
Эксперимент әдісі дегеніміз бақыланатын және басқарылатын жағдайларда 
құбылыстарды зерттеу. 
Бақылау әдісі – оқушыларды оларға араласпай мақсатты түрде қабылдау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет