Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
44
ГРНТИ 27.01.79
БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҦҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДАҒЫ STEM
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӚЛІ
АМАНБЕКОВ ЗАМАНБЕК АСЫЛБЕКҦЛЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті, Жаратылыстану институты,
«
Физика және математика
»
кафедрасының магистранты, Қызылорда
ҚАЙЫҢБАЕВА ЛАРИСА САҒИЖАНҚЫЗЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің қауымдастырылған
профессоры, п.ғ.к., Қызылорда
1 Кіріспе (Introduction)
Қазіргі таңда кез келген ұйымда желілік ақпараттық технологияларды қолдану
ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ақпараттық жүйе мүмкіндігінсіз қаржыны,
бизнес үрдісті, қызметкерлерді, бӛлімдерді басқару мүмкін емес.
Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында
цифрландыру барлық реформаның басты элементі екеніне маңыз берді. Бұл – сәнге
айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы,
табысты болудың басты кілті. Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен
адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM
білім беру маңызды және ӛзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде
ерекше назар аударуды талап етеді.
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының басты белгісі – бұл ӛндірістің, тұтынудың және
адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Ақпарат
құндылығы мен ақпараттық қызмет кӛрсетудің салмағы қазіргі қоғам ӛмірінде жедел
түрде ӛсуде. Бұл ақпараттандыру процессі кезінде материалдық құндылығы болмаса да
басты роль деуге негіз береді.
Болашақ «Математика» мамандығының студенттері болашақта математика пәні
мұғалімі болып қызмет атқаратын болғандықтан да, олардың
STEM
технологияларды оқу
үрдісінде қолдану заман талабы.
Сурет 1 STEM сӛзінің кеңейтпесі
Достарыңызбен бөлісу: