Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН



Pdf көрінісі
бет75/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН 
ҚОЛДАНУ 
 
ДЖАНЫСОВА ДАРИҒА ДЖАНЫСОВНА 
БАЙЕКЕЕВА ЗАХИРА МЫРЗАГЕЛДИЕВНА 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 
 
Қазіргі кезеңде математиканы оқытудың методикасына қойылатын талаптар мен 
оны шешу жолдары білім беру жүйесінің ӛзекті мәселелерінің бірі болып отырғандығы 
анық. Білім беру жүйесі ӛзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа кӛзқарас пайда 
болды,яғни бұл ӛзгерістер оқытушыдан шығармашылықпен жұмыс істеуді,үлкен ізденісті 
талап етеді. Білім алушылардың білім сапасын кӛтеруде әрбір оқытушыдан мақсатына 
жету үшін аянбай еңбек ету қажеттілігі туындайды. Сондықтан да сабақ ӛту барысында 
оқытудың әртүрлі әдістерін қолданып, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
70 
және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру-оқытушының міндеті болып 
табылады. Осындай талаптарды ескере отырып жаңа тақырыпты түсіндіргенде бізде 
ӛзіміздің сабақтарымызда жаңа инновациялық тәсілдерді қолданып, жүйелі жұмыс істеуге 
мүмкіндік аламыз. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа 
технологиялар,яғни білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалық оқыту 
технологиясы, тірек белгілер арқылы оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы, 
«оқытушы-білім алушы» қарым-қатынасындағы әдістер кіреді. Осы әдістерді пайдалана 
отырып, ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану 
арқылы, іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың құзіреттілігін дамытуға 
болатынын сабақтарымызда байқадық. Әрине,дәрісте берілген білімді тәжірибе 
сабақтарында тереңдетіп оқытуға, түсінігін нығайтуға, ӛз бетінше ізденуге 
ынталандыратын әдіс-тәсілді пайдалану- әрбір оқытушының шеберлігіне байланысты. 
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін математика сабақтарында олардың есеп 
шығара білуінен байқаймыз.Практикалық сабақтың міндеттері- білім алушылардың әрбір 
дәрісте алған білімін тереңдету,нығайту, оқу материалы бойынша ӛзіндік жұмысының 
тиімділігі мен нәтижелілігі, оның ізденіс дағдыларын қалыптастыруға, оқу материалын 
жинақтау,түсіндіру және дәлелдей білуіне үйрету болып табылады. Сабақты жаңа 
технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - білім алушының ӛзін-ӛзі дамытуына, ӛз 
сұрағына ӛзі жауап іздеп, жан –жақты білім алуына кӛмектеседі. Оқытудың алға қойған 
мәселелерді шешу мақсатындағы жиі қолданылатын топтық жұмыс әдісі - оқытудың ӛте 
ықпалды тәсілдерінің бірі. Тақырыпқа байланысты сабақта білім алушыларды топтарға 
бӛліп, әр топқа бӛлек-бӛлек тапсырмалар береміз,олар тапсырмаларды жоспарлайды және 
оларды орындауды ӛздері ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқытушыларға уақытты ұтымды 
жоспарлауға, идеяларды бірге талқылауға мүмкіндік береді. Топта бірлесіп жұмыс 
жүргізуде білім алушылар тақырып бойынша берілген есептерді шығару барысында, сол 
тақырып бойынша теориялық материалды еске түсіріп, бір-бірімен ой бӛлісіп, бір-бірімен 
тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп талдайды, салыстырып, 
болжамдар жасай отырып,ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс- 
тәсілдерін 
ойдағыдай 
меңгерген 
оқытушы 
білім 
алушыларды 
білім 
алуға 
қызықтырып,жеке ізденуге,тырысуға дағдыландырады. Сол арқылы олар еркін, ӛзіндік 
дәлелдемелерін анық жеткізе білетін, сенімді, сыни ой-пікірі мен кӛзқарастары дамыған 
болып қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы білім алушылар есеп шығару барысында 
біріне бірі кӛмектесіп, келесі топтан қалып қоймауға тырысады, әрқайсысы ӛз ойымен 
бӛлісіп, ӛзгелердің ойына сыни тұрғыдан қарап, естіген-білгенін топ ішінде талдап, 
салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін ӛзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым 
жасауға тырысады. Сабақ соңында әр топ ӛз тапсырмаларын түсіндіріп, тақырыпты жақсы 
ашып беруге тырысады және ӛздерін ӛздері бағалайды. Білім алушылардың 
қабілетін,білімін кӛтеру үшін әрбір оқытушы ең бірінші сабаққа дайын болуы керек, яғни, 
ӛтілетін сабақтың жоспарын құруы, оны ӛткізу әдістемесін дайындауы, білім 
алушылардың қабілеттерін ескере отырып, жеңілден қиынға ауысатын есептер 
құрастыруы, дидактикалық материалдарды пайдалануы қажет. Топтық жүйеде оқыту 
технологиясы бойынша топқа бӛлуді бірнеше әдістермен жүргізуге болады және 
мынандай нәтижелер күтіледі: 
1.
Білім алушыларды білім деңгейлеріне қарай араластыра бӛлу. Жақсы және ӛте 
жақсы оқитын білім алушылар қалғандарына үйретуші бола алады; 
2.
Білім алушылардың ӛз беттерімен ізденістері туындайды, лекция конспектісімен, 
қосымша оқулықтармен жүйелі жұмыс жүргізулеріне дағдыланады; 
3.
Білім алушылардың ӛз білімі мен басқалардың білімін саралай, бағалай білуіне 
толығырақ мүмкіндігі туады; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет