2 Психологтың кәсіби қасиеттері
Сонымен қатар, психологиялық кеңес беру нәтижесі психологтың басқа да жеке бас ерекшеліктеріне, тұлғалық қасиеттеріне де байланысты болады. Іс-әрекетте, қарым-қатынаста бір жаққа шыға алмай қобалжып, толқу, күмәндану жағдайларын байқатпай, сыр бермей, дистанция сақтап жұмыс жүргізетін кеңес берушінің өз-өзіне сенімді болуы қажетті психологиялық әсер етуде аса жоғары бағаланады.
Н.Н.Обозов тәжірибелі психологтың төмендегідей келесі мәнді қасиеттерін бөліп көрсетеді:
- үйірсектік, қарым-қатынас жасай алушылық;
- динамикалық орамдылық;
- невротикалық мінез-құлық пен субъективті бағалаудан аулақ бола алу;
- кеңес беру барысында көрініп қалатын клиенттің невротикалық мінез-құлқы мен бағалануына шыдамдылық таныту (тыңдай алу, түсіну, жұбата алу);
- мәдениеттілік;
- кәсіби әдептілік – кәсіби құпияны сақтау, клиенттің жеке өмірі мен интимді қатынастарына қатысты мәселелер бойынша аса сақтық таныту;
- клиенпен жұмыс жүргізуде жүйелілік, ақырына дейін жеткізе алу, тұрақтылық;
- клиентпен күрделі жағдайды бірлесе талдай алу (монологқа орын бермеу);
- мүмкін болатын әр түрлі вариантты қақтығыс жайлы білім, дағды, біліктіліктің болуымен қақтығыс жағдайында мінез-құлық ережесін білу.
Кеңес берушінің әр түрлі типтері:
- Кеңесші-лидер өзіне аса сенімділікпен, табандылықпен, орнықтылықпен кеңес берудің барлық сатыларында клиентке жетекші, қамқор болып отырады
- Кеңесші-дипломат әлде қайда әмбебап, кішіпейіл, әдепті бола отырып, клиенттің сеніміне тез кіре алады.
- Кеңесші-ақылшы клиентке ақпарат, нақты кеңес беруге даяр болады.
- Кеңесші-көмекші клиентпен бірлесе жұмыс жасап, «инсайт» сәтінің болуына, ішкі қуаттың өзектендірілуіне жәрдемдеседі.
- Кеңесші-эксперт клиентке туындаған мәселесін шешудің мүмкін болатын варианттарын көрсетеді, клиентпен оларды бірлесе бағалап, адекватты шешімдерді таңдауға көмек береді.
Қорытынды
Қорыта келе, Клиентпен пікірлес болып, онымен диалготік қарым-қатынас құруы үшін кеңес беруші клиенттің есімін, ол әңгімесінде тоқталған әр түрлі жайттарды, детальдарды, атауларды, даталарды жадында сақтауы, естен шығармауы керек. Сонымен қатар, клиент айтқандарынан тікелей цитата келтіру, клиенттің бағдарын жедел өзгертуге, басқа да көзқарастардың, ойлардың пайда болуын оған көрсетуге мүмкіндік береді. Аса маңызды кейбір жайларды кеңес берушінің түріп, жазып отыруы олардың назардан тыс қалып қалмауын қамтамасыз етеді. Әрине, ол үшін ең алдымен клиенттің рұхсаты алған дұрыс. Алайда клиенттің жылап, қиналған сәттерінде, ішкі сырын ашқан кездерде жазу жазып, кеңес берушінің «іс тындыруы» әдепсіздік болары сөзсіз.
Клиент әңгімесіне барынша зейін қою үшін оның пауза жасар алдында айтқан соңғы сөзін кеңес берушінің іштей немесе естірте қайталауы пайдалы болады. Мұндай қайталауларды клиенттің ашыла әңгімелеуіне және онымен кеңес берушінің тығыз контакт жасауына тиімді стимул ретінде К.Роджерс (1999) және оның шәкірттері белсенді қолданды.
Психолог клиентке сұрақ қою, әңгімеге тарту арқылы оның жеке басындағы мәселелері мен өміріндегі күрделі жағдайларды әбден біліп, анықтап алған соң (15-20минут аралығында), кеңес берудің екінші сатысындағы екінші фазаға өтуге мүмкін болады. Бұл фазада кеңес берудің жорамалы жасалып , тексеріледі.
Әрбір кеңес барысындағы жорамал психологтің клиент жағдайын барынша білуге, түсінуге бағытталады
Жорамал кеңес беру мақсатымен міндеттеріне байланысты анықталады. Алдыңғы тарауларда психологиялық кеңес берудің міндеті – клиентке позициясының конструктивті еместігін және оның дәл қай жағынан конструктивті еместігін көрсету, клиентке өз жағдайына қатысты әлдеқайда конструктивті позицияны ойластыруға және оны өмірде жүзеге асыруға көмектесу деп анықталып, қарастырылған еді. Сонда, кеңес берудегі жорамал – клиент жағдайына қатысты конструктивті позициялардың варианттары, клиенттің өз мәселесіне қатысын қайта қарауға мүмкіндік беретін ықтимал тәсілдер.
Кеңес беруші жорамалы клиент өзі және өз мәселесі жайлы айтқандарына негізделеді. Алайда, бұл жорамал жасау үшін база ғана болады. Кеңес берудегі жорамал жасау үшін психолог қандай да бір концепцияларға арқаланады. Олай болса, кеңес берушінің психология мен психотерапия салаларынан теориялық және тәжірибелік даярлығына жоғары талап қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |