Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................
7
Кіріспе Клиенттің өз өміріндегі мәселелерге басқа бір қырынан қарауға көмектесуге, қиыншылықтардың себебі болған клиенттің мінез-құлқымен қарым-қатынас саласын онымен бірлесе талдау психолог – кеңесшінің клиентке әсер ету әрекетінің мазмұнымен эмоционалдық райы оның ұстанатын позицияларды көрсетеді.
Психологиялық кеңес беруде психологтың клиентке қатысты мүмкін болатын үш позициясы белгілі:
- партнерлық немесе тең дәрежедегі өзара әрекеттестік;
- «жоғары» позициямен өзара әрекеттестік;
- «төмен» позициямен өзара әрекетестік.
Әр түрлі теориялық бағыттарда кеңесшіге белгілі бір позициялар танылады. Мысалы, А.Маслоу психолог-клиент позициясы «аға-іні» принципі бойынша құрылуы керек деп санайды[4]. Дегенмен, психологтың клиентпен тең дәрежеде немесе партнерлық жағдайда өзара әрекеттестік жасауы кеңес беруде әлдеқайда дәстүрлі және мәнді позиция болып табылады. Тең дәрежедегі позиция жағдайында да кеңес берушінің бағыттаушылық, белсенділік ролі алға қойылады. Ал, кеңес беруде партнерлық деңгейде өзара әрекеттестік ұйымдастырылса, клиент өзін психологпен тең сезінуге, ұстауға мүмкіндік болады. Осыдан барып, клиент психологпен қатарласа отырып, өз мәселесін шешуде белсенділік танытып, нәтижелі әрекеттестік жасайды. Сонымен қатар, тең дәрежеде өзара әрекеттестік жасау ең нәтижелі позиция болғанымен, ол кеңес берушіні екі ұдай жағдайға қалдырады. Ал өзін биіктетіп, мәртебесі жоғары екенін танытса, оған қойылар талап та, артатын үміт те еселеп кететіні, ал оған сәйкес келу аса күрделі болатыны сөзсіз. Осы жағын ескерткен де, партнерлық деңгейде өзара әрекеттестік ұйымдастыру кеңес беруші үшін аса ұтымды болады. Ал, «жоғары» позиция ұстанатын мәртебелімен әлдеқайда санасатындықтан, оның айтқандарына әлдеқайда «құлақ қойып», назар аударатындықтан, кеңес беруші үшін тең дәрежедегі өзара әрекеттестік біршама қиындықтар әкеледі.
Н.Н.Обозов психологиялық кеңес беру барысында маманның ұстанатын позициясы клиенттің сұхбатқа артатын үміт-сенімі мен бағдарына сәйкес келу керек деп санайды. Ал, клиенттің бағдары кеңес берудің бастапқы сатысында шағын диагностикалық процедура арқылы анықталады.Ол үшін клиентке мынадай сауал беруге болады: «Дәрігелердің қандай типтері сіздің талаптарыңызға әлдеқайда сәйкес келер еді? Шкала бойынша белгілеп көрсетіңіз». Шкала ретінде семантикалық дифференциалды қолдануға болады . Кеңес берушінің позициясы клиенттердің әркайсысына қатысты, бір психологиялық сұхбаттың барысында да өзгеруіәбден мүмкін. Компетентті маман әртістік қасиет көрсете отырып, қажет болса, клиентке көмегі бар ақпараттарды қалтқысыз сеніммен жеткізіп, «жоғары» позиция ұстана алуы, ал кейде, клиенттің өзіндік бағасын арттыру, оның білімді және мәртебелі екендігін аңғарту үшін «төмен» позицияда өзара әрекеттестік жасау қажет болады.