Негізгі бөлім
1 Ұйымдастырылу барысына қарай кеңес түрлерін жіктеу
Психологиялық кеңес беру ұйымдастыруда оның белгілі бір түрі таңдалынып алынады. Петухова Л.Г. бойынша клиенттердің жас ерекшеліктеріне, кеңістіктегі орындарына, сандарына, мәселелерінің мазмұнына байланысты психологиялық кеңес беру квалификациялары бар.
Психолог пен клиенттің сұхбат кезіндегі кеңістіктегі орындары мен араларындағы қашықтыққа байланысты психологиялық кеңестің екі түрі бар:
1. Кеңес беруші мен клиенттің бетпе-бет кездесіп, сұхбат жасауы мүмкін болатын контактілі психологиялық кеңес беру.
2.Телефон немесе хат арқылы «Сырттай» жүргізілетін дистантты психологиялық кеңес беру. Кеңестің «сенім телефоны» деген бұл формасы соңғы жылдары көпшілікке анонимді психологиялық көмек ретінде белгілі бола бастады.
Психологиялық кеңес берудің тиімділігі оны ұйымдастырудың кеңістіктегі орны мен уақытына тікелей байланысты болады.
Психологтың клиентті - арнайы жабдықталған бөлмеде қабылдауы психологиялық әсер етудің ең тиімді жолы болады. Кеңес беру орны басқалардың кедергі жасауына, клиент зейінінің бөлінуіне жол бермейтіндей; сұхбаттасуға қолайлы, оқшау, комфортты жағдайды қамтамасыз ететіндей болып ойластырылады.
Кеңес беру барысында сұхбат жасауға арналған арнайы бөлме болмағанда да кеңесші басқа ыңғайлы орында клиентпен жұмыс жүргізуіне болады. Онда, таңдап алған бөлменің бұрыш жақтары пайдаланады. Кеңес беру кезінде клиенттің алаңдауына жол бермей, бар назарын кеңес берушіге аударуы үшін оны есік жаққа арқасын беріп отыруы жөн болады. Сонымен қатар кеңес беруші мен клиент орындықтары немесе жайлы креслолары бір-бірінің бет әлпеттерін көріп отырулары, ал қажет болсы, көздерін жеңіл тайдырып әкетулері үшін сәл қиғаштай бір-біріне қарама-қарсы орналасады.
Сұхбат барысында кеңесші пен клиент бір-біріне тым жақындамайтын, олардыңөз орындарынан отырып-тұрулары еркін, аяқтары бір-біріне кедергі жасамайтындай қашықтық алынады. Г.С. Абрамова кеңес беруші мен клиент арасындағы қолайлы ара қашықтық деп 1,5 метрдей өлшемді алады (1995)[2]. Кеңесші мен ыңғайлы, жұмсақ бірдей креслоларға (болмаса орындықтарға) отырып, ал араларында шағын журнал столы болса әңгімелесуге тіпті қолайлы болады.
Кеңес беру барысындағы сұхбаттың маңызды сипаттамаларының бірі – кеңес беруші мен клиенттің келісіп, тағайындаған кеңес алу уақыттары. Кеңес беруде асығыстық, жылдамдық болмауы керек. Сонымен қатар басталуымен соңы нақты тағайындалған кеңес беру барысы үщін уақыт ескеріліп отырады. Сондықтан столға немесе қабырғаға сағат қойылады. Ол клиент пен кеңес берушіге белсенді де динамикалық жұмыс жасау қажеттігін көрсетеді. Жалпы кеңес берудегі сұхбат уақыт барысында тәуелді болады. Кеңес берушінің әрбір сөзін, интерпритациясын клиент дұрыс түсініп, қабылдауы үшін, олар әңгіме барысындағы асығыстықпен немесе тым жайлы айтылмауы керек. Әйтпегенде кеңес беруші берілген уақытта клиентке көмек беруге үлгермей, оның үмітін ақтай алмай қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |