Управление музеем: разработка политики и практическое регулирование



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата13.02.2017
өлшемі11,83 Mb.
#4010
түріСборник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

155

мүшелерімен  республикалық,  қалалық  деңгейлерде  дөңгелек  үстелдер,  кездесулер 
өткізіліп отырады.
Жыл  сайын  этнокешен  Астана  қаласының  мектептерімен  бірлесе  «Үздік 
экскурсия  жүргізуші»  байқауын  өткізіп  отырады.  Байқау  барысында  оқушылар  өз 
шешендік  өнерін,  ағылшын  тілінен,  тарих  пен  география  пəндерінен  білімдерін 
көрсетеді. Байқаудың өткізілу мақсаты, жастар арасында еліміздің тарихын, мəдениеті 
мен салт-дəстүрін уағыздау, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған өсиеттері мен 
істерін  келер  ұрпаққа  жеткізу.  Сонымен  қатар  жастарды  еңбекке  тəрбиелеу.  2011ж. 
байқауға  123  сұраныс  келіп  түсті.  «Үздік  экскурсия  жүргізуші»  атағына  ие  болған 
оқушыларды жазғы демалыс уақытында этно-кешен (56 бала) жұмысқа алды. Бұл шара 
оқушылардың  келешегіне,  тəуелсіз  Қазақстанның  білімді  азаматы  болып  елдің 
көркеюіне өз үлесін қосатындығына үлкен септігі тиеді. Онда олар қазақша, орысша, 
ағылшын тілдерінде экскурсия жүргізеді. Биыл оқушылармен өткізіліп отырған барлық 
мерекелік  іс-шаралар  еліміздің  20-жылдық  тəуелсіздігімен  тұспа-тұс  келген 
«Атамекен»  Қазақстан  картасы»  этнокешенінің  10-жылдығына  арналды.  Соның 
жылдық  қорытындысы    болып  «Атамекен»  этнокешеннің  ұйымдастыруымен 
Қазақстанның  20-жылдық  тəуелсіздігіне  арналған  «Үздік  патриоттық  сабақ»  атты 
республикалық  мұғалімдер  сайысы    жарияланды.  Байқаудың  мақсаты:  жас  ұрпақты 
тəуелсіз  еліміздің  20  жылдық  тарихымен,  жетістіктерімен  таныстыру,  патриоттық 
сезім, ұлттық рухты ұялату. 12 қазан мен 4 қараша аралығында өткен байқауға Астана 
мен Алматы қалаларының 32 мектептен 70 мұғалім қатысып, 56 сабақ өткізілді. Соның 
ішінде  3-4  сынып  аралығында  7  сабақ,  5-8  сынып  аралығында  13  сабақ,  9-11  сынып 
аралығында 30 сабақ өткізілді. Оn-line жүйесінде Алматы қаласының №77 жалпы білім 
беретін мектеп, Талдықорған қаласы Еркін ауылының №11 орта мектебі жəне де Талғар 
ауданындағы  агро-бизнес  жəне  менеджмент  колледжы  ұлтжандылық  сезімге  толы, 
Қазақстан  Республикасы  Тəуелсіздігінің  20-жылдығындағы  жетістіктерін  толық 
ашатын ашық сабақтарын өткізді. Сонымен қатар Астана төріндегі ғылым ордасы ЕҰУ-
нің  «Қазақстан  тарихы»  кафедрасының  оқытушылары  да  белсене  ат-салысты. 
Байқаудың  қорытындысы  ретінде  барлық  өткізілген  сабақтардың  жоспарлары,  əдіс-
тəсілдері арнайы əзірленген жинаққа енбекші. Байқауға қатысқан мұғалімдер өздерінің 
зияткерлік,  рухани  деңгейі  мен  ұйымдастыру  қабілеттерін,  шығармашылық 
мүмкіндіктерін  көрсетті.  Байқаудың  əділқазылар  алқасына  ғалымдар  мен  арнайы 
шақырылған қонақтар үздік сабақ өткізген жеңімпаздарды келесі критерийлері арқылы 
анықтады:  əртістігі,  ұстаздық  шеберлігі,  туған  елінің  көркемдігі  мен  байлығын  аша 
білуі, инновациялығы, шығармашылығы, жаңа əдіс-тəсілдерді қолдана білуі, жоғары 
интеллекті мен жан-жақтылығы, эстетика тұрғысынан анықтады. 
Аталған  байқау  аясында  Қазақстан  тарихы  кафедрасының  профессоры  К.  И. 
Искакова «Атамекен» этнокомплексінде   Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ң ƏҒФ «Тарих» 
мамандығы  магистранттарына  «Тəуелсіздік  жəне  Қазақстан  республикасындағы 
этносаралық  қарым-қатынастар»  тақырыбына  дəріс  оқыды.  Дəрісте  Қазақстан 
республикасының Президенті   Ұлт көшбасшысы Назарбаев Нұрсұлтан Əбішұлының 
еліміздегі  этносаралық  қатынастардағы  рөлі  көрсетіліді.    Елбасының  өзі   
Тəуелсіздіктің атасы, Қазақстан жетістіктерінің символы деп аталды. 
Көпэтносты, көпконфессиялы Қазақстанда 130-дан астам этностардың тату-тəтті 
өмір сүруінде 1995 жылы Н.Ə.Назарбаевттың ұсынысымен құрылған Қазақстан халқы 
Ассамблеясының үлесі зор. Осыған орай ҚХА жүргізген істер ерекше аталды. Дəрісте 
ҚХА-ң  Президент  Н.Ə.Назарбаевтың  ұсынысымен  жəне  тікелей  қатысуымен 
дайындалып  қабылданған  «Қазақстанның  ел  бірлігі  Доктринасы»  талқыланып, 
түсіндірілді. 
Қазақстанда жүргізіліп отырған этносаралық қатынастар саясаты нақты деректер 
156

арқылы ашылды.
Байқау барысында оқылған дəрістер, жүргізілген ашық сабақтар арнайы жинақ 
ретінде баспа арқылы шығарылды[5].
2011 жылы 9 қараша күні Астанадағы Тəуелсіздік сарайында «Атамекен» ЭМК     
Қазақстан Тəуелсіздігінің 20 жылдығына жəне «Атамекен .Қазақстан картасы» этно-
мемориалдық  кешеніне  10  жыл  толуына  орай    ұйымдастырған  «Үздік  патриоттық 
сабақ»  республикалық  байқауының  қорытындысын  шығарып,  жеңімпаздарды  жəне 
қатысушыларды  салтанатты түрде марапаттады. 
Байқаудың  бас  жүлдесіне  №56  мектеп  мұғалімі    Омарова  Салтанат    100  000 
теңгені  өз  қоржынына  байлады.  Этнокешен  директоры  п.ғ.д.  Мұңалбаева  Үмітхан 
Дəуренбековнаның   арнайы сыйы №50 мектеп мұғалімдері Бөкенова Г.А. мен Ілиясов 
Ш.Р.  мен  №64  мектептен  Бекназарова  Д.О.,  Д.М.Тұрарбековтарға  жазушы   
Ə.Кекілбевтың  өз  қолы  қойылған  12-томдық  жинағы    мен  30  000  теңге  тапсырды. 
Қалған  қатысушыларға  келесі  номинация  бойынша:  «Ұстаздық  шеберлік» 
номинациясына  Алматы қаласының №77 жалпы білім беретін мектебі Насырова М. А., 
«Ауылдың  көркеюі-еліміздің  көркеюі»  номинациясын    Астана  қаламыздың  №42,  № 
43,№  48,  №30,  №64,  №  15  мектептеріне  Астана  қаласының  тілдерді  дамыту 
басқармасының  бастығы  Асанғазы  Оразкүл    марапаттады,  «Заманауи  келбеті» 
номинациясы  Нұр-Орда  қазақ-түрік  кешені,  «Гуманистік  сабақ»  номинациясына 
Талдықорған қаласындағы Еркін ауылыны   Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта 
мектебі,  «Тақырыптың  өзектілігі»    номинациясына  Талғар  агробизнес  жəне 
менеджмент колледжі, «Тəуелсіздіктің 20 жылдық шыңы» номинациясына  № 59,№ 18, 
№22, Нұр-Орда, №56 мл, №64, №37, №63, №58, №60, №54 мектептері, «Тəуелсіздіктің  
негізі   Мемлекеттік рəміздер» номинациясын №49,№61, №56, №22, №64, №28, №15 
мектеп  мұғалімдеріне,  «Айналдым  сенен-Атамекен-ай»  номинациясын  №62,  №61, 
№29,  №50,  №64,  №49,  №52,  №29,  №55  мектеп  мұғалімдеріне  Еуразия  Ұлттық 
университетінің  ф.ғ.д.,  профессор  Искакова  Күлзира    марапаттады,  «Тарихи 
тағылымы-ұрпаққа  ұлағат»  номинациясын  №21,  №28  мектеп  мұғалімдеріне  Тіл 
комитетінің  «Руханият  тіл  орталығының»  директоры  Тілешов  Ербол  Ердембекұлы 
марапаттады, «Үздік инновациялы сабақ» номинациясын № 38,№43, №52, №1 мектеп 
мұғалімдеріне  «Атамекен»  Қазақстан  Картасы»  этнокешеннің  жетекші  ғылыми 
қызметкері,  мемлекеттік  басқару  академиясының  магистрі  Козыбаев  Бауыржан 
марапаттады, «Астана   Еуразия жүрегінде» номинациясын №56, №8, №54 жəне Нұр-
Орда  мектеп  мұғалімдеріне    «Алжир»  қуғын-сүргін  мемориалды  мұражайының 
жетекші ғылыми қызметкері Садуақасова Сағымжан   құттықтады, «Спортшылардың 
жеңісі-Қазақстанның  мақтанышы»  номинациясын    №21  жəне  Нұр-Орда  мектеп 
мұғалімдеріне    Астана  қаласының  Ішкі  саясат  басқарма  бастығының    орынбасары 
Тергенбаев  Самат    марапаттап  құттықтады.  Барлық  номинаттар  телевизор,  ноутбук, 
музыкалық  орталық,  DVD,  магнитола    жəне  тағы  басқа  да  бағалы  сыйлықтармен 
марапатталды.
Аталған  байқау  мен  салтанатты  марапаттау      «Атамекен»  Қазақстан  Картасы» 
этнокешеннің  өткізген  кезекті  бір    мерейтойлы  шараларының  бірі.Мерейтойлы 
2011жылы этнокешен ұжымы бұдан басқа да Тəуелсіздіктің 20 жылдығына арналған 
ғылыми-практикалық конференциялар,Мемлекет тарихы институты мен Л.Н.Гумилев 
атындағы  ЕҰУ  ғалымдары  мен  Астана  қаласы  оқушылары  мен  студент  жастары 
арасындағы   кездесулер өткізді. Аталған шаралар     «Атамекен» Қазақстан Картасы» 
этнокешені   арнайы дайындаған «Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігіне   - 20жыл» 
атты залда өткізіліп тұрды.
«Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігіне   - 20жыл» атты зал кешен ұжымы мен 
оның  басшылығының  көп  тер  төгіп,  аянбай  еңбек  етуінің  арқасында(айта  кетуге 
157

тұрарлығы   мемлекет қаржысын шығармай) дүниеге келді. Кешенге келген   үлкенді   
кішілі қонақтар залдағы қойылған Қазақстанның 20 жылда жеткен толағай табыстарын 
кеңінен ашып, паш етіп тұрған экспонаттарға  қуана əрі мақтана қарап, туған еліне де, 
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этнокешені   ұжымына да  дəн риза болады. Олардың 
бойына  ризашылықпен  қатар  отансүйгіштік,  патриоттық  сезімдердің  ұлғая  беруі 
сөзсіз.               Алдағы уақытта «Атамекен» Қазақстан Картасы» этнокешені     ұжымы 
жастарды патриоттыққа тəрбиелеуде осы сияқты жұмыстарды жалғастыра бермекші.    
Пайдаланған əдебиеттер:
1.М.Шоқай. Тандамалары. - А., 1998
 
2.Қалмырзаев  Қ.  Қазақстандық  патриотизм  қалай  қалыптасады?  //  Егемен 
Қазақстан, 1998, 10 қаңтар
3.Ысқақова  К.Ы.,  Шалбаев  Е.Ж.  Оқытудың    кредиттік    жүйесіндегі 
қазақстандық    патриотизм    мəселесі  //  Қазіргі  заман  контексінде  жоғары 
білімнің  бəсекеге  қабілеттілігін  дамыту  мəселелері»  атты  ҮІІ  ғылыми-
əдістемелік конференция материалдары. Астана, 2006. 266-272б.б
4.АТАМЕКЕН.Этномемориалдық  кешен  (иллюстрацияланған  альбом).
Астана.-2007.-33б.
5. Мұналбаева Ү.Д.Үздік патриоттық сабақтар.   Қазақстан Тəуелсіздігінің 20 
жылдығына  жəне  «Атамекен  .Қазақстан  картасы»  этно-мемориалдық 
кешеніне  10  жыл  толуына  орай    ұйымдастырған  «Үздік  патриоттық  сабақ» 
республикалық байқауындағы сабақтар жинағы.-Астана.-2011.-399б.
158

О
ңтүстік  Қазақстан  облыстық  тарихи-өлкетану  музейінің  негізі  1920  жылы 
қаланды.  Алғашқы  уақытта  оның  міндеті  қала  мектептерін  көрнекті  оқу 
құралдарымен  қамтамасыз  ету  болды,  сондықтан  да,  ол  Сырдарья  халық 
ағарту бөлімінің педагогикалық зертханасы жəне педагогикалық музейі болып аталды. 
1925  жылы  музейдің  қайта  құру  жұмысы  жүргізілді,  оны  іске  асыру  барысында 
ортаазиялық табиғат жəне көне ескерткіштерді қорғау Кеңесінің ғылыми қызметкері 
М.Е.Массон қатысты, кейінірек ол өзбек жəне Түрікменстан республикаларына еңбегі 
сіңген  ғылыми  қызметкер,  атақты  ғалым,  шығыстанушы,  тарих  жəне  археология 
ғылымдарының докторы ретінде бүкіл елге əйгілі болды. Оның   Шымкент мұражайы 
жұмысын қайта құру жөніндегі есебі музей қорында сақтаулы. Бұл құжат Шымкент 
мұражайының  қалыптасып  дамуын  куəландыратын  айғақтардың  қатарына  жатады.                                                                                                                                   
Қайта құрылып, бір қалыпқа түскен соң, мұражайдың жұмысы екі бағытта жүргізілді, 
ол: күнгейлік өлкенің өндіргіш күштері мен тарихын зерттеу ісі. Музейдің əрі қарай 
қалыптасуына  жергілікті  өлкетанушылар  Б.П.Тризна,  И.К.Шпота,  Т.Шпота, 
Н.В.Руднев,  Н.И.Мекленбурцев,  М.А.Быков  жəне  басқалар  көп  ықпал  жасады.  Сол 
уақыттан  бастап  музей  өлкеміздің  тарихын  зерттеуде  бірқатар  жұмыстар  атқара 
бастады.  1926  жылы  музей    профессор  П.С.  Массагетовтың  дəрмене  шөбін  зерттеу 
жөніндегі  ғылыми  экспедициясына,  1927  жылы  Мемлекеттік  Эрмитаждың  ғылыми 
қызметкері А.Ю.Якубовскийдің Сығнақ қалашығы мен  «Көк кесене» археологиялық 
ескерткіштерін  зерттеу  экспедициясына,  1928-1929  жылдары  Мойынқұм  шөлді 
аймағындағы  этнографиялық  зерттеу  экспедициясына,  сондай-ақ  Қарабұлақ 
ауылындағы  жəне  Талас  Алатауының  маңындағы  көшпелі  қазақтардың  тұрмысын 
зерттеу жəне этнографиялық, ботаникалық, зоологиялық, археологиялық құжаттарды 
жинау  мақсатында  жүргізілген  этнографиялық  экспедицияға  қатысты.  1938  жылы 
музей облыстық тарихи-өлкетану мұражайы болып қайта құрылды. Ұлы Отан соғысы 
жылдарында  музейдің  барлық  жұмысы  əскери  тақырыптар  аясында  жүргізілді. 
Соғыстан  кейінгі  жылдары  музей  экспозицияларында,  негізінен,  өлкеміздің 
МҰРАЖАЙ ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ОРДАСЫ
АРЕНОВА Г.С.
Оңтүстік Қазақстан облыстық 
тарихи-өлкетану мұражайының  директоры 
159

социалистік құрылысына үлкен көңіл бөлінді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары да халық 
шаруашылығын  қалпына  келтіру  мəселелеріне  арналды.  1948-1949  жылдары  музей 
тарих  ғылымдарының  докторы  А.Н.Бернштамның  басқаруымен  КСРО  Ғылым 
Академиясының  жүргізген  ғылыми-археологиялық  экспедициясына  қатысты. 
Сондай-ақ, Ленинградтағы СССР ғылым Академиясына қарасты антропология жəне 
этнография  музейімен  жəне  Қазақ  ССР  ғылым  Академиясымен,  Қазақстанның 
орталық  музейімен  қарым-қатынасы  күшейе  түсті.  Осы,  кезеңде  музей  Х.А. 
Алпысбаевтың  басқаруымен  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  Қарасу  мекеніне 
жүргізген  ғылыми  экспедициясына  қатысты,  оның  барысында  палеолит  дəуіріне 
байланысты өте құнды құжаттар алынды. Көп жылдар бойы музей Қазақ ССР Ғылым 
Академиясына  қарасты  Ш.Уалиханов  атындағы  археология  жəне  этнография 
институтының  Отырар  қалашығын  зерттеген  ірі  ғылыми  экспедициямен  өте  тығыз 
байланыста болды. Ал, 1987-1988 жылдары музей Қазақ ССР Ғылым Академиясына 
қарасты  зоология  институтының  Түркістан  ауылында  орналасқан  Қосқорған 
кешенінде жүргізілген палеонтологиялық экспедициясына қатысты. Соңғы жылдары 
музей өз бетінше бірнеше археологиялық экспедициялар ұйымдастырды., атап айтар 
болсақ,  Алтын  төбе,  Жүзімдік  жəне  Жуантөбе,  Күлтөбе  қалашықтары,  Бөріжар 
қорымын  жəне  Боралдай  өзенінің  жоғарғы  ағысындағы  аудандарды,  Бөген  су 
қоймасындағы  аймақтарды,  Қостөбе  обаларын  жəне  ежелгі  Сайрам  жерлерін  т.б. 
зерттеуге ден қойды.
Ең  алғаш  құрылғаннан  бастап  1975  жылға  дейін  музей  Қазан  революциясына 
дейін салынған, бұрынғы Шымкент уезінің əкімшілігі орналасқан ғимаратты иеленіп 
келгенді. 1977 жылы музей  жалпы көлемі  2367 ш.м. қамтитын жаңа ғимаратқа көшті. 
Музейде археология жəне этнография, қор сақтау, экспозиция, экскурсиялық қызмет 
жəне  ақпараттандыру  сынды  бөлімдер  жұмыс  істейді.  Музей  қорында  62  мың  526 
жəдігерлер жинақталған, 6 мың 500  кітап қоры бар арнайы ғылыми кітапхана жұмыс 
істейді. Жылына музейге келушілер саны орта есеппен 90-мыңнан асады. Оларға 200-
ден  аса  лекциялар  оқылып,  1000-ға  жуық  экскурсиялар,  80-ге  жуық  көпшілік  іс 
шаралар,  30  тұрақты  жəне  жылжымалы  көрмелер  ұйымдастырылып  тұрады. 
Облыстық мұражайдың 8 филиалы : Түркістан қаласында С.Ерубаев атындағы əдеби- 
мəдени мұражайы; Сайрам ауданында Сайрам тарихи- өлкетану мұражайы; Түлкібас 
ауданында  Тұрар  Рысқұлов  атындағы  тарихи-өлкетану  мұражайы  жəне  бір  секторы 
Ескі Иқан ауылындағы Міртемір əдеби-мемориалдық мұражайы, сонымен қатар оның 
қарамағында  Сарыағаш  ауданының  тарихи-өлкетану  мұражайы  жəне  Шардара 
ауданының  тарихи-өлкетану  мұражайы,  Шымкент  қаласындағы  «Хакім  Абай» 
мұражайы мен «Көркемсурет» галереясы  бар. Оның үстіне ол,  облыстағы аудандық, 
қалалық,  мекемелік  жəне  мектеп  мұражайларының  əдістемелік  жəне  тəжірибелік 
орталығы болып саналады.
2002  жылы  мұражай  экспозициясының  табиғат,  археология  жəне  этнография 
бөлімдері қайта жасақталды.
Өлкеміздің  табиғатына  байланысты  экспозиция  көрермендерді  Оңтүстік 
Қазақстан  облысының  жануарлары  жəне  өсімдіктері  əлемімен  жəне  табиғатының 
алуан түрлі ерекшеліктерімен таныстырады. Келген көрермен ең алдымен əртүрлі жер 
бедерінен  тұратын  ОҚО  картасымен  танысады.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы    Тянь-
Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын ала 117,3 мың шаршы 
метр аумаққа орналасқан. Оның солтүстік бөлігінде Бетпақ дала шөлі, оңтүстік қиыр 
шетінде Мырзашөл қуаң даласы көлбеп жатыр. Шу өзенінің оңтүстігін құмды-далалы 
Мойынқұм,  Оңтүстік  батыста-  Қызылқұм  жəне  Шардара  далалары  алып  жатыр. 
Орталық бөлікте - Қаратау жотасы, Оңтүстік Шығыста   Талас Алатауы, Қаржантау, 
Өгем жоталары орналасқан. Облысымыздың су потенциалын  Сырдария өзені (жалпы 
160

ұзындығы  2219  км),  Құркелес  (98км),  Келес  (241км),  Арыс  (378км),  Бөген  (164км) 
өзендері  жəне  Қаратау  жотасының  оңтүстік  баурайы  жылғаларынан  ағып  келіп 
қосылатын сулар, сондай-ақ Шу өзені (1186км) құрайды. Көптеген таяз, негізінен тұзды 
көлдер бар. Оның ішіндегі ірілері Ақжайқын (48.2ш.м.), Ақжар (7.2ш.м.) тағы басқалар. 
Ауа райы өте континентальды, қысы жұмсақ əрі қысқа,   жазы аптапты, ыстық, ұзаққа 
созылады. Орта температурасы қаңтар айында солтүстікте   12С. Ылғалдың  жылдық 
мөлшері солтүстікте -150мм, биік таулы аудандарда 800 мм-ге дейінгі мөлшерге жетеді. 
Сырдария өзенінде Шардара, (400 км, су көлемі 5200 млн.текше метр) Бөген өзенінде 
Бөген (65км, су көлемі 377 млн. текше метр), Бадам өзенінде Бадам (4,7км, су көлемі 
61,5млн.текше  метр),  Арыс  өзенінде  Арыс-Березовское  су  қоймасы  салынған. 
Өлкеміздің  флоралық  кешені  дəрілік  қасиеті  бар  қызыл  кітапқа  енген  өсімдіктермен 
ерекшеленді.Экспозиция сөресінде алғаш рет «Жəндіктер əлемі» атты энтомологиялық 
коллекциялар жинағы көрсетілген.
Облысымыздың географиялық жағдайы жөнінен мəлімет алған көрермен қауым, 
əрі қарай географиялық таблицаға, яғни «Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы» жəне 
геологиялық  дəуірлердегі  атап  айтсақ,  палеозой,  мезазой,  кайназой  кезеңдеріндегі 
табылған  палеонтологиялық  ескерткіштерге  көңіл  бөледі.  Бұл  жерде  көрермен 
қауымның назарына облысымыздағы Қаратау, Қазығұрт тау жоталарынан, Қосқорған 
кешенінен табылған өте сирек кездесетін жануарлардың сүйек қаңқалары, тас болып 
қатып  қалған  ағаштардың  бағандары,  өсімдіктердің,  балықтардың,  шыбын-
шіркейлердің  сұлбалары  көрсетілген.  Табиғат  бөлімінің  ортасында,  Оңтүстік 
Қазақстан  облысындағы  кен  өндіру  орындарында  өндірілетін  əртүрлі  металдардың 
рудалары мен шикізаттары, яғни пайдалы қазбалары айнала орналасқан. Облыстың жер 
қойнауы  пайдалы  қазбаларға    полиметалды  кадмий,  висмут  жəне  басқа  да  темір 
рудаларына, қоңыр көмірге, гипске, əкке, мраморға, отқа төзімді жəне басқа құрылыс 
материалдарына өте бай.
Облысымыздың табиғи ландшафтары, өлкемізде мекендейтін əртүрлі жануарлар 
мен  өсімдіктер  əлемі  бейнеленген    «Тоғайлар»,  «Құмды  шөлейтті»,  «Орта  таулы», 
«Биік  таулы»  аймақтарының  диорамалары  көрсетілген.Жазық  дала  бөлігінде  жусан 
дəнді өсімдіктер өсетін сұр-қоңыр топырақты жерлер басым. Құмды жерлерде қалың 
сексеуіл,  Сырдария  мен  Шу  бойындағы  батпақты  жерлерде  қамыс-қоға  өседі.  Тау 
баурайындағы  таулы-  сарғыш  топырақтарда  далалық  өсімдіктер,  ал  жоғарырақ 
бөктерінде  арша,  жабайы  алма,  өрік,  биік  тау  алқаптарында  қалың  көгалдар 
орналасқан. Облыстың Оңтүстік шығысында Ақсу-Жабағлы Мемлекеттік қорығы бар. 
Экспозицияда  «Қоршаған  ортаны  қорғау»  мəселесіне  өте  көп  көңіл  бөлінген.  Оған, 
бүкіл Орта Азия жəне Қазақстанға аты əйгілі, 1926 жылы алғашқы құрылған тірі табиғат 
бұрышы  -  өте  сирек  кездесетін  жер  бетінен  жоғалып  бара  жатқан  жануарлар  мен 
өсімдіктердің  бай  қазынасы  болып  табылатын  «Ақсу-Жабағлы»  қорығы  дəлел  бола 
алады.  Батыс  Тянь-Шаньның  баурайына  теңіз  деңгейінен  1000  метрден  4280  метр 
биіктікке дейін орналасқан осынау бірегей таулы өңірдің табиғаты таңғажайып. Мұнда 
негізгі  биіктік  белдеулерінің  бəрі  өзіндік  ажар-айшығымен  орын  алған:  шөл-шөлейт 
далалы аймақ шалғынды белдерге ұласып, содан соң аршалы беткейлермен алмасып 
кете барады. Жасыл кілемдей жайқалған сай-саланың орнын ну тоғайлы арша бұталары 
басады. Ақ қар мен сүңгі мұзарт тұмшалаған сұрқай шыңдардың етегін алуан түсті тау 
гүлдері əдіптеген. Ақсу-Жабағлы қорығында өте сирек кездесетін жер бетінен жоғалып 
бара  жатқан  жануарлар    арқар  мен  ешкі,  бұғы  мен  елік,  сілеусін  мен  қар  қабыланы, 
қасқыр мен түлкі, аю мен жайра, сусар мен ақ тышқан, сондай-ақ, қорыққа жуық маңда 
Мензбир  суыры  мекендейді.  Заңғар  көкте  күшіген  мен  тазқара,  ақбас  құмай  мен 
бүркіттің қалықтап жүргенін көресіз. Қорықтың өсімдіктер дүниесі де əралуан. Кавказ 
каркасы  деп  аталатын  кішкене  ағаш  өзінің  керемет  беріктігіне  байланысты  теміртас 
161

немесе тасемен атанған. Жалпақ жапырақты атаманта ағашы эфир майының берекелі 
көзі  іспетті.  Беткейлерде  өртше  жанып  «Грейг  қызғалдағы»  жəне  «Қоқан 
маринасының» үлпілдеген талшықтары қызғылт шоқ шоғырымен көздің жауын алады. 
Ақсу    Жабағлы  қорығы  палеонтологиялық  аймақтарының  тақта  тас  қабаттарында 
планетамыздың бағзы замандардағы мекендеушілерінің, өсімдіктердің, балықтардың, 
жəндіктер мен кесірткелердің тас болып қатып қалған іздері сақталған.
Осы экспозиция төңірегінде ежелгі палеолит, неолит дəуіріне байланысты «Қара 
үңгір» тұрағы бейнеленген диорамалардан бастап тарих, археология жəне этнография 
бөлімінің «Тас дəуірі» тарауы басталады. Бөлім экспозициялары ерте, заманнан бастап 
бүгінге дейінгі аралықта біздің өлкеміздің территориясында қоныстанған халықтардың 
өмірі мен тұрмысы жайлы мəлімет береді. Бөлім экспозициясымен танысу ең алдымен 
облыстың  археологиялық  ескерткіштері,  яғни  алғашқы  қауымдық  құрылыста  өмір 
сүрген  адамның  тұрған  тұрағы,  жүріп  өткен  жерлері,  көне  қоныстары  белгіленген 
археологиялық  картадан  басталады.  Палеолит  дəуірі  көрермен  қауымның  назарына 
Бəйдібек  ауданында  орналасқан  Ш.Уалиханов  атындағы  палеолиттік  тұрақпен  жəне 
тастан жасалған еңбек құралдарымен ұсынылған. Экспозиция бөлімінде көрсетілген 
неолиттік  «Қара  үңгір»  тұрағының  археологиялық  ескерткіштері  көрерменді  неолит 
дəуірімен  таныстырады.Тастан  жасалған  еңбек  құралдары,  яғни    таскелсаптар, 
балталар, қыш ыдыстар жəне əшекей бұйымдар мыс дəуірі жайлы мəліметтер береді. 
Сондай-ақ,  бұл  жерде  Қаратау  тау  жоталарынан,  Талас  Алатауының  Қасқабұлақ 
шатқалынан  табылған  тас  бетіне  қашалып  салынған  суреттер  ежелгі  өнердің  айқын 
дəлелі  бола  алады.  Экспозициядағы  қойылған  қыш  бұйымдар  мен  ілінген  суреттер, 
карта-схемалар  Қазақстан  территориясында  орналасқан  алғашқы  сақ  тайпаларының 
өмірі  мен  тұрмысы  жайлы  айқын  мəліметтер  береді.  Орта  ғасырдағы  өлке  тарихы   
алғашқы  мемлекеттік  бірігулер  арқылы  айқындалған.  Олар:  алғашқы  феодалдық 
мемлекет    Түрік  қағанаты,  Батыс  түрік  қағанаты,  Қарахан  мемлекеті,Ұлы  моғолдар 
империясы.Орта  ғасырда  пайда  болған  Ұлы  Жібек  жолының  бойында  орналасқан 
ежелгі қалалар Испиджаб (Сайрам), Фараб (Отрар), Яссы (Түркістан) қалалары жайлы 
мəліметтер өз алдына бөлек жинақ ретінде көрсетілген. Бұл жерде қойылған əртүрлі 
керамикалық  ыдыстар,  қала  сыртын  қоршауға  арналған  кірпіштер,  сондай-ақ  таза 
күмістен жасалған теңгелер мен əшекей бұйымдар көрермен қауымның назарын еріксіз  
аударады.  Музейге  келуші  қауымды  XVI    XVIII  ғасырдағы  қазақ  халқының  қару-
жарағы  мен  жасағы  да    қызықтырады.  XVғ.  бірінші  ширегінде  Оңтүстік  батыс 
Қазақстанның  аумағында  Əбілхайыр  хан  бастаған  «Көшпелі  өзбектердің  хандығы» 
пайда болды, хандықтың астанасы Сығанақ қаласы еді. Бірақ XV ғ. екінші жартысында 
пайда болған қазақ хандығы Сырдария жағалауларындағы, Арыс өзенінің бойындағы 
жерлерді  басып  алуға  ұмтылды.  Бірнеше  ғасыр  бойына  бұл  аймақ  Қазақ  (Жошы 
тұқымы)  жəне  Өзбек  (Шейбан  тұқымы)  хандарының  арасындағы  күрес  сахнасына 
айналды. XVI ғ. басында өлке қазақ ханы Қасымның иелігінде болды, одан соң Ташкент 
билеушісі  Баба  Сұлтанның,  кейінірек  Бұхара  билеушісі  Абдаллахтың  қол  астына 
көшеді. 1597-1598 жылдары қазақтың ханы Тəуекел Абдаллахтың əскерін талқандап, 
Ташкент,  Самарқан,  Сайрам,  Түркістан  қалаларын  басып  алды.  Оның  тұсында  бұл 
жерлердің  барлығы  қазақ  хандығының  құрамына  ендірілді  де,  астана  ежелгі  Яссыға 
көшірілді.  XV-XVIғ.ғ.  қазақ  халқының  жəне  оның  этникалық  аумағының  ғасырлар 
бойына  созылған  қалыптасу  кезеңі  аяқталды.    Экспозицияның  көпшілік  бөлігін 
өлкеміздің  XVI-XIX  ғасырлардағы  əлеуметтік-экономикалық  тарихы  мен  мəдениеті 
алып жатыр. Көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар суармалы 
егін шаруашылығына тəн еңбек құралдары кең көлемде көрсетілген.
Халқымыздың  ежелден  желісі  үзілмей  жеткен  салт-дəстүрлері  мен  əдет-
ғұрыптары,  мəдениеті  мен  өнері  -  біздің  адамгершілік  дүниеміздегі  ең  қымбат 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет