Уровень-1 Жалпы және жеке микробиология 375 сұрақ



бет3/7
Дата05.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#106175
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
стом тесты каз от 12.05

Mycoplasma pneumoniae колониялары қоректік ортада ұқсайды:
"табаға қуырылып пісірілген жұмыртқа"
"кестелі орамал"
"кедір-бұдыр тері"
"медузаның басы"
"төңкерілген шырша"
Вирустар мен микоплазмалар арасында қандай ортақ нәрсе бар:
бактериялық сүзгілер арқылы өтеді
қоректік ортада өспейді
жасушаішілік паразиттер
жасушалық құрылымы жоқ
бірдей өлшемдер
Вирустар мен хламидиоздардың ұқсастығы неде:
қоректік ортада өспейді
бактериялық сүзгілер арқылы өтеді
грам теріс
тек РНҚ бар
бірдей өлшемдер
Орнитоздың қоздырғышы:
Chlamydia psittaci
Legionella pneumophila
Mycoplasma pneumoniae
Staphylococcus aureus
Candida albicans
Staphylococcus aureus түрінің атауы қандай белгілерді көрсетеді:
дақылдық ерекшеліктері
тинкториалды қасиеттері
морфологиялық қасиеттері
экологиялық ерекшеліктер
патогенділігі
Стафилококктарға жатады:
S. aureus, S. saprophyticus
S. sonnei, S.flexneri
S. typhi, S.typhimurium
S. pyogenes, S.agalactiae
S. saprophyticus, S.boydii
Скарлатина қоздырғышы:
Streptococcus pyogenes
Staphylococcus albus
Streptococcus faecalis
Staphylococcus epidermidis
Staphylococcus aureus
S. pneumoniae үшін қандай белгілер тән:
Альфа-гемолиз, оптохинге сезімталдық
бета-гемолиз, оптохинге сезімталдық
өтті ыдырату, оптохинге сезімтал емес
капсуланың болмауы, оптохинге сезімталдық
Грам бояу бойынша теріс, бета-гемолиз
S. pneumoniae түрішілік дифференциациясы негізделген:
капсула құрылымы
ЦПМ құрылымдары
жасуша қабырғасының құрылымы
пептидогликан құрылымы
фимбрияның болуы
Қарапайым герпес вирусы жатады:
Simplexvirus
Varicellovirus
Cytomegalovirus
Lymphocryptovirus
Rhadinovirus
Желшешек қоздырғышы жатады:
Varicellovirus
Cytomegalovirus
Simplexvirus
Lymphocryptovirus
Rhadinovirus
Белдемелі герпес қоздырғышы жатады:
Varicellovirus
Cytomegalovirus
Simplexvirus
Lymphocryptovirus
Rhadinovirus
Жақ-бет аймағының анаэробты инфекциясын емдеу үшін қолдануға ұсынылмайтын дәрі-дәрмектер:
аминогликозидтер (гентамицин, канамицин, тобрамицин, амикацин)
макролидтер (эритромицин, олеандомицин, азитромицин, рокситромицин, кларитромицин, мидекамицин, джозамицин)
линкозамидтер (линкомицин, клиндамицин)
тетрациклиндер (тетрациклин, доксициклин)
бактериофаг
Одонтогендік флегмоналар мен абсцесс кезінде іріңді экссудатты бактериологиялық зерттеу кезінде көбінесе мыналар бөлініп алынады:
Prevotella melaninogenica, Fusobacterium nucleatum, Peptostreptococcus anaerohius
Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis, Streptococcus pyogenes
Lactobacillus brevis, Bifidobacterium spp., Candida kefiri
Escherichia coli, Baderoides fragilis, Pseudomonas aeruginosa
Staphylococcus aureus, Lactobacillus brevis, Baderoides fragilis
Анаэробты инфекцияға күдікті науқастан материалды тасымалдау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:
материалды транспорттық қоректік ортаға салу және салқындатылған күйде жеткізу
материалды транспорттық қоректік ортаға салып, 37°C температурада жеткізу
материалды қоректік ортасыз құрғақ стерильді құтыға салу, оттексіз газ қоспасын жіберу және аузын тығындап жабу
материалды анаэробтардың өсу стимуляторлары бар қоректік ортаға салу және температура режимін ескермей жеткізу
материалды қоректік ортаға анаэробтардың өсу стимуляторларымен бірге салу және 37°C температурада жеткізу
Туберкулез инфекциясы кезінде организм сенсибилизациясын туындатады:
Туберкулин
Корд фактор
Сульфатидтер
Глицерин
Экзотоксин
Газды хроматография әдісі көмегімен анаэробты микроорганизмнің туысы мен түрін анықтау неге негізделген:
Майлы қышқылдар спектрін анықтауға
Жасуша қабырғасы құрамын анықтауға
Токсиндердің спецификасын анықтауға
Ферменттер құрамын анықтауға
Гомология деңгейін анықтауға
Газды гангренаның жедел диагностикасында патологиялық материалды қандай қоректік ортаға себеді:
Вильсон-Блер ортасына
Китта-Тароцци ортасына
Қанды және өтті агарға
Жоғары бағанды қантты агарға
Блаурокк ортасына
Clostridium perfringens бактериясы бар клиникалық материалды лакмусты сүтке еңгізгеннен соң 2-4 сағат инкубацияда байқалады:
Қоныр-қызыл түсті, ірімшік тәрізді іріткі көпіршіктер
Казеин шоғырланып қоректік орта қара түске боялады
Шектен тыс газ бөлінеді, жағымсыз иіс шығады
Нәтижесінде шектен тыс газ бөлінеді
Түссіз казеин іріткісі мен түссіз сары су бөлінеді
Сібір күйдіргісі қоздырғышының жедел алдын алуында қолданады:
Сібір күйдіргісінің иммуноглобулині
СТИ тірі вакцинасы
Бактериофаг
Өлі вакцина
Химиялық вакцина
Сібір күйдіргісінің патогенділігі байланысты:
экзотоксинмен, протективті, ісіктік және летальды факторлармен
адгезиямен, коллонизациялаумен, энтреотоксинді түзумен
инвазивтілікпен, гистаминсинсибилздеуші фактормен
эндотоксинмен, жасуша қабырғасының майлы қабатымен
микроколонизациялаумен, тетаноспазминмен және тетанолизинмен
Хламидиоздың зертханалық диагностикасында қолданылады:
ПТР, ИФА, Романовский-Гимзе бойынша бояу
хламидиоз дақылын бөліп алу, РА
ИФР, Циль-Нильсен бойынша бояу
Бурри бойынша бояу, хламидиоз дақылын бөліп алу
түнек айдыны микроскопиясы, ИФР
Эпидемиялық іш сүзегін арнайы алдын алу жүргізіледі:
вакцинамен
анатоксинмен
фагпен
антибиотиктермен
интерферондармен
Дәрігерге субфебрильді температура, өзін нашар сезіну, организмнің сарғаюы шағымдарымен науқас қаралды. Анамнезінен дәрігерге белгілі болғандай, үш ай бұрын науқасқа көктамыр ішіне манипуляция жасалған. Дәрігер «вирусты гепатит» болжамды диагнозын қойды. Диагнозды нақтылау үшін немесе диагноздан бас тарту үшін қандай зерттеу өткізілуі тиіс?
Науқастың қан сарысуынан жалпы HBs антигенді анықтау
Науқастың нәжісін бактериологиялық зерттеу
Мұрынжұтқыншақ шайындысынан гепатит А қоздырғышының болуын зерттеу
Мұрынжұтқыншақ шайындысынан гепатит С қоздырғышының болуын зерттеу
Науқастың қн сарысуынан жалпы IgA анықтау
Науқастағы ауруды гепатит В вирусы туындатқан, вирус жасушамен интеграциялық түрде өзара байланысады. Инфекцияның интеграциялық түрінде вирустың жасушамен өзара байланысу сипатын көрсетіңіз:
нуклеин қышқылы жасушалық хромосомаға тіркеледі және онда провирус түрінде тіршілік етеді
вирус репродукциясы циклі сатылардың бірінде тоқталады да жаңа вириондар пайда болмайды
вирус жасушада жаңа вириондар түзе отырып автономды түрде жұмыс жасайды
вирус жасушаға енеді және лизосомалық ферменттердің әсерінен жойылады
вирус қожайын жасушасының ядросына енеді және вирустардың амплификациясы жүреді
«Ауызба-ауыз» әдісімен өкпенің жасанды желдетуін жүргізу кезінде дәрігердің ауыз қуысына АИВ инфекциясымен ауыратын науқастың қаны түсті. Дәрігер АИВ инфекциясынан шұғыл түрде сақтандыру мақсатымен ауыз қуысын шаюға қандай ерітіндіні қолданады?
70% этил спирті
2% натрий карбонатының ертіндісі
2% хлорамин ертіндісі
3% хлорлы әк ертіндісі
6% сутегінің асқын тотығы ертіндісі
Тіс дәрігеріне 8 жасар баласы бар ана келді. Баладағы шағымдары: тәбетінің нашарлауы, тамақ ішкенде аурсыну сезімі, тілінде, ауыз қуысының шырышты қабатында ақ-сұр түсті бляшкалар анықталды. Ауыз қуысының шырышты қабығынан алынған материалды микроскопиялық зерттеу кезінде үлкен көлемді, дөңгелек және сопақша пішіндегі жасушалар анықталды. Болжам диагноз және қоздырғыш қандай болуы мүмкін:
кандидозды стоматит
спирохеталардан туындаған Венсан жаралы-некрозды стоматиті
стафилококтардан туындаған ауыз қуысының абсцессі
стрептококктық флегмона
стафилококтық сепсис
Бет-жақ хирургиясы бөлімшесіне төменгі жақсүйектің жарақатын алған әйел түсті, оның сарысуында ИФТ әдісімен ЖИТС вирусына антиденелер анықталған. АИВ диагностикасының соңғы өзгерістеріне орай қандай ИФА нәтижесі ЖИТС үшін оң және жеткілікті деп саналады:
тек бір рет ИФА жүргізіп, нәтижесі оң болса жеткілікті
үш рет ИФА жүргізіп, оның екеуінің нәтижесі оң болуы міндетті
бес рет ИФА жүргізіп, оның үшеуінен көбінің нәтижесі оң болуы қажет
үш қайталанған үш талдаудың үшеуі де оң болуы шарт
бес рет ИФА жүргізіп, оның біреуінен көбінің нәтижесі оң болуы қажет
Колиэнтеритпен ауыратын науқас баланың нәжісінен энтеропатогенді ішек таяқшасы бөлінді. Бөлінген микробтың Гисс ортасындағы биохимиялық қасиетін көрсетіңіз:
лактоза, глюкоза, маннит, мальтоза, сахарозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады
лактоза, глюкоза, маннит, мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады
лактоза, глюкоза, маннит, мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады
лактоза, глюкоза, маннит, мальтоза, сахарозаны қышқыға дейін ыдыратады
глюкоза, маннит, мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады
Серологиялық реакциялар кезінде антиген мен антидененің өзара байланысуының бірінші фазасында болады:
антигендік детерминант пен антидененің Fab фрагменті арасында байланыс пайда болады
антигендік детерминант пен антидененің Fс фрагменті арасында байланыс пайда болады
антигендік детерминант пен антидененің Fс фрагменті арасында байланыс үзіледі
антигендік детерминант пен антидененің Fab фрагменті өзара жақындайды
нәтижесінде мақта түйіршіктері мен тұнба пайда болады
Инфекционист- дәрігер балабақшаға баратын, 3 күн бұрын ауырған балаға алдын-ала полиомиелит диагнозын қойды. Эпиданамнезде бұл балабақшада полиомиелиттің 3 жағдайы тіркелген. Дәрігер науқастан қандай материалды зерттеуге жібереді?
нәжісті жасуша дақылының жұқтыру үшін вирусологиялық зерттеуге жіберу
мұрын-жұтқыншақты жағының сорғыш тышқандарды жұқтыру үшін вирусологиялық зерттеуге жіберу
қақырықты вирусологиялық зерттеуге жіебру
нәжісті алып, сорғыш тышқандарды жұқтыру үшін вирусологиялық зерттеуге жіберу
сарысуды алып, сорғыш тышқандарды жұқтыру үшін вирусологиялық зерттеуге жіберу
Урогенитальды хламидиоздың жедел диагностикасы негізделген:
иммундыфлюоресценция реакциясын өткізуге
иммунды ферментті талдауды өткізуге
бактерияны дақылдандыруға
комплементті байланыстыру реакциясын өткізуге
зертханалық жануарларға жұқтыруға
Сарғаюы бар науқастың материалын зертханалық зерттеу кезінде дәрігер келесі деректерді алды: HBsAg –, HBeAg -, антиHBsG, антиHBsM-, HCAg. Алынған нәтижелер негізінде дәрігер қандай диагноз қойды?
С гепатиті, анамнезінде-В гепатиті бар
С гепатиті
репликативті белсенділігі төмен созылмалы В гепатиті
В гепатитінің қайталануы
В гепатитін қайта жұқтыру
Хламидиялардың тіршілік ету түрлері:
ретикулярлы және элементарлы денешіктер
қатаң аэробтар және факультативті анаэробтар
грампозитивтілер және грамнегативтілер
гетеротрофтар және автотрофтар
таяқша тәрізділер және иілгендер
Энтеробактерияларды бөлу үшін қолданылатын дифференциалды-диагностикалық орталар жиынтығы:
Эндо, Плоскирев, висмут-сульфит агар
ет пептонды агар, қантты сорпа, Левин ортасы
қан агары, сарыуызды-тұзды агар, сарысу агары
сілтілі агар, өт сорпасы, селенитті сорпа
Ру, Леффлер орталары және сарысу агары
Хламидиялар мен риккетсиялардың басқа бактериялардан айырмашылығы:
жасушаішілік паразиттер болып табылады
олар оттегісі бар ортада көбейе алмайды
қолайсыз жағдайларда споралар түзеді
адамдарда жұқпалы ауруларды туындатпайды
жасуша қабырғасы болмайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет