Барлық оқушы: Кестелерді байланыстыру шарттарын біледі
Көпшілік оқушы: Көпкестелі деректер базасын жасайды
Кейбір оқушы: Көпкестелі деректер базасын жасауға мысалдар келтіріп жобасын ұсынады
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әректі
Бағалау
Ресурстар
1.Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыпты еске түсіру\ қайталау\
Ұйымдастыру:Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: «Жүректен жүрекке» әдісі Оқушылар бір-біріне жүрек ұсына отырып, жақсы бір тілек айтады.
Топқа біріктіру: «Адасқан әріптер» әдісі «Кесте», «ұяшық», «баған» сөздерін құрастыру арқылы топтарға бірігеді.
Өткен сабақты пысықтау: «Бір минут» әдісі Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.
«ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.
Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.
Мұғалім наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.
«ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы ұпай алады.
Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенге дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы 1 минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады