Кейбір оқушылар: ЖҰӨ, сатып алу қабілетін есептеудің әдістерін ұсынады.
Бағалау өлшемдері
- Сәйкестендіру көрсеткіштерінің бірін есептеудің әдісін түсіндіреді.
- ЖҰӨ-ні анықтайды.
- ЖҰӨ, сатып алу қабілетін есептеудің әдістерін ұсынады.
Тілдік мақсаттары
Оқу дағдысы: түртіп алу арқылы оқу
Жазу дағдысы: ЖІӨ, ЖҰӨ, жан басына шаққандағы көрсеткішті қоса алғанда, сатып алу қабілеті, гендерлік тепе-теңдік бойынша деректер
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: ЖІӨ, ЖҰӨ, сатып алу қабілетін есептеудің әдістері, гендерлік теңдік индексін анықтау
Құндылықтарды қалыптастыру
Экономикалық бағытындағы тәрбие (ақпараттық және экономикалық мәдениет элементтерін қалыптастыру)
Ынтымақтастыққа баулу (оппоненттердің пікірін тыңдау және қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы)