7-бөлім. АДАМЗАТТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
7.1 ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ
Зерттеу әдістерінің түрлері
|
Сабақтың тақырыбы
|
§129 Жаһандық мәселелерді шешу жобалары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)
|
Оқыту мақсаты:
11.7.1.3-жаһандық проблемаларды, оның ішінде Қазақстан аумағында көрініс табатын мәселелерді шешу бойынша өз жобаларын ұсыну.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Жаһандық жылынудың географиялық мониторингісінің элементтерін зерделейді.
Оқушылардың көпшілігі: Мониторинг саласын анықтаудың әртүрлі тәсілдерін бағалау және әртүрлі бейімдегі мамандарды тарту қажеттілігін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар: Өз елді мекеніндегі түскен жапырақтар климатының өзгеруі туралы өз көзқарасын ұсынады.
|
Бағалау өлшемдері
|
- Жаһандық жылынудың географиялық мониторингісі элементтерін түсіндіреді;
- Мониторинг саласын анықтаудың әртүрлі тәсілдерін бағалайды және әртүрлі бейіндегі мамандарды тарту қажеттілігін түсіндіреді;
- Экологиялық зерттеулердегі жаһандық жылынудың рөлі туралы өз көзқарасын білдіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқу дағдысы: тақырып мазмұнынан негізгісін белгілеп алып оқу
Жазу дағдысы: «географиялық мониторинг әдістері» графикалық сұлбасын құру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: мониторинг, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингісінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі, биоэкологиялық мониторинг, геожүйелік мониторинг, биосфералық мониторинг
|
|