Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет184/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   238
Ключевые слова: эмотивная лексика, междометие, лингвокультурный код, эмотивно-
экспрессивная функция языка. 
 
Summary
: The article summarizes and determines the frequency of use of emotional lexical structures 
in Kazakh and English. Specification of the use of emotional words from two separate cultures, languages 
that do not have close proximity to each other, their cultural aspects, as well as the presence of peculiarities 
and contradictions that should be taken into account in language learning. The equivalence in Kazakh and 
English in accordance with the national and cultural features of some emotional and expressive word 
structures with their etymology and current scope of use are compared. 
Key words: emotive vocabulary, interjections, linguocultural code, emotive and expressive function of 
language. 


Эмоция адамзат баласының ажырамас бөлшегі, соңғы зерттеулер адамның бет-әлпеті 
эмоциялардың кең спектрін көрсететінін, 7000-нан астам түрлі өрнектер жасай алатындығын 
көрсетті. Оларды білдіру барысында көмекке келетін эмотивті сөздер сөйлеушінің сөздік 
қорының ішіндегі ең жиі қолданысқа түсетін сөздер қатарында екені баршаға мәлім.  
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі Институтының қолдауымен дайындалған 
(А.Қ. Жұбанов, А.Ә. Жаңабекова, Б.Д. Карбозова, А.Қ. Қожахметова) мәтін көлемі 2109647 
сөзқолданыстан тұратын 2016 жылғы «Қазақ тілінің жиілік сөздігі» статистикалық есебіне 
сәйкес, эмотивті реңкі бар бағалауыштық сөздерден бөлек, эмотив сөздердің негізі болып 
табылатын одағай сөздердің қолданыс жиілігінің көркеткішінің өзі 376 cөзді құрап, тізбедегі 
сөздердің 1,2322% үлесін алып отыр, ал сөзқолданыс саны – 7785, мәтіндегі үлесі – 0,3703. 
Олардың ішіндегі ең жиі қолданысқа түскендері: е (871), жә (375), бәсе (367), ә (357), уа 
(329), ей (313), ойбай (254), өй (219), айналайын (206), қайран (200), ой (186), қош (159), 
шіркін (147), уай (137), бәрекелді (136), япыр-ай (110), шырағым (96), мә (94), әттең (92), 
түу (69),  бәлем (67), аһ (59), апыр-ай (57), я (55), ойпыр-ай (53), ах (46), қап (40).
Ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет, танымал журнал, газет, академиялық мәтіндер секілді 
жанрлардан және фильм субтитрлері, блогтар, веб-беттерден жинақталған, 1 миллиардтан 
астам сөз құрылымдарынан тұратын Қазіргі Америкалық ағылшын тілінің тілдік 
корпусының статистикалық ақпаратына сәйкес oh (113609), ah (10695), hey (30050), wow 
(9413), ooh (2269), damn (2256), eh (2460), oops (895), ouch (764), aw (1342) одағайларын 
(interjections) ағылшын тілі сөзқолданысындағы ең жиілердің қатарына жатқызуға болады. 
Тілдің эмоционалды әлеуетін зерттеудің тағы бір аспектісі – тіларалық коммуникация. 
Әр тілдің эмотивті коды бар және әр ұлттың тілдік кодында эмотивті құралдардың бар 
екендігі ешкімге күмән туғыза қоймас. 90-шы жылғы еңбертерде көрсетілгендей, тіл 
барлығына бірдей және эмотивтілік тарапынан әр адам үшін әртүрлі, әркімнің жеке 
эмоцияны түсінуі мен мағыналарды айқындауы аясындағы тілдік бірліктердің 
семантикасының өзгеруі мен импровизациясының ауқымы барынша кең және алуан түрлі [1, 
29]. Эмотивті сөздер қатары және оны зерттеу аумағы өте кең. Кез келген сөзді болсын, сөз 
тіркестері, я болмаса мәтіндерді бір тілден екінші тілге аудару кезінде тілдердің тілдік 
кодында көрінетін әлем бейнесінің ұлттық-мәдени ерекшелігін білу және түсіне білу ерекше 
өзекті болып табылады.
Тіл білімінің «Мәтін стилистикасы» бөлімінде экспрессивті сөздердің төрт үлкен 
тобын бөліп көрсету әдетке айналған: 
1. Өзіндік айқын эмоционалды бағасы бар сөздер (fear – қорқыныш, delight–таңғалу, 
gloom – көңілсіздік, cheerfulness –
көңілділік, annoy – ашулану, love – жақсы көру, disgust – 
жиіркену, hatred – жек көру, horror – қорқыныш, happiness – қуаныш). 
2. Алғашында стилистикалық бейтарап сөзге бағалау реңін беретін жұрнақтары бар 
сөздер (қорасымақ, cандықша, күрекше, шешекей, таусымақ, бастықсымақ; drunkard – 
маскүнем, gangster – гангстер, scare-monger – байбаламшы, kiddo – балақай).
«Тағы да тұғыртуға келе жатқан бастықсымақтар шығар деп ойлады ма, жылқышылар 
сәлемiмiзге сұлық жауап бердi» («Қаз. әдеб.»). 
«Are you telling me what to do, kiddo?» – Маған не істеу керектігін айтып тұрсың ба, 
балақай
3. Кісінің сезімін, көңіл күйін білдіретін, дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөз 
табы – одағайлар (Қазіргі қазақ тілі).
«Әй, бұл кім? Әй, ояумысың?» (Б. Майлин). 
«Ой, дүние-ай, өтіп бара жатқан заман-ай, о да біразға кеп қалған екен-ау.” (Нұрғали 
Ораз). 
«Құдайым-ай, әлгі қыздың үйінде бірдеме болып қалды ма деп зәрем ұшты ғой, – деді 
шал төсекке келіп жатқан соң өзімен өзі күбірлеп» (Н. Ораз). 
«Eeww, this cheese stinks!» – Фууу, бұл ірімшіктің иісі мүңкіп тұр.
«Ahem, I’m trying to concentrate here» – Кхм-кхм, негізі мен ойымды жинақтауға 
тырысып жатырмын. 


4. Негізгі мағынасына бейтарап, бірақ ауыспалы мағынасы бейнелі түрде 
бағалауыштық қасиетке ие (коннотация) көпмағыналы сөздер (байтөбет, қоян - қорқақ 
мағынасында, шырағым, жарығым, шырақ, сәулем, сәулетай, сәулетайым, сәулешім, 
жарық дүнием, айым, күнім, жұлдызым, шыбыным; darling, smashing, swine, niger, chicken 
(coward), worm (contemptible).
«Қарашығым, қоңыр қозым, Абай жаным, - деп кәрі әжесі Зере кемсеңдеп жылауға 
айналды» (М. Әуезов). 
«He's such a little worm, agreeing with whatever the boss says if he thinks it will get him 
ahead» – Ол кішкентай құртсымақ, егер «бұл жұмыста алға жылжуға көмектеседі» деп 
ойласа, бастықтың айтқандарының бәріне келіседі. 
Орыс ғалымы В.И. Шаховский еңбектерінде өзінің және өзгелердің эмоцияларын 
басқара білуге, сөйлеушілердің эмоционалды тәжірибесін алу мақсатында, тілдік пәндерді 
оқытудағы арнайы бағыттар аясында эмоционалды құралдарды игеру білімнің қажеттілігін 
бірнеше рет атап өтеді. Басқаша айтқанда, автор келешекте қарым-қатынастың жағымды 
әсеріне қол жеткізу үшін, коммуникация аралық қақтығыстарды алдын алу үшін 
студенттердің эмотивті/эмоционалды құзіреттілігін қалыптастыруға шақырды [2, 127-128].
Бұл үндеу шетелдің эмотивті әлеміне терең бойлай, білім алушылардың жеке тұлғасын 
жетілдіруге бағытталған шет тілдерін оқытудағы эмотивті-тұжырымдамалық амалында 
көрініс тапты [3,163].
Эмотивті сөздер қатары, оны зерттеу аумағы және қолданыс аясы да өте кең. Бұл тілдік 
құралдың көпсалалығы, оның шет тілін үйрену барысындағы қажеттілігін арттырады. 
Ағылшын тілін үйрену кезінде, оқулықтарда оқушының өз ойын білдіруге арналған 
талқылау тапсырмалары бар, алайда, оған берілетін жауаптар қалыпты, дағдыланған 
жауаптармен шектеледі. Осы орайда, оқушылардың өз эмотивті ортасын бағдарландыру 
эмотивті сауаттылықтың артуына, эмотивті лексиканың өрісіне және осы лексика арқылы өз 
ойын, ішкі сезімдерін білдіруіне жағдай жасайды. Writing дағдыларын дамыту кезінде 
ағылшын тілінде шығарма жазудағы басты талап – жазбаның эмотивтілігі, яғни мәнерлілігі, 
бейнелілігі мен оқырманның көңілін аулауы. Эмотивті тіл сөздердің әсерлі, бейнелі, дәлелді, 
көңілге қонымды болуына мүмкіндік береді.
Әңгімелесушінің 
эмоционалды 
жағдайын 
білдіретін 
ауызша 
құралдар 
– 
мәдениетаралық, коммуникация аралық қарым-қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі. 
Уақыт пен өмірлік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олар екі түрлі мәдениет өкілдерінің бір-
бірін түсінуіне қиындықтар туғызады. Әр ұлттың ұлттық-мәдени сипаты оның өкілінің 
коммуникативті әрекетінде бейнеленеді. Осылайша, әлеуметтік тұрғыдан бекітілген эмотивті 
ұғымдар тілдің сөйлеу құралдарында, ең алдымен лексикада көрініс табады.
Ағылшын тілінің эмотивті сөздерінін қазақша баламаларымен қарастырайық: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет