Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет24/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   238
Айдар Д.Н. (Қазақстан) 
Ғылыми жетекші: Мамбетова М.К. (Қазақстан) 
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ 
ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИНДУКТИВТІ ЖӘНЕ ДЕДУКТИВТІ ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУЫ 
 
Түйіндеме: Бұл зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстандық мектептердегі ағылшын тілі пәні 
мұғалімдерінің ағылшын тілінің грамматикасын оқыту әдістерін таңдау барысында индуктивті және 
дедуктивті оқыту әдістерінен қайсысына басымдық беретінін анықтау болды. Мұғалімдерден 
алынған сауалнама нәтижесінде грамматиканы оқыту тәсілін таңдауға байланысты тұжырымдамалар 
келтірілді. Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстандық мектептердегі ағылшын тілі пәні 
мұғалімдері әдетте оқытудың негізгі әдісі ретінде индуктивті әдісті емес, дедуктивті әдісті 
таңдайтыны және оны грамматиканы оқытудың ең тиімді жолы ретінде санайтыны анықталды. 
Кілт сөздер: ағылшын тілін оқыту әдістері, грамматиканы оқыту әдістері, индуктивті оқыту 
әдісі, дедуктивті оқыту әдісі, ағылшын тілі грамматикасы 
Summary: The study had the purpose of exploring preference of English language teachers in 
Kazakhstani schools on teaching English grammar rules and investigates whether they follow inductive 
teaching approach or deductive approach. By collecting teachers` recognitions through survey the arguments 
of teaching grammar rules was gathered. The findings of the study signify that the Kazakhstani English 
language teachers commonly choose the deductive method in their language classes as a primary teaching 
method rather the inductive method and accept that teaching grammar deductively is the most advantageous 
way of teaching. 
Резюме: Целью данного исследования было выяснение предпочтений учителей английского 
языка в казахстанских школах при выборе методов преподавания грамматических правил 
английского языка и выяснение того, придерживаются ли учителя английского языка индуктивного 
или дедуктивного подхода. Методом опроса были изучены аргументы преподавания грамматических 
правил. Результаты исследования свидетельствуют о том, что казахстанские учителя английского 
языка обычно выбирают дедуктивный метод в своих языковых классах в качестве основного метода 
обучения, а не индуктивный метод, и признают, что дедуктивное обучение грамматике является 
наиболее выгодным способом обучения. 
Ағылшын тілі сабағында грамматика ережелерін оқыту оқушылардың лингвистикалық 
біліктілікке қол жеткізуі тұрғысынан маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Ларсен-
Фриман [1, 263-280] тіл үйренушілердің тілдік ережелерді тиімді жолмен үйренуіне 
байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ол өз зерттеуінде дедуктивті және индуктивті 
әдістерді қарастырды. Сонымен қатар ол, тақырып түсіндірілместен бұрын мысалдарды 
келтіру және оларды қайталау ережелердің оқушының миында жақсы сақталып қалатынын 
айтты. Қажет болған жағдайда оқушы сол ережені оңай еске түсіріп қолдана алатынын атап 
өтіп, индуктивті оқыту әдісінің еркешелігін алға тартты. Сондықтан, дедуктивті оқыту әдісін 
қолдану барысында тек қана ережелерді түсіндірумен шектелмей, индуктивті әдісті де іске 
асыруға болатынын жеткізді [2, 10-12]. Өйткені тағылшын тілін оқыту барысында тек қана 
бір әдіспен шектелу грамматика тақырыптарын тиімді және оңай жолмен түсіндірудің 
мүмкіндіктерін азайтады. 
Әдебиеттерге шолу 
Грамматиканы индуктивті және дедуктивті әдістермен оқыту. 
Грамматикалық аударма (Grammar teaching), Тікелей әдіс (Direct method), 
Аудиолингвистикалық әдіс (Audio-lingual method), Үнсіз жол (Silent way), Сугестопедия, 
тілді коммуникативтік әдіспен оқыту, тапсырмаға негізделген тіл оқыту әдісі және 
Крашеннің бес гипотезасы [3, 176-186] сияқты әртүрлі әдіс тәсілдердің, техникалардың және 
идеологиялардың пайда болуымен тілді үйрену және оқыту процесінде түбегейлі өзгерістер 


болды. Тіл мұғалімдері көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін әртүрлі әдістерді қолданады 
және кейбір әдіс-тәсілдердің тиімділігіне күмән келтірсе де, қызықты әрі пайдалы 
педагогикалық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін барлық тәсілдерді сынап көреді [4, 4-10]. 
Ағылшын тілі грамматикасын оқыту тілді оқыту мен үйренудің ең көп талқыланатын 
салаларының бірі болып саналады. Бұл пікірталастар грамматиканы оқыту әдісі, оның 
коммуникативті мақсаттары, жалпы грамматиканы үйрету керек пе жоқ па, грамматиканың 
қандай түрін үйрету керек, грамматикалық ережелерді жақсы білудің тиімділігі қандай, 
грамматика ережелерін тура жолмен оқытқан тиімді ме әлде мысалдар негізінде ме, деген 
сияқты сұрақтар аясында өрбіп келеді [5, 83-107]. Алайда, Торнбери [6, 14-16, 29-31] 
грамматиканы оқытудың үш негізгі тәсілін нақты атайды: ережелерге негізделген оқыту 
әдісі, мысалдарға негізделген оқыту әдісі және мәтіндер арқылы грамматиканы оқыту. 
Мұндағы бірінші әдіс бұл - дәстүрлі дедуктивті оқыту әдісі. Бұл әдіс бойыншы оқытылатын 
ережелер туралы ақпарат сабақтың басында беріледі және мысалдармен толықтырылады. 
Яғни, дедуктивті сабақта мұғалім алдымен грамматикалық ережелерді түсіндіреді, соңында 
студенттер өз мысалдарын келтіреді. Ал, индуктивті әдісте алдымен мысалдар келтіріліп, 
берілген мысал ішінен ереже анықталады. Оқушылар алдымен ережені өздері тауып көруге 
талпынады. Олар грамматикалық заңдылықтарды тапқаннан кейін, өз мысалдарын жасайды.
Уиллис [7] егер біз оқушылардан белгілі бір сөйлемді тыңдап, оны бірнеше рет қайталауды 
сұрасақ бұл олардың сөйлемді жаттауына және сөйлемдегі құрылымның логикасын түсінуге 
көмектеседі. Яғни, мұндай қайталаулар немесе мысалдарды талдау оқушыға сол сөйлемде 
кездесетін грамматикалық ережеге байланысты өз тұжырымын жасауға көмектеседі деген 
сөз.
Ғалымдардың тұжырымдарын қорытындылай келе тілді оқыту мен үйрену 
грамматикалық ережелерді толық түсінумен тығыз байланысты екенін ұғынамыз. Осы жолда 
оқушыға тиімді тәсілдерді ұсынып, олардың ережелерді оңай түсініп, қолданысқа жылдам 
енгізе алуына ықпал ететін ол әрине мұғалім. Сондықтан осы мақаламызда Қазақстандық 
ағылшын тілі мұғалімдерінің грамматиканы оқытуда кеңінен қолданылатын екі әдіс жайлы 
пікірлеріне анализ жасайтын боламыз.
Әдіснамасы 
Бұл шағын зерттеу жобасының негізгі мақсаты Қазақстандық ағылшын тілі 
мұғалімдерінің грамматика ережелерін оқытуда қолданатын дедуктивті және индуктивті 
әдістеріне талдау жасау. Зерттеу құралы ретінде құрылымдалған ашық сұхбат сауалнамасы 
дайындалды. Сауалнамаға орта мектептерде жұмыс жасайтын жиырма жеті ағылшын тілі 
мұғалімі қатысты. 
Зерттеу нәтижелері 
Сауалнама нәтижесінде он сегіз мұғалім грамматика ережелерін тек қана дедуктивті 
әдіспен оқытатынын, төрт мұғалім индуктивті әдісті құптайтынын, ал қалған бес мұғалім екі 
әдісті араластырып қолданатынын алға тартты. 
Зерттеуден кейін келесі тұжырымдар алынды:
1) Ағылшын тілі мұғалімдерінің барлығы дерлік практикалық сыныпта грамматиканы 
дедуктивті түрде үйретеді. 
2) Грамматиканы оқыту тіл үйренудегі маңызды компоненттердің бірі. 
3) Мұғалімдерінің көпшілігі грамматиканы дедуктивті түрде үйретудің тиімділігін алға 
тартты . Сауалнама қатысушыларының бірі : 'Біздің студенттер ағылшын тілін өте нашар 
біледі, сондықтан олар берілген мысалдардан құрылымды өздігінен түсіне алмайды. 
Сондықтан мен оларды дедуктивті түрде оқытамын. 
4) Респонденттердің көпшілігінде ұқсас жауаптар болды. "Қазақстандағы студенттер 
мысалдармен емес, құрылыммен түсіндіргенді ұнатады". 
Осылайша, бұл зерттеу мұғалімдердің грамматиканы дедуктивті түрде оқытатындығын 
көрсетті, бұл мұғалімнің еркімен емес, оқушылардың қалауы бойынша. 
Қорытынды 


Грамматикалық ережелерді оқыту шет тілін үйренуді жеңілдетеді және студенттерге 
қысқа уақыт ішінде тілді қолданысқа енгізе алуына мүмкіндік береді. Қазақстанда да 
ағылшын тілі мұғалімдері өз сабақтарында грамматикалық ережелерді үйретуді негізге 
алады және осы жолда дедуктивті әдісті қолдайды. Қорытындылай келе, дедуктивті тәсіл 
арқылы грамматиканы оқыту студенттер үшін практикалық жағынан тиімді деген шешімге 
келдік. Өйткені бұл әдісті тек мұғалімдер ғана емес оқушылардың өзі де қолдап отыр. 
Қосымша – 1 
Сауалнама. Грамматика ережелерін оқыту бойынша мұғалімдердің көзқарасы. 
1) Сіздің ойыңызша грамматика дегеніміз не? 
2) Грамматиканы оқытуда қандай әдісті таңдайсыз? 
3) Қазақстанда ағылшын тілін оқытуда қандай әдіс қолайлы? 
4) Сіз өз оқушыларыңызды қандай әдіспен оқытасыз? Дедуктивті әдіспен бе әлде 
индуктивті әдіспен бе? 
5) Қазақстандық оқушыларға грамматика ережелерін үйрету маңызды ма? 
6) Оқушыларға грамматиканы үйрету барысында қолданғыңыз келетін кез-келген екі 
әдісті атаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет