Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет94/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   238
Key words: Orkhono-Yenisei, runic, Kultegin, Tonikuk, ancient Turkic, Medieval Turkic, Kazakh, 
written monuments, etymology, semantics. 
Кіріспе. Қазіргі қазақ тіліндегі түбір сөз деп қаралып жүрген сөздердің қалыптасуына 
негіз болып, сол сөздердің құрамында өлі түбір күйінде сақталып келе жатқан немесе 
ертеден қалыптасып орныққан күрделі сөздердің, тұрақты тіркестердің құрамында ғана 
қолданылатын күйге ауысқан, жеке тұрғандағы мағынасы күңгірт, дербес қолданылмайтын 
сөздердің бастапқы тұлғасы мен мағынасын, қолданылу аясын, қазіргі түбір сөздердің 
жасалуына негіз болу ерекшілігін айқындаудың маңызы зор. Бұл ретте тасқа қашалған көне 
түркі жазба ескерткіштердегі тілдік деректердің алар орны өзгеше. Әсіресе Орхон 
ескерткіштерінде жазылған мәтіндер сөз саптауы, ойды бейнелеудегі обыраздылығы, ондағы 
теңеулер, этно-мәдени қолданыстар, ішінара сөздерді айтпағанда, лексикалық құрамы 
жағынан қазақ тілінде түсініктілігі тағы басқа жақтарындағы ұқсастықтары жетерлік. 
Төменде Орхон ескерткіштерінде қолданылған кейбір сөздерді және ол сөздердің орта түркі 
дәуірінде қолданылу жағдайын тілдік дерек ете отырып, осы сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі 
қалыптасу жағдайы жөніндегі ойларымызды ортаға қойдық.
Негізгі бөлім. Күлтегін жазуында Тоқұз еріг егіре тоқыды (КТҮ. 46). Он еріг тоңа тігін 
йоғынта егіріп өлүртіміз (КТҮ. 47) деген жолдар бар. Осы сөйлемдер қазақша «Тоғыз ерін 
қуып тақымға басты». «Он ерді Тоңа тегінді жерлеген жерде қуып жетіп өлтірдік» деп 
аударылған [2, 23]. Осындағы егіре сөзі екі сөйлемде де «қуып жетіп» мағынасымен 
берілген. Көне түркі тіліндегі сөз ортасындағы «ғ» дыбысының қазақ тілінде «и» дыбысына 
айналу фактілері бар. Мысалы: Ег «ию», ол бұтақ егді (МҚ. І 168) «Ол бұтақ иді». Егіл -- иіл, 
егін -- иін. Егінке кедімме, боғұзқа иемі керек (ҚБН 104, 29) «Иінге киім, ішерге тамақ 
керек». Іге – ие, қожайын. Ев ігесі (ТТ VII 28,17), «үй иесі». Иігі – жиі (МҚ ІІІ 25). 
Жоғарыдағы көсемше тұлғалы егіре сөзінің түбірі егір – ейір, яғни иір болып шығады. Иір 
етістігі қазақ тілінде көп мағыналы сөз. Соның бірі малды шашау шығармай тобын жазбай 
бір жерге жинау, топтау, иіру дегенді білдіреді [3, 492]. Ендеше егіре тоқыды «қамалап 
(қоршап) соқты», егіріп өлүртіміз «қоршап өлтірдік (қырдық)» деген мағынада қолданылған. 
Егіре сөзінің қоршау мағынасын С.Е.Малов та жоққа шығармайды [4, 42]. Иіру мағынасы 
негізінде қалыптасқан көне түркі тілінде егрім (МҚ І 107), қазақ тілінде иірім сөздері бар. 
Тоқыды етістігінің түбір тұлғасы тоқы «тоқпақтау», «ұру», «соғу» мағынасын білдіреді. 
Қазақ тіліндегі тоқпақ, тоқылдату сөздері осы түбірден тараған. Егіре сөзі С. Қаржаубай 
аудармасына «Тоқыз ерін иіре (қоршап алып) жауладық» түрінде дұрыс аударылған [5, 177]. 
Орхон және орта түркі мәтіндерінде мағынасы мен тұлғасы жағынан қазіргі қазақ 
тілінен табыла бермейтін бірқатар сөздер бар. Соның бірі ыдұқ сөзі. Мысалы: Үзе түрік 
тәңірі, түрік ыдұқ йері, сұбы анча тіміс (КТҮ. 10) «Үстіде түрік тәңірі, түріктің қасиетті жер 
суы былай депті». Ыдұқ Өтукен йыш бодун... (КТү 23.) «Қасиетті Өтукен қойнауының 
халқы...» Теңрі Ұмай, ыдұқ йер, суб (Тон 38) «Тәңрі. Ұмай, қасиетті жер-су». Анаңдын 
йарұйұр ыдұқ құт күні (КВН 37 11). «Одан жарқырайды қасиетті құт күні». Орысша 
«священный», түрікше «mukaddes», қазақша «қасиетті» сөздерімен аударылып жүрген Ыдұқ 
сөзі- тұлғасы жағынан бір қарағанда қазақ тіліне жат сөз. Дегенмен ертедегі «д» дыбысының 
қазақ тілінде «й» дыбысына айналу ерекшелігін ескерсек, бұл сөз ыйұқ болуға тиіс. Қазақ 
тілінде сөздің басқы буыны езулік дауыстыдан болғанда соңғы буыны еріндік дауыстыдан 
аяқталмайды. Керісінше алдыңғы буыны еріндік дауыстыдан болғанда сөздің соңғы 
буынына қарай езулік дауыстыға ыңғайланады. Осы ерекшелікке сай ыдұқ (ыйұқ) сөзі ендігі 
жерде соңғы еріндік дауысты ұ-ның ықпалымен ұйұқ болып айтылады да, ұйық болып 
жазылады. Ұйық сөзі тілімізде «саз», «майбатпақ», «балшық» мағынасында және жерұйық 
сөзінің құрамында сақталған. Демек, жер ұйығы дегеніміз «құтты», «қасиетті жер», нақтырақ 
айтқанда, «құнарлы», «шөбі шүйгін жер» болып табылады. Сонымен қатар, көне түркі 
сөздігінде ыдұқ сөзінің жоғарыдағы мағынасынан сырт «непроходимый», «неприступный» 
мағынасында Ыдұқ тағ (МҚ. І. 65) -- Биік (өре жетпейтін, аяқ баспайтын) тау 


қолданылғандығы көрсетілген. Күлтегін жазуында: Тамағ ыдұғ башда сүңүшдіміз (КТҮ. 41) 
деген сөйлем бар. Осындағы ыдұқ сөзі «өте алмас», «өре жетпес», «биік» мағынасында 
қолданылған сияқты. С.Е.Малов аудармасында «қасиетті Тамағ асуында» деп берілген [4, 
41]. Қалай болған күнде де ыдұқ сөзінің келтіріліп отырған мағыналары түп төркіні жағынан 
бір-бірінен алшақ кетпейді. Өре жетпейтін немесе адам аяғы баса алмайтын, өте алмайтын 
жердің өзі де қасиетті болмай ма?! 
Тіліміздегі көмескі (өлі) түбірлерді анықтап, сөз құрамын талдағанда руникалық жазу 
ескерткіштерінің тіліне соқпай кету мүмкін емес және бұлайша зерттеудің көне ескерткіштер 
тіліндегі әрбір сөздердің нақтылы мағынасы мен қолданылу ерекшеліктерін айқындай түсу 
үшін де қажет. Мысалы: Сүчіг сабын, йымшақ ағын арып, ырақ бодұнығ анча йағүтүр ерміш. 
«Тәтті сөзімен, асыл бұйымымен азғырып (алдап) алыстағы халықты өзіне сондай 
жақындатар еді» (КТК 5). Бұл сөйлемдегі «арып» сөзі етістіктің көсемше тұлғасы. Түбірі 
«ар». Осы ар сөзі орысша обманывать (алдау), лгать (өтірік айту), соблазнить (еліктіру); 
қазақша алдау, азғыру сөздерімен аударылып жүр. Сөйлемге мазмұны жағынан талдау 
жасасақ, ар сөзінің мағынасы алдау, азғыру, еліктіру екеніне күмән келтіруге болмайды. 
Бірақ ар мен алдау, азғыру сөздері тұлғалық жақтан ешқандай да сәйкес келмейді. «Алда» 
етістігінің түбірі «ал» көне түркі тілінде айла, қулық дегенді білдірген. Мысалы, Алын арлан 
тұтар, күчін сычған тұтмас «Айламен арыстанды алуға болады, күшпен тышқан да ұстай 
алмайсың» (МҚ 622 13). «Ал» түбірінен алчы (алдамшы), алда сөздері жасалған. Мысалы, 
Йана алчы болса қызыл тілкү тег. «Және алдамшы болса қызыл түлкідей» (ҚБН 17410). Ол 
йағыны алдады. «Ол жауын алдады» (МҚ 13917). Алда етістігінің түбірі көне түркілік «ал» 
екендігі жөнінде қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде де көрсетілген [6, 24-25]. 
Сонымен қатар ар түбірі азғыру дегенді де білдірмейді. «Азғыр» етістігінің түбірі «аз» көне 
түркі тілінде адасу, қателесу мәнінде қолданылған. Мысалы: «Тәңірі (дей) Білге қағаннан 
айырылмайық азбайық (қателеспейік)». «Аз» етістігі қазір де тілімізде азу, азғындау түрінде 
қолданылады. Ал «ар» түбірі осы қалпында тілімізде жоқ. Тек арба (арбау) етістігінің 
құрамында өлі түбір күйінде сақталған. Арбау етістігі көне және орта түркі жазбаларында 
кездеспейді. «Ар» түрінде ғана қолданылған. «Ар» түбірінің қазіргі арбау сөзінің бастапқы 
тұлғасы екендігі жөнінде қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде «арбау сөзінің 
түбірі ар, ол көне түркі тілінде, қашқари сөздігінде алдау, арбау, сиқырлау, қаратып алу, 
айналдырып алу мағынасында қолданылған» делінеді [6, 37]. Сөйтіп жоғарыда Күлтегін 
жазуынан келтірілген сөйлемді өз мағынасынан ауытқымай, дәлме-дәл «тәтті сөзімен, асыл 
бұйымымен арбап, алыстағы халықты өзіне сондай жақындатар еді» деп аударуға болады. 
Тониқұқ ескерткішінде «Көгмен йолы бір ерміс, тұмұс-тійін, есідіп бү йолын йорысар 
йарамачы, тідім...» (Тон 23) деген сөйлем бар. Орысша С.Е.Маловтың аудармасында бұл 
сөйлем «Көгмен жолы біреу (ғана), оны қар басқан дегенді естіп, бұл жолмен жүрсек 
жарамас дедім...» деп берілген [4, 67-бет]. Қ.Сартқожа аудармасында «Көгмен жолы біреу 
ғана, тұманды дегенді естіп, бұл жолмен жүрсем жарамас дедім». Көне түркілік нұсқасына 
қарасақ, ондағы «тұмұс» сөзінен басқасы қазақ тілінде түсінікті. Сөйлемдегі сөздердің орнын 
өзгертпестен «Көгмен жолы біреу (ғана), тұмұс (?) дегенді естіп, бұл жолмен жүрсе жарамас 
дедім» деп тікелей аударуға болады. Ендеше осы сөйлемдегі «тұмұс» қандай мағынаны 
білдіреді? Орысша қармен жабылған (бүркелген) делінген. Орта түркі жазбалары М.Қашқари 
сөздігі мен «Құтты білікте» «тұмұс» формасының түбірі «тұ» екендігіне дәйек боларлық 
мынандай деректер бар. Ол ағзын тұды. «Он закрыл рот» (ол аузын жапты) (МҚ ІІІ 227). Қаз, 
өрдек, құғұ қыл қалықығ тұды «Қаз, үйрек, аққулар аспанды жапты» (ҚБН 186). Бұл екі 
мысалдағы 3-жақ, өткен шақ «тұды» тұлғасының түбірі «тұ», мағынасы жағынан 
жоғарыдағы «тұмұс» құрамындағы тұ түбірінің мағынасымен бірдей екендігі «көне түркі 
сөздігінде» де көрсетілген [7, 584]. «Тұ» түбіріне жалғанған мұс формасы көне түркі тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет