Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет97/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   238
әлсірету, жеткізу, бастау, көтеру, жаралау, әкетті, қуды тәрізді кең ұғымда болған. Бұл 
сөз қазіргі түркі тілдерінде елт, еліт, елет, елит, илт, илет, ит, йелт тұлғаларында келіп, 
әртүрлі қимыл мағынада жұмсалады. Көне мәтінде есім сөзбен де, етістікпен де тіркесіп 
келген. Құранды етістік жасамаған. Бір ғана -е елт аналитикалық формантта қолданылып, 
қимылдың шапшаңдығы мен қайталануын білдіреді.
Көне түркі
руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі көмекші етістіктердің ішінде ыт 
формасы қазіргі қазақ тілінде қолданылмайды. Бірақ, оның мағынасы қазақ тіліндегі жібер 
етістігіне сәйкеседі. Аталмыш форманы қазақ тілінен жақсылап іздесек табылады. Мәселен, 
қазақ тіліндегі ыту, зыту, ытқу, жытыру, зыттыру, жіберу т.б. сөздерінің мағыналары 
алшақ емес. Сондықтан бұл сөз көне түркі
тіліне болсын, қазіргі тілімізге болсын жат емес. 
Қазіргі түркі тілдерінің ішінде ыт сөзі мағынасы мен тұлғасы жағынан еш өзгеріссіз тофалар 
(ыт) және аздаған фонетикалық өзгешелікпен чұлым, хакас (ыс), тува (ут\ит), ойрат (ий), якут 
(ыыт) тілдерінде қолданылады [22, с. 149]. ҚТС-інде ыт сөзінің екі мағынада жұмсалатыны 
берілген: 1. Тұрған жерінен тез кетіп қалу, зыту. 2.Ытқып кету, ыршу [23, 948 б.]. Ал көне 


түркі тілінде негізгі мағынасы жіберу, кейде контекске байланысты жоғалту, ыдыратпау, 
айырылу сияқты сөздердің мағынасында да жұмсалған. Зерттеуге түскен ескерткіштердің 
сегізінде 33 рет кездесіп, көбінесе негізгі етістік қызметінде болады. Күлтегін және Құтлық 
қаған ескерткіштерінде «ычқыну ыдмыс (ҚҚ.2) – ыдыратып жіберген, жоғалтып жіберген» 
тіркесі қайталанып қолданылған. Сонымен бірге Күлтегін кіші жазуда хакас тілінің 
тұлғасына сәйкес ыс түрі бір сөйлемде ғана негізгі мағынасында ұшырасады. Мысалы: ол 
йерге рү барсар, түрк будун өлтечісін Өтүкен йер олурып арқыш тіркіш ысар нең буңуғ йоқ 
(КТк.8) – (Итак), о тюркский народ, когда ты идешь в ту страну, ты становишься на краю 
гибели; когда же ты, находясь в Отюкенский стране, (лишь) посылаешь караваны (за 
подарками, т.е. за данью), у тебя совсем нет горя [13, с. 74]. Көне мәтінде ыт\ыд сөзінен 
ыты, ыдмыс, ытым, ыттым, ытдым, ыдып, ыдмаз, ыдымайын, ытмыс және ысар 
тұлғалары түрленген. Көбіне есім сөздермен (басшы, мыңа, ер, анта, жер-суын, Иамтарды, 
Семді, бедізші, атын, сабығ), шылау (сайу) және көсемшелі негізгі етістіктермен (ычқыну, 
йітүрү, ертүрү) тіркесіп келеді. М.Сабыр ыт (ыд, ий, ыс) сөзімен түбірлес және мағыналас 
ыз/із өлі түбір орта түркі тілінде екі нұсқада болатындығына көз жеткізеді. Мысалы: Шырын 
касры раван ызды тізгін – Шырын қорған жаққа тездеп жіберді тізгінді. Ошол каршы кім 
іздің ерді таптым – Сол бекініске жіберген едің таптым (ХШ). Ыз түбірінен ызарт (жіберт), 
ызғу (жіберу), ызла (жұла) сөздері туындаған. Автор ХІV-ғасырдағы хан жарлықтарының 
тілінде осы түбірдің ій (жіберу) варианты барын да сөз етеді [24, 244 б.]. Ал жібер 
мағынасындағы ий тұлғасы қазіргі ойрат тілінде қолданылады [25, с. 204]. Аталмыш 
формалардың бәрі тарихи тұрғыдан алғанда бір түбірге қабысады. А.М. Щербак көмекші 
етістіктерді екі топқа жіктеп, бір мағынадағы «ыд, йибәр» сөздерін және «ал, башла, бітір, 
жаз (ошибаться), жат, жет, йоры, қой, қал, кел, кет, кір, көр, олтур, өт, сал, таста, тур, түш, у 
(мочь), чык» дегендерді бір топта қарайды. Ал екінші топқа: «әйлә, ет, кыл (делать), ур 
(ставить), ер, бол (быть)» тұлғаларын жатқызады [26, с. 134]. Ғалымның мысалдарынан 
қарашай-балқар тілінде де ий (атыб ий – выбросывать) тұлғасы барын байқаймыз. А. Ибатов 
ХІVғасырда Алтын орда мен Египетте жазылған ескерткіштердің тілінде ыд (ыдарт, ыдғу, 
ыдла) және ый тұлғалы жібер етістігінің нұсқалары барын көрсетеді [27, 14 б.]. Жалпы 
қазіргі түркі тілдерінде жібер сөзінің көне және жаңа екі формасы да қолданылады. Мысалы: 
қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, ноғай, қарашай-балқар, түркімен, ұйғыр, 
қарайымдарда: жібер, жибер, йубор, жибәр, ебэр, йибер, джибер, йивер, ибер, ебәр, йебер 
түрлерінде келсе, шор, чұлым, алтай, хакас, ойрат, тува, якут, тофаларда: ыс, ыс, ыыт, ыз, ий, 
ыт, ыд нұсқалары сақталынған. Э. Севортян сөздігінде бұдан да басқа кейбір түркі тілдерінің 
диалектісіндегі формалары мен жалпы түркі тілдерінде аталмыш лексема тоғыз мағынада 
жұмсалатындығы берілген және ыт, ыз, ыс, ий (ийебер) формаларының этимологиясына
қатысты пікір де қамтылған [10, с. 322-333]. КТС-інде ыт, -ыд, -ыз (посылать) сөздерінің 
жіберу мағынасы ғана көрсетіледі [7, с. 217]. Сонымен қорыта айтқанда көне түркі 
руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі ыт (ыд, ыс) етістігінің зерттелу барысындағы түйіні 
төмендегідей.
Көне мәтіндегі ыт (ыд, ыс) етістігі қазіргі ұйғыр-оғыз тобы тілдерінің бірінде тұлғалық 
және мағына жағынан еш өзгеріссіз болса, енді бірінде дыбыстық варианттылықпен (ыыт, 
ий) сақталып, жалғасын тауып келеді. Ал қалған түркі тілдерінде тұлғалық жағынан 
өзгеріске ұшырып, жибер, джибер, жібер, ибер т.б. түрлерінде қалыптасқан. Алайда тарихи 
тұрғыдан алып қарағанда, бір түбірден таралғаны анық. Көне тілде ыт (ыд, ыс) етістігі 
көбінесе негізгі етістік қызметін атқарған. Сонымен бірге көсемшелі негізгі етістікпен 
тіркесіп келіп, көмекші етістік қызметінде де көріне алады. Көне түркілік -у (ү) ыт 
аналитикалық форманты қалыптасқан. Көне мәтінде бір сөйлемде ғана қазіргі хакас, чұлым 
тілдерінде сақталынған ыс формасы кездеседі. Ыт (ыд, ыс) етістігі көсемше, есімше, 
болымсыз түрі, шақ, жақ, рай және жіктік қосымшаларында түрленіп, 33 рет қайталанып 
қолданылған. Тіркесті сөздері есім сөздер, шылау, етістіктер болып келеді. Алтай тілі 
дәуірінен туыстасатын монғол тілінде көне ыт (ыд) формасымен түбірлес және мағыналас 


болып келетін уде/үдэх тұлғасы бар. Яғни, ыт (ыд, ыс) тұлғасының тамыры ежелгі дәуірге 
тартады.
Келесі екі жақты пікірде жүрген тіліміздегі керек сөзінің архетипі болып саналатын 
кергек тұлғалы лексема. Бұл сөз жайлы ғалымдардың өзіндік көзқарастары да жоқ емес. 
Мәселен, Е.Жанпейісов ұйғыр жазба ескерткіштерінде кездесетін кергек (krgak) тұлғасын С. 
Маловтың еңбегіне сілтеме жасай отырып, өткен шақ есімшелі сөзбен тіркесетінін көрсетеді 
[28, с. 131]. Сонымен бірге көне түркі тіліндегі кергек лексемасының басқа мағынада 
жұмсалғанын және оның мағынасын «бәлкім, бұл сөздің өлу, о дүниеге аттану мәні тәңірге 
керек болу мәнімен де байланысты болар» деп болжауы күмәнді емес [28, 575 б.]. Кергек сөзі 
көне мәтіндерде «өзінче, күміс» сөздерінен кейін екі реттен, Күлтегін атауымен бір рет және 
қысға (қысқа, тез), келүртті сөздерімен бір реттен тіркесіп, о дүниелік болу және есепсіз 
мағынасында жұмсалынған. Мысалы: Еліг тұтып төрүг етміс өзінче кергек болмыс (КТү.3) – 
Елді ұстап, төрелік еткен, өзінше (ерекше) қайтыс болған. Інім Күлтегін өзінче кергек болды 
(КТү.30) – Інім Күлтегін өзінше (ерекше) қайтыс болды. Бір түмен ағы алтун күміш кергексіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет