Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет22/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   238
Байланысты:
COLLECTION of Сonferences XXIV «Akhanov readings» 2021

Кілт сөздер: антропоморфтық метафоралар, антропоморфизм, дүниетаным, аталым, екіншілік 
атау.
 
Резюме: В статье рассматривается антропоморфные метафоры. Указывается использование 
антропоморфных метафор при описании географических понятии и их наименовании. Дается 
классификация видов антропоморфных метафор. Также говорится, что при номинации и 
моделировании окружающего мира руководствуясь антропометрическим принципом человек 
проекцирует свое мировоззрение к внешнему миру и через это происходит процесс метафоризации. 
Ключевые слова: антропоморфные метафоры, антропоморфизм, мировоззрение, номинация, 
вторичная номинация. 
 
Summary: In the article anthropomorphic metaphors are considered. The use of anthropomorphic 
metaphors in describing the geographical concepts and their nomination is pointed. There is given the 
classification of types of anthropomorphic metaphors. It also states that in nominating and modeling the 
world around us, human being guided by the anthropometric principle projects his worldview to the outside 
world and through this a metaphorical process takes place.  
Key words: anthropomorphic metaphors, anthropomorphism, worldview, nomination, secondary 
nomination. 
 
Қазіргі антропоөзектік парадигма сонау ежелгі дәуірлерден бастау алады. Ұлы 
ойшылдардың тұжырымдарында айтылған даналықтан осының мысалдарын көреміз: «Адам 
– барлық нәрсенің өлшемі» (Протогор, б.з.д. IV ғ.) дегенде адам бар нәрсенің де, жоқ 
нәрсенің де өлшемі екені айтылса, «өзіңді өзің танып біл» (Сократ, б.з.д V ғ.), өзіңді танысаң 
басқаны, айналыңды, әлемді тіпті, Жаратушыны танисың деп, алдымен адам өзін тануға 
ұмтылу керек деген ақыл, өсиет, тағылым айтылады, ал «Дүние – макрокосм, адам – 
микрокосм» (Демокрит, б.з.д. IV-V ғ.) деп адамды бүкіл жаратылыстың шағын пішіні 
бейнесінде қарастырады. Сыртқы әлемді, ғаламды, болмысты, табиғатты, оның 
заңдылықтарын, тылсым күшті, Құдіретті танып-білу үшін, адам назары өзіне, 
жаратылысына, өз болмысына, табиғатына, ішкі дүниесіне үңіліп, «ішкі менінің», жүрегінің 
дауысын тыңдаса, ішкі түйсік көздері ашылып, санасы сәулеленіп, даналыққа қол жеткізеді, 
сол арқылы дүниетанымы қалыптасады, тұлға болып қалыптасады, кемелдікке жетеді. 
Адамның сезімі, ойы, тілі, әрекеті оның болмысын бейнелесе, сол болмысы адамның сезімін, 
ойын, тілін, әрекетін қалыптастырады, яғни бұл екіжақты үдеріс. Ал тіл білімінде біздің 
қарастыратынымыз осы аталғандардың ішіндегі адамның тілі болса, антропоөзектік 
бағыттың зерттеу нысаны адамдағы тілді, тілдегі адамды зерттеу.
Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар оның 
дүниетанымының айнасы, ойы мен сезімін жеткізуші құрал. Тіл арқылы адам сыртқы әлем 
туралы танымын қалыптастырады әрі оны бейнелеп жеткізеді. Сонымен қатар адам өз 
дүниетанымын, яғни ішкі әлемін сыртқы әлемге проекциялайды, оны да тіл арқылы 
жеткізеді. Тіл арқылы жеткізуде тілдік қорды құраушы көркемдік құралдарды пайдаланады. 
Сондай құралдардың бірі – метафора. Метафора деген терминді естігенде әдетте, оны 


поэтика құралы, әдеби шығармаларда автор ойын көркемдеп жеткізуде ғана қолданылады 
деп ойлайды. Алайда метафоралар адам дүниетанымын бейнелеудің бір құралы 
болғандықтан, күнделікті өмірде метафора тілді ғана емес, танымдық әрекетіміз – ойлауды 
да қамтитын құрал. Адам өзі таным-түйсігімен қалыптастырған концептуалдық жүйеде 
әрекет еткендіктен оны аңғармайды, күнделікті ойын, іс-әрекеті мен сөйлеген сөздерін 
ойланбай, автоматты түрде белгілі бір схемамен жасайды. Ал схеманы зерттеудің бір әдісі – 
тілдің қызметін бақылау. Бұл тілдегі қолданған сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді саралау, 
бақылау, талдау арқылы жүзеге асады. Жоғарыда айтылғандай адамның сыртқы әлемді 
тануы өзін проекциялауы арқылы жүреді, бұл – анимизмнің бір түрі антропоморфизм. 
Антропоморфизм (грек. антропос – адам, морфе – түр, пішін, бейне) – адам образын және 
оның қасиеттерін жансыз затқа, жануарларға, өсімдіктерге, табиғат құбылыстарына, тылсым 
күштер мен абстрактілі ұғымдарға телу. [1] Адам өзі арқылы әлемді танып, оны тілінде 
бейнеленуі концептуалдық жүйемен негізделеді. Тілдік деректерге сүйенсек, концептуалдық 
жүйе метафоралы екенін байқаймыз, яғни метафоралар әлем бейнесінің тілдегі үлгісі. 
Метафора терминінің теориялық ұғымын, қызметін, түрлерін қарастырған ғалымдар: Макс 
Блэк, Дж. Лакофф пен М. Джонсон, Н. Д. Арутюнова, А. П. Чудинов, Ю.И. Левин, Т. В. 
Плеханова, З. И. Резанова, Н. И. Маругина, Ю. И. Клименова, Г.Н. Скляревская; отандық 
зерттеушілер: Б. Хасанов, Г. Зайсанбаева, А. Сыбанбаева, Б. Қасым, С.Е. Кәрібаева. 
Метафораның түрлерін топтастыруда біртекті параметрі жоқ, әр зерттеуші әр тұрғыдан 
келеді, бірі қызметі, бірі сипаттау элементтерінің берілуі, енді бірі танымдық тұрғыдан 
жіктейді.
Метафораның бір түрі – антропомофтық метафораның негізін антропометрикалық 
принцип құрайды. Сыртқы әлемді, қоршаған ортаны қабылдау, пайымдау, түсіну, бейнелеу 
тілде көрініс тауып, адам өзін бәрінің өлшемі ретінде қабылдағандықтан бір қабаты 
антропоөзектік принциппен астасып жатады. Адамның өзі, денесі кеңістікті қабылдап, оны 
бейнелеуде де, ондағы нәрселерге атау беруде де негізгі арқау болады. Бұл жайлы ономаст 
ғалым Б. Тілеубердиев: «Кеңістікте орналасқан табиғи объектілерді бағдарлап айқындауда, 
географиялық нысандардың өзін сипаттауда адам немесе жануарлардың дене мүшелерінің 
орналасу тәртібіне сүйену – адамдардың ментальді түсініктерін көрсетеді. Сол танымдық 
түсініктер аясында қоршаған орта, оның нысандары, жалпы айтқанда, адамға, адам немесе 
жануардың дене мүшелеріне ұқсатылған. Осыған қарағанда, әлемді тану процесі, әлемнің 
тілдік көрінісі, соның ішінде әлемнің топонимиялық көрінісі адамның өзінен басталады, яғни 
адам – дүние құрылымының моделі, үлгісі болып табылады» дейді. [2, 247]. Сонымен қатар 
ғалым соматикалық атаулардың географиялық терминдердің де құрамында көптеп 
кездесетіндігін айтады.
Адам сыртқы әлемді сипаттап, бейнелеуде, атауда ұқсату принципіне негізделген 
екіншілік атау береді. Осы принцип метафораланудың, оның ішінде антропоморфтық 
метафоралардың негізін құрайды. Мысалы: тау қалғиды, орман мүлгиді, күн күлімдейді, ай 
мұңаяды, жер жадырайды, аспан түнереді, жел долданады деген сияқты сөз қолданыстар тек 
көркемдік құрал емес, танымның тілдік бейнесін сипаттайды. Адамға тән іс-әрекет пен сезім 
табиғаттағы заттар мен қоршаған ортаға таңылып тұр. Ақын-жазушылардың 
шығармаларынан, ауыз әдебиет үлгілерінен мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге 
болады және бұл тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл дүниежүзі тілдерінде кездесетін ортақ 
құбылыс, сондықтан бұларды тек көркемдік құрал ретінде ғана қарастырып қоя салмай, 
астарында үңілсек, халықтың дүниетанымы жатқанын байқаймыз.
Қоршаған орта атауларындағы (мысалы: топонимдер (жер-су), оронимдерді (тау), 
хоронимдер (шекарасы бар аумақ), гидронимдерді (су), дримонимдерді (орман) т.б. 
сипаттағанда, атау бергенде) антропоморфтық метафораларды мынадай типтерге
топтастырып қарастуға болады: биологиялық, әлеуметтік, әрекеттік, психо-эмоциялық, 
танымдық. 


Антропоморфты метафораның биологиялық түрі адам анатомиясы (дене мүшелері, ішкі 
органдары, адамның сыртқы кескін-келбеті), физиологиясы, ауытқулар (ауру, қалпына келу, 
емделу), туу, өсіп-даму, өлу, жойылу циклы секілді фреймдері қамтиды.
Мысалы: соматикалық (дене мүшелері, ішкі органдары) 
Бас: таудың басы. Биік таудың басы қыс, бауыры жаз [мақал]; өзеннің басы. Ертіс 
өзенінің басы Қытай мен Моңғолияның шекарасындағы Шегіртай жайлауынан бастау алады. 
[3]
Көз: бұлақтың көзі. Бұлақ көрсең, көзін аш, су – тіршілік көзі. [мақал]
Бет: көлдің беті. Көлдің беті айнадай жалтылдап жатыр. Жердің беті. жауын суы 
жердің бетін шайып, тау-тасты қажап, ерітіп, бұзады. [4] 
Ауыз, ерін: Ауыз өзеннің су қоймасына, көлге, теңізге немесе басқа өзенге құятын жері. 
Өзеннің сағасына жақын бөлігі дельта (ерін) құрауы мүмкін . Егер булану, суаруға 
байланысты судың ағыны жоғалып кетсе, соқыр ауыз туралы айтады. [5] 
Қолтық: теңіз қолтығы (Теңіз қолтығы (итал. laguna— таяз сулы шығанақ) – тұщы, 
тұзданған немесе өте тұзды сулы, теңізден жағалық құмбелмен бөлінген суы таяз жер. [6] 
Тау қолтығы (… енді бір жармағы мүйіз тұм­сықты бауырлай биік-биік тау қолтығына 
сұғынып кіреді де, Жақия сайына ірге көмген ауыл шоғырына бастап әкеледі. [7]
Бел: таудың белі. Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса [Дулат Бабатайұлы]. 
Ең биік шың кіші Черчилль тауының орта беліне 4 шақырым жерде кесекөлденең жатыр [8].
Кіндік: Қорқыт бабамыздың «Байқоңыр – жер кіндігі» деп айтқаны да бар. [9] 
Аяқ: өзен аяғы: Қазір жойыла жаздап тұрған Жем өзенінің аяғы 1939 жылға дейін 
теңізге тіреліп жататын [10]. Судың басы бұлақ болса, аяғы құяр теңізге [мақал]; 
Табан: Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады [11]. Геологиялық 
даму барысында Қазақстан жерін әлденеше рет су басып, кейіннен теңіз табаны құрлыққа 
айналған. [12] 
Эмбрион: Жанартаудың әсерінен пайда болған аралдың бірі эмбрионалды сатысында 
[13]. Мұзданудың эмбрионалды сипаты [14] 
Өсу: Тектоникалық қозғалыс таудың жыл сайын аздап өсуіне әкеледі [15]. Салқын жаз 
мұздықтардың өсуіне мүмкіндік береді [16]; 
Шөгу: Үстірт қыратының ең жаңа дәуірде пайда болған қабаттары Мұғалжар тауының 
шөгуі нәтижесінде түзілген [17]
Әлеуметтік. Адам әлеуметтік тұлға, қоғамда, ұжымда қарым-қатынасқа түседі. 
Айналадағы заттар да сондай қарым-қатынаста болады деп қарастыратын метафоралық 
үлгілеудің туыстық фреймдеріне мысал келтірсек:
аналық тау жынысы: биологиялық, биохимиялық процестердің әсерімен, сондай-ақ 
адам әрекетінің ықпалымен топырақ құрылатын тау жыныстарының жоғарғы қабаты. [18] 
Биологиялық кіші зат айналымы кезінде аналық тау жынысынан кейін топырақтан қоректік 
элеметтер алынады. [19]
аналық интрузий (интрузия – жер қыртысы қойнауындағы магмалы жыныстар);
слюдалар отбасы: Мика - бұл минералды, дәлірек айтсақ, үлкен өндірістік маңызы бар 
кең таралған таулы минералдардың бүкіл отбасы. [20] Аннит Бұл филлосиликат минералды 
слюда отбасы [21]. 
Әрекеттік. Адамның қимыл-әрекеті, ісіне қатысты ұғымдарға байланысты берілген 
метафоралық атаулар. 
Мысалы: әнші/айғай құм. Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы 
және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе. [22] 
Жылаған ата бұлағы, үңгірі - Түркістан облысындағы Түркістан қаласынан 80 км-дей 
жерде [23]. Бұлақ оқтын-оқтын ағып, тоқтап тұратын болғандықтан адамның жылағанына 
ұқсатқан, әрі аңыз да бар.
Биші қайың - Бурабай көлінің солтүстік жағалауында кездесетін қайың тоғайы. 
Қайынның қисаюы тамырынан басталады [24]. Сырт келбеті майысып тұрғандықтан бұл 
тоғайды «биші қайындар» деп атап кеткен. 


Адамның эмоциялық күйін (қуану, ренжу, ашулану т.б.), танымдық әрекеттерін (ойлау, 
толғану т.б.) қоршаған ортаға, сыртқы әлемге, заттарға таңу арқылы метафоралық атау беру: 
тау қалғиды, орман мүлгиді, күн күлімдейді, ай мұңаяды, жер жадырайды, аспан түнереді, 
жел долданады, Жайық жылап ағады, бұлақ көзі тазаланып, мөлдір су сықылықтап күліп 
ақты; Тасыды өзен долданып, буырқанып, Түнеріп аққан Шу өзен; Мәңгібақи үнсіз түнеріп 
тұрып алатын сұр тас та, тұңғиық ой түбіне батып кеткен шыңырау құз да әлдебір құпия 
сырдың ақтарылар шағын күтіп сақ тұрған тәрізді.
Осындай метафоралар тек көркемдік құрал ғана емес, адамның өзіне тән қасиеттер мен 
әрекеттерді қоршаған ортаға, табиғатқа, заттарға проекциялау арқылы сыртқы әлем туралы 
таным-түсінігін бейнелейді. Ономаст ғалым Т.С.Жанұзақ «...Емін-еркін кең далада көшіп-
қонып жүрген қазақтың ру, тайпалары өздері иемденген таулар мен шың-құз, жоталар, қыр, 
қырат, шоқы, төбелер мен жайлау, қыстауларға, өзендер мен көл, көлшік, қайнар, бастау, 
тұма, бұлақ, сай, салалар мен жылға, аңғарлар мен шатқалдарға үнемі ат қойып, айдар 
таққаны тарихи шындық» дейді. [25, 32] Сыртқы әлемдегі кеңістікті, ондағы нысандар мен 
заттарды, құбылыстарды сипаттап, атау беруде адам өзінің денесін (сыртқы мүшелері мен 
ішкі органдарын), эмоциялық, психологиялық жай-күйін, танымдық процессін, әрекетін, 
әлеуметтік қарым-қатынасын ассоциациялық ұқсастықты, теліп, көшіруді басшылыққа 
алады, бұл метафоралану үрдісінің пайда болуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет