Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет61/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   238
Байланысты:
COLLECTION of Сonferences XXIV «Akhanov readings» 2021

References:
1. Вишневская, Г.М. Интерференция и акцент (на материале интонационных ошибок при 
изучении неродного языка): Дисс. … Доктор Филол. наук. - СПб., 1993. – 5 с. 
2. Алимов, В.В. Интерференция в переводе: на материале профессионально ориентированной 
межкультурной коммуникации и перевода в сфере профессиональной коммуникации. - М .: 
КомКнига, 2011. – 214-232 с. 
3. Жеребило Т.В. Словарь лингвистических терминов. - Изд. 5-е, испр. и доб. - Назрань: 
Издательство «Пилигрим», 2010. - 486 с. 
4. Азимов Э.Г., Щукин А.Н. Новый словарь методических терминов и понятий. - М .: 
Издательство ИКАР, 2009. - 448 с. 
МРНТИ 14.85.09


Беркенова Р.А.,  Сүлейменова Г.М.
 (Қазақстан) 
С.МҰРАТБЕКОВТІҢ ОБРАЗ ЖАСАУДАҒЫ ШЕБЕРЛІГІ 
 
Резюме: Мақалада С.Мұратбековтің прозалық шығармалары талданады. Жазушының образ 
жасаудағы шеберлігі қарастырылған. 
 
Резюме: В статье анализируются прозаические произведения С.Муратбекова. Рассматривается 
мастерство писателя в создании образа. 
 
Summary.
The article analyzes the prose works of S.Muratbekov. The author considers the writer's skill 
in creating an image.
60-шы жылдардың басында дағдарыста болған әңгіме жанрына жан бітірген Сайын дер 
едік. Осы кезде әдебиетшілер қоғамдағы елеулі өзгерістерге үн қосамыз деп тым асқақтаған 
тақырыптарға үйір болған шақта, Сайын жер бетінде күнделікті тіршілік пен жеке адамның 
жеке өмірі бар екенін еске салды. Әуезов, Мүсіреповтердің кезінде жұртты тамсандырған 
қысқа да ұтымды, әсерлі әңгімелерінің дәстүрлерін әрі қарай жалғастыруға тырысты. Өз үні, 
өз тақырыбымен келіп, қарапайым өмірлік құбылыстарда да қоғамдық үлкен мән-мағына 
жатқанын көрсетті. Әңгіме жанрының классикалық үлгілерінен кем түспейтін өзіндік ұлттық 
ерекшелігі, көзқарасы, қазақы танымы бар әңгімелер тудырды. 
Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. 
Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» 
(1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» 
(1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі 
томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. Сайынның бұл 
еңбектері қазақ әдебиетінің бай қорына косқан өзіндік үлесі. Ал бұл үлес - қомақты, баға 
жетпес қымбат мұра еді. Жоғарыда біз айтқан топпен бірге Сайын да осы кезеңдегі қоғамдық 
қақтығыстар мен заман тудырған қайшылықтардың, әлеуметтік өзгерістер мен ағымдардың 
қақ ортасында жүріп, осы құбылыстар өмірге әкелген оқиғалар мен образдарды 
шығармаларына арқау етті. 
1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. 2003 жылы 
«Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет 
Белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан 
Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан 
Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. 2006 жылы Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Көркем шығарманың басты тұлғасы - адам. Мейлі ол қалада тұрсын, ауылдың тұнық 
ауасымен тыныстасын кейіпкер міндеті географиялық жағдаймен сараланбайды қаһарман 
дара интелектуалды қасиетке ие тұлға ма, қарапайым, тіршілік кешкен қатардағы қоғам 
мүшесі ме, бәрібір, әдеби туындының өзегіне желі ретінде тартылады. Тек жазушы өзінің 
суреттеуінің нәтижесінде әлеуметтік астар беріп, не лирикалық толғанысқа құрып, парасатта 
дүние дәрежесіне жеткізіп, тағылымдық нысананы меже тұтуы тиіс. Бұл орайда қазақ 
жазушыларының орта буын өкілдерінің арасында өзіндік өрнегімен, қоңыр әуенімен, нәзік 
нақышымен, жеңіл психологиялық толғамымен дараланатын Сайын Мұратбековтың 
творчестволық лабороториясы ерекше назар аудартады. Адамдардың сан алуан, сан қырлы 
бейнесін жасады. Сол бейнелерді қазір ұмыту қиын. Бәрі етене жақыныңдай жанасып 
қасыңда жүреді. «Жабайы алмадағы» сонау сұрапыл соғыс жылдарындағы қиыншылықты 
молынан кешкен жаралы Қанай мен оның құрдастары - шешен Бакке мен неміс Оттоның 
өзара достығын, сол қиын кезеңнен аман өтсек деген әрекеттерін іштей қолдап, қостап 
отырасың. «Кәмен тоғайындағы» Кәменнің жасыл желектері өзі өрбіткен ұрпағының 
келешегін мегзейді. «Менің қарындасым», «Райгүлдегі» лирикалық саздар мен әуендерге 
жүрегің елжіремей ме? «Жусан иісіндегі» адамдық қатыгездіктің құрбаны болған Аянды аяп, 


жүрегің сыздайды. «Бекеңнің құбылысындағы» қарт шопан Бекеннің өмірдегі жаңа 
құбылыстарға икемделуіне де сенесің. Сайын тіпті газет тапсырмасымен барып жазған 
очерктерінің өзін көркем әдебиет заңына бағындырып, әдеби шығарма дәрежесіне көтерді. 
«Қыран құс көк жүзін шарлап кетті» деген әңгімедегі Мұхтар Әуезов бейнесі ұлы 
жазушының көркем публицистика арқылы шешімін тапқан зор тұлғасы деуге болады. 
Сайын әңгімелерінде кейіпкерлері қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына 
түссе де, адамдық бейнесін, адамгершілік қасиетін жоғалтпауға, өмірге деген үмітінен 
түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, 
таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады. 
Аянның прототипі бар. Ол - ауылда тобығы тайғандықтан, аяғын қисаңдатып, сәл ішіне 
басатын Ұзақбай деген бала. Сол баланың тағдыры шығармаға арқау болған. «Жабайы 
алмадағы» Қанат та өмірде бар адам. Қанаттың тағдыры - Сайынның ауылындағы Науқан 
деген баланікі. Оның да әкесі соғыста қайтыс болған. Шешесі соғыс уақытында колхоздың 
жұмысынан зорығып өлген. Қазір Науқан ауылда тұрады. Ақсақал болды. Он алты баласы 
бар. «Жабайы алмадағы» балалар Сайынның ауылындағы «Қызыл жұлдыз» бригадасының 
балалары. Ал «Басында Үшқараның» деген әңгімеcі.
Шығарманың басты кейіпкері Әсет - 
Сайынның өзі. Зағипа - әлі де бар, ақсары, ақжарқын келіншек-тін. Қазір ауылда тұрады. 
Малшының әйелі. Шын аты - Сәруар. Алматыға келсе, міндетті түрде үйге соғады. 
Сәулетайға келетін болсақ, әңгімеде баяндалған жағдай шынымен де болған оқиға. Оны 
Сәкең біраз өңдеп, шығармаға қосқан ғой. Ал әпке деп отырғаны - Мұратбектің інісі 
Мұратудың қызы. Әңгімедегі ұзатылып жатқан сол қыз болатын. Басқа кейіпкерлер де осы 
Қоңыр ауылының тұрғындары.(Мәриям апайдың естелігінен). 
С.Мұратбековке тән суреткерлік жаңалықтың кейбір қырлары ашыла түседі. Мәселен, 
жоғарыда айтып өткен «Менің қарындасымдағы» Әлима сияқты еңлікгүлдей ерекше 
сүйкімді еркебұлан қыздар өмірде аз емес болатын. Алайда, солардың бәріне тән бізге 
белгісіз ортақ сырды Сайын Мұратбеков Әлима бейнесі арқылы ашып бергенін атап 
айтуымыз керек. Сайынның әрбір жаңа әңгімесінде сіздің алдыңызда бұрын айтылмаған, 
ашылмаған құпия, айқындалмаған сипат көрінеді. Ол мұның бәрін лирикалық-
психологиялық тұрғыдан, сыпайы, еркін жазу стилінде жеткізеді. Сондықтан, С.Мұратбеков 
прозасының табиғаты, әдетте, тау өзенінің дауылынан гөрі, тұманды бұлақтың орташа 
толқуынан туындайтын күміс қоңырауды еске түсіреді. Оның жан дүниесінде де оңай, 
жайлы, қарапайым болды. Жазушы кейіпкерлерінің прототиптері біздің арамыздағы 
адамдар болса да, көпшілігіміз өмір, ойлар әлемі, мұраттар, қуаныштар мен қайғы-
қасіреттер, әлемге көзқарастар, адамгершілік келбеті туралы әңгімелер оқып, бұрын білмеген 
және байқамаған жаңа құпияларды таба аламыз.
С.Мұратбековтың әрбір әңгімесіндегі суреттелетін өмір шындығына көңіл аударып, 
адамдарының мұңы мен мұратына ортақтасқан сайын біздің ойымызға халық әндеріндегі 
қайталанбас мұңды әуен, сағынышты саз, терең толғаныс, ойлы, ойнақы наз, қимас сезім 
орала берді. Біздіңше, мұның өзі жазушы творчествосындағы халықтық сипаттың жақсы 
әсері де болу керек. Осы сипат оның әдеби геройларын бізге ет жақынымыздай жақындатып 
та тұр. Тағы бір атап айтатын нәрсе, Сайын әр әңгімесінде кем дегенде екі-үш адамның көзге 
ыстық, көңілге жақын жанды бейнесін лирикалық планда жасап, олардың психологиясын 
өзгеше өрнектейді. Міне, сол геройлар оз бойындағы адалдық сезімімен, аңқылдақ мінезімен, 
бір сөзбен айтқанда, адамдық аяулы болмысымен оқушы есінде қалып қояды. Сайын 
характер диалектикасын ашуда, яғни адамды табиғи бар болмысымен көрсетуде ерекше 
шеберлік танытады. Мәселен, «Кәментоғайдағы» Зағипа, «Ескек желдегі» Рысжан, 
«Ұлтуғандағы» Ұлтуған, «Ана арманындағы» әже, «Отау үйдегі» Ұзақ пен Тана бейнелері 
туған әдебиетімізге Сайын Мұратбеков әкелген жаңалықтар, соны образдар, айшықты 
характерлер. Жазушы мүсіндеген көптеген кейіпкерлер жанның жарықтығы, іс-әрекеттегі 
адалдық, сезімталдық, мейірімділік, бауырластық сияқты қасиеттер үшін оларға деген 
жанашырлықты арттырады. Өз жұмысында ол өзінің басты көркемдік идеалы ретінде көркем 
логиканы және сүйікті кейіпкерлерінің өмір жолы арқылы осы адами қасиеттерді 


насихаттауды қарастырады. Басым көпшілігі әңгімелер жазушы болды қабылданды 
оқушылар енжар емес қалдырылды сыншылары асырылды. Әсіресе солардың ішінен жұртқа 
оның «Күсен-Күсеке» атты әңгімесі қатты ұнаған сияқты. «Сайынның туындылары - оқиға 
желiсiнiң шыншылдығымен, тiлiнiң көркем де өрнектiлiгiмен, кейiпкерлерiнiң биiк 
адамгершiлiк қасиеттерiмен бiр сөзбен айтқанда, табиғи нанымдылығымен ерекшеленiп, 
оқырманын баурап отырады. Қазақ ауылының қиын кезеңiн шынайы бейнелеп, полотнолық 
ғажап шығармалар жазған бақытты жазушы»-деген Төлен Қаупынбайұлының пікірімен 
қорытындылаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет