27
Ерте жастағы балалар сан есімдерді қолданады. Көпше зат есімдерінен
басқа, бала көп, аз, сөздерін қолданады және ол заттардың сандық жағына назар
аударады. Бала топтастырылған заттар ішінен өзге заттарды «тағы ...», «міне,
мұнда...» сөздері арқылы ерекшелеп отырады.
Ересектермен ойнай отырып, бала заттарды біріктіруді, топтастыруды
(талдау және синтездеу операциясын жүргізуді) үйренеді. Мысалы,
қуыршақпен ойындар және т.б. Ересектер балаларға барлық қуыршақтарды
бірге жинап, олардың ішінен ең кішілерін таңдап алуды сұрайды. Кейін балалар
келесі тапсырма алады: орамал таққан қуыршақтарды бір қатарға отырғызу
және т. б.
Көріп отырғанымыздай, қуыршақтар көлеміне, бас киімдердің болуы,
киімнің түсіне байланысты топшаларға бөлінген. Егер балалар мұндай талдау
жасай білсе, оларды: қандай қуыршақтар көп (кішкентай немесе үлкен), қандай
аз немесе тең дәрежеде салыстыруға үйретуге болады.
Жиындармен жұмыс істеу екі топтың элементтері арасында өзара бір
жақты сәйкестікті іс жүзінде белгілеу және олардың тең немесе тең еместігін
анықтау (сурет -3.1).
- - түс бойынша заттарды топтастыру
- заттың атауы бойынша топтастыру, көлік.
- екі жиынға да сәйкес келетін жиын элементі, көк жеңіл көлік.
Достарыңызбен бөлісу: