Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


Әртүрлі жасерекшелік топтарда заттың өлшемдерімен таныстыру



Pdf көрінісі
бет23/41
Дата08.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#135388
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
4.2 Әртүрлі жасерекшелік топтарда заттың өлшемдерімен таныстыру 
әдістемесі 
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәжірибелік әрекеттер нәтижесінде 
зерттеушілер, балаларды көлеммен таныстыруда ескерілу қажет міндеттерді 
анықтады. Олар:
1.
балаларда заттардың көлемін ерекшелеуге бағытталған, бұл өз кезігінде 
негізгі тәсілдер ретінде беттестіру мен сәкестендіруді пайдалана отырып, 
бағдарлы іс-қимылдарды дамыту; 
2.
балаларды алдымен қарама-қарсы заттарды ажыратуға үйрету, содан 
кейін үлкендеу, кішілеу, аласа заттарды және ақырында көлем жағынан тең 
заттарды ажыратуға үйрету; бірқатар шамалар тізбегін құру; 
3.
көлемнің жеке параметрлерін ерекшелек және атау (ұзындығы, ені, 
биіктігі, қалыңдығы және т. б.);
4.
заттарды көлемі бойынша салыстыру әдістері мен тәсілдерін оқыту;
5.
балалардың 
көзмөлшерімен 
өлшеуін, аналитикалық-синтетикалық 
қызметін, кеңістіктік қабылдауды дамыту;
6.
шаманың эталондары туралы түсініктерді қалыптастыру, арнайы 
терминологияны меңгеру. 
Бірінші сәбилер тобында келесі міндеттер қойылады: балалардың 
назарын әртүрлі өлшемдегі заттарға аудару (үлкен үй - кішкентай үй, үлкен 
қуыршақ– кішкентай қуыршақ, үлкен доптар - кішкентай доптар және т.б.). 


48 
Ойын барысында және заттармен белсенді әрекет ету барысында тәрбиеші 
балаларда олардың көлемі туралы түсініктерді дамытады. Бұл ойын-сабақтар 
эмпирикалық сипатқа ие. Тәрбиеші балалардың назарын үнемі заттардың 
өлшеміне аударады, қарама - қарсы өлшемдегі заттарды ажырату тәжірибесін 
қалыптастырады, үлкен және кішкентай заттарды көрсетеді және атайды, 
сенсорлық эталондардың айқын көрінген формасы бар ойыншықтарды белсенді 
пайдаланады, оларды ажыратуға және атауға итермелейді (сурет -4.1). 
Сурет-4.1. Үлкен-кіші
 
Екінші сәбилер тобында қарама-қарсы және бірдей көлемдегі заттарды 
салыстыруға үйретеді; заттардың мөлшерін салыстырған кезде бір затты 
берілген белгі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы көлемі) бір затты 
екіншісімен өлшеуге, салыстыру нәтижесін сөзбен белгілеу: ұзын-қысқа, 
ұзындығы бойынша бірдей (тең), ені бойынша кең -тар, бірдей (тең), биіктігі 
бойынша жоғары-төмен, бірдей (тең), биіктігі бойынша биік-аласа, шамасы 
бойынша бірдей (тең) (сурет-4.2). 
 
 
сурет -4.2. Биік-аласа. Кең-тар.Жұқа-қалың.Ұзын-қысқа
Көлемнің бастапқы ерекшелуіне, қарапайым түсініктер мен ұғымдардың 
пайда болуына оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдері ықпал етеді. Олардың 
ішінде: көрнекі, сөздік, практикалық және ойын. 
Алдымен бір-бірінен тек бір шаманың белгісі бойынша ерекшеленетін 
заттар беріледі. Тәрбиеші ұзындығы, ені, биіктігі екенін көрсетеді. Балаларды 


49 
беттестіру және сәйкестендіру тәсілдерімен таныстырады. Алдымен-
сәйкестендір,яғни оны пайдалана отырып, заттардың барлық шеттерін біріктіру 
керек. 
Ортаңғы топ балаларын заттардың екі өлшемі бойынша өлшеуге 
үйретеді(қызыл 
лента 
ұзынрақ 
және 
жалпақ 
жасыл 
лентадан 
қарағанда).Ұзындығы, қалыңдығы әр түрлңі 3-5 заттар арасында өлшемдік 
қатынас орнатуға үйретеді. Балалардың белсендік сөздік қорларына негізгі 
сөздерді ендіру. Мысалы, қызыл мұнара ұзын, ал тоқсары мұнара аласа және 
т.б. 
Ересек топта балаларды екі затты көлемі бойынша (ұзындығы) 
салыстыруға үйретеді. Жанама түрде – салыстырмалы заттардың біріне тең 
үшінші заттың көмегімен өлшейді (шартты өлшеуіш ретінде).
Балалардың көз мөлшермен өлшеуін дамыту,арнайы ұйымдастырылған 
жағдайда заттарды таба білу, яғни, ұзын (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), 
қалың (жұқа) және оған тең. 
Мектеп алды даярлық тобында берілген шама өлшемі бойынша санауға 
үйрету, яғни бірлік ретінде бір заттың емес, бірнеше заттарды санау.
Затты (қағазды, матаны және т. б.) бүгу жолымен 2-8 және одан да көп 
тең бөлікке бөліп, сондай-ақ шартты өлшемді пайдалана отырып; бүтін бөлікті 
дұрыс белгілеу (жартысы, екіден бір бөлігі). Бүтін және бөлік өлшемінің 
арақатынасын белгілеу; белгілі бөліктер бойынша бүтін және бүтін бөліктерді 
табу. 
Балаларда бастапқы өлшеу іскерліктерін қалыптастыру. Заттардың 
ұзындығын, енін, биіктігін (түзу сызықтардың кесінділерін) шартты өлшеуіш 
көмегімен (қағаз торға) өлшеуге үйрету.
Шартты шама арқылы сұйық және сусымалы заттардың көлемін өлшеуге 
үйрету. Заттардың салмағы және оны өлшеу тәсілдері туралы түсінік беру. 
Заттардың салмағын алақанда өлшеу арқылы салыстыру (ауыр-жеңіл). 
Таразылармен таныстыру. Өлшеу нәтижесі шартты шамасына байланысты 
екенін түсінуді дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет