Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


Бөлім бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет21/41
Дата08.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#135388
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Бөлім бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Мектепке дейінгі баланың математикалық дамуының мазмұны деп нені 
түсінесіз?
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды жиынмен таныстыру қалай жүзеге 
асады?
3.Жас ерекшелік топтарында сан және цифрмен таныстыру қалай жүзеге 
асады?


44 
4. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың үлгілік оқу бағдарлмасы 
бойынша қарапайым математиканың базалық мазмұнын атаңыз? 
 
Бөлім бойынша өздік жұмыстар:
1.
Бөлім бойынша талдау жұмысын сызба формасында көрсетіңіз 
2.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 
бойынша таным бөліміне формальді-логикалық модель құрастырыңыз. 
3.
Цифрмен таныстыру каллиграфиясын жазыңыз. 
4.
Жиынға байланысты әр жас ерекшелік топтарына арналған таратпа 
материалдармен мысалдар құрастырыңыз. 
5.
Мектепке дейінгі балаларға арифметикалық есептер жинағын жасау 
және әдістемесін түсіндіріңіз. 


45 
4-бөлім. Мектепке дейінгі балаларда заттың көлемі және өлшемдері 
туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі
4.1 Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды заттың көлемі мен
өлшемдерімен таныстыру ерекешеліктері 
Математикалық ұғымдардың бірі – көлем. Көлем туралы нақты 
түсініктер: ұзындық, алаң, көлемі, өлшем, жылдамдық т.б. Белгілі бір өлшемді 
белгілеп алады: мысалы: құмды, суды өлшеу үшін стақанды өлшем бірлігі 
ретінде алу т.с.с. өлшем бірлігі санмен белгіленеді. Көлемді өлшеудің міндеті 
көптеген заттардың сандық мөлшерін анықтау. Балабақша бағдарламасында 
мектеп жсына дейінгі балалардың заттардың көлемі, оны өлшеу тәсілдері 
жөнінде білім беру қарастырылады.
«Көлем» сөзі 2 ұғымды білдіреді, яғни 
математикалық көлем, заттардың кеңістіктегі белгісі заттардың көлемін толық 
және дұрыс бағалауда онің жеке белгілерінің де алатын орны зор.
Заттардың көлемі туралы түсінік қалыптастырудың жөнін анықтау мектеп 
жасына дейінгі балалардың көлем туралы түсінігін дамыту балабақшаның 
тәрбиелеу, білім беру міндеттерінің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі 
мекеменің басты мақсаты баланы мектепке дайындау болса, оның негізгі бір 
саласы қарапайым математика түсініктерін қалыптастыру болып табылады 
[3,73]. 
Кез келген заттың толық және дұрыс сипаттамасын беру үшін заттың 
көлемін анықтау үлкен мәнге ие. Заттың қасиеті ретінде көлемді ерекшелеп, 
оның атын атау затты тану үшін ғана емес, сонымен қатар, заттар арасындағы 
қатынасты түсіну үшін қажет. Қоршаған орта туралы балаларда түсініктерінің
қалыптасуына ықпал етеді. Заттың көлемін анықтау баланың ақыл ойының 
дамуына тікелей әсер етеді, салыстыру, топтастыру, өлшемді математикалық 
түсінік ретінде қабылдауға және баланы мектепте математиканы игеруге 
дайындайды. 
Заттың көлемі – бұл оның салыстырмалы сипаттамасы, жеке бөліктердің 
ұзындығын көрсететін және оның біртекті заттар арасындағы орнын 
анықтайды. Көлем заттың қасиеті болып табылады.
Заттың көлемі кеңістіктегі айнасының белгісі ретінде қабылдаумен, 
сенсорлық процестің маңызды бөлігімен байланысты. Ол объектіні зерттеуге, 
тануға, оның ерекшеліктерін айқындауға бағытталған. Бұл процесте әртүрлі
анализаторлар қатысады: көру, есту, сипап сезу, қимылдық, әсіресе қимылдық 
анализатор басты рөлде ойнайды. Олардың өзара жұмысында заттың көлемін
адекватты қабылдауға жағдай жасайды. Заттың көлемінің айнасын тек 
қабылдаудың мәселесі ретінде қарастырмау керек. Бірдей деңгейде ол ойлау 
мәселесі ретінде қарастырылуы қажет.
Заттың көлемін анықтау, бір жағынан, сенсорлық негізде жүзеге асса, 
екінші жағынан, ойлау мен сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Заттың өлшемін 
адекватты түрде қабылдау заттарға практикалық жұмыстың жасалуына, 
көзмөлшерді дамтыуға, бұл процеске сөздерді қабылдау, ойлау процесстерінің: 
анализ және синтездің де қосылуына да байланысты.заттың қасиеті өзгерістерге 
ұшырамай өлшемі өзгеруі мүмкін.


46 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет