Сымсыз желілер клиенттің икемділігін, оның кез келген уақытта, кез келген жерінен желіге қосылу қабілетін, сондай-ақ қосылысты жоғалтпай орнын ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. LAN (WLAN) сымсыз желісі әдетте үй, кеңсе және қоғамдық орталарда пайдаланылатын сымсыз желіге жатады. Сымсыз желі кабельдердің орнына радтожелілерді пайдаланады, әдетте ол коммутацияланатын желіде іске асады, ал кадр форматы Ethernet-те қолданылатын пішімге ұқсас.
Бүгінде қоғамдастық желілер тұрақты жол жүруде болатын пайдаланушыларды қолдауды қамтамасыз ете отырып, жылдам қарқынмен дамуда. Пайдаланушылар әртүрлі құрылғыларды пайдалана отырып, компьютерлерді, ноутбуктерді, планшеттік компьютерлер мен смартфондарды қоса алғанда, бәріне қосыла алады. Жеделдіктің осы тұжырымдамасы шеңберінде пайдаланушылар қозғалыста болып та желіге қосыла алады.
Мұндай жеделдікті әртүрлі инфроқұрылымдар қамтамасыз ете алады (сымды LAN , интернет-провайдерлер желісі), бірақ қоғамдастық ортаның маңызды құраушысы LAN (WLAN) сымсыз желісі болып табылады.
Еңбек өнімділігі мұнда тұрақты жұмыс орнымен немесе бюелгілі уақыт кезеңімен шектелмейді. Енді пайдаланушылар кез келген уақытта және кез келген жерден: кеңседен әуежайға немесе үйге дейін қосылу мүмкіндігіне сене алады. Қызметкерлер іскерлік жол жүрулерінде хабарламалар тексерістер немесе бірнеше хабарласуларды орындау үшін рейстер арасындағы телефон байланысын төлеуші еді. Енді қызметкерлер электронд және дыбыстық поштаны тексере алады, сондай-ақ өздерінің смартфондарынан өз жобаларының жағдайын байқай алады.
Қазіргі пайдаланушылар сымсыз желінің роумингін барлық жағдайда пайдалана алуға мүмкіндігі бар. Роуминг қосылысты жоғалтпай интернетке сымсыз құрылғылардың қатынауын қамтамасыз етеді.
Сымсыз желілер жеделдікті қалайша қамтамасыз ететінін мысал арқылы көру үшін суреттегі бейнені басыңыз.
Сымсыз желінің артықшылықтары Сымсыз байланыс қоғамдастық, сондай-ақ үй желілері үшін көптеген артықшылықтарға ие болады. Мұндай артықшылықтарға өзгермелі талаптарға бейімделу және дамыту мүмкіндігінің шығындарын азайту өнімділік пен икемділікті арттыру жатады.
Көптеген компанияларда LAN қатынас желілері кеңсенің күнделікті жұмысы үшін пайдаланылады. Бірақ, қызметкерлер көбіне қашықтан жұмыс істейді және LAN қоғамдастық желі ресурстарына өз жұмыс үстелінен, сондай-ақ басқа адамдардан қатынай алады. Қызметкерлер өзінің сымсыз құрылғыларын жиналыстарға, әріптестер кабинетіне, конференц-залға, тіпті клиент нысандарына, кәсіпорын ресурстарына қатынай отырып, пайдалана алады. Бұл жағдайларда сымсыз желілер қажетті икемділікті қамтамасыз етеді. Қажет материалдарды жіберуге немесе желі ресурстарына қатынау үшін сымды қосылуды іздеуге уақыт өткізудің орнына, сымсыз байланыс арқылы LAN желісі ресурстарына әртүрлі сымсыз құрылғыларын оңай ұсына алады.
Сымсыз қатынау осы шамаларда өлшеу айтарлықтай қиын болса да, қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға және жұмыс бастылығының азаюына жағдай жасайды. Қызметкерлер сымсыз желілер арқасында кез келген уақытта және кез келген орында жұмыстың икемділік мүмкіндігін алады. Олар кеңседе немесе түскі үзіліте кафеде отырыпклиенттер сұранысына жауап бере алады. Олар басқаруды оңтайландыра отырып, клиенттер үшін нәтижелерге тез және сапалы қол жеткізіп, сондай-ақ кірісті ұлғайтып есептелген секундтарда электронды поштаға және басқа жұмыс ресурстарына қатыса алады.
Сондай-ақ сымсыз желілерді пайдалану шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Енді сымсыз инфроқұрылымды пайдаланатын компанияларда шығындардың үнемі, жабдықтың орнын ауыстыруы немесе кез келген өзгерістерінде іске асырылады – мысалы, қызметкердің ғимарат шегінде немесе жабдықты қайта ұйымдастыруда немесе зертханаларда, сондай-ақ осы немесе басқа жоба шеңберінде уақытша кеңселер мен нысандарда ауысуға мүмкіндік жасайды.
Сымсыз желілердің тағы бір маңызды артықшылығы – технологиялар мен қажеттіліктердің өзгеруіне бейімделу қабілеті болып табылады. Сымсыз желіге жаңа жабдықты қосу онша қиындық келтірмейді. Үй жағдайында сымсыз қосылудың мысалын қарастырайық. Пайдаланушылар ас үйде, қонақ үйде немесе бөлмеден тыс жерде отырып та веб-сайтқа қатынай алады. Үй желісін пайдаланушылар жаңа құрылғыларды қосады (мысалы, смартфондар, плашетті компьютерлер, ноутбуктар мен интеллектуалды функциялары бар теледидарлар).