В ближайшее полвека стоимость передачи информации не будет зависеть от расстояний



бет82/92
Дата04.09.2023
өлшемі4,95 Mb.
#106050
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92
Байланысты:
treatise177480 (1)

Қатынау нүктесі – 802.11a/b/g/n/ac сымсыз қатынауын ұсынады.

  • Коммутатор – сымды құрылғыларды қосу үшін толық дуплексті режімде және төрт портты Ethernet 10/100/1000 камутатор түрінде ұсынады.

  • Маршрутизатор – басқа желілік инфроқұрылымдармен байланыс үшін үндемеу бойынша шлюз түрінде ұсынады.

    Мысалы, 3.2-суретте көрсетілген Cisco Linksys EA6500 маршрутизаторы үй желісі немесе шағын кәсіпорынның корпоративтік желісіне сымсыз қатынау құрылғысы сапасында іске асырылады. Сымсыз маршрутизатор DLS-модеміне қосылады және қызметтер жиынтығының жалпы идентификаторынан (SSID) тұратын сигналдарды тарату жолымен сымсыз маршрутизаторы қосылады және өз жұмысын жүргізеді. Ішкі құрылғылар SSID маршрутизаторының идентификаторын сымсыз табуды орындайды және Интернет желісіне қатынау үшін маршрутизаторға кірігу мен аудентификацияны орындауға тырысады.

    3.2 сурет – Стандартты үй желісі

    Бұл ортада Linksys EA6500 маршрутизаторына ұсынылатын жүктеме айтарлықтай төмен. Сөйтіп, маршрутизатор WLAN, 802.3 Ethernet желісіне және интернет-провайдер желісіне қосылумен қатынауды қамтамасыз етумен басқара алады. Сондай-ақ, маршрутизатор бірнеше қосымша функцияларды ұсынады, олардың ішінде шағын жинағыштарға немесе принтерлер қосу үшін Wi-Fi WPS, USB-порттары арқылы қарапайым орнату және баптаумен қызмет көрсету сапасының қызметі (QoS), IPv6 қолдауы, ағымдық бейнені таратуды қолдау үшін оңтайландыру, жоғары жылдамдықпен қатынау арасында бірқатар қосымша қызметтерді ұсынады.


    Бұдан басқа, сымсыз желіде және сондай-ақ, сымды желіде желілік қызметтердің жиынын кеңейту талап етілетін үй желісін пайдаланушылар Powerline сымсыз адаптерін пайдалануына болады. Осы адаптерлер көмегімен құрылғы электр қоректендіру розеткалары арқылы желіге тікелей қосыла алады, бұлар ағымдық HD-бейнесін және онлайн-ойындарын тарату үшін өте ыңғайлы. Бұл құрылғыларды орнату қарапайым: электр қоректендіру розеткасына немесе желілік сүзгіге қосылыңыз және құырлығына бастырманы қарапайым басу арқылы қосыңыз.
    Сымсыз бизнес-шешімдер
    Сымсыз желіге қосылуды ұсынатын ұйымдарға өз клиенттері үшін қосымша қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін WLAN инфроқұрылымы талап етіледі.
    Ескерту. IEEE 802.11 стандарты шеңберіндегі сымсыз клиент (STA) стансасы деп аталады. Осы тарауда «сымсыз клиент» термині сымсыз желіге қосылуды қолдайтын кез келген құрылғыны білдіреді.

    3.3-суретте көрсетілген шағын кәсіпорын желісі 802.3 Ethernet LAN стандартының LAN желісі болып табылады. Әр клиент (мысалы ПК1 және ПК2) желілік кабель арқылы коммутаторға қосылады. Коммутатор желіге қатынауды алатын клиенттің нүктесі болып табылады. назар аударыңыз, сондай-ақ сымсыз қатынау нүктесі коммутаторға қосылған. Бұл мысалда сымсыз желіге қосылу үшін Cisco WAP4410N немесе WAP131 қатынау нүктесі пайдаланылуы мүмкін.



    3.3 сурет - Қатынау нүктесі сымды инфроқұрылымға қосылады

    Өз SSID идентификаторын жариялаған сымсыз клиенттер жақын қатынау нүктесін табу үшін өзінің сымсыз желілік адаптерін пайдаланады. Бұдан кейін клиенттер 3.4-суретте көрсетілгендей қатынау нүктесінде бірігу мен аутентификацияны орындауға тырысады. Аутентификациядан өткеннен кейін сымсыз желіні пайдаланушылар желі ресурстарына қатынай алады.



    Ескерту. Шағын компаниялар ірі компанияларға қарағанда сымсыз ресурстарға басқа талаптар қояды. Үлкен сымсыз желілер сымсыз желіні орнату мен басқаруды қарапайым ету мақсатында қосымша сымсыз жабдықты талап етеді.



    Сымсыз қатынау нүктелері
    Қатынау нүктелері дербес және контроллермен басқарылатын болуы мүмкін.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет